Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 16:59, курсовая работа
Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс-әрекеттегі қиыншылықтардың басым көпшілігі оқытушылардың ғылыми немесе әдіснамалық дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық қарым-қатынас саласындағы деформациямен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады.
КІРІСПЕ
1 Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
1.1 Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы
1.2 Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi
2 Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері
2.1 Қарым- қатынас жасаудың функциялары
3 Педагогикалық қарым-қатынас негіздері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мұндай түсіндірме Б.Ф. Ломовтың жалпы позициясымен сәйкес келеді, бұл позиция бойынша қарым-қатынас - «бір-бірімен қатарлас (симметриялы) дамушы іс-әрекеттердің бірінің үстіне бірі қосылуы, жапсырылуы емес, ол оған серіктестер ретінде қатысушы субьектілердің өзара әрекеті». Алайда, түсіндірмелердегі айырмашылық мынада: Б.Ф. Ломов үшін қарым-қатынастың өзі өзара әрекеттесу болса, оқулықта келтірілген анықтама бойынша қарым-қатынас оның формасы болып табылады.
Қатал қарым-қатынас баланы ұрып-соғу арқылы ашық көрінеді не жасырын, яғни эмоционалдық дұшпандық пен суықтықтан көрінеді. Жоғары моральдық жауапкершілік бала болашағының ерекшелігіне үміт артып, баладан жоғары моральдық тәртіп талап етуден болады. Тәрбиенің мұндай түрін ұстанатын ата-аналар балаға отбасының басқа мүшелеріне қамқоршы, қорғаншы болуды жүктейді.
Тұлғааралық қарым-қатынастың аналитикалық моделі негізінде біз ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың перцептивтік, коммуникативтік, интерактивтік компоненттерден және олардың әрқайсысын айғақтайтын өлшемдер мен көрсеткіштерден түзілетін құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Перцептивтік компонент педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің өзара түсінісуінің негіздемесі ретінде бір-бірінің психологиялық бейнесін қалыптастыра отырып, бірін-бірі тану, қабылдау үдерісі болып табылады. Коммуникативтік компонент вербалды, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын қолдана білуді білдіреді. Коммуникативтік техникаларды ұтымды қолдана білу арқылы ақпарат «жүрісі» ғана орындалып қалмайды, педагогикалық қарым-қатынас субъектілері арасында өзара сенім туындайды. Интерактивтік компонент қарым-қатынас субъектілері үшін ортақ іс-әрекетті ұйымдастырып, жүзеге асыру мақсатымен бір-бірімен әрекеттесуін білдіреді. Өзара әрекет барысында қарым-қатынас субъектілері бір-біріне белгілі бір ықпал жасайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Жантану негіздері» Сәбет Бап-Баба, Алматы «Дәнекер» 2005ж
2. Қазақстан Республикасының Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы.
3. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991.
4. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.-123б
5. http://kk.wikipedia.org/wiki/
6. http://sachok.kz
7. http://zerde.astana-mektep.kz
Информация о работе Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері