Жоғарғы сынып оқушыларын рухани құндылықтарға бағыттаудың маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 23:40, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
І Жеке тұлға бойында рухани құндылықтарды қалыптастырудағы мектептердің рөлі
1.1 Жеке тұлға бойында жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары
ІІ Ұлттық діндердің рухани құндылықтарының мәні мен табиғаты
2. Ұлттық құндылықтардың маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

жогаргы сынып окушыларына рухани кунд манызы Гулжанат.doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)

Жетік өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге  ұмтылған жөн. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтарды, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлңа тәрбиелеу. Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін,ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды, жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйіндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жойюдың және дені сау, білімді, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтанда ұлттық тәрбие – ел болашағы десек біз болып, сіз болып жастарымызды ұлттық тәрбиемен үздіксіз қаруландыра беруіміз қажет деп ойлыймын.

1.2 Жеке тұлға бойында жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары. Жеке тұлға бойында жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдарыБүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізі ұстанымдарын айқындап берді.[1.6] Олар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқылығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо - физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.

Жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру – қазіргі мектептердің ең маңызды міндеттердің бірі. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді. Ұлттық мәдениет тарихының қайта жаңғырып өркендейі, халықтың рухани мұрасыен дәстүрлерін қастерлеу – оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігінің көрсеткіші. Осы өркениетті өзгертіп, оны дәріптеп, дамытатын адам болып табылады.

Рухани-адамгершілік құндылықтар  педагогиканың тарихы мен теориясында  кеңінен зерттеліп жүрген мәселелердің бірі. Рухани-адамгершілік құндылықтарының мәні, тәрбиелік маңызы туралы қоғам қайраткері, ғұламалар, ұлы педагогтар, ақын-жыраулар өз еңбектерінде ой-пікірлерін қалдырып кеткені белгілі. Халықтың тәрбие тұрғысын рухани-адамгершілік құндылықтарды негізденген ғалымдар ұлттық педагогиканың теориялық негізін айқындаумен қатар, мектептегі тәрбие жұмысын жетілдірудің практикалық жақтарын, тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын және олардың ерекшеліктерін ашып көрсетті.

Халық педагогикасының  дәстүрлері негізінде бастауыш мектеп оқытушыларының және оған дейінгі ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде тәрбиешілерді, болашақ мұғаімдерді даярлау мәселелері ең басты назарда болуы қажет…

Білім берудің басты  құндылығы ретінде тұлға, рухани-адамгершілік, ізгілікті қағидалар: бірлік, теңдік, өзара ықпалдастық және төзімділік бекітілген. Оқушы тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениетті түсіну және бағалай білу үшін адамдармен құндылық – саналы ынтымақтастық әрекет жасай алуы тиіс. Осы ұстанымды жүзеге асыру ізгіліктің тұжырымдамасына негізделген, мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты әркеттер және мұғалім мен оқушының арасында өзара ынтымақтастығыүдерісін өажет етеді.

Педагогика мен пркатиканың  адамға, оны дамытуға, ізігілікті дәстүрді қайта жаңғыртуға бағытталуы- өмірлік мақсат ретінде танылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін педагогиканы патриотизммен байланыстыра оқыту керек сияқты. Осы талапқа сәйкес, педагогиканың ұлтжандылығы – бұл білім беру философиясының ізгілікті мәнін белгілейтін педагогикалық таным мен ақиқат шындылықты өзгерту жайындағы теориялық қағидалардың жиынтығы.

Аталған адамзаттық және ұлттық құндылықтар адам өміріне  қажетті рухани байлық болып табылады. Рухани байлыққа халқымыздың мәдени-мұралары, ата-баба салт дәстүрлері, танымдағы және эстетикалық ләззаттағы өажеттіліктер жатады. Халық игілігі реінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Елінің бүгіні мен ертеңін алыстан болжап, халық үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып саналады. Бабалардан қалған қасиет пен құрмет, тіл мен діл, ел мен жер – бәріде біздің рухани байлығымыз. Рухани байлық – адамның өмірін, қоршаған орта, тіршілік аясымен тұтастыратын жәнеоның бар мақсат мүддесін игі істермен ұштастыратын асыл арна. Рухани байлық адамның бергілі бір қажеттерін қанағаттандыратындықтан ол үнемі игілікке бағытталады.

Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты  гуманизм принциптерін бейнелейтін  моральдық қасиет. Адамдарға деген  ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен  сенім, кеңпейілдік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқы жеке өасиеттерді қамтиды. Кеңпейілдік, адалдық, шыншылдық та адамгершілікке жатады. Адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмнің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесі мен өоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада қолданылады. Адамгершілік қоғамдық қатынастардың дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттілігінің нәтижесі.

Адамгершілік дегеніміз  үлкенді үлкен, кішіні кіші деп қадірлей білуде, тектіліктің тірегін қалайтын тәлім тәрбиеде. Ал тәрбие қуаты отбасында. Қазіргі таңда еліміздегі оқу – тәрбие жұмысында болып жатөан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысына көп мән беруді міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде жеке тұлғаға ұлттық тәрбие және адамгершілік жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты алға қойылатын негізгі мақсат – өркениет, прогресшіл бағыттағы ұлттық бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тәлімін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастары мен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен бірге жеке тұлғаның сапасын көтеру.

Тәрбие – өоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын  қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы білімі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес ұлттық сезімін және сенімін тәрбиелеу әрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты. Тәрбиенің негізгі міндеті: өоғамның қажетті талаптарына әрбір баланың борышы, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сияқты биік руханни адасгершілікке айналдыру. Білім беру жүйесіндегі бірінші міндет – ол дүние жүзі елдерінде жастарды бейбітшілік рухқа ынтымақтастыққа, руханилыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлтық мәдениетін кіріктіре меңгеру.

Екіншіден, жастардың  бойындағы адами құндылыұтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту.

Үшіншіден, білім беру жүйесінің  бұрынғы ағартушылық бағытын сағтай отырып, басым бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершіліктұрғысынан кемелденуіне аудару.

Ендеше жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиет ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту – заман  талабы. Егер адам руханилығынан айырылса, онда ол эмоция мен мінезінен айырылады, жалаң рационализм мен прагматизмнің құлына айналады. Сөйтіп, материалдық табысты негізгі мақсатқа айналдырған қоғамдық даму адамзатты рухани жұтандыққа душар етіп, құндылық бағдарын өзгертіп жеберуі мүмкін.

Қазіргі білім беру жүйесінің міндетті бейбітшілік рухта ынтымақтастыққа және әлемдік мәдениет пен әр халықтың өзінің ұлттық тәрбиесін байланыстыра адами құндылықтарын, қайырымдылықты, ата-анаға,Отанға, табиғатқа дегенсүйіспеншілікті арта отырып білімді, еңбекқор, бәсекеге бейімделген жеке тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерңн дамытып қалыптастыруға аса мән беріліп отығаны белгілі. Әсіресе, ұрпақтан ұрпаққа мирас  болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тарихи-әдеби мұралар арқылы балалардың жеке басының қасиетін дамыту мүмкіндіктеріне барынша көңіл бөліп, мұғалім білімі мен білігін тәрбие үрдісінде балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды дұрыс ұйымдастыру керек деп санаймын. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне баыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда азаматтық құндылықтарды, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып келе бермек.

