Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 11:47, реферат
1 Бұл грекше deon - қажет, парыз, логос - ілім терминдерінен пайда болған. Ағылшын фиолсофы, құқық мораль зерттеушісі И. Бентам ендірген ілім, этиканың яғни моральдің бір саласы. «Деонтология или наука о морали» деп, әр түрлі мамандық саласына, әсіресе медицинаға арналған моральдік, этикалық, адамгершілік келбетін, оның өз жұмысына байланысты қоғам, халық алдындағы парызын, міндетін адамға, халық, қолғам мүддесіне сәйкес ұйымдастыру проблемаларын қарастырады. Көріп отырсыздар, деонтология қағидалары ұстаздық етушілер үшін де өте қажетті екені айқын яғни ұстаздық этика қамтылады. П
Х тарау. Мұғалім психологиясы
10.1 Мұғалім деонтологиясы
1 Бұл грекше deon - қажет, парыз, логос - ілім терминдерінен пайда болған. Ағылшын фиолсофы, құқық мораль зерттеушісі И. Бентам ендірген ілім, этиканың яғни моральдің бір саласы. «Деонтология или наука о морали» деп, әр түрлі мамандық саласына, әсіресе медицинаға арналған моральдік, этикалық, адамгершілік келбетін, оның өз жұмысына байланысты қоғам, халық алдындағы парызын, міндетін адамға, халық, қолғам мүддесіне сәйкес ұйымдастыру проблемаларын қарастырады. Көріп отырсыздар, деонтология қағидалары ұстаздық етушілер үшін де өте қажетті екені айқын яғни ұстаздық этика қамтылады. Педагогика - гр.paidagogos - тәрбиеші. Педагогика - гр. Paidagogike - жеке адамды қалыптастыру үшін белгілі бір мақсатқа бағытылған, жүйелі тәрбие, білім беру және оқыту жайлы ғылым. Педагогиканың негізгі қарастыратыны - тұлғаны қалыптастыру, тәрбие беру, білім беру, оқыту. Бұл - мектептің мұғалімнің парызы, борышы, міндеті. Ол қағидаларды ұстай білген педагогтың ерекшелігі- кездесетін қиыншылықтарды алдын-ала болжауында, сезуінде, оларды болдырмаудың жолын таба білуінде.пеагогикалық деонтология қағидаларын орындау-педагогикалық шеберліктің басты шарты. Олай болса, ол қағидаларды бұзу оңай, ол заң емес деп бұзу оңай, ол заң емес деп теріс түсінуге болмайды. Заңды бұзушылық моральдік, ар-ождандық норманы бұзудан әлдеқайда басқаша. Өйткені заңды бұзу да, одан кұтылу да өмірде кездеседі. Ал нағыз педагог үшін моральдік, адамгершілік қағидаларын бұзу, өзінің намысын аяқ асты ету қазақ салтында тірілей өлумен бірдей құбылыс. Педагогикалық этика, мораль, такт кәсіптік заңдар жиынтығы емес, ол адамгершілік борыш, шәкіртіне деген жүрек соғысы, рухани норма. Педагогте қыран бүркіттің көзі, жас арудың жұмсақ алақаны, жыланның арбаушы даналығы, арыстанның айбары болуы шарт. Педагогтың күші де, құдіреті де оның жүрегінде, адамдар арасындағы деонтологиялық қарым-қатынасында. Бұл-өте күрделі мәселе.
