Мұғалім психологиясы. Мұғалім деонтологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 11:47, реферат

Описание

1 Бұл грекше deon - қажет, парыз, логос - ілім терминдерінен пайда болған. Ағылшын фиолсофы, құқық мораль зерттеушісі И. Бентам ендірген ілім, этиканың яғни моральдің бір саласы. «Деонтология или наука о морали» деп, әр түрлі мамандық саласына, әсіресе медицинаға арналған моральдік, этикалық, адамгершілік келбетін, оның өз жұмысына байланысты қоғам, халық алдындағы парызын, міндетін адамға, халық, қолғам мүддесіне сәйкес ұйымдастыру проблемаларын қарастырады. Көріп отырсыздар, деонтология қағидалары ұстаздық етушілер үшін де өте қажетті екені айқын яғни ұстаздық этика қамтылады. П

Работа состоит из  1 файл

Алтын.doc

— 114.00 Кб (Скачать документ)

                                       

10.7. Мұғалімнің мәдениеті

 

Өте ауыр еңбек-ой еңбегі, оның өкілі-мұғалім. Мұғалім-мектептегі басты тұлға. Мұғалімнің өмір тұрмысы, отбасы жағдайы, демалуы, тамақтануы, киінуі-оның нәтижелі жұмыс жасауының кепілі. Өз басының қамы ойдағыдай шешілмеген, жатса-тұрса ойында отбасының, бала-шағасының мұқтажы тұратын болса, онда ұстаздың еңбегінен жеміс болмайды, одан жұмыс талап ету де орынсыз. Ұстаз да адам, олай болса, өмірінде кездесетін баспанасыздық, еңбекақының төмендегі, киер киімнің тапшылығы, ашқарындық оны аздырып жібереді. Еңбектің салмағына, нәтижесіне қарай бағалануы, еңбегіне қарай жалақы мөлшерінің тиімді коэффициентке сай болуы-жұмыстың жемісті болуының кепілі. «Бір күн аштыққа ұшырағаннан қырық күнге дейін ақыл сұрама» дейді халық даналығы. Қазіргі өмір салтына еніп кеткен оқу орындарындағы алымқорлық, пара алу, шәкіртті біліміне қарай емес, оның дәулетіне қарай бағалау, шәкірттерден ақша алу жолымен («5» - 100 доллар, «4» - 60 доллар, «3» - 40 доллар) күнелту-ең азғынның ісі. Ондайларға орын болмауы тиіс. Ұстаз жұмыс бабында сөз саптаудың қас шебері болуы тиіс. Ата-аналармен қарым-қатынаста білімдарлық таныту-ұстаздың ішкі мәдениетінің көрінісі. Мәдениеті төмен ата-аналар нарық заманының қыспағын көрген, қаржы жетіспегендігінен шығатын ащы тілін ұстаздарға да тигізетін деректер бар. Мұндайда сені шатасуға шақырып тұрғандығын сезген бойда эмоцияға жол бермей, өзіңді сабырлы ұстап, инабатты сөйлесе алуың керек. Педагогикалық деонтология заңы төзімділік пен ұстамдылықты талап етеді. «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» - дегендей, кейбір байлардың балары да мұғалімге ірілік көрсетеді, әкелерін ертіп әкеліп, күш көрсетеді. Бастықтар, бастық қолдауына сыйынғандар да мұғалімге үстемдік жасайды. Ондайларға ешқандай жол беруге болмайды. Оның емі-педагогикалық тактпен мақтамен бауыздау: «Менің кәсібімнің түпкі мақсаты-бала бақытын нұрландыру, оның жан дүниесінің кемшілік жақтарын емдеу, түзету ,оның жүрегіне қайғы мен уайым ұялатпау. мен осы мақсатқа өмірімді арнадым». Мұндай ұлы мақсатқа негізгі параллельдерді мұғалім-оқушы, мұғалім ата-ана, мұғалім-мұғалім, мұғалім-мектеп әкімшілігі, мұғалім-жұртшылық арқылы жететіндігін ескеру керек.

        Мұғалім мәдениеті-балалардың  көз алдында болатын үлгісі.

