Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 16:59, курсовая работа

Описание

Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс-әрекеттегі қиыншылықтардың басым көпшілігі оқытушылардың ғылыми немесе әдіснамалық дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық қарым-қатынас саласындағы деформациямен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
1.1 Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы
1.2 Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi
2 Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері
2.1 Қарым- қатынас жасаудың функциялары
3 Педагогикалық қарым-қатынас негіздері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Психология.doc

— 148.00 Кб (Скачать документ)

Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.

              Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:

1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.

2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.

3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.

4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.

              Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:

-жоғарыдан төменге – жұмысшыларға бұйрық беру.

-төменнен жоғарыға – басшылармен пiкiр алмасу және т.б.

Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек.

1. хабар берушi

2. мәлiмет

3. арнайы ақпарат беру құралы

4. ақпарат алушы

              Коммуникацйялық модуль (коммуникационный модуль; communication module) — ақпаратты бағдарлауды және ақпараттық арналарды басқаруды жасақтайтын есептеу желісінің логикалық элементі. Коммуникациялық сервер (коммуникационный сервер; communications server) — терминал, компьютер және принтер сияқты құрылғылардын желіге қосылуын жеке коммуникациялық хаттамасыз-ақ іске асыратын, байланысқа сәйкес программалық жасақтамамен қамтамасыз етілгей компьютер. Жергілікті желілерде — жұмыс станцияларының үлкен электрондық есептеу машина- ларына, модемдерге, факс-модемдерге және басқа құрылғыларға қатынас құруын қамтамасыз ететін компьютер де осылай аталады. Коммуникациялық хаттама (коммуникационный протокол; communications protocol) — қысқа мерзімде стандартгы пішімді пайдаланып, мәліметгерді желінің бір торабынан (түйінінен) екіншісіне жеткізуді атқаратын мүмкіндіктер (спецификациялар) жиыны.

Коммуникациялық программа (коммуникационная программа; Communications program'(software) — компьютер мен модемнің басқа компьютермен және модеммен қатынас құруына мүмкіндік беретін қолданбалы программа. Ол компьютерлер арасындағы байланыс түзілімін ұйымдастыратын телефон нөмірлерін жадында сақтап, оларды автоматты түрде теруді жүзеге асырып, жалпы қатынас қүруды оңайлатады. Байланыс орнатылған сон, бұл программа келіп түскен мәліметтерді дискіде сақтап, қажетті файлдарды дискіден өрі карай i жәнелтеді. Байланыс параметрлерін алғаш - орнату кезінде осы компьютердегі модем сипатгамаларына сәйкес бейімделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері

 

Қазақстан Республикасының орта білім даму тұжырымдамасында көзделгендей қазіргі мектептер көп қырлы міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым- қатынас жасау керек. Ол- ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет және адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт.

Әлеуметтік өмірде адамдардың іс- әрекеттерінің негізгі бір түрі- сөйлеу. Ол- күрделі психологиялық процесс. Сөйлеу- адамның қарым- қатынас жасау құралы. Ал қарым- қатынас жасаудың қуатты құралы- тіл. Осыған дәлел Лассуэли моделі.

            Кім (хабарлайды)- коммуникатор

            Нені (хабарлайды)- хабар

            Қалай (хабарды жеткізеді)- канал

            Кімге (бағытталған)- аудиторияға

            Қандай (нәтижеге жеткізеді)- хабардың тиімділігіне байланысты.

                  Әр адамды қызықты әңгімелесуші ететін қарым- қатынас. Практикада адамдар қарым- қатынас әрдайым ұтымды қалыптастыру және үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін өзін төмендегідей етіп ұстау керек:

- ол алыстан, сырттай ашық, жарқын, тартымды болуы

- ол жақыннан түсінікті, жылы лебізді, көңілді болуы

- оның ішкі дүниесі мәселені терең түсінетін, адал, шыншыл, байсалды болуы

- оның ішкі дүниесі мен сыртқысын бөліп- жара қарамау керек.

      Қарым- қатынастың негізгі бағдарлары:

                  Әңгімелесушіңізді сөйлетуге тырысыңыз. Ол түсінетін, қызықты тақырыпта әңгіме айтыңыз. Оған өз пікірін, тұжырымын білдіруге итермелейтін сұрақтар қойыңыз.

                  Қызықты түрде информацияны жеткізуге тырысыңыз. Қызықты оқиғалар жинастырып, есте сақтап оларды айта білуге үйреніңіз: жалпы өмір туралы, қоршаған ортаңыз туралы. Ауыз әдебиет, шығармашылық- бұл өнер, әрқашан бізбен бірге болады.