Ұжымдағы қарым-қатынас
Менеджердің (директордың, оның орынбасарларының) бойында ұлағатты қасиеттер болуы шарт. Ең алдымен менеджер адамгершілігі мол, парасатты, шынайы, әділ, ұжым мүшелерінің мүддесін өз басының қамынанкем санамайтын азамат болуы тиіс. Бұл бір. Екіншіден, кәсіби білімі жөнінен ол ұжымның басқа мүшелерінен бір саты да болса ілгері болғаны керек, мамандықтың ғылыми теориялық жағынан да, тәжірибелік тұрғысынан да, ақылман, шешімпаз, күрделі істің жолын көрсете алатын жетекші болуы тиіс. Үшіншіден, барлық істе шыншыл, әділ болу, ұжым мүшелерінің жұмысын еңбегінің нәтижесіне қарап бағалау, «өз адамым», «өзге адам» принципінен аулақ болу, оған жол бермеуі қажет. Төртіншіден, ұжымдағы кемшіліктерді бүкпелемей, ашық жариялылықпен талқыға салып, оларды түзету шараларын белгілеуде көрегендік, шешімпаздық танытуы тиіс. Өз ас қатесін де, істелмей жатқан істі де жұртшылық талқысына салудан бір сәтте бас тартпаса, оның беделі арта түсері хақ, мұғалімнің кәсіби сезіміне нұқсан келтірмей, бетіне ашық айтып сенім көрсету дұрыс болады. Бесіншіден, ұжымдағы күрделі мәселелердің басында мектеп басшысының өзі тұрғаны ләйім. Үлгілі сабақ өткізу, мазмұнды дәріс оқу, бәсекелікке лайық білім беру-азаматтық борышы ғана емес, бұлжытпай орындалатын деонтологиялық қағидат. басшы-барлық істе ұжым мүшелері үшін ұнамды эмоция өкілі. Алтыншыдан, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне бағыт беру, әркімнің іс қабілетіне, тәжірибесіне, біліміне қарай міндеттер бөліп беру, бір-бірінеілтипаттық сыйластық туғызу, сонымен бірге жаман пікір айтуға, өсек, өтірік, айтуға, күндестік ситуациясына жол бермеу керек, қателіктерді түсіне білу, демеу көрсету, орынсыз езгілемей, рухани қолдау қажет. Қол жеткенге мәз болып одан әрі өсуге ұмтылмайтындарды қамшылау да керек. Басшының беделі, абыройы-ұжымның жақсы көрсеткіші. Оны сақтай білу шарт.
10.2 Мұғалім психологиясының мәні
Мұғалім психологиясы оның педагогикалық іс-әрекеті үстінде көрініс табады, қалыптасады және өзгереді. Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби мақсаты жас ұрпақты қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге асыру тәсілдері, мазмұны, ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері бар. Педагогикалық іс-әрекеттің элементтеріне жататындар:
- іс-әрекеттің мақсат-қоғамның мүшелерін тәрбиелеу;
- іс-әрекет субъектісі-мұғалім;
- іс-әрекет объектісі-оқушы;
- белгілі әрекеттер мен іс-қимылдарының жиынтығы ретінде іс-әрекеттің өзі-білім беру, оқытушылық (үйретушілік), дамытушылық және тәрбиелеушілік ықпал ету;
- іс-әрекеттің құралдары-тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны, формалары мен әдістері;
- іс-әрекеттің жағдайлары-жалпы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеуге көңіл бөлуі, жалпыға бірдей міндетті орта білім беру т.б. ал жеке түрлері- сол лоқу орнындағы оқу-тәрбие процесінің материалдық жабдықталуы, педагогикалық ұжымның ынтымақтастық деңгейі, істі жетік білетін басшылық болуы, көмек көрсету, т.б.;
- іс- әрекеттің нәтижелері- оқушының тұлғалық қасиеттері мен сапаларының нағыз қалыптасуы. Тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болуы деңгейге көтерілу. (Н. Назарбаев).
- Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық ғылымның әр түрлі салаларының зерттеу объектісі. Айталық, дидактика педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлшегі ретінде оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жеке методикалар нақтылы пәндерді оқытудың тиімдірек тәсілдерін жасап шығарады. Тәрбие теориялары мұғалімнің оқушыға тәрбиелік ықпалының принциптері мен заңдылықтарын анықтап береді. Мектептану мұғалімнің еңбегін ұйымдастыруды зерттейді.
Педагогикалық іс-әрекеттің психологиясы
- Мұғалімнің еңбегінің психологиялық заңдылықтарын зерттеуші психологиялық білімнің саласы ретінде;
- Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаттары мен жүйесін тәрбие институттары арқылы қоғам міндеттерін мұғалім қабылдаушы, іске асырушы ретінде;
- Ол нақтылы жағдайларға тәуелділік тұрғыда өзінің іс-әрекетінде міндеттердің формалар мен әдістерінің дұрыстығын саналы түрде түсінуші ретінде анықтама береді.
Маман – пән мұғалімі қазіргі педагогикалық практиканың талаптарын қанағаттандыруға бейім болмай тұр. Қазір кәсіби – педагог болу талап етіледі. Біріншіден, ол ғылыми білімдер жиынтығының (өз пәнінің) білгірі, оларды беру тәсілін меңгеруші ғана емес, педагогикалық қызметтік субъектісі болып табылады. Екіншіден, білімдерді, икемділік пен дағдыларды тасымалдаушы ғана емес, адами қабілеттердің дамуына бағыттаушы болуы тиіс. Үшіншіден, дидактикалық тапсырмаларды құрастырушы және шешуші емес, білім беру процестерін іс жүзіне асырушы, дамытушы ситуацияларды құрастыра алушымаман болуы керек. Білімнің дамуы дәстүрлі функциялардың мән-мағынасын қайта ойластыруды, прогрессивтік тенденцияларды яғни даму бағыттарын қарастыруды қажетсінеді. Альтернативтік модель бүгінде ізгілендіру моделі болып табылады. Оның функциялық белгілеріне мыналар жатады: 1) адамды қоршаған шындықтың көкейкестілігін және мәнін ашу; 2) әлеуметтік мәдени құндылықтар өрісіне қатысуға ерікті таңдауға жағдай туғызу; 3) тұрмыстың маңызды мәселелерінің мәнін қоя білу мен шешу үшін мұғалім мен оқушының ынтымақтастығына жағдай туғызу; 4) мұғалімнің де, оқушының да творчестволық белсенділігінің әр түрлі формаларын әдетке айналдыру.
Педагогикалық іс - әрекетті жобалауда
Г.П. Щедровицкий деген ғалым
Қазіргі психологтар рефлесивтік психологияға жете мән береді. Бұл тұрғыдан алғанда педагогтармен жұмыстың мынадай қажеттіліктері аталады:
- Өзінің эмпирикалық тәжірибесін ойластыруға, талдауға және қайта ойластыруға жағдай туғызу;
- Педагогикалық іс – әрекетте білім өрісінде әлемдік мәдениеттің, ғылымның, практиканың жетістіктерін конструкциялық ассимиляцияға икемдеуі.
3
Күрделігінен және адамдардың оған қоятын талаптарының әр жақтылығынан да көрінеді. 21 ғасырда білімнің жаңа сипатына ие болуына қарай, нарықтық экономикалық қатынасқа байланысты мұғалімнің тұлғасына және оның қызметіне қойылатын әлеуметтік үміттер күрделене түсті. Мұғалімді отбасында балаға берілмегеннің орнын толтырушысы, оқушыларда кездескен әр түрлі ықпалдарының кіріктірушісі (интеграторы), акселерация, урбанизацияға байланысты пайда болатын тәрбиеде кездесетін қиыншылықтарды жеңе алушысы ретінде көргісі келеді.
Педагог-ғалымдар
бастамасымен қазіргі заман
Оқыту процесі-әлеуметтік мінезді қалыптастырушы фактор. Кеңестік замандағы адамдардың дәстүрлі қасиеттер - ұстамдылық, сабыр сақтау, асықпаушылық, сақтық, жайбасарлық болды. Қазіргі нарықтық іскерлік танытуды талап ететін заманда жаңа сапалар атап айтқанда, белсенділік, білімдарлық, инициатива білдіру, тәуекелшілік, ассертивтік, тағы басқалар қажет. Дәстүрлі қасиеттер әлеуметке, прогреске бөгет болуы мүмкін. Қоғамда экономикалық және психологиялық эволюциялық арасында алшақтық тууы мүмкін.
10. Жаңа дәуір педагогының бейнесі
Қазіргі жүргізілген зерттеулерде жаңа дәуір педагогының бейнесі қандай болу керектігі жайында мағлұматтар бар. Бірінші орында, әдеттегідей пәнді білу, әдістемені меңгере алу мен оқыта білу, оқушыларды сабақ үстінде басқара алу тұрады. Екінші орында, атап өтуге тұрарлық нәрсе-бей ресми қарым-қатынастар, тәрбиеленушілермен қарым-қатынасты дұрыс жолға қоя білу тұр. Жаңа дәуір мұғалімдері авторитарлық педагогиканың бұрынғыдай рөл атқара алмайтындығын ескергені жөн болады. Қазір алдыңғы шепке оқытудың жеке тұлғаға, ізгілікке бағытталған жаңа парадигмасының қалыптасып келе жатқан уақыт талабына сай келеді. Үшінші орынға, ғылыми педагогикалық ізденіс әдістері мен оқытудың жаңа технологияларын шебер қолдана білу шығады.
Жаңа
дәуір мұғаліміне сипаттама
Мұғалім
дайындаудағы бұрынғыдан жаңа
бағыттың түбірлі
Педагогика ғылымында зерттелуге тиісті негізгі бағыттар: 1) болашақ мұғалімдерді даярлаудың теориясы практикасы 2) табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың педагогикалық аспектілері 3) этнопедогогика мен халықтық педагогиканы өмірге ендіру проблемалары 4) этномәдени білім берудің психологиялық аспектілері 5) қоғамды демократияландыру және білім жүйесін басқару аспектілері 6) білім берудің жаңа мемлекеттік стандартқа көшуіне байланысты қазіргі заман оқулықтарының проблемалары 7) экономикалық-әлеуметтік және нарықтық қатынасқа көшуде тәжірибе, бағдарлау білімін беру проблемалары, т.б. Осыған орай, жыл сайын қажетті деп саналатын диссертациялық тақырыптарды жариялап тұру қажеттілігі шығады.
Еліміздің егемендігіне ие болуына және нарықтық қатынасқа көшуге байланысты, сондай-ақ жиһандану процесінің ендеп өмірге енуіне қарай бұрынғы дәстүрлі мұғалім мен жаңа дәуір мұғалімі арасындағы айырмашылықты нақты айқындау үшін бірнеше параметрді салыстырайық. 1. Оқушының меңгеруге тиіс білімге мұғалімнің қарым-қатынас бойынша: Дәстүрлі педагог-бір рет және өмір бойғы қабылданған пәндік білімдерді, білік пен дағдыларды тасмалдаушы еді. Жаңа дәуір педогогы - оқушының дамуы үшін, өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай туғызатын қозғаушы күші болуы тиіс. 2.Оқушылардың білімді игеруіне қолайлы жағдайлар бойынша: Дәстүрлі педагог білімді оқушыларға өңделген, игеруге дайын күйінде беріп келді. Жаңа дәуір педогогы жаңа білімді қабылдауға байланысты оқушының оқу процесіне білім алу ортасын қалыптастыруы, шәкіртке білім алу проблемаларын шешуге көмек көрсетуі тиіс. 3. Оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасының сипаты бойынша: Дәстүрлі мұғалім субъектіге-объектілік қарым-қатынас жасап, оқушыға ұстаздық үстемдік етіп келді. Жаңа дәстүр педагогы субъектіге субъективтік қарым-қатынас жасап, теңдікке ұмтылу керек. 4.Оқу процесінің нәтижесі дәстүрлі оқытуда оқушының білімді игеру деңгейі, білігі дағдысы бағаланады. Жаңа бағыттағы оқытуда-оқушылардың игерген біліктілігі мен өмірлік дағдылары бағаланады. 5.Жаңа дәуір педагогы-өзі мамандық пәндік білім жүйесін, ғылыми білімнің сол саласы бойынша білік пен дағдыны игеруі тиіс, оның үстіне оқыту технологиясының жүйесін, оқушылардың оқу қызметінің біліктілік пен өмірлік дағдылары игеруіне бағытталған құралдары мен әдістерін игеруі тиіс.Сонда ғана ол толық маман бола алады.
Информация о работе Мұғалім психологиясы. Мұғалім деонтологиясы