Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 10:33, курсовая работа
ХХІ ғасыр – психология ғасыры. Бүгінгі мектеп оқушылары өмірде кітаптағыдай деп түсініп қабылдайтын бұрынғы балаларға қарағанда олар көп нәрсені өмірдің өзінен үйренеді. Ал ұстаз еңбегінің күрделілігі әр оқушының жүрегіне жол табуда, әр баланың бойындағы қиялды дамыту үшін жағдай жасауда көрінеді. Баланың білімі болса, оның ақыл-ойы мен қиялы жемісті де бай болып келетініне баланың көзін жеткізу ата-ана мен тәрбиеші ұстаздардың міндеті. Қиял сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін тек адамға тән психикалық процессболып табылады.
Кіріспе...............................................................................................................
І тарау. Бала қиялдарының теориялық негіздері..........................................
1.1. Қиял процесінің ерекшеліктері мен түрлері.........................................
1.2. Қиял жеке адам қасиеті ретінде және оның маңызы...........................
ІІ тарау. Қиял бейнелерінің жасалу жолдары.............................................
2.1. Бала қиялын дамыту жолдары мен әдістері.........................................
2.2.
Қорытынды.....................................................................................................
Қосымша.........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала ылға да бір нәрсені жасау, құрастыруға әрекет жсайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мысалы, табиғатты суреттейтін немесе оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы балалардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен еститіндей күйге түседі.
Бала қиялын тәрбиелеуде олардың дүниетанымын, қызығуы мен мүдделерін, мақсат-тілектерін армандарын ескеріп отыру маңызды. Бала дәл қазір өзінің арманын іс жүзіне асыра алмаса да, келешекте оны іс жүзінде асыратынына сенімі болғаны абзал. Бала әр кез өз қиялының жемісті болуына сын көзбен қарап қиял біткеннің бәріне сене берместен, оны ой тезінен өткізіп отыруға дағдылануы тиіс. Бала тұрмысына үйлеспейтін, тіршілікке пайдасыз, күш-қуат бірмейтін, еркін ширатпайтын, құрғақ қиялдардың болмау жағын мұғалімдер үнемі ескеруі тиіс.
Баланың білімі болса, оның ақыл-ойы мен қиялы жемісті де бай болып келетініне баланың көзін жеткізу – ата-ана мен тәрбиеші ұстаздардың міндеті. Мектептегі, үйдегі көркемдік эстетикалық тәрбие қиялдың дамуына үлкен әсер етеді. Мысалы, музыка түрлі өнер салаларына дағдылану – олардың көркемдігін сезіне алу балада қиялдың шарықтауына қажетті шарттардың бірі.
Шәкірт
қиялын сабақ үстінде тәрбиелеуге
көп мүмкіншіліктер бар. Мәселен, қай
пән болса да (тарих, география, математика,
т.б.) оқушыға ғылыми мағлұматтарды
көбірек берумен бірге олардың өмірімен
бай танысатын жақтарына ерекше көңіл
бөлген дұрыс. Бала қиялын тәрбиелеуде
кластан және сектептен тыс жұмыстар үлкен
орын алу керек. Бұл үшін түрлі үйірмелер
жұмыстарын жақсы жолға қою қажет (әдеби,
ғылыми-техника үйірмелері т.б.). Келе жатқан
мейрамдарға дайындалған уақытта, дайындық
жұмыстарына балаларды қатыстырып, мейрамды
қалай өткізу жайында олармен бірге жоспар
жасап, оларды қатыстырып отырған жөн.
Қиял дамытуда театр мен киноның да орны
айрықша. Бала театрдан, кинодан көрген
үлгілі адамдарға ұқсап, келешекте солардан
өмір сүргісі келеді.
2.2. Бала
қиялының дамуының нәтижесін
бағалау
Қазіргі заман талабына сай әрбір мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, жаңа тың ізденістерге талпынады. Мұғалім оқыту процесінде оқушыларды жан-жақты салада тәрбиелейді. Осы сан алуан ізденістердің нәтижесі сабақта көрінісін табады. Сабақ өткізу барысында оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, баланың даралық ерекшеліктерін ескере отырып, тұлғалық қасиеттерін дамыту әдістің тиімді түрлерін пайдалану қажет. Осы әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланудағы тиімділігін зерттей отыра, біз №50 орта мектебінің 5 «Ә» сыныбында тәжірибелік бөлімін өткіздік.
Танымдық белсенділікті қалыптастыру әдістемесін жасау барысында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлері, сондай-ақ оқушыларда қалыптасатын танымдық дербестіктің бөліктері ескерілді. Сонымен қатар психологтердің, кандидат ғалымдардың және әдіскерлердің іргені еңбектерінде оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту үрдісінің құрамды бөлігі ретінде нақты негізделген. Оқыту процесінде балалардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы өзіндік жұмыс және ол баланың дербес танымдық іс-әрекетін жандандыруда ерекше жұмысты сабақ жүргізудің, ұйымдастырудың формасы оқыту әдісі ғана емес, ол балаларды дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықтыру құралы деп есептеуге болады. Олай болса, балалардың дербес танымдық іс-әрекеті олардың танымдық белсенділігін арттырудың ең тиімді жолы.
Тәжірибе Ө.Жолдасбеков атындағы №50 қазақ орта мектебінің 5 «А» және 5 «Ә» сыныптарында өткізілді.
Тәжірибе жүргізу барысында біз осы сыныптарды 2 топқа бөліп қарастырдық.
Бірінші бақылаушы тобы.
Екінші эксперимент тобы.
Балалардың
қиялдарын дамыту жолындағы деңгейоерін,
деңгейлерінің өзгеруін бағалау үшін
тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар жүргізіледі.
Оның нәтижелерін төмендегі кестеден
көруге болады.
№ | Аралық | Сынып | Саны | Бағалары | |||||
Қанағат-танарлық | Жақсы
% |
Өте жақсы % | |||||||
1 | 1-аралық | а) бақылаушы
ә) эксперимент |
23
20 |
7
7 |
35,3%
35,3% |
8
9 |
39,8%
46,5% |
6
4 |
24,5%
16,3% |
2 | 2-аралық | а) бақылаушы
ә) эксперимент |
23
20 |
4
5 |
14,6%
17,2% |
14
9 |
50%
39% |
7
10 |
28,5%
41,2% |
3 | 3-аралық | а) бақылаушы
ә) эксперимент |
23
20 |
4
2 |
18,1%
9,5% |
7
4 |
28,3%
24,1% |
11
13 |
52,4%
65,2% |
Осы
таблицадан балалардың қиялдарын салыстырмалы
түрде алынып, оларды 2 топқа бөліп, олармен
мұғалім жүйелі түрде сабақта балалардың
қиялын дамытуда жүргізген жұмыстарының
нәтижесін көтеріге болады. Дәлірек айтқанда,
эксперимент сынып бақылаушы сыныпқа
қарағанда 3 есе жоғары болып тұр. Ал бұл
дегеніміз мұғалімнің балалармен үздіксіз
сабақ үстінде қиялды дамытуда атқарған
жұмысының нәтижесі.
Қорытынды
Қазіргі уақытта халқымыз өркениятқа ұмтылып ұлттық сана-сезімді, тәрбиемізді тұлғамызды дұрыс қалыптастырудың көмескі беттері ашылуы тиіс.
«Бала қиялдарын дамыту жолдары» бұл тақырыпты алудағы мақсат бала қиялын психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы дамыту. Баланың қиялына қанат бітіріп, олардың армандай білуіне жетелеу. Әл-Фарабидің айтуынша, барлық жан қуаттарын тек қиял ғана өзіндік сақталатын сөзімдік заттарды модельдендіре алады. Бала қиялының дамуына ойын маңызды рөл атқарады. Ойын үстінде оның творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, құратыруға әрекет жасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы бала қиялын оятады. Сондықтан бала қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Сабақтың тақырыбын осы аталған мақсаттармен байланыстыра жүргізсек, бала қиялын дамыта аламыз.
Курстық
жұмысты талапқа сай құра отырып,
І тарауда бала қиялдарының теориялық
негізі және оның психологиялық мәніне
толық шолу жасалды. І тарудың «Қиял жеке
адам қасиеті ретінде және оның маңызы»
атты бөлімінде қиялдың адам өмірінде
маңызды рөл атқаратыны ашық қаралды.
ІІ тарауда бала қиялын дамыту жолдары
мен әдістерін анықтап, практика жүзінде
іске асырудың әдіс-тәсілдердің түрімен
зерттеу жасалып, қорытылды.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
Қосымша
№1
Қиялды
дамыту дегенімізде ең алдымен әркім
өз қиялының аз немесе көп екенін, қай
дәрежеде екенін білгені жөн. Мұны көптен
бері шетелдерде жиі қолданылып келе
жатқан «Сізде қиял бар ма?» деген тест
арқылы анақтауға болады. Мына кестедегі
сан рет тексерістен өткен сұрақтарға
жауап беріп, ұпайлар жинау керек.
Реті | Сұрақтар | Иә | Жоқ |
1 | Сізді живопись қызықтыра ма? | 2 | 1 |
2 | Ішіңіз жиі пыса ма? | 1 | 2 |
3 | Бір тарихи жағдайды айтқанда мәнерлеп, әсерлеп айтамыз ба, өзіңізден қосарыңыз болар ма? | 1 |
0 |
4 | Жұмыстағы немесе
оқудағы белсенділігіңіз |
2 | 1 |
5 | Жазғанда алшақ жазып, көп орын аласыз ба? | 1 | 0 |
6 | Киінгенде мода сән заңдарын басшылыққа аласыз ба немесе өз ұнатуыңызбен киінесіз бе? | 2 |
1 |
7 | Сабақ не жиналыс үстінде қағаз бетіне бір түрлі заттардың суретін сала беруді ұнатасыз ба? | 0 |
1 |
8 | Музыканы тыңдағанда сол әуенге байланысты бейнелер көзіңізге елестей ме? | 1 |
0 |
9 | Ұзақ хат жазуды ұнатасыз ба? | 2 | 1 |
10 | Кейде түрлі-түсті түс көресіз бе? | 1 | 0 |
11 | Бұрын болмаған, тек әңгімелерден естіген жерлерді ойыңызда немесе барып көргіңіз келе ме? | 1 | 1 |
12 | Кино көргенде жиі жылайсыз ба? | 1 | 0 |
Кестедегі
сұрақтарға жауап берген соң «иә»,
«жоқ» жауабы бойынша жиналған ұпайларды
қосады да, эксперименттің қорытындысына
жүгінеді. Сонда 14-17 ұпайға иеленгенде
ең бай қиял болады, егер оны өмірге қолдана
білсе үлкен қуаныш әкеледі. Ал 9-13 ұпай
орташа қиял. Ең соңында 5-8 ұпай нағыз реалист
адамдарда болады.
Қосымша
№2
Сабақтың тақырыбы: Жақсылық пен Жамандық.
Сабақтың мақсаттары:
Көрнекіліктер: Ертегі бойынша салынған суреттер, жоспар. Венн тілімшесі, тірек нұсқаулар «Атты ерттеу» ойыны, кітап, сұрақ, мақалдар.
Сабақтың түрі: қорыту-түйіндеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сахналау, шығармашылық.
Сабақтың барысы:
І. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру (оқу құралдарын даярлап, назарларын сабаққа аудару).
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
ә) Ауыз, жыр, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, шешендік сөз,
ертегілер қалай жасалады?
(Оқушылар жоспар құрады). Жоспар тақтаға ілінеді (жазылады).
а) Жақсылықтың алдануы;