Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 16:59, курсовая работа

Описание

Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс-әрекеттегі қиыншылықтардың басым көпшілігі оқытушылардың ғылыми немесе әдіснамалық дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық қарым-қатынас саласындағы деформациямен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
1.1 Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы
1.2 Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi
2 Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері
2.1 Қарым- қатынас жасаудың функциялары
3 Педагогикалық қарым-қатынас негіздері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Психология.doc

— 148.00 Кб (Скачать документ)

                    Осы заманғы психологиялық зерттеулер- әлеуметтік өмірдің әр түрлі өрісінде болып отыратын талас- тартыстар мен дау-дамайдың өрбуіне ерекше назар аударып, олардың себеп салдарын анықтап отыруға ерекше мән беріп отыруды қажет ететін өміртіршілігінің шындығы. Біз бұл еңбектің алғы тарауларында өнеркәсіп орындары мен мекеме ұжымдары арасындағы әр алуан ситуациялар мен шиеленісті жағдайлардың болып отыратындығына баса көңіл аударып, ондай жәйттерді жеңудің жол- жосығын, әдіс- тәсілдерін нақты жағдайлар негізінде психологиялық тұрғыдан алып іздестіріп көрдік.

                    Талас- тартысты мәселелердің туындап отыруында әлеуметтік- психологиялық заңдылықтардан болатындығына көз жеткіздік. Ал бұл мәселенің теориялық және методикалық негіздері мен сипаттарын ғылыми тұрғыдан тереңірек ашып көрсету өз алдына зерттеліп тиісті шешімін келешектен күтеді.

                  Шәкірттер мен мұғалім арасындағы, әсіресе мұғалім мен жасөспірімдер арасындағы, қарым- қатынаста кездесіп қалатын тартыстар- осы кезге дейін жете зерттелмеген мәселе. Міне, осы мәселені зерттеуді негізгі объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге байланысты.

                  Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді. Олардың өміріндегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана- сезімі мен ақыл- ойының өсуі мұғалімді жас өспірімдерге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді.

                  Өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс қалып көрсетпеуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім- тәрбие жұмысында соған сай әдіс- амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездесіп жүр. Олар бірер рет көзге түсіп қалғандарды «тәрбиеленуі қиын» балалар қатарына ой салмақтай қосып, өз жұмыстарын да қиындатады. Енді- енді қалыптаса бастаған жеткіншек мінез- құлқына кері әсерін тигізеді.

                    Мұғаліммен осындай тартысқа душар болған оқушының жан дүниесіне үңіліп көрелікші. «Болса да мұғалім мені жек көреді» деген ой санасына ұялай бастаған оның оқуға ықыласы сөзсіз төмендейді, мектепте, тіптен, қай жерде жүрсе де жаңағы қияли ой соңынан қалмай, оны бәрін керісінше жасауға жетелейді. Бұл оның мұғалім әділетсіздігіне өзінше қарсылық білдіру шарасы екендігіне ешбір таңдануға болмайды.

                    Әрине, мұндай күйге ұшыраған оқушының сабақ үлгерімінің қаншалықты төмендеп кететіндігін дәл айту қиын. Алайда бұл орайда бір шындық бар. Бұндайда кейбір оқушылар тіптен мектептегі оқуын жалғастырғысы да келмейді. Оған қаншама жанашырлық ақыл айтса да, ол мұғалімге сенімсіз, көңілге күдік алып қарайды. Оқушыны осындай тартысқа кездескен кейбір мұғалімдердің мазасы кетеді. Өздерінің ұстаздық мамандықты таңдағанына өкініп, оқушылармен дұрыс қарым- қатынас жасай алмағанына қапа болады. Ол ол ма, кейбіреулер (әрине, көбінесе жас мұғалімдер) осындай тартыстардың шығу төркініне үңіліп қарамай, өзіне де, өзгеге де сенімсіздікпен қарап, әлгі оқушы сияқты мұңлы күй кешеді.

                   Мұғалім қызметінің табыстарына қатысты жәйттерді зерттеп, оларды күнделікті тәжірибеге ендіру болашақ ұстаз кадрларды даярлап шығаруды да маңызы айрықша екендігіне ешқандай күмән жоқ. Ұстаз бен шәкірт арасында тартыстың шығу себебі мен оның өрбеу жолын педагогикалық шеберлік пен тиімді әдістерді қолданып жеңе білу оқушының сана- сезіміне ықпал етіп, оған дұрыс бағдар берудің тәлім- тәрбиелік маңызы айрықша. Осындай мақсаттарды мектеп тәжірибесіне ендіру ниетімен мектепте бір жыл бойына зерттеулер жүргіздік. Онда, ең алдымен, оқушылар және мұғалімдер (бір сыныптағы оқушылар мен онда сабақ беретін барлық мұғалімдер қамтылады) арасындағы нақтылы жәйттерге байланысты талас- тартыстың сырын ашу қажет болды. Тармақтала келе олар әрбір мұғалімнің педагогикалық ерекшеліктерін, тартысты ситуацияларын, оқушылармен қарым- қатынас қалпын, оқу пәндеріне ықылас- ынтасын зерттеп, оларды салыстыра отырып зерттеу жүргізілді. Алға қойған міндеттерді барынша айқындай түсу үшін жекелеген оқушылармен, пән мұғалімдерімен әңгімелер де өткіздік.

                    Осындай зерттеу нәтижелері бұл мәселеде мұғалімдерді екі жаққа бөлінетіндігін көрсетті. Кейбіреулерінің қызметінде тартыс ситуациялары мүлдем жоқтың қасы. Ал басқа бір мұғалімдердің күнделікті жұмысында ондай жәйттер жиі кездеседі. Бұндай жәйттер өтудің орнына жылма- жыл қайталанып, тіптен өрши түскен. Мұғалім мен оқушылар қарым- қатынасындағы осындай тартыстардың мазмұны, ауқымдылығы (тартысқа түскен оқушылар санына орай), шиеленістілігі (эмоциялық шиеленісті дәрежесіне қарай), тұрақтылығы (тартыс ұзақтығына сәйкес) жағынан ерекшеленеді.

                   Мұғалім мен оқушы арасындағы тартысты туғызатын себептерге оқушылар тобы, олардың жас және өзіндік ерекшеліктері, мұғалім мен оның оқушылар ұжымына басшылық ету стилі де әсер етуі жатады. Тәлім- тәрбие саласында жүргізілген зерттеу нәтижелерін жинақтап қарастырғанда мұғалім мен оқушылар араындағы тартыстардың туындап, олардың етек алуының бірнеше түрлері болатындығы байқалады:

   1. Оқу ісін жүзеге асырып, оны бірізділікпен жүргізуде кедергі болатын жәйттер мұғалімнің білім деңгейі мен оны шәкірттерге тиімді әдіс- тәсілдермен жеткізе алмай, тәрбиесіздік көрсетіп, оқушыларға серпінді ықпал ете алмайды. Сондай- ақ мұғалім оқушыларға қоятын талабын үнемі өзгертіп қалыпты жағдайдан жиі ауытқып отырады. Соның салдарынан шәкірттердің тәртібі де нашарлайды. Мұндай кемшіліктер, ең алдымен, ұстаздың ұйымдастырушылық қабілеті мен сабақ жүргізудегі методикалық олқылығынан пайда болып, шәкірттер сабаққа көпшілік уақытын босқа жіберетін болады. Алайда мұндай жағдайдан туындайтын тартыстар оқу- тәрбие ісіндегі өзге сипаттағы дау- дамайлардан кемдеу.

    2. Жеке бастың өзі ұстанған адамгершілік қасиеттерге байланысты кездесетін кедергілер мен тартыстар. Баланың өз басына талап қоюы, айналасына зер салып, әрбір нәрсеге мән беруі баланың өсіп жетіле бастағанын көрсетеді. Мұндай ерекшеліктерге баланың ересек адамдармен қарым- қатына жасап, өзінің есейгендігін байқатуы оның адами- этикалық жағынан да талап- тілегінің өскендігі деп санау керек. Ересек адамдармен салыстырғанда мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым- қатынас едәуір күрделі. Өйткені мұндағы бірінші жақ- мұғалім- толық қалыптасқан, мораль, этикалық жағынан жетілген, мінез- құлқы орныққан адам. Екінші жақ- оқушылар. Бұлар небары өз ұстазының сезімі мен ақыл- ойына ынтыққандар ғана. Мұғалім мен оқушының ойлану, түсіну сипаттары да түрлі деңгейде. Ұстазға айдай анық құбылыс шәкірттеріне нанымды бола бермейді. Кейде мұғалім мен оқушы бір құбылысқа, сөзге немесе қылыққа беретін бағалары да түрліше. Тіпті қарама- қарсы мәнде де болуы мүмкін. Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым- қатынаста тартыстың туындауына ұстаздық методикалық тұрғыдан қате жіберіп жаңылысуы, не оқу материалын тиянақты түсіндіре алмауы да себеп болады.

    3. Оқушылардың жас ерекшеліктерін елемей, олардың құрдастарымен қарым- қатынастарының қыры мен сырына жете мән беріп, оларды жете бағаламау салдарынан болатын тартыстар. Ал оқушылар тобы тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар олардың рухани тілектерін қанағаттандырмауға байланысты. Әдетте мұндай жағдайда мұғалім оқушылар ұжымынан өз бойын аулақ ұстап көпшілік- қоғам жұмыстарына сирек қатысады. Оқушылар ұжымының сан алуан жұмыстарына, ұжымдық, пікірлерге жете мән бермейд. Мұндай жағдайда оқушылар тарапынан ұстазға деген наразылық, қанағаттанбау сезіміне орай тартыстың туындауына себеп болады.

    4. Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне тән жағымсыз қасиеттері мен мінез- құлқына орай туатын тартыстар. Оқушылар арасында ұшқалақ мінезді, қызуқанды, айтқанынан қайтпайтын өжет, жан дүниесінің шеңбері тар, өзін қатар- құрбыларынан жоғары санайтын балалар да бар. Олардың сөйлеген сөзі істеген қылығы өзгелердің зығырданын қайнатып тұрады.Ондай балалармен қарым- қатынас жасау мұғалімдерге оңай тие қоймайды. Негізгі мақсат мінезі ерекше оқушылармен қалыпты қатынас орнатудың тиімді әдісі- оларды ұжымдық өмірдің ыңғайына қарай бейімдеп, олардың іс- әрекеттерімен үйлестіру. Дегенмен мұндай жағдайда ұстаз бен шәкірт арасында айырым шығатын жәйттер жиі болып тұрады. Мұндайда ұстамды ұстаздар шыдамдылық пен тапқырлық көрсетіп, қалайда шәкірттермен тиімді қарым- қатынас орнатудың әдіс- тәсілдерін ізденеді. Жастардың мінез- құлқындағы жағымсыз қылықтарын жөндеуге күш жұмсап, әрбір оқушының даралық ерекшеліктеріне баса көңіл аударады.

                                        Қарым- қатынас психологиясының өзекті мәселелерімен айналысқан зерттеушілер қатарына А.А.Леонтьев, А.А.Брудный, К.К.Платонов, Я.А.Коломинский, В.М.Сорокин, С.Елеусізова т.б. еңбектерін талдау кезінде талқылауды көздедік.

 

 

 

 

 

3 Педагогикалық қарым-қатынас негіздері

 

Білім беруді модернизациялаудың стратегиялық мақсаты әрбір адамның ғұмыр бойы білім алуына немесе білімін толықтыруына нақты мүмкіндіктер туғызатын жаңа білім беру жүйесін құру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында бекітілген қосымша білім беру ұғымы (шетелдік аналогтары: extra, additive, complementari) педагог пен оқушының арасында серіктестік қарым-қатынастың дамуына мүмкіндік беретін білім берудің ерекше түрін білдіреді. Либералдық, прогрессивтік, бихевиористік, радикалды, когнитивті, гуманистік философиялық мектептер мен бағыттар ықпалымен дамыған ересектерге қосымша білім беру үдерісі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап әлеуметтік, экономикалық функцияларды ғана емес, тұлғаны дамыту функциясын орындайтын білім беру қызметін көрсету саласына айналып келеді.

Педагогикалық қарым-қатынас субъектілері - адамдардың жоғарыда қарастырылған жас, тұлғалық ерекшеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен, ұстанымдарымен сәйкес ерекше сипатқа ие педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру міндеті оқытушының кәсіби, әлеуметтік, психологиялық мәдениетінің жоғары болуын ғана емес, тұлғалық кемелденуін де талап етеді.

Педагогикалық, психологиялық зерттеулерде (В.А.Кан-Калик, Г.А. Ковалев т.б.) педагогикалық қарым-қатынас тұлғаның қалыптасуы онсыз жүзеге аспайтын тұтас категория ретінде қарастырылады.

Педагогикалық iс-әрекет, бiр қатар iс-әрекеттер iшiндегi күрделi ұйымдасқан жүйе болып есептеледi. Бiрiншi – оқыту барысындағы мұғалiмнiң iс - әрекетi. Сабақ берушi педагог жалпы қызметтер мен мағыналардың iшiнен өзiне қатысты қызметтердi ғана атқаруы тиiс. Келесi iс-әрекеттер бiрiншi iс - әрекеттерге рефлекстiк қосымша ретiнде келедi, яғни оған қызмет жасайды. Екiншi - оқытудың тиiмдi амалдары мен құралдарын және оқытудың процедураларын теңдестiргендегi оқыту тәжiрбиесiнiң жалпылама iс-әрекетi – оқытудың амалдары мен әдiстерiн құрастыратын методист iс - әрекетi осындай. Үшiншi iс -әрекеттiң методикалығы, бiрақ ол оқу құралдары мен оқу сабақтарын құрастыруға бағытталған. Төртiншi iс - әрекет оқыту сабақтарын бiр тұтас жүйеге сабақтастырудан тұрады – оқу бағдарламаларын құрастыру бағдарламалау iс - әрекетi. Мұндай бағдарламалауды жүзеге асыру үшiн, оқытудың мақсатын бiлу қажет, бiрақта оқытудың бағдарламаларын құру барысында мақсаттың кейбiр жалпы бөлiктерiне бағытталады. Мұндай мақсаттар ертерек саясаткерлермен мәдени қызметкерлермен қалыптасқан, бiрақ педагогтармен емес. Қазiргi заманның әлеуметтiк мәдени жағдайы және және мiндерi мен оқыту мақсатын жобалау және бинелеу мен педагог – методолог, педагог айналысуы қажет деген талаптар қояды. Бұл өте қажет, өйткенi, бiрiншiден қазiргi өндiрiстiк iс тәжiрбиелiк қызымет жиi белгiлi бiр мақсатты, мiндеттердi қояды, оларды тек арнайы дайындалған адамдар шеше алуы мүмкiн. Екiншiден, қазiргi әдiснамалық ойлау оқыту процестерiн тиiмдi жобалауы мүмкiн, бiрақ ол тапсырыс берушiден нақты және анықталған мақсаттар талап етедi. Үшiншiден қазiргi технологиялық қоғам тез және қарқынды дамуда және оқыту жүйесiне де сондай талаптар қояды, яғни қоғамға қажеттi адмның қасиеттерiн жүйелi және тез бейнелеудi, қадағалауды және оқу бағдарламаларын шұғыл жобалауды талап етедi. Кең мағынада мұндай теологиялық ойлаудың нәтижесi адам жобасы болып табылады, ал тар мағынада- маман жобасы, яғни болашақ адамның бойында болуға қажеттi интелектуалды қызметтер, бiлiм, қабiлеттер жиынтығын бейнелеуi қажет. Оқыту оқушы мен оқытушы арасындағы белсендi керi байланыс процесi оның нәтижесiнде оқушы да оның өзiндiк белсендiлiгiнiң негiзiнде белгiлi бiр бiлiмдер және бiлiктер қалыптасады.

