Мұғалім психологиясы. Мұғалім деонтологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 11:47, реферат

Описание

1 Бұл грекше deon - қажет, парыз, логос - ілім терминдерінен пайда болған. Ағылшын фиолсофы, құқық мораль зерттеушісі И. Бентам ендірген ілім, этиканың яғни моральдің бір саласы. «Деонтология или наука о морали» деп, әр түрлі мамандық саласына, әсіресе медицинаға арналған моральдік, этикалық, адамгершілік келбетін, оның өз жұмысына байланысты қоғам, халық алдындағы парызын, міндетін адамға, халық, қолғам мүддесіне сәйкес ұйымдастыру проблемаларын қарастырады. Көріп отырсыздар, деонтология қағидалары ұстаздық етушілер үшін де өте қажетті екені айқын яғни ұстаздық этика қамтылады. П

Работа состоит из  1 файл

Алтын.doc

— 114.00 Кб (Скачать документ)

 

Педагогикалық такт

 

          Бұл   оқушыларға әсер етудің ең  тиімді шараларын қолдана білуде  көрінеді. Әрине олардың жас және жеке басының психикалық ерекшеліктерін, нақтылы жағдайға байланыстылығын ескерген жөн. Такт оқушыларды құрметтеу мен талап етуді, сенім арту мен  үнемі бақылауды  ұштастыруда, мадақтау мен жазалауды дұрыс пайдалануда көрінеді. Тактілі мұғалім қайырымды, сезімтал, түсінгіш. Балалармен сөйлескенде қарапайым жадыраңқы болады. «Ол өте әділетті еді, ешқашанда оқушыларға жалған қатынас жасап, не сөгіп көрген емес». «Біздің жетекшіміздің әлсіз жағы – әрқайсысын сәл нәрсе үшін  жазғырады. Оқушының қатесінің себебін  ашпайды. Жазалау – оның құралы.» Екі пікір – біріншісі, педагогикалық такт принципін ұстаушы, екіншісі – оны игермеген ұстаз.

 

Педагогикалық қиялдау

 

          Бұл  оқушыларда кісілікті жобалауда,  олардан келешекте қандай сапаларын дамытуға, қалыптастыруға болатындығын алдын-ала көре білуде, өзінің тәрбиелік шараларының қандай нәтижеге жеткізетінін сезіне алуда байқалатын қабілет. Бұл қабілет педагогикалық оптимизмге, тәрбиенің күшіне сенуге, адамға сенуге байланысты болады. «Е.Е. біздің ішіміздегі ең нашар оқушыға да сенімін жоғалтқан емес, бұл оған ұстаздық сенімді күшейте түсті.» Ең жаман деген балалардың да, кісінің де сәл ғана бір жақсы қасиеті болуы мүмкін. Мұғалім сол факторларға сүйеніп сенім артуы тиіс. Шәкірттің келешегіне жол сілтеуі, бағдарлауы керек.

 

Зейінді бөле білу

        Қабілетті  мұғалім сабақ үстіндегі зейінін  екі немесе бірнеше объектіге  не жұмыстарға бөле алады, ондай  дарындылықты бойына сіңіре алады.  Ол өзі материалды қалай түсіндіріп  тұрғанын, өзінің ойын қалай дамыта алатынын, оқушыны тыңдағанда да солай өте ұқыптылықпен тыңдайды, оның үстіне барлық оқушыға түгел көңіл бөледі, олардың  шаршағанын, кейбіреулерінің сабаққа зейін қоймай, не қалғығанын сезе қояды, тәртіп бұзушыларды көре қояды, өзінің мінез-құлқында қатты қадағалайды, мимикасы, жүріс-тұрысы, қолс ермеу, қол бұлғау, бас изеу, бас шайқау, т.б. әрқашан өз бақылауынан шықпайды. Тәжірибесіз мұғалім материалды баяндауға беріліп кетеді де, балалардың немен шұғылданып отырғанымен жұмысы болмайды, егер балаларды бақылайтын болса, кейбіреулеріне ескерту жасаса, өзінің айтып тұрған ойынан жаңылып қалады. Бұл зейіні тар мұғалімнің ісі.

 

Педагогикалық қабілеттерді қалыптастыру мен дамыту

          Қабілеттер  – туа біткен құбылыс және  олар адамның өмірінде және қызметінде қалыптасатын құбылыс. Педагогикалық қабілет көбінесе сыртқы жағдайларға тәуелді болады. Олар жоғары не орта педагогикалық оқу орындарында оқу процесінде ғана емес, негізінен балалармен практикалық жұмыс жүргізу процесінде тәжірибелер жинау арқылы дамиды және қалыптасады. Оның үстіне мұғалім өзінің мамандығын жетілдіруде үнемі жұмыс жасауы тиіс. Сөйтіп өзінің жұмысын табысты ететін педагогикалық қасиеттерді өз бойына сіңірумен шұғылданады.

      Әрбір адам жақсы  мұғалім және жақсы тәрбиеші  бола ма? Психикалық жағынан кемшілік, сотпен тиым салынған, педагогикалық жұмысқа бейімсіздерден басқа әрбір адам мұғалім бола алады.

    Ол үшін педагогикалық  еңбекке бейімділігі керек. Балаларды  оқыту мен тәрбиелеу ісін өте  сүюі, мұғалімге тән қасиеттерді  өз бойына сіңіруде тайсалмай, шаршап-шалдықпай ізденуі қажет. Атақты психолог Ж.Аймауытов айтқандай, әр адам қабілетіне өз орнында қызмет етпесе, әлеуметке пайда орнына зиян келтіреді..... адам өзінде қандай қабілет барлығын білу қажет. Әр адамның іс-әрекет түріне  қарай жарамдылығы болады. Қабілет – бұл әр адамның басқа адамнан айырмашылығын танытатын дербес психологиялық ерекшелігі. Мұғалім өзінің жеке үлгісімен, өзінің мінез-құлқымен оқушыларға  әсер етеді, олардың өмір жолын белгілеуге әсері бар. Мұғалім туралы, оның сапалары туралы сөз болғанда, мұнда ұсақ-түйек болуы да мүмкін емес. Тіпті мұғалімнің сыртқы бейнесінің өзі оның беделін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

    Идеалды мұғалімде тамаша  оқытушылық пен тамаша тәрбиешілік  сапалар ұштасып жатады. Мұғалімнің адамгершілік борышы әрқашанда қайда да ісімен, өзінің үлгісімен, өзінің мінез-құлқымен оған сеніп тапсырылған баларды тәрбиелеу екенін тұрақты есінде ұстауы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Мұғалім деонтологиясының ерекшелігі

2. Мұғалім психологиясының ерекшелігі

3. Мұғалімнің қоғамдағы алатын орны, оның қызметінің мәні

4. Мұғалім қызметінің кәсіби талаптары

5. Қазіргі заман мұғалімдері бағдарламасы

6. Педагогика ғылымының мұғалім даярлау проблемалары

7. Мұғалімнің ішкі және сыртқы мәдениетінің көріністері

8. Педагог – оптимист және эниология ықпалы

9. Мұғалім мәртебесі, құқықтары, жауапкершілігі, міндеттері – жаңа қоғамдағы сипаттапы

10. Мұғалім – өмір бойы оқушы, әдіскерлікке, шеберлікке ұмтылушы.

11. Мұғалім – ерекше қабілеттер иесі

12. Мұғалім – дикдактик

13. Мұғалім – қарым-қатынас психологі

 

Семинарлық тақырыптар

1. Психолого-педагогикалық қабілеттер проблемасы

2. Мұғалім мен оқушының сабақтағы қатынасының психологиялық компоненттері

3. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу мен қалыптастыру проблемалары

4. Мұғалімнің қоғамдағы орны және оған қазіргі заман талаптары

 

Рефераттық тақырыптар (студенттің өздігінен жұмысы)

 

1.Педагогтік шеберлік – оның  психологиялық негіздері

2. Мұғалім мен оқушы

3. Бұрынғы және қазіргі  мұғалімдік  мамандық проблемалары

4. Мектеп ұстаздар қауымы қандай болуы тиіс.

5.Өзінің сүйікті мұғаліміңіздің  сипаты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

1. Возрастная и педагогическая психология. М-проведение,1979.258-283

2. Кортецкий В.А. Психология М. просемуете 1980. 338-345

3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары А.Ғылым. 1974-201

4. Берікұлы Н.Педагогика Ақтөбе.2004. 365-367

5. Ушинский К.А. Таңдамалылар. А.Мектеп. 1951.101

6. Кобеев А.Ә. Ә.Фарабидің ашылмаған әлемі А.2002. 103-104

7. Сластенин В.А.  Общая педагогика М.Владос.2002. 103-104

8. Назарбаев Н.Ә. Халыққа жолдауы   Е.Қ. 16 ақпан 2005 ж

9. Педагогикалық психология: учебник для студентов ВУЗов. Н.В.Клюевой,-М Владос-Пресс, 2006

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

1.Возрастная и педагогическая  психология . (Учебник для студенты  пединститутов) А.В.Петровского М.Просвещение. 1979

2. Тальзина Н.Ф. Педагогическая  психология. (учебник для студентов  уч.заведений средпрофообразования. М.Акафема 2003

3. қазақ Совет энциклопедиясы. Бас  ред.М.Қ.Қаратаев ІІ том, Алматы 1973

4. Брунер Дж. Психология познания. М.1977

5. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, Рауан, 1993

6. Ғалам ғажайыптары. Алматы, 1968

7. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу  және оқыту жөніндегі таңдамалары.  Алматы.Мектеп 1951

8. Аймауытов Ж. Психология. Алматы. Рауан 1995

9. Алты жастағы балаларды оқыту мәселелері. (төрт жылдық бастауыш мектептің бірінші класс мұғалімдері үшін) ред.басқарған Б.Баймұратова. Алматы, Мектеп. 1986

10. Кровцова Е.Е. Психологические  новообразования  дошкольного  периода развития: докт.дисс.-М.1996

11. Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды. М. 1989

12. Салмина Н.Г. Знак  и символ  в обучении.М,1988

13. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары.  Алматы.Ғылым.1994

14. Критецкий В.А. Основы педагогической  психологии. М.Просвещение.1972

15. Бас ғасыр ІІтом. Алматы.Жазушы. 1989

16. Егеубаев А. Кісілік кітабы. Алматы.Ана тілі, 1998

17. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы. Рауан. 1993

18.Торайғыров С. Таңдамалы шығармалары  «Адасқан өмір» І том. Алматы, Ғылым. 1993

19. Кон И.С. Психология юношеского  возраста. М.Просвещение.1979

20. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы, Эверо.2004

21. Қалиұлы С. Қазақ  этнопедагогикасының  теориялық негіздері мен тарихы. Алматы,Білім. 2003

22. Крупская М.К. Избранные педагогические  произведения. (пособые для студентов  пединститутов) М.Просвещение. 1968

23. Көбесов А.Ә. «Фарабидің ашылмаған әлемі» Алматы,Санат. 2002

24. Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақ  тәлім-тәрбиесі. Алматы, Санат. 1995

25. Құнанбаев А. Шығармалары екі  томдық толық жинағы. Алматы,Жазушы. 2002

26. Макаренко А.С. Таңдамалы педагогикалық  шығармалары Алматы, 1948

27


Информация о работе Мұғалім психологиясы. Мұғалім деонтологиясы