Есеп жүргізуге мынадай талаптар қойылады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 08:51, реферат

Описание

Кітапхана қызметін көрсетуді есепке алу оқырмандар мен абонентердің, келушілердің басылымдар берудің, жарияланбаған құжаттардың және кинофото құжаттардың саны мен құрамы, сондай-ақ кітапхананың, оның құрылымдық бөлімшелері нің,бұқаралық, библиографиялық және мемлекеттік ақпар есебі, кітапхана есептілігі, оның қызметін жоспарлау үшін негіз болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Кітапханалардағы библиографиялық қызмет.docx

— 36.06 Кб (Скачать документ)

 

 Библигорфиялық және  ақпарат жұмысына анықтама-библиографииялық  қызмет көрсету  библиографиялық  хабарлау, библиографиялық тізімдер  әзірлеу, кітапхана-библиография  білімін насихаттау енеді.

 

        Анықтама-библиографиялық  қызмет көрсету  оқырмандар  мүддесін өз қоры мен анықтама-библиография  ақпаратының көмегімен қанағаттандыра  отырып пайдаланушыларға қызмет  көрсететін барлық кітапханаішілік  бөлімшелер жүзеге асырады. Сұраныстар  мен анықтамалар есебі жалпы  түрдегі «Библиографиялық сұраныстардың  есеп кітабына енгізіледі».

 

       Анықтама-библиографиялық  қызмет көрсету бір жолғы сұраныстық  есеп бірлігі оқырманның библиографиялық  анықтама алуға деген талабы  ауызша немесе жазбаша өтініш  болып табылады.

 

      Сұранысты  қабылдау кезінде оның мазмұны,  мақсаты, сұраныстың нақтылығы  түрлері мен хронологиялық шеңберлері  тіркеледі.

 

      Сұраныс  түрлері:

 

1) тақырыптық сұраныс  белгілі бір тақырып немесе  мәселе жөніндегі сұраныстар  нәтижесі: бір тәртіппен біріктірілген  құжаттардың  сипаттамасы берілген  әдебиеттер тізібесі. Тақырыптық  талап-тілектердің көпшілігі жүйелі  каталогтардың, картотекалардың,  библиографиялық көрсеткіштердің,  реферативтік журналдардың, салалық  мерзімді басылымдардың көмегімен  орындалады

 

2) фактографиялық - сол немесе  басқа объектілер, оқиғалар, процестер  т.т. туралы нақты мәліметтер  алу сондай-ақ оқырманды қызықтыратын  мәләметтер алынған кезді көрсетеді; (бұларға қайсыбір оқиғаның датасын  хабарлау мысалы, «Адамның космос   кеңістігіне шығуы қай жылы  жүзеге асырылды?», заң ережелерін  түсіндіру, терминнің мағынасын  анықтау, жекелеген адамдардың  өмірі мен қызметінің фактілерін  анықтау)

 

3) адрестік-библиографиялық  сұраныс, белгілі бір басылымның  кітапханада бар екенін және  тұрған  жері анықталған сұраныс.

 

4) нақтылау – сұраныста  бұрмаланған библиографиялық сипаттама  элементтерін, әдебиет сілтемелерін  анықтап  кемшіліктерді нақтылауды  қажет ететін сұраныс (оқырман  бұрын пайдаланған кітабының  авторын, шыққан жылын ұмытып, есінде қалған мақаланы, кітапты  тауып беруді өтінеді).

 

      Тақырыптық  немесе фактографиялық сұраныстар  жөніндегі күрделі анықтамалар  жазбаша орындалуы мүмкін. Ұзақ  іздестіруді талап ететін анықтама  оқырманның қатысуымен орындалады  және  оған ауызша нысанда түсіндіріледі.