                    Әрбір адам «жылылықты» қажет етеді. Сіздің әңгімелесушіңіз өзін ақылды, қызықты, яғни, мықты болып сезіну керек. Әрбір адамды есімімен атаңыз. Бұл оған өзін жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Онымен ең қызықты тақырыпта әңгімелесіңіз, оның өзі туралы, проблемалары, жетістіктері, табыстары туралы. Оған сізден гөрі өзі туралы қызығырақ. Ол жақсы білетін тақырыптарды қозғай отырып, оған жақсы жағынан көрінуге мүмкіндік беріңіз. Оның пікірін сұраңыз және кеңес алыңыз. Жоғарыға көтеретіннің негізі ол «төменнен жалғай салу» ситуациясы.

                Зор қызығушылықпен және ынтамен тыңдай біліңіз. Сыйластық пен қызығушылықпен тыңдаңыз және сұраңыз. Тәуір әңгімелесуші- жақсы сөйлейтін кісі емес, керісінше жақсы тыңдай алатын адам.

                   Тыныш, байсалды атмосфера сақтауға тырысыңыз. Үндемей қалуға еркіңіз бар. Өз пікіріңізді айтуға да еркіңіз бар. Сырттан қарағанда бет әлпетіңізден байсалдылық, жайсаңдық, жылылық байқасын.

Ешкімді дөрекі сөздермен балағаттауға тырыспаңыз.

                 Өзіңізді ашық- жарқын адам ретінде көрсетіңіз. Сіз тұйық болсаңыз, әңгімелесушіңіз де тұйық болып шыға келеді. Өзіңіз естіген жайлар, оқиғаларға, пікіріңізді, қатынасыңызды жалтармай жеткізіңіз, шыншвл болыңыз. Ашық мінезді кісінің сыртқы көрінісі: қол мен аяқтың ашық түрде болуы, яғни тұлғасы тырысып, бүрісіп қалмау, ара қашықтықты жақындату сөйлескендегі көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы, бет әлпеттің айтар ойға сәйкестігі.

                    Әңгімелесушіңіздің ашық- жарқын, емін- еркін сөйлесуін қолдап отырыңыз.

              Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай:

   1. Әңгімені қалай бастауды білмеушілік.

   2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын- ау деген қобалжу.

   3. Қарым- қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.

   4. Бұрын пайдаланылған қарым- қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түйсік.

    5. Қарым- қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені- онша айқын емес.

   6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.

   7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез- құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі.

   8. Қарым- қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі.

   9. Өзіңді дұрыс түсінуі үшін, жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.

  10. Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу.

П.Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.

                  Психолог А.А.Леонтьевтің мұғалімнің «нашар» оқушымен қарым- қатынасы жайлы берген түсінігі үлгі- өнеге боларлық. Бір қызығы, мұндай мінез- құлықты педагогтар әрдайым мойындай бермейді.

        1. Ол «жақсы» оқушыларға қарағанда, «нашар» оқушыға жауап беруіне аз уақыт береді, яғни оның ойлануына мүмкіндік бермейді.

       2. Егер жауап дұрыс болмаса, ол сұрақты қайталап жатпайды, көмектеспейді де, сол мезетте басқасынан сұрайды немесе дұырс жауабын өзі айтады.

       3. Ол «ымырашылдыққа» салынады, теріс берілген жауапты оң бағалайды.

       4. Сонымен қоса ол «нашар» оқушының қате жауабы үшін жиі ұрсып- сөгеді.

       5. Тиісінше дұрыс жауабы үшін сирек мақтайды.

       6. «Нашар» оқушының жауабына құлақ аспауға тырысып, оның көтерген қолын байқамаған болып, басқасын шақырады.

      7. Сирек күледі, «жақсы» оқушыдан гөрі «нашар» оқушыға сирек қарайды.

8. Сирек шақырады, кейде сабақта онымен мүлде жұмыс істемейді.

 

2.1 Қарым- қатынас жасаудың функциялары

Қарым- қатынас жасаудың алуан түрлі барлық функцияларын информация беруге, қарым- қатынас пен өзара түсінісу процесінде басқа адамның жеке басын тани білуге арналған міндеттерге жатқызуға болады.

              Қарым- қатынасты оқытудың оқу функциясын жүзеге асыру былайша қамтамасыз етіледі:

   - мұғалімнің оқушылармен нағыз психологиялық байланысы;

   - мұғалімнің оқушылармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру;

   - оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру;

   - ұжымдық танымдық ізденіс пен бірлесіп ойластырудың психологиялық                  жағдайының пайда болуы;

   - оқу процесінде жеке адамның өз бетінше жүзеге асыруы және өзінің творчествалық ойын айқындауы тиіс.

Қарым- қатынасты оқытудың тәрбиелік функциясын оқу былайша қамтамасыз етіледі:

  - оқу процесінде педагог пен балалардың психологиялық байланысы негізінде тәрбие қарым- қатынасы жүйесін орнату;

   - оқу әрекетін ойдағыдай қамтамасыз ететін педагогикалық қарым- қатынас жүйесін қалыптастыру;

  - жеке адамның тұтастай танымдық бағыттаушылығын қалыптастыру;

  - оқу әрекеті процесінде (танымдық, жас ерекшелік, эмоциялық, дидактикалық, т.б.) психологиялық кедергілерді жеңу;

  - оқушыларға тұтастай комплексті тәрбие ықпалын жүзеге асырудың мүмкіндігі;

  - оқушылар ұжымындағы өзара қарым- қатынасты ойдағыдай қалыптастыру.

Қарым- қатынасты оқытудың дамушы фукнциясы былайша жүзеге асырылады:

   - оқу әрекетінде жеке адамның жан- жақты тұтастай дамуының әлеуметтік- психологиялық негізін орнату;

   - жеке адамның дамуының қозғаушы күші ретінде көрінетін қарама- қайшылықтың диалектикалық жүйесін орнату;

   - жеке адамның өз ойын жасырмай айтуына және өзінше дамуына (өз бетінше білім алуына және өзін- өзі тәрбиеленуіне) ықпал ететін, әрі мүмкіндік беретін психологиялық жағдай орнату;

   - қарым- қатынас процесінде жеке адамның дамуына бөгет жасайтын әлеуметтік- психологиялық факторларды (бұйығылық, ұялшақтық, сенімсіздік т.б) меңгеру.

                   Сабақты жоспарлау барысында сізде нақты сынып, оқушылар, олармен өзара қатынас туралы ойлар туындайды. Осының өзі педагогикалық қарым- қатынасты моделдеу деп аталады, әрі ол алдағы сабақтың мазмұнымен және методикалық компоненттермен тығыз байланысты болады.

                Қарым- қатынасты меңгеру. Мұнда педагог шартты түрде педагогикалық байланысы бар толып жатқан коммуникативтік міндеттерді шешеді, мәселен қарым- қатынас арқылы зейінділікті меңгереді. Кейбіреулер алаңдайды. Оларды оқу процесінде қалай «оралту» қажет. Ескерту керек пе? Мұқият көз салу, бет әлпетімен жаратпаған сыңай білдіру, сыныпта ерсілі- қарсылы жүру, тақтаға бормен тықылдату, мәнерлі тыныштық орнату.

              Педагогикалық қарым- қатынас процесінде мұндай міндеттер көптеп туындайды. Оқушыларды материалға қалайша қызықтыруға, әсерлендіруге, сыныпта бірлескен ізденісті және ұжым болып ойластыруды қалайша туғызуға болады?

              Қарым- қатынастың үш жағы бар- интерактивті, коммуникативті, перцептивті.

Г.М.Андреева бойынша қарым- қатынас құрылымы:

    1. Коммуникативті (адам арқылы қарым- қатынас)

    2. Интерактивті (білім, оймен ғана ауысу емес қимыл)

     3. Перцептивті (өзара тіл табысу үшін, қарым- қатынасқа қатысып отырған партнерлердің бірін- бірі қабылдауы)

Қарым- қатынас жасаудың негізгі психологиялық сипаттарына жатқызамыз:

    а) дара адамдар арасындағы қатынас және оның әлеуметтік бағыт- бағдары;

    ә) оның психологиялық дамуы мен негізгі тірегі;

    б) қарым- қатынас жасауының белгі таңбалары және оның қимыл қозғалысы, бет құбылысының, ым- ишаралары мен көзқарасынан айқын бақылау;

    в) әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесінен көрінетіндігі.

                  Ал қарым- қатынас жасау әркетінің психологиялық құрылымына келсек, олар: қарым- қатынас орнатуға ықылас- ынталы болу; қарым- қатынас жасауға ұмтылып әрекеттер жасауға бағдарлану; діттеген ойын жеткізуді жүйелі жоспарлау; мақсат- мүддесін айтып жеткізуді жүзеге асыру; белгіленген ісімен бағдарларының іс жүзінде орындалуын түрліше деңгейде бақылау.

                   Қарым- қатынас жасаудың әлеуметтік және әлеуметтік психологиялық қызметі төмендегі мақсат- міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: адамдардың ұжымдық іс- әрекеттері мен олардың нәтижелі болуын ұйымдастыру, өзара қатынас орнатып байланысқа түсу, тіршілік ортасымен әлеуметтік жағдайға икемделу, адамдардың тобына, олардың іс- әрекеттеріне орай ыңғайлануы, өздерін топтағы адамдармен салыстыра отырып, жеке басының ерекшеліктерін аңғарып білу, топтар арасындағы қарым- қатынасты, байланыстарды нығайту сияқты әртүрлі жағдайларға төзімділік көрсетуге бейімделуге тиіс.

Информация о работе Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері