Бала психологиясының функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 11:28, лекция

Описание

Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

Работа состоит из  1 файл

metod._reukomendacija_po_samopoznaniju (1).doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)

Сабақ кезінде оқушылардың  оңтайлы жұмыс жағдайын бағалаңыз. Жаңа материалды бағалау оларға қиынға түсті ме? Сабақ кезінде оқушылар өзін қалай ұстады? [1, 39.]

  1. Сабақ кезінде жалпы климат қандай болды? Нені іске асыра алмадыңыз? Нені түзету керек және қалай?

 

Әдебиет

  1. Аллаярова Г.И., Краснова Н.В. Урок самопознания: структурные компоненты, схема анализа. //  «Самопознание-KZ», №4, 2010. – 39 с.
  2. Зыков М.Б. Анализ современного урока. Россия, 2004.

Малаховская Т.Н. Анализ и самоанализ урока. Минск, 2004.  

Тақырыбы: «Өзін - өзі тану» әлеміне саяхат

 

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» әлемі туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

  • адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;
  • өзіне деген сенімділігін дамыту;
  • өзін-өзі тани білуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
  • Көрнекі құралдар: дәптер, «Өзін-өзі тану»әлемінің картаы, түрлі түсті қарындаштар.

Шаттық шеңбері

  • Балалар, мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздаң ұстап, шеңбер құрайық! Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз?

    Балалардың жауаптары  тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды:

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар! Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір –бірімізді жақсы көре аламыз, тани аламыз, бір-бірімізге қарап қолымыздан ұстасып, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері – деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, бір-бірімізге жылуымызды берейік, күлкімізді сыйлайық!

 

Балалар Ө. Тұрмажановтың өлен жолдарын хормен қайталайды.

 

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен  түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік!

 

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен  түлейік!

Күлкі көңіл  ашады,

Күліп өмір сүрейік!

 

Әңгімелесу

- Балалар, біз «Өзін-өзі тану»  әлеміне саяхатымызды жалғастырамыз.  Қане, есімізге түсірейікші, сол  саяхатымызда біздің қандай көмекшілеріміз  болды?

Балалардың  жауаптары тыңдалады.

- Дұрыс  айтасыңдар, балалар! Бұл саяхатымызда  «Өзін - өзі тану» әлемінің картасы бізге көмекшіміз болып қала береді.

«Өзін-өзі  тану» әлемінің картасы бізге  өзіміздің кім екенімізді және қандай екендігімізді білуге көмектеседі?

    • Әркім өзін қандаймын деп ойлайды?
    • Жақсы болу дегенді қалай түсуніге болады?
    • «Өзін-өзі тану» әлемі бізді қандай жақсылыққа үйретті?
    • Адам бойындағы жақсы қасиеттерді еске түсіріп атйықшы?

Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды:

- Дұрыс айтасыңдар, балалар! «Өзін-өзі  тану» әлемі арқылы адам бойындағы  жақсы қасиеттерді біліп, олармен таныса бастадық. Бұл қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірімділік, адалдық, шыншылдық, қамқорлық, әдептілік, достық, бірлік деп аталады екен.

Тәрбиеші балаларды  отырғызып, дәптердегі «Өзін-өзі тану»  әлемінің картасына назарларын аудартады. -Бұл -өзімізге таныс «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы.

Картада бірнеше аялдамалар берілген.

Тәрбиеші  балаларға көрсетеді.

      • «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы аялдамалардаң қандай суреттерді көріп тұрсындар?

Балалардың жауаптары  тыңдалып, тәрбиеші түйіндейді.

- Суретте кең байтақ Қазақстан  жерінде өмір сүріп жатқан  әдепті, ұқыпты, бақытты балалардың  отбасы, достары, туған жері, оның  табиғаты бейнеленген екен. Осы  картаның көмегімен қызықты әлемге  саяхатымызды жалғастырып, тағы  да қызықты шығармалармен танысып, ізгі қасиеттерді бойымызға сіңіреміз. Шығармалар арқылы адам бойында кездесетін: сүйіспеншілік, мейірімділік, адалдық, шыншылдық, қамқорлық, әдептілік, достық, бірлік сияқты жақсы қасиеттермен тереңірек танысамыз.

Әңгімелеу

Тәрбиеші Ә.Асылбековтың «Сүйіспеншілік» әңгімесін балаларға оқып береді.

Дәйексөз

«Сүйіспеншілік - жүректен» деген  нақыл сөзді тәрбиеші бүгінгі  сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

-Халық даналығында «Сүйіспеншілік-жүректен»  деп өте орынды айтылған. айналамыздағы  туған-туыстарымызды, отбасымызды, достарымызды, туған жерімізді жақсы көру сүйіспеншілік деп аталады. Ал сүйіспеншілік жүрегімізде туындайды.

Тыныштық сәті

-Балалар, денелерінді түзу ұстап,  бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып  отырындар. Көздерінді жұмсандар  да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алындар. Өздеріннің тыныс алуларынды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғаның сезініндер. Ал енді көздерінді ашсандар да болады.

Ойын «Мадақтау»

Баллар шеңбер бойымен дөңгелене тұрып, бір-бірінің сөздеріне күлімсірей қарап, көршісіне жылы сөздер айтады.

-Сен мейірімдісін...

-Сен адалсың...

- Сен әдемісін...

- Сен күштісін...

-Сен жақсысын...

-Сен қамқорсын...

-Сен әдептісін...т.с.с.

Көршісі басын изеп: «Рақмет, сенің сөздеріннің бәрі маған».

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:   Іздегенде табылатын қасыңнан

 

Мақсаты:  Адамгершілік құндылық  ретіндегі «Дос», «Достық  » ұғымдарының мәнін ашу

Міндеті:

- достар арасындағы рухани жақындықтың  мәнін ұғындыру, айнала қоршаған  адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту, жауапкершілікке , достыққа, адалдыққа  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер :  үнтаспа- Жанар  Айжанованың орындауында «Достарым» әні, қазақ алфавитіндегі әріптер

Шаттық шеңбері 

- Сәлеметсіңдер ме? (оқушылар сәлемдеседі)

- Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Іздегенде табылатын  қасыңнан», біз бұл сабақта ДОСТЫҚ, ДОС туралы айтатын боламыз.Ендеше  бәріміз бір -біріміздің қолымыздан ұстап, үндеместен жанымыздағы достарымыздың достығын, жылуын сезініп көрейік.

Бойымыздағы әсерімізден арылмаған  күйі Х. Закарияновтың «Достарым» атты әніне үнтаспаға қосыла отырып орындайық:

 

Толтыра біліп  көңілдің отын, достарым,

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс қостадың.

Қиналған  шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүріңдер, сендер қолтықтан демеп, достарым.

                        Қайырмасы:

                                            Жабыққан сәтте қас - қағым,

                                            Жаныңды ұғар басқа кім.

                                            Жаңа бір әуен бастадым

                                            Сендерге арнап,  достарым

Сағыныш толы кеудені кернеп жыр  –көшін,

Достықтың келдім сазына әнмен үн қосқым.

Өтермін мынау  өлшеулі ғана тірліктен,

Биіктен сайлап орнын адал, шын достың.

Әңгімелесу (берілген сұрақтар бойынша оқушылар жауаптары тыңдалады)

  • Достық деген не? Оны қалай түсіндірер едіңдер?
  • Өздеріңнің достарың бар ма?
  • Досың үшін қандай ерлік жасаймын деп ойлайсыңдар?
  • Бір адамда бірнеше дос болуы мүмкін бе?

Оқу ақпараты.  Оқушылардың әңгімелесу барысындағы жауаптарын негізге ала отырып, төмендегі оқу ақпаратымен қорытындылаймыз.

     Адамдардың бір-біріне  деген адал сезімі, өзара тілеулес  ортақ көзқарасы достыққа ұластырылады. Достық дегеніміз - адамдардың  өзара жауапкершілігі, сыйластығы  мен бір-біріне деген адал сенімі. Достар бір-біріне  қуанышта да , қиыншылықта да ниеттес, қамқор болады. Достық -сыйластықтың , мейірбандықтың мөлдір көзі. Оны уақыт та, қиындық та үзе алмайды.

Мәтінмен жұмыс

-Адамдар арасындағы  достықтың  мәні  мен мағынасын  тереңірек  тусіну үшін оқулықтағы  «Екі  дос» аңыз әңгімесіне  көңіл бөлейік ( Мәтін мәнерлеп оқытылып төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып талдаймыз)

- «Екі дос» аңыз әңгімесі  не жайында? Негізгі идеясы  неде?

- Досың қиналған сәтте көмектескен  күнің болды ма?

- Адамға дос не үшін қажет?

- Дос туралы қандай  мақал - мәтелдер білесіңдер?

Дәйексөз. Төмендегі Цицеронның  ұлағатты сөздерін көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау бірізділігін сақтай отырып талдайық

«Достық  негізі талғамның , көзқарастың  толық үндесуінен туады» 

Үлгі:

Көзқарас 

Себеп

Мысал

Қорытындылау

Достық -адамзаттың бір-біріне деген  ықыласының,

ойының  үндесуінен, ұқсастығынан туындайды.

Өйткені достар бір-біріне ұқсас келеді.

Менің досым  маған қатты ұқсайды.

Менің достарым,

менің үндестерім

әрқашан  көп болсын.  Досты  бағалап , қадірлеп жүрейік.


 

Жағдаятты талдау  Төмендегі жағдаятты оқып  талдаймыз.

Сабақ бітуге , қоңырау шалынуға жақын  қалды. Арман ең соңғы оқушының сыртқа шыққанын күтіп, көзінің астымен  мұғалімге қарап қояды.

Мұғалім:  Арман сен үйіңе  қайтпайсың ба?

Арман ең соңғы оқушының сыртқа шыққанын күтіп, жауап қатты:

-Сізбен сөйлесейін деп едім, ағай..

Мұғалім: Айта ғой , не айтпақшы едің?

Арман: Сыныптағы Айбек досым  бар ғой..

Мұғалім: Иә, не болды?

Арман: Ол.. ол  анасы сырқаттанып. Шамасы , ақшадан қиналып жүр ғой  деймін..

Мұғалім: Солай ма?

Арман: Мен оған көмектессем деп  едім, бірақ ол менің бұл көмегімді  білсе қабылдамайды.( төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып талдаймыз)

- Арманның Айбекке деген қандай  ниетін байқадыңдар?

- Оқиғаның соңын қалай аяқтар  едіңдер?

- Егер оқиғадағы екі баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?

Оқушылар кейіпкерлердің әрқайсысына  мінездеме беріп, олардың орнына өздерін қою арқылы оқиғаның түйінін  жасайды.

Жүректен жүрекке  Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бекіту мақсатында оларға әріптер таратылады. Олар таңдап алған әріптерін пайдалана отырып сұрақтарға жауап беруі тиіс .

Үлгі: А-әрпі

-Сен досыңды қалай  жақсы көресің?

-Адалым, ардағым ...

-Өмірде дос болмаса  не болар еді?

- ажарсыз, армансыз...

С-әрпі

-Досыңды  неліктен жақсы көресің?

-Сырлас, сымбатты  болғандықтан....  (Оқушылар өз  пікірлері арқылы сабақты қорытындылайды.)

 

 

Н.Б. Қойбасарова

№38 мектеп-лицейдің «Өзін-өзі  тану» 

Семей қ.

Іздеген жетер мұратқа.

 

Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше танып - білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске үйрету.

Міндеттері:

  • Оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;
  • оқушылардың ерік- күшін дамытуға ықпал ету;
  • еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері.

Шаттық шеңберге тұрып оқушылар сол жағындағы  көршісімен сәлемдесіп, көршісіне болашағына  жетелейтіндей бір жақсы лебізін білдіреді.

Мысалы:

- Армысың, Арман! Мен  саған өмірде армандаған барлық  армандарыңа жетуіңе тілектеспін! 

Әр оқушының лебізі тыңдалып болғаннан кейін оқушылар М. Мақатаевтың    «Аңса жаным» әнін хормен айтып шығады.

Мен тілеймін жарқыным сен де тіле,

Орнасын деп  жақсылық жер бетінде.

Аққу тіле айдынның келбетіне,

Айдын тіле аққуды тербетуге.

Мен аңсаймын, сен-дағы аңса, жаным,

Жайлап ескен  жақсыдан жан самалын.

Аңса, жаным, зарығып шарша, жаным,

Қанша ғұмыр  қалса да қанша амалың.

Мен сағынсам, сен- дағы сағын, жаным,

Тек жақсылық адамнан табылғанын.

Алакөлсіз, ашусыз бауырлардың,

Информация о работе Бала психологиясының функциялары