Жетік өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылған жөн. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтарды, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлңа тәрбиелеу. Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін,ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды, жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйіндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жойюдың және дені сау, білімді, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтанда ұлттық тәрбие – ел болашағы десек біз болып, сіз болып жастарымызды ұлттық тәрбиемен үздіксіз қаруландыра беруіміз қажет деп ойлыймын. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, сал - дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн.Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттер ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғауышы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихы тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс – тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы – халық мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан. Ал, ұлттық тәрбие мен жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерінің мәселесі – адамзат тарихынан өн - бойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бұл адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақсатандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және жалпы адамзаттық қасиеттерді жатқызамыз. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қалың елім Қазағым» атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазды: «Біз арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім»-дегенді. Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз.Оқушының жалпы адамзаттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілдік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайлығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Әрбір ұлттың ұлттық тәрбиеге (халық педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрінен құралады. Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады». Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. 
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің мектебімізде ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Онда «Білгенге маржан», «Қауіпсіздік ережесі», «Ата-аналарға кеңес» деген бұрыштар бар. Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге тақырыптары: «Балаға көркемдік тәрбие беру», ашық сабақтарға, ойын-сауық кештері, ата-аналарға арналған сауалнамалар, басқа шаралар ұйымдастырылып отырады. Әр ата-ананың мектепте болып жатқан іс-шараларға деген қызығушылық білдіруі де әр қалай. Осы тұрғыда ойындарды ойната отырып, ата-ана өзін балаша сезінгенін айтады. Ата-аналарға арналған мерекелік шаралар өтті. «Менің Қазақстаным», «Жаңа жыл мерекесі», «Бәйшешек бүр жарғанда» - атты аналарға, әжелерге арналған мерекеміз және «Қош бол, мектебім» атты үлкен кештер өткіземіз. Ата-аналармен жүргізілген әңгіме - кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән қасиеттерге дағдыланып ұяда көргенінен өнеге алатьндығы сөз болды. «Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етемін» - атты ашық шара өтті. Бұл шарада балалар патриоттық сезімге тәрбиелеу туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әскердегі борышын өтеуге дағдыландыру мақсаты болды. Мектебімізде ата-аналар басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады. Ата-аналар мұғалімнің басты көмекшісі деуге болады. Балалардың жасалған жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырылып тұрады. «Отбасы» тақырыбына байланысты «Отбасы - алтын ұям» атты ашық шара, ата-аналардың қатысуымен өткізіліп, үлкен жұмыс жүргізілді. Балалар туған ұялары жайында, анасымен диалог түрінде сөйлесіп, өз пікірлері мен ойларын еркін білдіре алды. Балалар сабақтармен ғана шектелмей, сабақтан тыс уақытта алуан түрлі шаралар өткізіледі. Мысалы, «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеппен» - дегендей халқымыз балалармен «Әдептілік - әдемілік» атты тәрбие сағаты да өткізілді. Осы кеште балалар әдептілік туралы мақал-мәтелдер айтылып, қойылымдар көрсетілді.Сынып жетекшінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру. Оқушылар бойына ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық қасиеттерді қалыптастыру мен құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеуде белгілі әлемдік, отандық ғалымдардың еңбектерін пайдалануға болады.  Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеру - тәрбиеге, ортаға байланысты.

 