 

      Анықтама-библиографиялық  қызмет көрсету дегеніміз –  оқырмандарға олардың талап –  тілектері бойынша, біржолғы сұраныстардың  ауызша немесе дискеттегі деректер  базасындағы библиографиялық мәліметтер  қамтылған жазба түріндегі мәтінді  файл болып табылады.

 

     Анықтама-библиографиялық  қызмет көрсету - ұзақ мерзімді  сұраныстарға сәйкес тұрақты  библиографиялық қызмет көрсету.             Олар көпшілік, топтық және хабарлауды  білдіреді.

 

     Хабарлаудың  көпшілік нысаны жаңа түскен  басылымдар мен тақырыптық көрмелерді  ашық көрсетілімі т.б.

 

     Хабарлаудың  топтық нысаны библиографиялық  шолуларды,     Ақпарат күнін,  Мамандар күнін, Кафедралар күнін  қамтиды.

 

     Хабарлаудың  жеке нысаны ақпаратты таңдамалы  тарату мен басшыларға саралы  қызметті қамтиды.

 

     Библиографиялық  хабарламаның жұмыс есебі кітапхананың  анықтама аппаратына (бөліміне ) енгізіледі. Оларға кіретіндер:

 

1) абонент картотекасының  негізгі бөлімдері:жеке библиографиялық  хабарлама абоненттері – текесімдер  алфавитімен; топтық библиографиялық  хабарлама абнементтері –факультеттер,  кафедралар және т.т. атаулар  алфавитімен.

 

2)  тақырыптар картотекасы   ұжымдық (топтық) және жекеленген  хабарламалар-тақырып атаулары алфавитімен.

 

3) жиынтық картотеканы  кітапхана библиографы өзі жүргізеді  абоненттер және кітапхананың  барлық абоненттеріне библиографиялық  хабарлама орталықтан жүргізілетін  тұрақты сұраныстар тақырыптары  туралы деректер жинақталады.  Жиынтық картотекасының болуы  қандайда бір тақырып қызықтыратын  оқырмандардың санын көбірек  анықтауға библиографиялық тізімдердің  көмегімен озық тақырыптық хабарламаны  жолға қоюға мүмкіндік береді.

 

       Библиографиялық  хабарлама абонентері мен тақырыптарының  жиынтық картотекасында мына  бөлімдер бөлінеді:

 

1) абоненттер (бөлім ішінде  жеке хабарлама абоненттері,топтық  хабарлама абоненттері,ұжымдық хабарлама  абоненттері бөлінді).

 

2) тақырыптар (тақырып атаулары  алфавитімен).

 

        Көпшілік, топтық (ұжымдық), жеке библиографиялық  хабарлама нысандарының бәрі  есепке алынуға жатады. Шара (ауызша  шолу, маман күні және т.т) атауы,  оны өткізу күні, көрмеленген  және берілген басылымдар, келушілер  саны, топтық ұжымдық және хабарлама  абоненттері мен тақырптарының  саны, сондай–ақ абоненттерге жіберілген  хабарлама саны есептеледі.

 

 

Кітапханааралық абонемент бойынша қызмет көрсету.

 

   Кітапханааралық  қызмет (КАА) пайдаланушылардың баспа  туындыларымен басқа материалдарға  деген ғылыми  және өндірістік  сұраныстарын қажетті басылымның  кітапхана қорында болмаған жағдайда  еліміздің басқа кітапханалары  қорымен қанағаттандыру үшін  пайдаланылады.

 

        Қазақстан  Республикасының білім жүйесіндегі  барлық кітапханалары ведомстволық  бағыныштылығына қарамастан өзінің  қызмет көрсету аймағында   орналасқан кітапханааралық абонемент  бойынша әдебиет беруге міндетті.

 

       КАА  бойынша отандық және шетелдік  басылымдар (түпнұсқада немесе көшірмеде), оның ішінде қор иесі-кітапханада  жалғыз данасы бар басылымдар  уақытша пайдалануға беріледі.

 

      Ескерту: 1. Қор иесі – кітапхана көркем  және оқу әдебиетін тек ғылыми  және өндірістік қызмет үшін  береді.

 

                     2.Аса сирек кездесетін және  құнды басылымдар, сондай–ақ газет  мақалалары көшірмелері (фотокөшірме,  электрорафиялық көшірме, т.т.) түрінде  беріледі.

 

      КАА бойынша  пайдаланушылардың сұраныс картотекасы  келесі бөлімдерден тұрады: басқа  кітапханаларға жіберілген КАА  бойынша сұраныстар; КАА бойынша  алынған кітаптар; әдебиеттер; КАА  бойынша орындалмаған талаптар.

 

      КАА бойынша  абоненттерге қызмет көрсету  келесі  бөлімдерден тұрады: КАА  бойынша берілген басылымдар; абоненттердің  қайтарған әдебиеттері; КАА орындалмаған  талаптар.

 

КАА абоненттерін тіркеу картотекасы.

 

      Кітапханалар  жоғарыда аталған картотекалар  негізінде тоқсан сайын және  жылына КАА-ның жұмыс қортындыларын             (КАА бойынша тапсырыс берілген  және алынған басылымдар, абоненттерге  қызмет көрсету бойынша олардың  саны) шығарды.

 

     КАА абоненттерін  тіркеу карточкасы негізінде  сол жылы өтініш білдірген  абоненттер саны олардан алынған  тапсырмалар мен берілген басылымдар  сондай-ақ басқа кітапханаларға  қайта жіберілген тапсырыстар  саны көрсетіледі.

 

       ҚР-ның  білім беру жүйесіндегі білім  беру ұйымдарының кітапханалары  ведомтсволық ақпар есептілігінде  мынадай мәліметтер көрсетіледі:  КАА–ны пайдаланатын пайдаланушылар  саны; басқа кітапханаларға жіберілген  тапсырыстар саны;           КАА бойынша алынған басылымдар  саны.

 

                                                                                                                        

 

Қазақстан Респуликасы Білім  және ғылым министірлігінің білім  беру ұйымдары кітапханаларының кітапхана  қорын есепке алу туралы

 

                                         Негізгі ұғымдар

 

       Көру-тыңдау  құжаты –техниклық құралдар көмегімен  өндірілетін бейнелеу,  дыбыс  және мәтінді ақпаратты құжаттар.

 

      Қордың  теңдік (баланс) құны - кітапхана қорының  бухгалтерлік есепте көрсетілген  құны.

 

       Қордан  шығарып тастау - құжаттарды шығарып  тастау, кітапхананың басқа бөлімшесіне  беруге байланысты кітапхана  қорының қозғалысы.

 

      Қордың  қозғалысы - кітапхананың есеп  құжаттарында көрсетілген құжаттардың  түсуі мен есептен шығарылу  процесі.

 

      Қордың  есеп бірлігі - шамамаларды есептеу  мен қор қозғалысының біріңғай  бірлігі.

 

     Қордың сақталу  бірлігі - жеке құжат немесе  сақтау кезінде қор элементі  ретінде есептелінетін құжаттар  жиынтығы.

 

     Құжаттарды  қор есебінен шығару - профильді  емес, ақаулы , дублетті, ескірген, сондай-ақ  қандай да бір себептермен  жоғалған құжаттарды кітапхана  қорынан, кітапхана есебінен шығару.

 

     Қайта бағалау  коэфиценті- Қазақстан Респуликасының  Үкіметі бекіткен кітапхана қорының  құнын есептеу кезінде қолданылатын  сандық көбейткіш.

 

    Қорға түскен  түсім- міндетті дананы алу,  сатып алу, жазылу, сыйлау, айырбастау  немесе кез келген бсақа әдістер  нәтижесінде кітапхана қорының  толықтырылуы.

