Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 10:33, курсовая работа
ХХІ ғасыр – психология ғасыры. Бүгінгі мектеп оқушылары өмірде кітаптағыдай деп түсініп қабылдайтын бұрынғы балаларға қарағанда олар көп нәрсені өмірдің өзінен үйренеді. Ал ұстаз еңбегінің күрделілігі әр оқушының жүрегіне жол табуда, әр баланың бойындағы қиялды дамыту үшін жағдай жасауда көрінеді. Баланың білімі болса, оның ақыл-ойы мен қиялы жемісті де бай болып келетініне баланың көзін жеткізу ата-ана мен тәрбиеші ұстаздардың міндеті. Қиял сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін тек адамға тән психикалық процессболып табылады.
Кіріспе...............................................................................................................
І тарау. Бала қиялдарының теориялық негіздері..........................................
1.1. Қиял процесінің ерекшеліктері мен түрлері.........................................
1.2. Қиял жеке адам қасиеті ретінде және оның маңызы...........................
ІІ тарау. Қиял бейнелерінің жасалу жолдары.............................................
2.1. Бала қиялын дамыту жолдары мен әдістері.........................................
2.2.
Қорытынды.....................................................................................................
Қосымша.........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................
Қазақстан Республикасы
Білім және
Ғылым Министрлігі
«Тараз»
институты
«Педагогика
және психология» кафедрасы
Курстық
жұмыс
Тақырыбы: Бала
қиялдарын дамыту жолдары
Курс: 1
Тобы: ПиП-05-2
Орындаған: А.Қ.Тәжіқұлова
Қабылдаған: Ы.Ә.Тобағабылова
Қорғауға жіберілді: « ___ »______________ 2006 ж.
Бағасы: «____________________»
Тараз 2006 ж.
Тақырыбы:
Бала қиялдарын дамыту жолдары
Мазмұны
Кіріспе.......................
І тарау.
Бала қиялдарының теориялық
1.1. Қиял
процесінің ерекшеліктері мен
түрлері.......................
1.2. Қиял
жеке адам қасиеті ретінде
және оның маңызы..............
ІІ тарау.
Қиял бейнелерінің жасалу жолдары.......................
2.1. Бала
қиялын дамыту жолдары мен
әдістері......................
2.2.
Қорытынды.....................
Қосымша.......................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Зерттеу
өзектілігі
Қазіргі заманда жеке тұлғаны тәрбиелеу – психология ғылымында басты мәселелердің бірі. Соның ішінде дарынды, білімді, білікті жас ұрпақ тәрбиелеу басты назарда.
ХХІ ғасыр – психология ғасыры. Бүгінгі мектеп оқушылары өмірде кітаптағыдай деп түсініп қабылдайтын бұрынғы балаларға қарағанда олар көп нәрсені өмірдің өзінен үйренеді. Ал ұстаз еңбегінің күрделілігі әр оқушының жүрегіне жол табуда, әр баланың бойындағы қиялды дамыту үшін жағдай жасауда көрінеді. Баланың білімі болса, оның ақыл-ойы мен қиялы жемісті де бай болып келетініне баланың көзін жеткізу ата-ана мен тәрбиеші ұстаздардың міндеті. Қиял сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін тек адамға тән психикалық процессболып табылады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға жолдауында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі, біліктілігі» делінген. Олай болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық қиялын жан-жақты дамытуға ден қою қажеттілігі туындайды. Сондықтан осы жағдайларды ескере кетіп, біз осы бағыттағы мәселені әрі қарай терең ашуда өз үлесімізді қоссақ дейміз. Біз «бала қиялдарын дамыту жолдары» атты тақырыпты алудың мәні де осында.
Зерттеу мақсаты:
Баланың қиялын дамытуда әдістемелік-теориялық білімді негізге ала отырып, оқыту процесінде баланың қиялын психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы дамыту. Баланың жас дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, түрлі тапсырмаларды дербес орындатып отырғызу, оқыту процесінде кездескенқиыншылықтарды жеңе алуға баулу.
Зерттеу міндеті:
Зерттеу объектісі:
5 «Ә» сыныбының оқыту процесі барысында оқушылардың қиялын дамыту жолдары.
Зерттеу болжамы:
Егер
осы мақсаттарды негізге ала
отырып баланың психологиялық, жеке
ерекшеліктері мен
Зерттеу базасы:
Ө.Жолдасбеков атындағы №50 қазақ орта мектебінің 5 «Ә» сыныбының оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу әдістері:
Педагогикалық-
Зерттеу құрылымы:
Курстық
жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, қосымшамадан және әдебиеттер
тізімінен тұрады.
І тарау.
Бала қиялдарының теориялық
1.1. Қиял
процесінің ерекшеліктері мен
түрлері
Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, ми уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады. «Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады» (М.Жұмабаев).
Адамның өмір тәжірибесі, білімі неғұрлым мол болса, қиял елестері де соғырлым айқын және толық болатындығы, ал бұл айтылғандар жеткіліксіз болса, қиялдың өте солғын болатындығы байқалады. Мәселен, біз төртінші сынып оқушыларына қазан төңкерісіне дейінгі қазақ аулының өмірі туралы әңгіме айтқанымызда, кейбір оқушылар сол кездегі қазақ аулына тән өзіндік өмір көріністерін, байлардың сән-салтанатты, кедейлердің ауыр тұрмысы, сол кездегі адамдардың тұрмыс салт ерекшеліктерін онша ажырата алмайтындықтарын көрсетті. Балалардың осы секілді елестерінің солғындығы оларда қазан төңкерісіне дейінгі қазақ аулындағы өмірді бейнелейтін нақты материалдардың жетімсіздігінен туған болып шықты. Кейін осы тақырыпқа қайта оралып, көрнекілік жағына ерекше мән беріогенде (оқушыларға осы жөнінде әңгіме айту, түрлі суреттер көрсету, мұражайларға, театрға апару) оқушылардың қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ аулы өмірі жөніндегі түсініктері нақтылана бастады.
Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалқ процесс: «...барлық жан қуаттарын тек қиял ғана өзіндік сақталатын сөзімдік заттарды модельдендіре алады» (Әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өңдеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
Қиял
актив, пассив болып екіге бөлінеді.
Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің
шегі – түс көру. Түс көрудің
физиологиялығын жан-жақты
Пассив қиялдың ырықсыз түрі адамның алу кезінде де туып отырады. Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның көз алдынан елестер тізбектеліп өтіп жатады. Мәселен, адам аспандағы бұлтқа, үй қабырғасындағы түрлі көлеңкелерге қарап, оларды бір нәрсеге ұқсатады. Леонардо до Винчи: қабырғадағы даққа, үйілген күлге, бұлтқа қарап, осылардан адамның пішінін, табиғат көріністерін табуға болдаы дейді. Бұл айтылғандардың бәрі – ырықсыз қиялдың мысалдары.
Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталады. Бұл – қиялдың шарықтап дамуының жоғары сатысы, адамның творчествалық әрекетімен тығыз байланысып жатқан түрі. Актив қиял кейде ырықты қиял деп те аталады. Актив қиял қайта жасау, творчествалық қиял, арман болып үшке бөлінеді.
Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын қайта жасау қиялы деп атайды. Қайта жасау қиялы арқылы адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп отырады. Бұл үшін түрлі сипаттау, схема сызықтарын дұрыс түсіне білумен қатар, адамда өмірден алынған көрнекті образдардың жеткілікті қоры болуы қажет. Қайта жасау қиялын тәрбиелеудің басты жолы – көркем әдебиет кітаптарын оқу. Бірақ тек оқи бергенмен қиял өспейді. Мәселен, үстіртін, тек «қызық» жерін теріп оқудан қиял дамымайды. Қиялды өсіру үшін кітап мазмұнын ойға түйіп, оны көргендей, естігендей болып отыру қажет. Мәселен, Мұхтар Әуезовтың «Абай» романын қиялы бай адам оқитын болса, ондағы кейіпкерлер мен түрлі оқиғалар оның көз алдында елестеп, галереядағы суреттей жайнап тұрады. Бұл – қайта жасау қиялының көрінісі. Мұндайда адам авторлардың суреттеп жазғандарын көз алдында тұрғандай көріп, тіпті сөйлеген сөздерін есіткендей де болады. Өзін романның кейіпкерлерімен бірге жүргізіп, онымен бірге тұратындай сезінеді.
Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің ғалымның, композитордың т.б. қиялы творчестволық қиялға жатады. Творчестволық қиял – қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиян. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т.б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. Творчестволық қиял әрекеттің кез-келген саласында орын алып отырады. Қоғамда пайда келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес.
Актив қиялдың ерекше бір түрі – арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей бірінші дайындық сатысы. Прманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет.
Орыстың белгілі демократ, публицисі Д.И.Писарев (1840-1868) шындық пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның «арманның іске талпындыратын пайдасы» туралы пікірі жастар үшін ерекше маңызды. Өйткені адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бұл келешектің қиялы болмай, бос лағу, құрғақ қиял болар еді. Мәселен, А.И.Куприннің «Жекпе-жек» повесіндегі подполковник Ромашевтың қиялы дәл осындай сүреңсіз, құрғақ қиял: «Ромашев өзінің бұл дүниеде өмір сүргеніне қапаланатын».
Әр
бір адамға алдындағы жарқын болашағына
байланысты армандай білуі қажет. Мақсатқа
сай дұрыс армандай алу адамға зор қуат
беріп, іске талпындырады. Сондықтан да
халық: «Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ»
деп өте тауып айтқан.
1.2. Қиял
жеке адам қасиеті ретінде
және оның маңызы
Қиял жеке адамның басқа психикалық процестерімен және қасиеттерімен тығыз байланысты. Қиял әдетте әсер алумен әрлене түседі. Қиял арқылы елестеген айқын сурет, көптеген жағдайда жоғары сезімталдықтың әсерінен пайда болады. Қорқыныш сезімі адамды қиялында қауіп-қатерді елестетуге мәжбүр етеді, ал керісінше осы қауіп-қатерді қиялдау қорқыныщ және реніш сезіміне де қатынасы бар. Бұл сезімдер қиялдау арқылы күшейе түседі, ал осы әсерлер қиялды күшейте түседі. Адамның ақылы мен қиялының арасында бір-біріне күшті бағыныштылық бар.
Жеке адам ақыл-ойының жоғары дәрежеде болуы көптеген жағдайда дамыған бай қиялымен байланысты. К.Д.Ушинский «Әсерлі де әрекетшіл қиял ұлы ақылдың қажетті құрамына жатады; әрине, мұндай қиялдың алатын мәліметі күш, ақыл-ой, поэтикалық сезім, көңіл-күй т.б. арқылы мықтап қорытылған болуы тиіс, сонымен қатар осыларды адамның өзі басқарады... Егер қиял бос, керегі жоқ, не болмаса өнегесіз, зердесіз ассоциацияларға толы болса, онда оның айқындығы және күші, әсіресе еріктің әлсіз кезінде ақыл-ой процесін түгелдей өзгертіп жіберуі мүмкін» - деп жазған.
Қиял жеке адамның ерік сапаларымен тығыз байланысты болуы мүмкін, сондықтан оның пайдасы немесе зияны болуы көп жағдайларда қиял процесін адам ақылы қалай бақылауға алуына байланысты.