Адамның iс- әрекетке қабiлеттiлiгiн қалыптастыру үшiн оқытудың функциясы белгiлi және заттық құралдарға максималды бейiмделуден тұрады. Оқытудың ең қарапайым түрi оқушымен, оқытушының қарым- қатынасынан тұрады, мұғалiм, оқушы iс-әрекетiн дұрыс немесе дұрыс емес етiп бағалайды. Бұл жағдайда оқыту процесiн бөлшектенетiнi көрiнедi.

Оқыту жүйесiнiң дамуы iс- әрекеттiң күрделi түрлерiнiң бөлiнуiнен тұрады. Бiрақ та мұндай даму iс- әрекеттiң қиын талдауын және оның элементтерiн бөлумен түсiндiрiледi. Тапсырма, iс- әрекеттiң кәсiби қиын түрiн, жәй элементтердi бөлуден тұрады. Сөйтiп педагогикалық рефлекстiң бiрiншi принципi элементарлық iс-әрекеттi және оларды транцляциялау. Бiрақ та бұл әрқашан да жеткiлiксiз, жәй элементтердiң iс- әрекетiн аяғына дейiн бөлiп қою мүмкiн емес, өйткенi iс- әрекетте қиын байланыстар мен қарым- қатынастар бар. Сндықтан да негiзгi элементтер мен қиын iс- әрекеттi құрауға мүмкiндiк беретiн және белгi құралдары мен жобаларынан тұратын екiншi принциптерi көрсетiледi. Бұл белгi құралдары iс- әрекеттi жобалау және бейнелеу құралдары болып табылады. Басқа жағынан, оқу процесiнiң iс жүргiзу технологиясы оқу жүйесiнiң қызметiн, оқу жағдайының бiр iздiлiгi ретiнде көрiнедi. Бұл жағдайлар келесi образбен теңестiрiледi. Бұрынғы жағдайлар келесiлерге амалдарды көрсетедi. Сондықтан бiлiм жүйесi технологиялық процестiң үзiлмелi құралы ретiнде құрылады және соңында бiлiмдi, қоғамға қажеттi әлеуметтiк- мәдени қабiлеттердi тұтас меңгерген адам болып шығады. Сондықтан, бiлiм жүйесiн методологиялық тiлi, жүйе ретiнде бейнеленуi мүмкiн. Бұл жүйе оқытудың қиын iс-әрекет жағдайы мен оқытудың жәй қызметiнен – қиын қызыметiне өту iс-әрекетiнiң берiлген шарттары мен тапсырмалары арқылы қанағаттануы.

Педагогикалық белсендiлiктi былай қарастыруға болады; 1) басқару қызметi ретiнде (оқу iс-әрекетiн басқару құралы ретiнде) 2) ұйымдық сана мен оқушының санасын түсiну ретiнде педагогтың жұмысындағы маңызды жағдай оқушының жағдайын түсiну және қарым – қатынас болып табылады. Түсiну оқушының iшкi көзқарасын жүйелiк қалыптасуға, басқа адамның iшкi жандүниесiн түсiнуге мүмкiндiк бередi. Басқа жағынан педагог өзiн түсiнуге және өзiнiң көзқарасы бойынша оқушыға маңызды бiр нәрсенi жеткiзу бiрақ та түсiну тiкелей берiлмейдi, оны тек қана өзiнiң жеке тәжiрибесiн ұғыну арқылы беруге болады. Сөйтiп педагогикалық акт, коммуникативтi диагностикалық акт болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір, сонымен бірге, осы құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды. Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан (Б.Ф. Ломов), қарым-қатынас іс-әрекет түрі сияқты тек - түр қатынасында болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін (яғни, Г.П. Щедровицкий, А.А. Леонтьев, В.В. Рыжов, Г.В. Гусев және т.б.). Соңғы жағдайда ол қандай іс-әрекет, даралық па әлде ұжымдық па деген сұрақ туындайды. Біз іс-әрекеттің екі формасы да мүмкін дегенді негізге аламыз, бірақ қарым-қатынастың өзі іс-әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектік катынаста әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын адамдардың өзара әрекеттесу формалары болып табылады.

Информация о работе Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері