Бала психологиясының функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 11:28, лекция

Описание

Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

Работа состоит из  1 файл

metod._reukomendacija_po_samopoznaniju (1).doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)

              

Оқушының  қоғамдық іс-әрекеті

  1. Сыныптың қоғамдық әрекетіне қатысуы. Сынып өміріне қызығуы және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі.
  2. Қоғамдық жұмыстарды орындауы. Мұқияттылық. Жетекшілік ету және жолдастарына бағына алу қабілеті.
  3. Оқушының сынып ұжымындағы орны. Сынып оқушыларының оған деген қарым-қатыныстары. Сыныпта беделі бар ма?

 

Оқушы тұлғасының негізгі қасиеттері     [2, 4, 8]

  1. Қоғамдық сана. Оның қоғамдық және оқу жұмысының мотивтері.
  2. Оқушының моральдік қасиеттері. Ағымдағы оқиғаларға қызығушылығы. Мектепке көмек көрсетуге дайындығы. Шынайылығы мен адалдығы. Ұстанымдылығы мен қарапайымдылығы. Жолдастарына көмек көрсетеді ме?
  3. Мінезінің еріктік сипаты. Мақсатқа ұмтылушылығы және белсенділігі, дербестігі және ынталығы. Жинақы, төзімді, өзіне сенімді. Батыл, шешімді, өзін-өзі сынауға, өзін-өзі талдауға қабілетті.
  4. Оқушы темпераментінің ерекшелігі. Жүйке жүйесінің типі, байсалдылығы. Қандай үрдістер басымды: қозу немесе тежеуілдеу. Бір істен екінші іске тез ауыса алады ма. Интеллектуалдық және эмоционалды үрдістердің ерекшеліктері: сөйлеуі, назары, жады, ойлауы.

 

Әдебиет

  1. Жайтапова А.А., Шамина Г.А. Содержание деятельности методиста в контексте модернизации образования. Алматы, 2007.
  2. Капустин Н.П. Педагогические технологии адаптивной школы. М. 1999.
  3. Караковский В.А.  Воспитание? Воспитание…Воспитание! М. 2000г.
  4. Кожахметова К.Ж. Критерии оценки воспитательного процесса и уровня воспитанности учащихся. – Алматы, 2008.
  5. Авдеева Г.Ф., Протасова Г.В. Методические рекомендации. ИПК ПРО ВКО Усть-Каменогорск, 2000.
  6. Майоров А.Н. Мониторинг  как научно-практический феномен. Шк. технологии. № 5. 1998. C 3-7.
  7. Матрос Д.Ш. Прогнозирование результатов образовательного   процесса. Шк. технологии.
  8. Рожков Н.И. Организация воспитательного процесса в школе. М. 2001.
  9. С.Д. Поляков. Реалистическое воспитание. – Москва, 2004.  Программа воспитания учащихся 1-11 классов общеобразовательных школ Республики Казахстан. Алматы, 2008.

 

Тәрбие беру әдістерін, тәсілдері және жаттығуларды

пайдалану бойынша әдістемелік  ұсыныстар

 

  Өзін-өзі тану сабақтарында мүғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым-қатынас әлемі зерттеледі, өмірлік бақылаулары бойынша пікір алмасады, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады.

Өзін-өзі тану ерекшелігін  есепке ала отырып, денсаулық сақтау әлеуетіне ие әр түрлі стандартты емес сабақ түрлері: ойын-сабақтар, ойлану-сабақтары, пікір-сайыс сабақтары, театрландырылған сабақтар, шығармашылық сабақтар, конкурс-сабақтар, фантазия-сабақтар, концерт-сабақтар, экскурсия және т.б. сабақтар пайдаланылады.

Өзін-өзі тануды оқыту процесінде бірқатар әдістемелік тәсілдер қолданылады:

Шаттық шеңбері» — сабақтың бас кезінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Мүғалім балалармен бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайтын шеңбер жасайды, әр түрлі ән айтып, өлең оқиды. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні - әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.

«Тыныштық сәті» — релаксацияның әдістемелік тәсілі. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі "Менін" түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл-күйін жақсы сезінеді. Мүғалімге балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос үстай білуіне баса назар аудару үсынылады.

«Өзіммен-өзім» — бүл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы өсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-қүлыққа жағымды ықпал етеді және әдетте, материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мүғалімнің сөзімен қатар, сондай-ақ аудиоқатарлар (классикалық музыка, табиғат дыбыстары және т.б.) қолданылады.

«Оқу» — оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен қүндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған әдіс. Оқушылардың танып-білуге қүштарлығын арттыру мақсатында үлкендермен бірге және өз бетінше көркем шығармаларды оқу үсынылады. Бүл әдіс оқушылардың ойлауын, еске сақтауын, эмоциялық ерік-жігер салаларын дамытады.

«Сабақтың дәйексөзі» — оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалды-бейнелі қабылдауына ықпал ететін озін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер алынады.

Мұғалімнің әңгімелеуі», «Оқушының  әңгімелеуі» — оқушылардың  әңгіме,  ертегі,  осиет әңгіме,  өлеңдерді  үжым болып тыңдауына жағымды жағдай туғызатын сөйлеу және ойлау іс-әрекеттерінің маңызды түрі. Балалар осы өдіс арқылы өңгімені тыңдай және ести білуді, сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ой елегінен өткізу мен пайымдай алуды үйренеді. Шығарманы әңгімелеудің кідіріспен, сахналау элементтері арқылы мазмүндап айту түрлері қолданылады.

«Әңгімелесу» — бүл балалардың тақырып мазмүнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық төсілдің сүрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас нысаны. Әрбір оқушы өзінің пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады, өзін толғандыратын сүрақтарды қоя алады. Мүғалім балалардың ойлау қабілеттерін дамытады, оларды өз пікірлерін және жағдаяттар мен әрекеттерге қатысын білдіре алу іскерлігіне үйретеді.

«Ойын», «Жаттығу» — балаларды танымдық қызығушылықтарың жандандыру және меңгерген үгымдар мен іскерліктерін бекіту үшін үсынылатын оқыту әдісі. Ойын өрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмүны жүзеге асырылады. Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде қүрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.

«Шығармашылық жумыс» — өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Сурет салу, макет, коллаж жасау мен өлең, өсиет әңгіме, ән және т.б. шығару түрінде әртүрлі нысанда өзбетінше және үжымдық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бүл тәсіл шығармашылық әлеуетті ашуға, символдар, бейнелер мен әрекеттер арқылы өзіндік "Менін" білдіре алуға көмектеседі. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, үқыптылық сияқты адами қасиеттердің маңыздылығын үғынуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін қүрметтей білу іскерліктерін дамытуға мүмкіндік береді; балалардың өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімдерін қалыптастырады; жауапкершілікке, дербестілікке тәрбиелейді.

Жағдаяттар  кезінде ойлану» — балалардың нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерін дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін өдістемелік тәсіл. Жағдаяттарды талқылау балалардың ойлауға бейімділіктерін, өзін және өзгелерді бағалауға икемділіктерін, қоршаған әлеммен жағымды өзара өрекеттестікті қүра білу іскерліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Бейнематериалдар көру (фильмнен, мультфильмнен үзінділер  және т.б.)» — оқу ақпараттарын жеткілікті көрнекілік нысанда үсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Айқын көркем бейнелер балалардың өтілген материалдардың мазмүнын қабылдауы мен меңгеруін күшейтеді.

«Ән шырқайық, достар!» — сабақта қосылып ән айтуды үйғаратын әдістемелік төсіл. Ән айту балалардың сезімдерін сергітіп, көңіл-күйін жадыратады. Бүл тәсіл сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады.

«Сергіту сәті» — шаршағанды үмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті. Сергіту жаттығулары бір өрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, үқыптылықты, реакция жылдамдығын дамытады, үжымға топтасуға ықпал етеді.

«Сахналау» — бүл тәсіл өзін-өзі тану сабақтарында оқу материалының мазмүнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерде орындауы арқылы үйымдастырылады «Қорытындылау» — мүғалімнің өзі немесе балалармен бірлесіп сабақтың өзіндік логикалық қорытындысын шығаруға және қүрылымдық элементтерінің орындалуына қол жеткізуге бағытталған әдістемелік тәсіл.

«Жүректен-жүрекке» шеңбері — өдетте, оқу сабағын аяқтайтын, бір-бірімен пікір алмасу, бір-біріне тілек айтуды қарастыратын және педагогтың әрбір баланың эмоционалдық жай-күйін,    олардьщ    сабақ    тақырыбын    түсіну  анықтауына мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.

Үй тапсырмасы» — баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білім, іскерлік жөне дағдыларын бекітуге қызығушылығын арттыратын төсіл. Балалар үй тапсырмасын дөптерлеріне өз бетінше немесе үлкендермен бірге орындайды. Бүл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы түсінуіне септігін тигізеді.

Өзін-өзі тану бойынша оқу процесін үйымдастырудың маңызды шарты балалардың жас жөне психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес эмоциялық жайлылықты қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ортасын қүру болып табылады. Сабақта әрекет түрлерінің алмастырылуы оқуға жағымды мотивтерді қамтамасыз етеді.

 

Әдебиет

  1. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты.
  2. Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие беру тұжырымдамасы.
  3. Г.Ю. Ксензова. «Сынып жетекшісі мен мұғалімнің тәрбие беру іс-әрекеттерінің психологиялық-педагогикалық негіздері», Мәскеу, 2004

                                                                                                                Қосымша 1

Сабақты талдау

 

Кез-келген сабақтың талдауы  психологиялық, педагогикалық, мазмұндық, әдістемелік және пәндік аспектілер тығыз өзара байланысқан кешенді  әдістерден тұрады. Жалпы тұрғысынан қарағанда, сабақтың талдауы ұғыну  және өзін-өзі тану үрдісі секілді мұғалімнің аналитикалық қабілетін қалыптастырады, қызығушылығын дамытып, оқыту және тәрбие беру мәселелерін зерделеу қажеттілігін анықтайды. Күрделі педагогикалық құбылыстарды бақылау, оларды талдау, жинақтау және ғылыми негізделген қорытындылар жасау қабілеті кәсіби-педагогикалық шеберлікті жетілдірудің әрекетті құралы болып табылады [2].

 

Сабақты талдау схемасы

Өткізу мерзімі ____________________

Сынып______________________________

Сабақ тақырыбы________________________________________________

        1. Сабақтың мақсатына қол жеткізу және оның танымдық, дамытушылық, тәрбиелік қызметтерін іске асыру.
        2. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен міндеттерін нақты жеткізу және осы сабақ пен алдыңғы сабақтың байланысын орнату.
        3. Құрылымның орындылығы және оның жеке бөлімдерінің бірізділігі.
        4. Сабақтың мазмұнының оның мақсатына сәйкестігі.
        5. Оқыту тәсілдері мен әдістерінің сабақтың мазмұнына, мақсатына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі.
        6. Сабақтың түрлі кезеңдерінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың жалпы, топтық және жеке формаларын үйлестіру. Жұмыстың тәсілдері, әдістері және формаларының тиімділігі.
        7. Мұғалімнің бақылауының, оқушылардың өзара бақылауы мен өзіндік бақылауының ерекшелігі.
        8. Оқушылардың сабақ кезіндегі іс-әрекеттерінің психологиялывқ сипаттамасы: қызығушылық, белсенділік, материалды және оның маңыздылығын түсіну.
        9. Педагогикалық үрдіске қатысушылардың қарым-қатынасының сипаттамасы: тілектестік, жарқындылық, өзара татулық, қолдау көрсету, өзара құрметтеу және әділеттілік.
        10. Сабақты жалпы бағалау.                   Қосымша 2

Сабақты өзіндік талдауы

Сабақты өзіндік талдаудың  деңгейі.

  • Эмоционалдық – еріксіз деңгей, мұғалім өзінің педагогикалық іс-әрекетіне қанағаттану немесе қанағаттанбауды сезінеді.
  • Бағалау, сабақ нәтижелерінің алдыға қойған мақсаттар мен жоспарға сәйкестігі бағаланады.
  • Әдістемелік, сабақ өзіне қойылатын әдістемелік талаптар тұрғысынан талданады.
  • Рефлексивті, әрекеттердің себебі мен оның салдарлары анықталады. Бұл талдаудың жоғарғы деңгейі, оны іске асыру үшін психологиялық-педагогикалық теорияны тарту қажет. [4].

 

Сабақты өзіндік талдау схемасы [3, 21 с.]

Өткізу мерзімі _______

Сынып _________________

Тақырып____________________________________________________________

  1. Сабақтың кезеңдерін айтаңыз, сабақтың элементтеріне, олардың сабақтастығы мен қанықтығына баға беріңіз. Сабақта белгіленген жоспарды іске асыру қолыңыздан келді ме? Қандай мөлшерде? Қаншалықты сапалы? Жоспардан ауытқушылық болды ма? Оқушылар материалды меңгерді ме?
  2. Оқушылар алдында қандай мәселелер қойылды, мәселе балалардың назарын аударды ма? Сабақ кезінде мұғалімнің және оқушылардың іс-әрекеті қалай ұйымдастырылды?
  3. Сабақтың қандай элементтері ұтымды болды? Оқушылардың назарын аударып, қызықтыра алдыңыз ба? Немен және қалай? Материалдың, оны оқушыларға берудің әдісінде қандай жаңашылдық болды? Сабақ кезінде қандай ашылулар болды? 
  4. Кім қарқынды жұмыс істеді – мұғалім немесе оқушы ма? Сабақ барысында белсенді оқушылар болды ма? Бастаманы көрсете алды ма? Сабақты ұйымдастырудың, оның мазмұны мен әдістерін жақсарту мүмкін бе?

Информация о работе Бала психологиясының функциялары