2.1 Ұлттық діндердің рухани құндылықтарының мәні мен табиғаты. Кез келген мәдениеттегі қоғамдық өзгерістер саяси күш арқылы емес, сол қоғамдық дүниетаным ұстындары мен категорияларының жаңа мазмұндық сипатқа ие болуы арқылы жүзеге асатын құбылыс. Бұл философиялық, дүниетанымдық тұжырымдамалық қағида. Тарихымызда көшпелі рулық тайпалық одақтарды біріктіріп тұрған қандық-генетикалық байланыстың ыдырап, орнына діни-идеялық-үмметтік мұсылмандық байланыстың орнауында Иасауи ілімінің тікелей ықпалы болды. Иасауи ілімі трансформациялық-трансляциялық тәсілдер арқылы өз болмысын көрсететін дәстүрлі түркілік дүниетанымның аксиологиялық-мазмұндық түлеуіне алып келді. Бұл процесс ислам дінінің дәстүрлі түркілік дүниетанымдық кеңістігіне тарауы, сол мәдениет негізінде қалыптасқан мифологиясына, аңыз-әңгімелері желісіне, жыр дастандарына, қандық-туыстық шежірелеріне, жалпы мәдени құндылықтары негізінде жаңа рух, жаңа кеңістік бере білуімен қоса қабат жүріп жатты. Бұл түркілік дүниетанымдық құндылықтар мен тұғырлардың мазмұндық жағынан түлеуіне әкеліп соқты. Бұл рухани түлеу, санадағы жаңғыру құбылысы көшпелінің табиғатқа, қоғамға, әлемге, адамға деген көзқарасының көкжиегін кеңітті. Бұл “көзқарас көкжиегі” түркілер үшін Иасауи ілімімен сомдалып, өзіндік ойлаудың жаңа теориялық-практикалық, этико-психологиялық саяси-экономикалық, қоғамдық-әлеуметтік құндылықтар жүйесінің қалыптасуына ықпал етті. Сондықтан бүгінгі қазақ болмысының мәніндегі мазмұн исламдық өркениеттік тұғыры Иасауи ілімі арқылы трансформацияланған деуге ғылыми тұрғыдан толық негіз бар. Бірақ, осы мәнге, мазмұнға қазақ халқының тарихында үздіксіз сырттан шабуыл жасалып келеді. Алысқа бармай ақ кешегі кеңестік идеология да осы мәнді өз ұстанымы мен идеяларына қызмет ететіндей қылып, қайта түсіндірме жасады. Иасауи ілімін пайдалана отырып, қазақ ұлттық негізіндегі аксиологиялық жүйеге өзгеріс енгізуге тырысып бақты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше формасы ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (калам мен фиқх) шектен шыққан трансцендентальдылыққа қарсы күрескені сияқты Иасауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын универсализмге сай, Тәңірді бір жазалаушы, қорқылық ретінде емес, Тәңірді және оның үкімдерін сүю арқылы, “ғашықтық-махаббатпен” құрметтеуді, сонымен қатар Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдісін қалыптастырды. Махаббат адамдағы жауапкершілік сезімді, иман, жанпидалық, т.с.с. асыл құндылықтарды қалыптастырып жандандырады. Адам хикмет көмегімен ғана мәнді-мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады. Сонымен Хикмет ұғымының мәні, “құндылықтардың танылуы”, “шындыққа жету ілімі”, “Тәңірінің махаббатпен танылуы” дегенге саяды. Кезінде түркі мәдениеті, фольклоры, сенімі, тілі, әдебиеті, аңыз-әфсанасы мен әдет-ғұрыптарына байланысты ресейлік миссионерлер тарапынан терең этнографиялық зерттеу жұмыстары жүргізілгендігі баршаға аян. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде «біріккен материалдар» Кеңес басшылығы немесе коммунистік жүйе тарапынан бізге қарсы ассимиляция, дінсіздендіру және барлық рухани құндылықтарымыздан аластату әрекетінде үлкен рөл ойнағандығы да белгілі. Қожа Ахмет Йасауидің сопылық дәстүрі Түркістанда, яғни Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Түркіменстанда кең тамыр жайған және ауыр қысым, барлық қарсы шабуылдарға қарамастан коммунистік режимде де өмір сүруін тоқтатпаған. Коммунистік режимнің идеолог-кеңесшілері бұл мәдениетті, әдет-ғұрыпты атеизмнің алдында тұрған қауіпті күш ретінде танып және осы күшті “ғылыми тұрғыдан” қайта түсіндіріп коммунистік идеологияның мүддесіне қолдануды мақсат еткен, сондай-ақ оны өздерінің атеистік үгіт-насихат әдістерінде қолданғандығы да мәлім. Кеңес идеологтарының жалпы ислам дінін батыстың терезесінен көріп, бағалағандығы белгілі. Мысалы, ислам туралы кіріспе жасаған кезде христиан діні тұрғысынан қарастырады. “Орта ғасырдағы Шығыс пантеизмі батыстағыдай натуралистік және мистикалық бағытпен дамыған еді” деп сөз бастағаннан кейін, Йасауи мәдениетін “батыс қалыбына” қарай өлшеп пішкен. Кеңес идеологтары материалистік көзқараспен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Ибн Сина (980-1037), Фараби (870-950) секілді ұлы ойшылдарды да қасақана дінге қарсы және “табиғат құбылыстары мен адамды жүйелі түрде қарастыратын натуралис-пантеист ортағасырдың еркін ойшылдары” ретінде таныстырған. Ғылыми атеизм мамандары сопылықтағы Мухаббатуллах (Аллаға ғашықтық) термині және “ғашықтық – Алланы танудың (мағрифатуллах) дәл өзі” деген көзқарасты негізге алып, мұны дәстүрлі ислам көзқарасына бұның қарама-қайшы екендігін, ислам дінінің сүйіспеншілік діні емес, қорқыныш діні ретінде танытып баққан. Бұлар “Аллаға ғашықтық арқылы жақындайтын “пантеистік көзқарас” адамды Тәңірге айналдыру идеясын өзімен бірге ала келгені үшін қанаушы, биліктегі топтың идеологиясына айналған ислам дінінің беделін түсіретін қарсы көзқарас болған” секілді нәтижеге қол жеткізуге тырысқан. Міне, марксистік түсіндіру бойынша, Йасауи мәдениетінде билікке оппозициялық әрекет пен сопылықтың барлық негіздері мен ұстанымдары (принциптері) бар. Мысалы, Йасауидің ішіндегі ең басты қазына-фақр, яғни кедейлік. Фақр мақамы “байлыққа ” қарсы, билікке қарсы оппозициялық форма алып отыр. Демек, Йасауи билеуші тап емес, езілгендердің жаршысы, ұстазы. Ол, хикметтерінде діни-мистикалық, абсолюттік моральдық құндылықтарды, әділет, теңдікті, жақсылықты уағыздап, Қарахан мемлекеті мен жоғарғы билеуші таптың зұлымдықтарына қарсы шықты, мінеп, сынады. Осы сияқты түсініктері мистикалық формада болса да прогрессивтік мағынада ілгері тұр. Өйткені, бұл идея, тобырдың еркімен қалауы, арман тілегін білдіреді. Сондай-ақ, “Құран мен Сунна бойынша әйел мен еркек тең емес, әйел еркектен төменгі дәрежеде тұр. Әйел үйдің күңі, қоғамдағы істерді өз алдына шеше алмайды, бөтен адамдардың алдында жүзін ашып жүре алмайды. Йасауи мәдениетінде тариқаттағы зікірге әйелдер қатыса алады.” Осындай мәліметтер мен дәлелдер Йасауи мәдениетіндегі әсіресе әйелдерге қатысты мәселеде исламда жат екендігін көрсетеді. Түйіндей түссек, Йасауи мәдениеті ислам дінінің ішкі (батини) мәні, рухани психотехникалық этикалық кемелденудің өзіндік әдістемелік қағидасы мен ережелері қалыптасқан дәстүрлі түркі сопылық ілімнің қазақ түсінігіндегі, діни танымындағы көрінісі. Осы мәдениет кешегі жетпіс жылдық қызыл империяның темір құрсаулы қыспағынан құтылып, ғылыми атеизмнің көздеген «синтезі» мен көрігінен ерімей аман сақталды. Қазақ өз болмысынан алыстамай ұлттығы мен дәстүрлі тарихи сабақтастығынан қол үзіп қалмайынша Йасауи мұрасы мен мәдениеті тіршілігін жалғастыра береді. Йасауи тағылымы мен мұрасы жүректің түкпірінде жатқан терең (деруни) субстанционалдық Аллаға деген ғашықтық. Кешегі коммунистік режим тарихтағы калам мен суфизмнің «улама мен суфилердің» қақтығыстары мен түсініспеушіліктерін зерделеп, өте нәзік ұсталықпен өз мүдделеріне пайдалана білді. Жалпы ориенталистика, шығысты аңдып, сырттай бақылап өте арзан әрі оңай олжа қылып келген. Бұл мәселе тарихтан белгілі. Мұндай әрекет бүгін де басқа формада жалғасын табуда. Сондықтан егер біз өткенімізден тағылым, тарихтан сабақ алуды үйренгендей болсақ, онда, «Сіз, біз деген халайықтан қаштым мен» деп, ескертіп кеткен Қожа Ахмет Йасауи бабамыздың аманат-өсиетін жадымызда сақтап, «менің жолым хақ, сенің жолың шатақ» деп, екі жікке бөлінбей өзара кеңпейілділікпен, діни төзімділікпен (толеранттылық) өзіміздің біртұтас қазақы мәдениетімізді зерделеуде, зерттеуде өте мұқият әрі ояу болуды сезінгеніміз абзал. Қазіргі таңда қоғамымызда әруақ, әулие, сопылық, зікір арқылы қалыптасқан қазақ мұсылмандығы исламға жат дүниетанымдағы жеке ағым ретінде көрсету белең алып барады. Қазақтың дәстүрлі діни түсінігін сынап, оның негізгі ұстанымдары мен идеяларын жоққа шығару әрекеті Құран мен хадис шеңберінде жүріп жатыр. Яғни, діни танымдағы әрбір ұғым, категория, символдар мен тұғырлардың Құранда орын алып алмағандығы негізгі өлшемге айналды. Бұл жерде тек салафилер ғана емес, исламдағы барлық ағымдар өздерінің негізгі өлшемі ретінде Құранды таниды. Қазақ мұсылмандық түсінігінің негізінде Иасауи ілімі жатыр. Сонымен «Менің хикметтерім Құран мәні – деген Иасауи ілімі, мәдениеті және жолына деген тарихи санаға құрметтің орнына оны қаралау, жоққа шығару белең алып отыр. Қазақ мұсылмандығы да Иасауи мәдениеті арқылы Құранға негізделген. Өкінішке орай бүгін оны мақсатты түрде басқаша түсіндіріп, танытуға тырысушылық тенденциясы басым. Міне, осы бетперде, осы қалып, бұқаралық ақпарат құралдарында жиі тілге тиек етілетін болды. Тарихи құндылық көзіне айналған, дәстүрлі мұсылмандық түсінігіміздің айнасы болған Иасауи мұрасын аксиологиялық қабылдау аясынан шығаруға ұмтылатын күштер немесе топтардың белсенділігі көзге түседі. Бұған қоғамдағы дін мәселесі, діни таным мен ғылыми таным арасындағы үйлесімділік пен тепе-теңдіктің болмауы себеп болса, екінші жақтағы, яғни, бүгінгі қазақ мұсылман өкілдерінің өздерін қоғамға тиісті дәрежеде түсіндіре алмауы және олардың Иасауи мәдениетін жетік меңгермеуі де осы құбылыстың басты компоненті дер едік. Бұқаралық ақпарат құралдарының дін мен саясат арақатынасына немқұрайлы қарауы және дінді саяси топтардың құралына айналдыруы да негізгі фактор. Әлемдік жаҺандық құбылыспен бірге келе жатқан исламофобия, террорлық әрекеттің дінге, исламға негізделуіне көзжұмушылық, түсіне алмаушылық сияқты психологиялық кедергілердің барлығы жалпы алғанда діни танымға тіреліп отыр. Қоғамымызда сыртқы және ішкі топтардың әрекеті арқылы тарихи сабақтастыққа, санаға қарсы жұмыс жүргізіп, өткен тарихымыз бен дін тәжірибеміз туралы теріс пиғыл тудырып жатыр. Осы дерт яғни, исламофобия бүгін Қазақстанға ауды. Мысалы жасанды және мақсатты суфизмофобия құбылысы шын мәнінде исламды өркениет, дүниетаным және философиялық дәстүрі бар дін ретінде қабылдағысы келмейтіндердің әрекеті. Сопылыққа, зікірге, әулие түсінігіне қарсы шығу деген Иасауиға, бүкіл тарихымызға, мәдениетімізге, сайып келгенде, қазақ халқының тарихына қарсы шығу болып табылады. Өйткені, Иасауиден бастап Асан Қайғы, МәшҺүр Жүсіпке дейінгі қазақ даналары сопылық мәдениет негізінде ой толғады. Бұл – қазақтың дәстүрлі мұсылмандық түсінігінің айнасы – сопылық философия деген сөз. Бүгін салафилік бағыттағы яғни дәстүрлі ханафи мазхабын мойындамайтын жахандық саясаттың құралына айналған бүгінгі вахабилік жолындағы