 

   Қорды тексеру-құжаттардың  бар-жоғын растау, сондай-ақ олардың  есеп құжаттарына сәйкестігін  белгілеу мақсатында құжаттарды  жүйелі қайта есептеу.

 

   Нарықтық баға-экономиклық  жағдайды, сұраным мен ұсыныс  үрдісі, бәсеке ескере отырып, тиісті  өнім (кітаптар, КТҚ, электронды шығарылым)  нарығына қалыптасатын баға.

 

     Жиынтық есеп - кітапхана қорының шамасы, құрамы  және онда болып жатқан өзгерістер (түсімдер орын ауыстыру, есептен  шығару) туралы нақты деректер  алу мақсатында құжаттардың барлық  түрлерін  есеп нысанында тіркеу.

 

    Кітапхана қорын  есепке алу - белгіленген қағидалар  бойынша қордың шамасы, құрамы  мен қозғалысы туралы мәліметтерді  тіркеуді қамтамасыз ететін операциялар  кешені.

 

   Жалпы ережелер

 

1. Кітапхана қорын есепке  алу қорға түскен құжаттар  түсімін, қор есебіне шығаруды, бүкіл кітапхана мен оның бөлімшесі  қорының шамасын көрсетіп мемлекетік  ақпар есебі, кітапхана есептілігі, оның қызметін жоспарлау, қордың  сақталуын қамтамасыз ету, құжаттардың  бар-жоғы мен қозғалысын бақылау  негізі болып табылады.

 

Есеп жүргізуге қойылатын  талаптар

 

1)     Есеп ақпаратының  толықтығы мен  дәлдігі;

 

2)     Қорға түскен  әрбір түсім мен қордан шығаруды  құжатты түрде ресімдеу;

 

3)     Есеп әдістері  мен нысандарының үйлесімділігі,  әртүрлі және автоматтандырылған  технологияны қолдану жағдайында  олардың сенімділігі;

 

Кітапхана қорының есеп көсеткіштері номенклатурасының        

 

4)     мемлекеттік  ақпардың сондай көрсеткіштеріне  сәйкестігі.

 

 

       Кітапхана  қорының есебіне: құжаттар қабылдау, оларды штемпельдеу, түсу, орын  ауыстыру, есептен шығару кезінде  тіркеу, сондай-ақ құжаттың қорда  бар-жоғын тексеру жатады.

 

       Дәстүрлі, сондай-ақ компьютер нысанында  ұсынылған есеп ақпаратының заң  күші бірдей.

 

      Полиграфия  тәсілімен әзірленген есеп құжаттарының  бланкілері мен компьютерде басылған  бланкілер тең құқықта пайдаланылады.

 

Кітапханалардағы есеп түрлері, әдістері мен бірліктерін үйлестіру  кітапхана ісі жөніндегі стандарттарды, сондай-ақ осы нұсқау талаптарын сақтау кітапхана ісі жөніндегі басқа  да нормативті құжаттар қамтамасыз етеді.

 

Кітапхана  қорын есепке алу жүйесі

1) Кітапхана қорының барлық  бөлімшелерінің кітапхана ішіндегі  есебі.

 

2)  Кітапхана қорының  мемлекеттік ақпар есебі.

 

 Кітапхана қорын есепке  алу объектісі мен бірліктері

 

  Кітапхана қорын есепке  алу объеітісі құжаттың түрі  мен оның материалдық негізіне  қарамастан кітапханаға түскен  және одан шығарылған құжаттар  болып табылады.

 

      Ескерту:  Қызмет мақсатындағы материалдар  кітапханашылар мен әдіскерлердің  жұмыс істеуі үшін қажет, (кітапхана  ісі жөніндегі нұсқаулар, ережелер, бағдарламалы өнімдер, кітапхананы  безендіру үшін сатып алынған  материалдар) есепке алынбайды  және кітапхана қорына енгізілмейді.

Информация о работе Есеп жүргізуге мынадай талаптар қойылады