Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 10:33, курсовая работа
ХХІ ғасыр – психология ғасыры. Бүгінгі мектеп оқушылары өмірде кітаптағыдай деп түсініп қабылдайтын бұрынғы балаларға қарағанда олар көп нәрсені өмірдің өзінен үйренеді. Ал ұстаз еңбегінің күрделілігі әр оқушының жүрегіне жол табуда, әр баланың бойындағы қиялды дамыту үшін жағдай жасауда көрінеді. Баланың білімі болса, оның ақыл-ойы мен қиялы жемісті де бай болып келетініне баланың көзін жеткізу ата-ана мен тәрбиеші ұстаздардың міндеті. Қиял сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін тек адамға тән психикалық процессболып табылады.
Кіріспе...............................................................................................................
І тарау. Бала қиялдарының теориялық негіздері..........................................
1.1. Қиял процесінің ерекшеліктері мен түрлері.........................................
1.2. Қиял жеке адам қасиеті ретінде және оның маңызы...........................
ІІ тарау. Қиял бейнелерінің жасалу жолдары.............................................
2.1. Бала қиялын дамыту жолдары мен әдістері.........................................
2.2.
Қорытынды.....................................................................................................
Қосымша.........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................
Жеке адамға психологиялық сипаттама беру үшін, әсіресе, творчестволық қиялдың үлкен маңызы бар. Творчествоға қажетті күш пен сезімге үлкен өрлеу туғызатын шабыт секілді психологиялық жағдай, әдетте қиялдаумен тығыз байланысты.
Қиял ерекшеліктері белгілі дәрежеде жеке адамның моральдық бейнесі жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді. Дәлсіздікке, фактілерді, құбылыстарды үлкейте не кішірейте көрсетуге т.б. бейімділік көп реттерде қиялға бақылаудың жоқтылығынан болып тұрады. Мұндай жағдайлар кейде өтірікті айта отырып, реальды нәрселерді қиялдығымен шатастыру кейбір балаларда кездеседі. Бірақ дұрыс тәрбие болған жерде жылдар өткенде, мұндай кемшіліктерден ада болады. Егер осы кемшілік есейген адамдарда дамыса, онда мәселенің насырға шапқаны. Өзін-өзі бағалаған кезде ол менде де зор қасиеттер бар деп ойлайды. Ол шын мәнісінде онда жоқ. Мұндай адам өз кемшілігін сезбейді, сөйтіп айналасындағылар жиіркенетіндей мақтаншақ болып кетуі де мүмкін. Керісінше, ақыл-ой бақылауындағы, қиял өзін-өзі сын көзбен бақылауға әсер етеді, сөйтіп адам өзінің қандай адам болғысы келетінін анық елестетеді. Бұл оны өте байсалды етіп, өз дәрежесін көтеру үшін жұмыс істеуге итермелейді.
Басқа адамның жағдайын жақсы түсінген адам ол адамның қасіретін бірге тартып, жаны ашуға бейім болып шығады. Мұндай жағдай оны сезімтал, қайырымды, инабатты, рақымды жан етеді. Ал, қиялы әлсіз адам сондықтан өзін басқа адамның орнына қолалмайды, тек өз қамын ойлауға машықтанып белгілі бір жағдайда өзімшіл болып кетуі қиын емес.
Кейбір
балалар әлі келетін
Қиял
өзінің дараланған күйінде әр жеке
адамның өте мәнді, ерекше қасиеттерін
айқындайды. Қиял әрбір жеке тұлғада
бірнеше белгілермен
Қиялдың жарқындығы мен қуаты адамның көңіл-күй болмысымен тығыз байланысты. Көрікті картиналар тұлға қиялында оның терең сезімталдығының арқасында өрбиді, өріс алады. Қорқыныш сезімі адамға алдағы қатерді сездіреді, керісінше сол қатерді қиялдаудан адамдағы қорқыныш сезімі ұлғая түседі. Сезім күшті болған сайын, қиял бейнелері де жарқырай түседі. Ал сезімталдығы кем адамның қиялы да көмескі, бұлдыр келеді. Әрқандай жеке адамдағы қиял даралығы шындық дүние, болмысқа жақындық дәрежесімен айырылып тұрады. Осыдан кей адамдар өтірікті шыңдай шынды құрай ұрғандай етіп бейнелеуге шебер келеді, ал екінші біреулер көрген, білгеннен асып қиялдауға мақұрым болады. Қиялдың бұл ерекшелігі жеке адамның болмыс шындығынқайта түзу қабілетінің артық не кем болуынан туындайды. Шынында кейбір ойға шорқақ адамдар мұрын астынан әрідегіні көрмей қоршаған дүние мен қатынасын шектеп алады да сүрлеу жолдан шыға алмай, өз қиялын өрістетуге шамасы жетпейді.
Қиялдың кеңдігі, аумақтылығы, әр адам қиялына қатысты болмыс дүние салаларының сан-алуандығына тәуелді. Қиял өрісі кең адамдар бір мезеттің өзінде табиғат, адам, қоғам тарихының өткені мен болашағынан, жер тұңғиығы мен ғарыш әлемінен техника мен өнер саласынан бірдей дерек елестерді қамти алады. Кейде мұнда қиялдауда шындыққа жанаспайтын фантастикалық бейнелердің де қалыпты қабылдануы ғажап емес.
Өрісі кең қиял мазмұн жағынан да ауқымды келеді. Мысалы, «Абай жолы» романын жазған М.Әуезов мазмұнды қиялдың кемеңгері десе болады. Даналық қиялдау үлгілерін О.Бөкеев, Ш.Айтматов шығармаларынан да таныған жөн.
Қиялдың даралық сипаты оның еркінділігінен, яғни қиялды алға қойылған міндетке ойыстырып, қажетті нәтижеге ерісу үшін пайдалана білу. Жоғары кемелденген қиял иелері ойға келген бейнелердің әр түрлілігіне қарамастан, негізгі бағыттан алшақтамай оларды қажетті байланыстарға келтіріп, бір идея төңірегіне орайластыру қабілетіне ие. И.А.Гончаров өз өз шығармашылық ісіне орай келесідей ой топшылайды: «Менің алға жетелейтін бір бейнем мен басты ниетім болады, ал жол-жөнекей кездейсоқ қолға ілінгендерді негізгі бейнеге қатысы болса, тере барам».
Ой
түйіні кем қиял фантазиялық бағдарлаушы
міндеті болмаған, байланыссыз желек
ойлар төңірегіндегі
Адам іс-әрекетінің қандай түрінде болмасын қиял қажетті нәрсе. В.И.Ленин қиял туралы: «Қиял тек ақынға ғана, керек деп бекер ойлайды. Бұл зердесіз айтылған сөз! Қиял тіпті математикаға да қажет, онсыз тіпті дифференциалдық және интегралдық есепті шығаруға мүмкіндік болмас еді. Қиял дегеніміз ұлы құны бар сапа...», - деп жазады.
Шынында да қиял, болған құбылыстың себебі жөнінде жорамал жасау, болатын оқиғаларды болжау тағы басқалар үшін ғалымдарға қажет. Әдеби еңбекте кейіпкерлердің бейнелерін жасау үшін, жазушы әуелі оны өз қиялында жасап алуы керек; суретші салайын деген суретін ойша көз алдына келтіруі керек, мұғалім сабаққа дайындалған кезінде, сабақтың барысын, оқушылардың қалай тыңдайтынын олардың сұрақтарын, беретін жауаптарын елестетіп отырады. Тәрбие жұмысын жүргізу отырып, педагог ойша белгілі бір психикалық қасиеттері бар адам бейнесін жасайды, сөйтіп өз оқушысынан қандай адам тәрбиелеп шығаруды жобалағандай болады.
Дамыған қиялы жетпеген жерде мектеп оқушысының оқу жұмысы да жақсы өтуі мүмкін емес. Көркем шығарманы оқығанда не болмаса қайталап айтқанда оқушы авторлық айтқанын ойша елестетеді. География сабағын оқығанда бала қиялымен өзіне бейтаныс табиғат көрінісін елестетеді. Өткен дәуірдің адамдары мен болған оқиғаларын елестетпейінше тарих жөніндегі әңгімелерді түсінуге болмайды. Кейде оқушының оқыған сабақты түсінбеуінің себебі де мұғалімнің айтқанын, не болмаса оқулықта жазылғанды ойша елестете алмағанынан болады. Мектеп оқушысының шығарма жазу процесінде қиялдың ролі зор.
Қиял
оқушының жеке басының жалпы дамуына,
дәлірек айтсақ, моральдық тәрбиесіне
әсер етеді. Қиялдың арқасында кейіпкердің
тамаша образы жасалады, ал адам болса
соған ұқсауға тырысады. Сондықтан да
көптеген жастар мен жасөспірімдер Павел
Корчагиндей және басқа да сүйікті кітап
кейіпкерлеріндей боғылары келеді.
ІІ тарау. Қиял бейнелерінің жасалу жолдары
2.1. Бала
қиялын дамыту жолдары мен әдістері
Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары құрастырылады.
Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған. Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқауына жағдай жасалады.
Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп қолданылады. Мәселен, үнді мифологиясындағы көп қолды құдайлар мен жеті басты айдаһардың бейнелері осылайша құрастырылған. Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалынады. Егер заттардың айырмашылықтарын ескермей, оның ұқсастықтарына көбірек көңіл бөлінетін болса, схематизация әдісі қолданылады. Сурет өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады.
Қиял образдарының күрделі түрі – типтік образдар жасау. Типтік образдар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі: «Бір жұмысшының, поптың, дүкенші саудагердің портретін дұрыс суреттеп жазу үш жүз, екі жүз шамалы поп, жұмысшы, саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек» - дейді М.Горький. Типтік образдар жасау дегеніміз тұтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей ортақ белгілері бар бір образ жасап, жанастыру.
Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертегілерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанда жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады.
Төменгі
сынып оқушыларында алғашқы кезде
қиялдың дамуы айтарлықтай
Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды. Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тыңдау түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мұғалім де, оқушының ата-анасы да бұл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.
Педагогтың бірінші міндеті – мұғалімнің айтқанын дәлме-дәл, айқын елестетуі үшін, оқушының репродуктивтік қайта жасау қиялын дамыту болып табылады. Ол үшін педагогтың айтқан әңгімесі әсерлі, нақтылы фактілерге бай болуы қажет, бұған қоса суреттер диапозитивтер, көрнекі құралдар т.б. пайдалану керек. Алайда бұл құралдар қиялды дамытуда көмекші қызмет қана атқаруы тиіс. Бұл құралдарды, әсіресе, бала сөз болып отырған нәрсені ойша елестете алмайтын жағдайда, пайдаланған тиімді. Көрнекі құралдар, шамадан тыс пайдаланылса, ол қиялды дамытуды жеделдетпей, қайта тежей түседі. Нақтылы затарды қабылдау мен ойша елестетуді ұштастыра білген пайдалы. Мысалы, суретті көрсетіп, содан соң балаларға ештеңеге сүйенбей онша әңгімелеп беруді ұсынған жөн, немесе алдымен әңгіме жүргізіп, соңынан көрнекі құралды көрсеткен дұрыс. Мұның бәрі дәл қазір көрмесе де ойша қабылдауға болмайтын заттармен елестете дамуына септігін тигізеді.
Бастауыш
сынып мұғалімінің міндеті –
балалардың қиялы мен елестерінің
мол қорын жасау болып