миисионерлер қазақ мұсылмандық түсінігіне оның тарих бойы жинақталған, болмысқа айналған, түсінік танымын жоққа шығарып бағуда. Бұл дегеніңіз зардабы кешегі коммунистік идеология жүргізген ұлтсыздандыру саясатынан да асып түсетін қасірет. Бұлар қазақты бүгін ғана мұсылмандықты қабылдаған ел сияқты көрсетіп, өздерін таза ислам атынан, кей жерлерде Алланың атынан сөйлеп халықты қалыпты діни сенімі мен танымынан бездіруге жұмыс жүргізіп жатыр. Демек олар қазақтың сан ғасырлық тарихы мен діни тәжірибесін жоққа шығаруды мақсат еткен. Бұл нағыз революциялық тенденция. Ал исламның рухында револция емес, эволюция ғана бар екендігін салафилер сезінбейді де. Тек өздерінің танымын ғана тықпалай береді. Еркін сұхбатқа емес, психологиялық қысымға негізделген рухани экспанциясын жүргізіп отыр. Олардың ойынша қазақтың мұсылмандық түсінігі пұтқатабынушылық екен. Демек өздерін жоғары санап біздің таным түсінігімізге менсінбеушілік пен сыйламаушылықтарын ашық айтуға батылы жетіп жүр. Бұдан салафилердің билікпен, діни басқармамен, БАҚ тығыз байланысы бар деуге толық негіз бар. Бірінші сын, ғибадаттың формасы мен мәніне байланысты яғни, ғибадаттың формасын анықтайтын да, ғибадат етілетін де тек Бір Алла ғана. Бұған дау жоқ. Рас, ислам негізі бойынша адамзат және басқа барлық жәндіктер Алланы ұлылау, оған табыну үшін жаратылды. Әр дінде Аллаға табыну формасы әр түрлі. Исламда табыну формасын уақытын ритуалдық негіз ретінде анықтаған Хз.Мұхаммед пайғамбар болатын. Қазақтар бұл ғибадат феномені шеңберінің сыртына шыққан емес. Ғибадаттың формасы мен уақытын сол күйінде қабылдайды, шариғатты негізге алады. “Алладан басқа табынар ештеңе жоқ” (Ла мағбуда илла Алла) деп зікір салды. Ғибадаттың мәні мен маңызын, мақсаты мен негізгі идеясын терең түсінеді. Олардың рухани жаттығулары ғибадатқа барар жолдағы рухты әр түрлі кедергілер мен алаңдаушылықтан арылтудың методы ғана. Әрбір зікір, сама, жүректі шынайы ғибадат етуге дайындап, Алла мен адам арасындағы байланыс тірегін күшейтудің құралы, әдістемелік жүйесінің тұғырлары. Екінші сын, сопылық пайғамбардың сүннетіне, формасына, шариғатқа сәйкестігі немесе қайшылығы: мысалы: зікір салу (Алла, Алла, ху, ху) өлең, ракс, сама, шаң, рубаб – бұларды күнаҺарлық деп қарайды. Бұлар бидғат, яғни, дінге кейіннен енген жаңашылдық. Енді Алланы еске алу, зікір, пікір ету мәселесіне келейік. Зікір, зікір салу Құранда бар. Хадисте бар. Зікір туралы аят көп: Құранның жеті атының бірі – зікір. “… Азықтың ең абзалы – зікір. Қажылықта да мені еске алыңдар”. “Аталарыңызды еске алғандай мені еске алыңдар”, “Қауіптен құтылғаныңызда сізге білмегендеріңізді үйреткен Алланы еске алыңдар”, Жер мен Көктің жаратылуы, күн мен түннің ауысып келуі туралы отырса да, жүрсе де, жатса да Алланы еске алғандар, көк пен жердің жаратылысын терең ойлағандар. “Ей, Жаратушымыз, сен бұларды мәнсіз мақсатсыз жаратпадың. Сен ұлысың. Бізді тозақтың азабынан сақтаң деген көңіл иелері үшін айғақтар бар”. “Сен Жаратушыңда, ішіңнен, қарапайым кішіпейілділікпен, қауіптеніп, өте нәзік дауыстап, таңертең, кешке Алланы зікір ет! ” Демек зікір, Алланы еске алу Алланың бұйрығы. Шариғатта бар деген сөз. Ал енді ислам тарихында би, музыка харам деушілер болған. Бүгін олардың сындары мен міндері құнсызданған. Себебі бүгін дін ғылым ретінде өткенге қарағанда әлдеқайда дамыды. Экзистенция философиясы, дін феноменологиясы мен психологиясы әр құбылысының танымы, ұстаным мен мұратын анықтай алатын сатыға көтерілді. Әрине, діни таным табиғаты жағынан күрделі әрі уақыт пен кеңістік, дүниетанымдық мәдени көпқабаттылықты да өз ішінде қамтиды. Сондықтан ислам ешқашан музыканы жатсынбаған. Исламда музыка өмірдің өзі. Жаратылыс сол музыкадан басталған. Исламда, әлемде музыканың, теориялық және философиялық теорияларын қамтитын зерттеулерді Әбу Насыр әл-Фараби атамыз жасағаны белгілі, бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Иасауидің музыкалық тұжырымы тікелей әл-Фарабидің саз философиясына негізделген. Ракс – ритуалдық би, сама діни әуен тыңдау – Алланы еске алудың, рухани шабыт шақырудың әдістері ғана. Ал әдіс ешқашан мұрат болмаған. Келесі бір сында, суфи сөзі исламға гректің “софия” (даналық) сөзінен енген дейді. Сопылық әр түрлі ағымдар мен философиялық мектептердің идеяларының қосындысы. Осыларды исламмен араластырып, өздерін мұсылманмын деп көрсетеді. Грек пантеизмі сопылық доктриналардың негізі, неоплатондық ілімі осы сопылыққа еніп, тәржіме арқылы қабылданды. Бұған философия кінәлі. Манихейлік пен суфизм Иранның негізгі танымы. Веданта ілімі де сопылықта бар. Исламда алғашқы үш ғасырда “суфи” сөзі, ұғымы болған емес. Дүниеден безіп кетті. Исламға кейіннен енген философия және басқа діндердегі рухани кемелдік, құдайлық нұр, құдайлық таным – мағрифат, Алламен рух арқылы қосылу барлығы бидғат. Бұл идеялар сабиин, қайсанилер, карамиттер мен батинилер арасында кең тарады. Суфи идеологиясында Құранның сыртқы және ішкі мәні бар (Захир, Батин). Бұл шиалар мен батиниліктен енген. Оларға жалқаулық, енжарлық, қайыршылық тән. Ұлттық діндер біздің ерекше рухани құндылықтарымыздың ерекше деңгейге жетуінің қайнар көзі. Сондықтан ұлттық діндерді әр халық діліне байланысты қолданылу керек. Сол дінді оқи отырып ерекше рухани байлықпен сусындауы анық.

  2.1 Ұлттық құндылықтардың маңызының дәлелі. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

 Қазақстан Республикасы  Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқылығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн.

 Қазақ мәдениеті  - ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық  мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің  негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық  тәрбие сол ұлттың мәдениетін  дамытудың қозғаушы күші болып  табылады. Әрбір халықтың тарихи  тіршілігі мен рухани тәжірибесі  бар. Халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы -халықтың мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.

 Ал, ұлттық тәрбие  мәселесі - адамзат тарихынан өнбойына  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе  жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың  өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан  кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және тағы басқа қасиеттерді жатқызамыз.

 Жас ұрпаққа ұлттық  тәрбие берудің бағдарлы идеялары  еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қалың елім Қазағым" атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазады: " Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылыдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзентті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…

 Олай болса, қазіргі  кезеңде мектеп табалдырығынан  бастап білім беруде ел тарихын  терең қозғап, қазақ зиялы қауымының  еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып ұлттық қасиеттерге айналады.

Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларын рухани құндылықтарға бағыттаудың маңызы