Бала психологиясының функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 11:28, лекция

Описание

Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

Работа состоит из  1 файл

metod._reukomendacija_po_samopoznaniju (1).doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)

Портфолионың презентациясы шығармашылық топтың отырыстарында, семинарларда өткізіледі.  Презентация көрме, слайд-шоу, баяндама түрінде өткізілуі мүмкін.  Презентацияның мақсаты – қысқа уақытта педагогтың нақты кезеңдегі іс-әрекетінің негізгі нәтижелерін ұсыну.

 

Әдебиеттер 

  1. Гайтукаева И.Ю., Юдина И.Г. Тірі бағалау: «Мектептегі портфолио» бағдарламасы. -  Панорама , 2006.
  2. Жайтапова А.А. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің кәсіби өсуі. – Алматы, 2006.
  3. Новикова Т.Г. Портфолионың түрлі модельдерін құрастыру. // Әдіскер. – 2005. - №3.

Мектептегі тәрбие беру үрдісін  басқару. // Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының ғылыми-әдістемелік журналы. – 2005. - №5 
Адамгершілік-рухани тәрбие беру үрдісінің мониторингі

 

Барлық ғасырларда адамгершілік-рухани тәрбиелік жоғары бағаланған. «Жақсы тәлім-тәрбиені мектепте немесе жанұядан ғана алмайды, адам өзін-өзі де тәрбиелей алады. Тек нағыз тәрбиелік деген не екенін біліп алу қажет. Тәрбиелі адам – бұл басқа адамдардың пікірімен санасқысы келесін және санаса алатын, өзінің инабаттылығы өзіне ұнайтын, дағдыға айналдырған адам. Бұл үлкендермен де, жасы кішілермен де, мәртебесі төмендермен де бірдей сыпайы адам», - деп есептейді академик  Д.С.Лихачев

«Өзін-өзі  тану» оқу пәні ретінде тұлғаның тиімді әлеуметтенуіне ықпал етеді, тұлғаның адамгершілік негіздерінің қалыптасуы, рухани өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауда негізгі рөлді орындауға бағытталған. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі бағалауымен байланысты.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша  сабақты ұйымдастыру үшін оқытудың психологиялық негіздері, оқушы тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының психологиялық сипаттамасы, дағдылардың психологиялық ерекшеліктері, тапсырмаларды орындау, мәселелерді шешу кезіндегі балалардың психологиялық жағдайы, психологиялық жағдайын өз бетімен реттеу, оқушылық ұйымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін білу, сыныпта әлеуметтік-психологиялық климатты орната алу қажет.

       Тәрбиелік деңгейі дегеніміз – тұлғаның барынша тұрақты қасиеттері мен түрлі іс-әрекеттердегі, ұжым мен өзіне қарасты білігі мен дағдыларының жиынтығы деген қорытындыға келеміз.

     Тәрбиелік – оңды тұлғалық және әлеуметтік маңызды қасиеттердің жиынтығы [2,8].

Өзін-өзі  тану сабағында тұлғаның өзінің психологиялық  және физиологиялық ерекшеліктерін зерделеуі, өзін-өзі ұғынуы іске асырылады.

Бала тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасу үрдісінің  мониторингі тәрбие беру сапасын  зерделеуге және тұлға дамуының негізгі  беталыстарын болжауға бағытталған [4, 6, 7].

Мониторинг  үрдісінде оқушылар тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының психологиялық сипаттамасы құрылады (оқушылардың мотивациялық ортасы, дағдылардың психологиялық ерекшеліктері, қарым-қатынас жасау үрдісінде, оқу іс-әрекетінде, мәселелерді шешуде, көшбасшылықта баланың психологиялық жағдайын айқындау, психологиялық жағдайын өз бетімен реттеу), оқушылық ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, топтағы, сыныптағы әлеуметтік-психологиялық климат зерделенеді [3].

      Тәрбиелік деңгейіне  баға беру мақсаты - өзін-өзі  тану, өзі-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі  дамыту үрдісін ынталандыру, әрбір оқушының өзін-өзі барабар бағалауын қалыптастыру. Бұл, В.А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша, тәрбие берудің басты мақсаты болуы керек.

     Міндеттер: 1. Өзін-өзі басқара алатын, мінез-құлқын түзете алатын, қоғамда қабылданған нормаларға – құндылықтарға сәйкес өзінің саналы талап-ойын жетекшілік ететін тұлғаны қалыптастыру.

2. Іс-әрекет пен мінез-құлқында  өзін жүзеге асыру үшін оқушылардың  жеке қабілеттерін ашуға жағдай  жасау.

Педагогтың міндеті – құндылықтарға, қоғамда оңды қабылданатын нормаларға сәйкес баланың мінез-құлық әдісін саналы түрде таңдауға көмектесу.

Жиі тәрбие беру мақсаты ретінде  тұлғаның өзін емес, оның жүзеге атқаратын  рөлдерін қарастырады [9]:

  • оқушы;
  • отағасы;
  • еңбекқор;
  • азамат.

 Бастысы -  тәрбиеленушілердің өмірлік жоспарлары, құндылық бағдарлары туралы терең білім негізінде тұлғаның қалыптасуына дұрыс бағыт беру  [10].

      Тәрбие іс-әрекетіндегі мониторинг – бұл тәрбие беру сапасын зерделеу және тұлға дамуындағы негізгі беталыстарды болжау [6].

      Адамгершілік-рухани тәрбие үрдісінің мониторингі – бұл бала тұлғасының қалыптасу және өмірлік маңызы бар негізгі, базалық құзыреттіліктерді меңгеру үрдісін үнемі бақылап отыру [4].

Мониторинг мақсаттары.

1. Тұлғаның тәрбиелік деңгейін, адамзаттың адамгершілік нормаларына сәйкестігін зерделеу.

2. Тәрбие жүйесі іс-әрекетінің оның ақырғы нәтижелеріне сәйкестігін айқындау.

4. Мониторинг мақсаттар мен жоспарларды жүзеге асыруды бағалаумен байланысты. Мониторинг міндеті – күтілетін нәтиже мен қол жеткен нәтиженің арасын азайту.

5. Тәрбие беру сапасының, шұғыл талдаудың, тәрбие іс-әрекетін болжаудың қарқыны бақыланады. 
Мониторинг құрылымы

Кесте

Әдістер

Бағалау

Анализ 

Болжам

Тәрбие  беру мақсаттарына сәйкес тәрбие үрдісі сапасының дамуын бақылау.

1.Кіріс диагностикасы:

сауалнама, бақылау, тест, әңгімелесу.

2. тиімділікке аралық бақылау (пікірталастар, сауалнама, әңгімелесу)

3.Шығыс бақылау: сауалнама, бақылау, диагностика, тәрбие құралдарының тиімділігін анықтау, олардың мақсатқа жетуге тигізетін әсері [5].

 

1. Оқушы тұлғасының дамуындағы қозғалысының психолого-педагогикалық көрсеткіштері.

  • Балалардың көзқарасында, сенім-нанымдарында, құндылық бағдарларында көрінетін тиімді бағыт.
  • Оқытуда, еңбекте және қоғамға,  адамдарға, өз-өзіне қарым-қатынасындағы жетістік.
  • Іс-әрекетті өзіндік ұйымдастыру мен мінез-құлықты өзіндік реттеуге қабілеттілік.
  • Мұғалімнің шығармашыл, тиімді іс-әрекетінің көрсеткіші.
  1. Мұғалімнің оқушылардың мінез-құлқын өзіндік реттеуге баулу қабілеті [1].
  1. Функционалды нәтижелер
  • Педагогикалық әсер етудің түрлі әдістері (цветограмма, символдық бағалау – суреттер, оқушылардың эмоционалды жағдайы).
  • Жеке баға (істі жүргізуді еске түсіру).
  • Кейінгі әрекет (соңында жаңа идея туындайды).

Жағдайы мен нәтижесін талдау (диспут, ұжымдық анализ,  өзіндік анализ, пікірталас).

1 Тәрбие жұмысы тиімділігін есепке алу, түзетулер енгізу.

2. Тәрбие әдістерінің басымдылықтарын анықтау [1].

 

 

Педагогикалық болжам – берілген тәрбие нәтижесін алу болашағына баға беру (тәрбиелі оқушы моделі).

1. Мұғалім, педагог іс-әрекетінің тиімділігін болжау.

2. Тәрбие үрдісінде келеңсіз құбылыстарды болжау.

 

 


 

Оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалау  көрсеткіштері

  1. Критерий (греч.)- бағалау өлшемі, педагогикалық бағалау жүргізілетін негізгі белгі. Критерий тәрбие беру тиімділігін өлшеудің ең үлкен бірлігі және тұтас құбылыс ретінде көрінеді.

[4, 7].

  1. Көрсеткіштер – тәрбие үрдісінің қайсыбір жағының негізгі сипаттамасы. Көрсеткіштер критерий қырларының, оның бөліктерінің бірі және қайсыбір белгілер, «деңгейлер» қандай деңгейде дамығанын көрсетеді [4].
  2. Тәрбиелік – жинақталған түрінде адамның әлеуметтік қарым-қатынастарының жүйесін бейнелейтін тұлға сапаларының жиынтығын сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері [2,3].

Тәрбиелік көрсеткіштері  сапасында қолданылғандар

  • Ойлауды, оқиғаларды дербес талдау қабілеттерін қалыптастыру, әлем, азаматтық-саяси даму туралы білімді жинақтай алу.
    • Адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру, адамгершілік нормалар, ережелер, сенімділік, ізгілік сана, түсіністік, эмпатия.
    •    Тұлғаның бағыттылығы, бала іс-әрекеті мен мінез-құлқының тұрақты басымды мотивтерінің болуы.
    • Адамның өзіне, қоғамға деген қарым-қатынасының бағытталғандығы, іс-әрекетін өзіндік ұйымдастыруға және мінез-құлқын өзіндік реттеуге қабілеті, әлеуметтік толыққандықтың көрінуі, тұлғаның өзінің моральдік санасы, мінез-құлықтарының еріктігі.
    • Ұжымда балалардың бір-біріне, өздеріне, мұғалімге, мектепке, ата-анасына қарым-қатынастарының нақты өзгеруі, яғни балалар бір-біріне қайырымды бола түседі, шектетілген баланың досы пайда болады, нашар оқитын баланың өзіне деген сенімі нығаяды.

 

Диагностика үрдісне қойылатын талаптар  [4,8,9]

1. Бала тұлғасы сапасының диагностикасының негізінде қандай да бір жалпы ұстанымдары бар зерттелетін құбылысты салыстыру емес, оның қазіргі және бұрынғы жағдайын сипаттайтын нәтижелерді салыстыру жатады.

Кейбір көрсеткіштер мен әдістер  жыл сайын қолданылады, өйткені  салыстыру әдісі арқылы тәрбие берудің  нәтижесі мен даму қарқынын бақылауға  болады.

2. Диагносткалық әрекеттің тәрбие сипаты болуы және педагогикалық мәндеттерді шешуге ықпал етуі өте маңызды.

Пікірсайыстар, ұжымдық талдау мен  өзін-өзі талдау оқушылар үшін өте  қызықты және пайдалы, сондай-ақ тәрбие үрдісінің жағдайы туралы объективті ақпараттарды береді.

3.   Әдістер бірін-бірі толықтырып, зерттеу нәтижелерінің объективтілігін, шынайылығын дәлелдейтін зерттеу әдістемесінің жүйесін қолдану керек.

4.   Нәтижелерді зерттеудің жүйелігі қажет.   

5. Мониторингтік қызметтің ұсыныстарын жетекшілікке ала отырып, мектептегі адамгершілік-рухани тәрбие берудің нәтижелерін зерделеу қажет.

Тәрбиелік деңгейін бағалау оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға бағыт береді. 

Журналда  «Өзін-өзі тану» пәні бойынша  сабақтарда баға қойылмайтынын ескеру қажет. Жартыжылдықта сабақтарға қатысу, үй тапсырмасын орындау қорытындысы  бойынша  журналға «сынақ» немесе «сынақ емес» қойылады. Ұсынылған материалдар қатары педагогтарға оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтауға және оның негізінде оқушылардың өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуына көмектеседі.

Білім мекемесінің  түрін, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикалық карталар, сауалнамалар әзірленеді, сәйкес көрсеткіштер анықталады. Бала тұлғасының даму картасын (портфолио) дидактикалық материалдарды өңдегеннен кейін толтырады Педагогикалық әдепті сақтай отырып, нәтижелерді оқушының өзімен талқылау қажет.

Өзін-өзі  бағалау мен жалпы бағалауды  үйлестіру жүйесі оқушыға өзінің әлеммен қарым-қатынасын түзетуге, өзін басқаруға, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуға мүмкіндік береді.  

 

Бала тұлғасын зерттеу  бағдарламасы

 

Оқушының отбасы туралы жалпы мәліметтер

  1. Қайда тұрады. Ата-анасы кім болып жұмыс істейді. Отбасының құрамы, оның материалдық жағдайы.
  2. Отбасыда тәрбие беру сипаты. Ата-анасы мен отбасыдағы үлкендердің оқушының оқу әрекетіне тигізетін әсері. Қолдау мен жазалауды қолданулары.
  3. Оқушының режимі. Бос уақытын қолдануы. Үй еңбегіне қатысуы.
  4. Оқушының мектептегі және одан тыс достары. Олардың тигізетін әсері және өзара әрекеттесу сипаты.
  5. Оқушы денсаулығының сипаты (мектеп дәрігерінің мәліметі бойынша).

 

Оқушы дамуының жалпы деңгейі

  1. Оқушының жалпы дамуы, оның дүниетанымы. Сөйлеу мәдениеті, кітап оқуы, қызығушылықтарының кеңдігі және тұрақтылығы, театр, мұражайларға баруы, БАҚ-ты қолдануы.
  2. Оқу еңбегіне, оқу сабақтарына қарым-қатынасы. Сабақтағы назары қандай? Үй тапсырмасын қалай орындайды? Оқу еңбегін ұйымдастыра алады ма? Оқу еңбегіндегі жетістіктер мен кемшіліктерге қалай қарайды?
  3. Физикалық еңбекке қарым-қатынасы. Өзіне-өзі қызмет етуге қалай қарайды? Еңбек сипатындағы қоғамдық тапсырмаларға қалай қарайды? Мектептен тыс еңбекке қатысады ма?
  4. Оқушының тәртіптілік деңгейі. Оқушы ережені біледі ме және қалай орындайды? Мәдени қылықтың дағдылары мен әдеттері бар ма? Сабақтағы жинақылығы. Үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасындағы сыпайылығы.
  5. Оқушының қызығушылығы мен қабілеті. Оқу қызығушылықтары. әдебиет, өнер, техника саласындағы қызығушылықтары. Қандай үйірмелерге қатысады және қандай мектептен тыс мекемелерге барады? Қандай мамандық қызықтырады?

Информация о работе Бала психологиясының функциялары