        Мұғалім жұмысында  тәрбиелік мәні жоқ нәрсе болмайды. Соның ішінде мұғалімнің киім киісі, мұғалім киіміндегі эстетизм, сән және мұғалім киімі еш жерде зерттелініп ,бір жүйеге келмеген проблема. Нақты форма жоқ. Әрбір мұғалім өзінің жеке эстетикалық талғамына, жалпы мәдени деңгейіне қарай киініп жүруі керек. Ескеретін норма – мұғалім оқушылардың қалт жібермей, құштарлықпен бәріне назар салып отыратын білуі тиіс. «Киіміне қарай қарсы алып, ақыл – ой өрісіне қарай шығарып салатыны» анық. Сондықтан, нақты қағида – мұғалім жұмысқа жарасымды, сәнді киініп келуі. Мұғалімнің сыртқы келбеті – оның төңірегіндегі адамдарға аса құрмет көрсетуі болып табылады. Өйткені ол - қоршаған  ортада жағымды ықпал жасайтын ерекше тұлға. Киім адамды тәртіптендіреді, жинақыландырады, оқушыға да әсер етіп, оны ілтипаттылыққа шақырады. Мұғалімнің салдыр-салақ киініп, еркек мұғалім сақалын қырмай, әйел мұғалім шашын сәндемей, бет – жүзін әсемдемей сабаққа келетін болса, ондай ұстазды оқушылар құрметтемейді. А.С. Макаренко кезінде эстетикалық талғамнан кейін қалған мұғалімді сабаққа жібермегенін білеміз. Барлық уақытта мұғалім – салауатты өмір салтының насихатшысы, үлгісі. Ішімдік ішпеу, темекі шекпеу, наша пайдаланбау, құмар ақшалы ойынмен әустенбеу – мұғалім үшін басты шарт. Мұндай улы заттар мұғалімнің миын уландырады да, оның басындағы білім қорын аздырыды. Оқушылар ондайларды тез айыра алады. Лебінен арақ иісі аңқыған, демінен темекінің күмүлжі күйік иісі бас қатыратын мұғалімді ешкім де қадірлемейді. Улы заттардан уланған  мұғалімнің дұрыс білім беруі де екіталай. Мұғалімнің мәдениетсіздік көрінісі оқушылардың психикасын бұзады; теріс әсер етеді, ұнамсыз эмоция туғызады.

         Ұлы ұстазымыз  Ыбырай Алтынсарин мұғалімдерге темекі шегуге, насыбай атуға, ішімдік ішуге, құмар ойындар ойнауға тыйымды салған. Ұлы Ұстаздың осы ұстанымын қазір өмірге ендіру-міндет әрі парыз.

                                           

10.8 Педагогикалық оптимизм және эниология

          Педагогикалық оптимизм біріншіден, жүйелі турде дене шынықтырумен, спортпен айналысуға денісаулық сақтауға. «Бұлшылық ет куанышын жасау» жолы . Ертеңгілік қан тарату жаттығуларын жасау, салқын суға шомылу, бір жарым-екі сағат таза ауада демалу немесе жүгіру (10минут жүгіру 1сағат жаяу жүргенге тең) –көңіл күйдің,психологиялық сауығудың құралдары.Үнемі сергек жүру,шат-шадыман,әрекетке дайын тұру,өмірге риза болу жөн.Шырылдауық шегірткедей болу зиян. Екіншіден,мұғалім өзін әрқашанда қуанышқа,мейірімділікке бөлейтін сезім гимнастикасымен,музыкамен,сауықтыру ойындарымен айналысу тиіс.Ұжымдағы этикалық,достық,жолдастық,жылылық атмосфера

-мұғалім оптимизімін күшейтетін  екінші құрал.Үшіншіден мұғалімнің  жаман,жүйкені бұзатын ситуациалардан аулақ болуы,өзіне-өзі аутогендік терапия жасау жолымен жаттықтыруы керек. Жылы шырай,ақ-жарқын мимика )бет-пішін),күлімсірей сәлемдесу,адамзаттың сыпайы қарым-қатынасының ұлттық үлгілерін бойға сіңіру-өзін ұзтаз санайтын кісінің аса қымбат қасиеттері.Таңғы ұйқыдан шаттана ояну,өзін-өзі сендіру,басқалармен тек ұнамды қатынас жасау,өзіңді-өзің жақсылыққа үндеуің,өзіңе-өзің әсер етуің төсектен тұрған бойда басталған жөн.Мен қазір жұмысыма барамын,достарымды көремін,оларды көру мені үлкен шаттыққа бөлейді,бәрі жақсы болады.Жұмысымды сүйемін,сабаққа толық дайынмын,оны жақсы өткіземін,балаларға рахат сезімін тудырамын,-деген психологиялық сезіну әрбір арайлы таң шаттығы болғаны ләзім.

  Төртіншіден, эниология туралы  білім алу керек.

Эниология-табиғаттағы және қоғамдағы энергоақпараттық алмасулар туралы,пәнаралық саланың білімдері туралы ғылым.Сонымен бірге,

табиғатта және адамдарда болатын  жұмбақ  кұбылыстар мен феномендер туралы, білініп болмаған тылсымдар туралы ғылым. Бүл жас ғылым дүниеге өткен ХХ ғасыр соңында көптеген ғылыми пәндер қиылысында Ресейде пайда болды және онымен басқа да елдер шұғылданған. Аталмыш ғылымның авторы КНБ генералы майор Фирьяз Ханцеверов. Ол космостық тағылымдара мен шұғылданған, сондай-ақ парапсихология бағдарларын қадағалын, оны эниология деп таған.

Шындығында эниология бізге  ерте дүниеден келген. Бұл ғылым-дүниеге  тірі объектілер мен өлі материяның нәзік әсерлері туралы, аламзат тәжірибесі (мыңдаған жылдар) туралы сыр шертеді.

Дәстүрлі бағдарларда мыңдаған сұрақтар туындаған, оларға дәл жауап жоқ. Мысалы, Бермудтық үшбұрыш, телепортация туралы бұрын біле алмадық. Эниология бұл сұрақтарға жауап бере алады. Оның негізгі факторы – энергоаппраттық алмасулар. Мәсеоен, сізбен біз біреу туралы жағымды, жақсылықтары туралы айтамыз, ойлап отырмыз. Дәл солсәтте оған ұнамды толқында құйылып жатады. Қазіргі адамдар ақпараттар мәліметтеріне тұншыққандай, әсіресе көбіне ұнамсыздары көп кездеседі. Жаман қылықтар, зорлық-зомбылық фильмдер жеткілікті. Соның барлығы, жамандық туралы айта беруге, ондай әрекеттерді беруге болмайды Рухсыздандыру, дүниеқорлық, көбірек ақшалы болу тәрізді жамандықтың батпағына отырғандаймыз. Бұныңбәрі толқынды сипап алады. Ұнамсыз психоэмоциялыды  және рухани-адамгершілік жағынан азған соң фон біздің физиологиямыз қатты теріс әсер етеді. Тибеттің балгері адамның тамырып ұстап отырып, оның бойындағы барлық ауруын айтып кетеді. Қазір медицинада лабораториялық анализдр толық картинаны ашып беруге дәрмнсіз, кейде адамдарға теріс диагноз қояды. Ең маңызды нәрсе-дәрігер мен науқас адамның арасындағы қатынас, дәрігердің өзінің алдына келген науқас адамды емдеуге ықыласады. Емдеу әдісінің дұрыс қолданылуының үлкен мәні бар және ол кімнің қолында екендігінде.Яғни гипнозбен өлтіруге де, емдеуге де болады. Дәрігерлердің ойланбай айтқан сөзі адамда ятрогендік ауруды күшейтеді. Бұл талап мұғалімге де тән. Тіпті әрбір айтылған сөз әр түрлі интонацияда айтылуына қарай әр түрлі нәтижеге жеткізеді. Психикалық зақымдану кейбір ойсыз, педагогикалық мәдениеті кем мұғалімдердің шәкіртіне айтқан дөрекі сөздерінен бала дидактогендік ауруға шалдығады, қорқады, қалтырайды, сөйлей алмайды, қабілетінен айырылады.  Энилогия толқынды энергиямен айналысады. Қазіргі адамдар электржелісі, компьютерлер, ұялы телефондар, теледидарлар толқындарымен тұншырықтырылуда. Бұлардан адамдарды қорғау құралы «Оберег» бар. Адамдардың өздерінің де қорғануының жолдары бар. Айталық, жұмыстан шаршап келген адам үйінде салқын суға шомылуға, ұнамдымузыка тыңдауға, достарымен жақсы тақырыпта сырласуға, телефон шалуға болады. Мұның бәрі организмнің күндізгі жұмсаған энергиясын қалпына келтіруіне әсер етеді. Ұйқыға кетер алдында босаңсып, аутоген жасау керек. Француз аптекары Эмиль Куэ «Сананы сендіру арқылы өзін-өзі басқару мектебін» ашқан. Аутогендік емдеу әдісін тапқан. Науқас адам күніне 20-30 мәрте сендіруінің, «Мен тәуір боламын,мен тәуірмін», «Ауру бәсеңдеді»-деп күніне 3-4 рет сеанс жасауының сауығуға пайдасы мол. Адам ішкі ағзаларын (асқазан,жүрек,бауыр), дене мүшелерін (аяқ,қол) қиял арқылы импульстер жасай алады. Ғылымда бұл-идеомотор делінген.12

    

Бірсарынды, жалаң көңілсіз сөздер оқушыларды зеріктіреді, жалықтырады, ұйқысын келтіреді, оларда сабаққа  немқұрайлылық  пен қалай болса, солай қарауды туғызады.

     Тез асығыс айтылған  ойлар, сөздер  ұғынып алуға қиындық келтіреді және тез шаршатады. Дауыстың қаттылығы да психикаға әсер етеді. Орынсыз айқайлаңқырап айту балалардың жүйкесіне тиеді, ал әлсіз жай дауысты мұғалімді де тыңдау қиын. Қол сермеп сөйлеу сөзді жандандырады, бірақ көбірек, бірыңғай, ылғи, қол сермей беру, орынсыз қозғалыстар тітіркендіреді. «Біз ұшін біздің әдебиетшіні тыңдағаннан басқа рахат жоқ, ол әдемі сөйлейді. Қоңырау соғылуы рахаттан айырғандай әсер етеді.» Шешендік өнерін меңгерген мұғалімге арналған пікір осындай.

 

Академиялық қабілеттер

 

        Бұл қабілеттілікті  тиісті беретін пәніңді, дәлірек  айтқанда, ғылым саласын толық  игеру деп ұғынамыз. Айталық, әдебиет  мұғалімнің  әдеби  дарындылығы,  шығармашылыққа бейімділігі қажет  болса, математиктің  математикалық  қабілеті, ал еңбек сабағы мен физика мұғалімінің конструкторлық-техникалық қабілеті болса, ондай мұғалімдердің өткізген сабағы балаларға әсерлі болады, қызығуы күшейеді. Өз мамандығы саласына бейімді мұғалім, азда болса творчествалық инициативамен, көп нәрсені өзі де жасай алатын болса, оқушылардың  сүйіспеншілігіне бөленеді және еліктеуге тұрады.

    Академиялық  қабілеттілікке  мұғалімнің эрудиясы, оның білімінің  қазынасы, ақыл-ойының  кеңдігі де  кіреді.  Мұндай мұғалім өзінің  пәнін өте  кеңірек және  тереңірек біледі, материалды еркін меңгереді, ғылым жаңалықтарын үнемі қадағалап отырады. Ол басқа мұғалімдердің тәжірибелерін зерттейді, олардан бағалыларын алады, әрине басқаның жұмысын соқыр сезімдікпен көшіре салмайды. Басқаның тәжірибесі қанша жақсы болғанымен, оның жағдайы басқа, оқушылардың ерекшеліктері бөлек және мұғалімнің өзі де оған ұқсас емес екенін ескерген жөн.

   Мұғалім – мәңгі оқушы,  ол оқуын оқуын тастаса, мұғалім  болуын  тоқтайтындығы деп түсіну  керек. «А,А нағыз профессор!  Біз көбінесе ойлаймыз – оның  өзінің саласынан білмейтіні бар ма екен сірә?» - академиялық қабілетті  ұстазға арналған ой-пікір осындай болады.

 

 

Ұйымдастыру – коммуникативтік  қабілеттер

 

         Ұйымдастырушылық  қабілеттер. Олар екі жағдайда  көрінеді. Біріншіден, сабақта  оқушылар  ұжымын ұйымдастыру, оны топтастыру, олардың ақылға сиымды инициативасы мен өздігінен істей алуына мүмкіндік бере отырып, маңызды міндеттерді шешуге жұмылдыру қабілеті. Екіншіден, сабақта өз жұмысын дұрыс ұйымдастыра алу қабілеті. Мұнда ұқыптылықты, дәлдікті, жұмыс түрлерін жоспарлай алуды және өзін-өзі бақылай алуды көздейді. Тәжірибелі мұғалімдерде уақытты дәл сезе білу қасиеті бар, оларда  жұмысты уақытына қарай бөле алу, белгіленген мерзімге үлгеру қанына сіңіскен сияқты. «Біз Н.С.Жақсы көреміз. Ол сыныпты жұмысқа жұмылдыруды шебер ұйымдастырады, оның дәлдігі, ұқыптылығы және іскерлігі бізді таңдандырады». «С.А. бізді ашындырады, бір істі де ақырына дейін апармайды, ал көп нәрсені істегісі келеді.» Екі пікір, біріншісі – шеберге, екіншісі – ұқыпсызға арналған.

 

Коммуникативтік қабілет яғни қарым-қатынас  жасау қабілеті

 

     Бұл – жас ерекшеліктері  мен жеке психикалық қасиеттерін  ескере отырып, барлық оқушылармен,  ұжыммен, жеке оқушылармен дұрыс  қарым-қатынас жасау қабілеті. Бұл  жерде екі мәселені ескерген  жөн. Оқушыларды үнемі төмендету, шектету тұрғыда ұстамау, мұғалімдік биік дәреженің айырмашылығын бетке ұстап, олардан қашқақтамау керек. Бұл бір. Екіншісі, оқушылармен тым қоян-қолтық араласып, өзінің және оқушының арасындағы шек қоюшылықты жоққа шығаруға тағы болмайды.

 

Педагогикалық байқағыштық

      Бұл – оқушының, тәрбиеленушінің ішкі дүниесіне  үңіле білу, баланың кім екендігіне  бойлай білу және оның сол  сәттегі психикалық жағдайына  ене білу қабілеті.

     Шебер мұғалім, жақсы  тәрбиеші сәл ғана өзгерісінен, сырт пішінінің азда болса толқуынан баланың ішкі сарайын біле қояды және бұл өзгерістердің неден екенін дұрыс түсінеді. Мұндай мұғалім сылтаушылардың зейінін шын мәніндегі зейінділіктен жеңіл айыра алады.

   Жаңа материалды түсіндіру  кезінде әр түрлі белгілері бойынша (сабақтағы мінезі, бет пішіні, мимикасы, т.б.) әр түрлі оқушының материалдың мазмұнын қалай меңгере алғанын, түсіндірген материалды қалай түсінгенін дәл ажырата  алады және қажеттігіне қарай тиісті шара қолданады. «Қарамай-ақ бәрін көреді. Е.П. Баланың сабақ оқымағанын не көңіл-күйінің өзгеруін көзінен таниды». «Сабақта әркім өз дегенін істейді, мұғалімнің ешкімде жұмысы жоқ». Екі пікір – бірі – бақылампаз серген ұстаз туралы, екіншісі – бейқам ұстаз туралы айтылған.

 

Суггестивтік қабілет

 

      Латыншадан аударғанда – сендіруге ұйытуға негізделген қабілет. Бұл оқушыларға эмоциянальдық – ерік әсер ету қабілеті, талап қоя білу және оның орындалуына қол жеткізу қабілеті. Суггестивтік қабілет ерік дамуына өзіне терең сенімділікке, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жауапкершілікті сезінуге, мұғалімнің өзінің дұрыстығына көзін жеткізе алатындығына байланысты. Талап ете алу және оған жету қабілеті туралы сөз болғанда оған дөрекілік, зорлау және қорқыту жолымен емес, педагогикалық шеберлік, сенімге ие болу арқылы жетуді айтамыз.

    Мұғалімнің орынсыз жұмсақтық,  жалған сенімділік, босандық, ынжық  принципсіздік, кешірім жасау  қасиеттері педагогикалық жұмыста  табысқа жеткізбейді. Мұғалім  оқушыларға жалыну-жалбарыну тонмен  сөйлеп, өзін істің қожасы ретінде сезіне алмаушылық көрсетсе, оқушылар оны басынады және оның төбесіне шығады. Оның қасиеті тамаша – айқай-шусыз істесе алады. «Біз оны қаталдығы мен талап қойғыштығын, әділеттілікпен ұштастыратыны үшін жақсы көреміз» Ол әрқашанда қарапайым, кішіпейіл, бірақ еріксіз тыңдайсың, сондай сендіреді, әділ талап етеді. Н.С. бізге әсері күшті. Ол үнемі талап ете бермейді, ал талап еткенде тыпырлай алмайсың құтылатын жер таппайсың». «И.М. былжыр өзі айтқанын өзі түсінбейді, эмоциясы жарқын емес, ойы да анық емес. Қойған талабын ұмытып кетеді». Екі түрлі пікір. Біріншісі – талап ұқойғыш, әділ, ұстанымы нық ұстаз. Екіншісі – талабы әлсіз, ұстанымы тұрақсыз кісі.

Информация о работе Мұғалім психологиясы. Мұғалім деонтологиясы