Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 07:17, реферат
Жүйке жүйесі тірі ағзаның тіршілігін және негігі қасиеті – тітіркенгіштікті қамтамасыз етіп, адамды сыртқы, ішкі ортамен байланыстырады. Анатомиялық тұрғыдан жүйке жүйесі орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне бас миы мен жұлын, ал шеткіге – шеткі жүйкелердің түйіндері олардан шыққан талшықтар, талшықтардың терминальды ұштары жатады.
Жүйке жүйесінің морфологиялық субстраты болып табылатын рефлекторлы доға. Рефлекторлы доғаның құрамында көптеген функциональды маңызды әртүрлі нейрондар тізбегі бар. Бұл нейрондардың денесі жүйке жүйесінің шеткі түйіндері мен орталық бөлігіндегі сұр затында орналасады.
Торлы құрылымның физиoлoгиялық мaңызы
электрофизиологиялық әдiспeн анықтaлды.
Торлы құрылымның жұлынның қызметiн
күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай
бағытталған әсері; ортаңғы мидың
торлы құрылымымен бiрге мидың
басқа бөлiмдерiнiң қызметiн
Сопақша мидың торлы құрылымын
электр тогымен тітіркендіргенде көптеген
жұлын рефлекстерiнiң тежелгенi байқалған.
Торлы құрылымды
Торлы құрылым тыныс еттерiн, жұлынның симпатиқалық орталықтарын және тыныс алу мен вазомоторлық жауаптарды реттейтiн мотонейрондарды қоздырады және тежейдi. Айтылғандардың барлығы торлы құрылымның төмен бағытталған әcepiнің болатындығын көрсетеді.
Торлы құрылым ми қыртысына, яғни жоғарыға қарай бағытталған белсендiру әсерін ми бағанасының және таламустың белсендiрушi жүйесiне бөледі. Ми бағанасындағы жүйе жинақталған белсендiліктi тудырады, ал таламустық жүйе жергіліктi әсер eтeдi. Торлы құрылым ми қыртысына белсендіруші әсер етеді.
Ми қыртысы өз тарапынан торлы құрылымға әсер етеді. Торлы құрылымның нейрондарына әсер ету арқылы ми қыртысы олардың сезiмталдығын өзгертедi, яғни ми қыртысы торлы құрылымның қызметiн реттейдi және бағыттайды.
Торлы құрылым гипоталамуспен және
лимбиялық жүйемен тығыз қарым-
Торлы құрылым тітіркендіргішке баяу жауап қайтарады, бiрақ қозуы ұзаққа созылады. Ол бұлшық еттердiң ширығуын жеңiлдетедi немесе тежейдi. Ортаңғы ми мен аралық мидағы торлы құрылым жануардың рефлекторлы қимылын жеңiлдетедi.
Варолий көпiрiнiң және орта мидың торлы құрылымының бүйiр бөлiмдерi қимыл рефлекстерiн жеңiлдетiп, сопақша мидағы оның ортаңғы бөлiмдерi оны тежейдi. Жеңiлдету және тежеу торлы құрылымдағы тiтiркенiстiң жиiлігiне байланысты болады. Ол, сонымен қатар, жұлынның жоғары қарай импульстердi өткізетiн жолдарының қозғыштығын езгертедi.
Торлы құрылымның организмнің ұйқы-cepгектiк, эмоция және стрес күйлерінің көрініс беруіне қатысы бар.
Торлы құрылымды тiтiркендiргенде жануар оянады да, зақымдағанда ұйқыда болады.
Симпатикалық нерв арқылы торлы құрылым бұлшық еттердiң қызметiне, нерв жүйесiне, сезiм және iшкі мүшелерге, iшкі секрециялық бездерге, олардағы гормондар мен медиаторлардың мөлшерiне әсер етедi.
Ортаңғы ми мен Варолий көпірінiң
торлы құрылымының
Мишық үш бөлімнен тұрады: мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлімнен және мишықтың екі жарты шарларынан. Мишықтың бетінде толып жатқан иректер болады. Сондықтан ол өте үлкен болып келеді және сұр заттан немесе қыртыстан тұрады. Қыртыста үш қабат бар беткі немесе молекулалық, аралық немесе Пуркиньежасушаларының қабаты; терең я дәнді қабат
Мишық барлық қозғалу актыларының орындалуына қатысады: оған өзгерістер енгізеді, сөйтіп әрбір жеке қимылдардың нақты дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Мишық – тонустық рефлекстердің жоғары дєрежелі реттеушісі болып табылады. Сонымен қатар, мишық тыныс алуды, жүректің жиырылуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.
Адамда мишықтың қызметі бұзылса қозғалу қызметінің реті бұзылады, теңдік жоғалады. Мишықты толығымен алып тастағанда атония байқалады – еттер тонусын жоғалтады. Астазия туады – бір орында басын, денесін теңселтпей тұра алмайды. Дизметрия – еттің жиырылуы күші мен орындалатын қызметтің арасында сәйкестік жоғалады.
Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Аралық ми төмпешіктен - таламус және төмпешік асты аймақтан – гипоталамустан тұрады.
Төмпешіктің құрамына шығу тегі және функционалдық жағынан өзгеше бірнеше ядролар кіреді. Төмпешік ми қыртысымен екі жақты байланыста болады. Ядроларда барлық эфференттік жұйелерден үлкен жарты шарлар қыртысына баратын өткізгіш жолдардың ақырғы звеносының нейрондары орналасады. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары (иіс сезуден басқа) өтеді. Бірақ, оны жай ғана өткізгіш қақпа ретінде қарастыруға болмайды. Таламуста импульстер өзгеріп, жаңа, түрлі комбинацияға түседі. Таламус төменгі түйсік пен эмоцияны жасауға қатысады.
Төмпешік астындағы аймақта-
Гипоталамус ортаңғы мидан өсіп жетілген. Гипоталамус жоғары дәрежелі вегетативтік орталық болып саналады. Мұнда зат алмасуын, жылу түзілуді, жылу беруді, тер бөлуді, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Сонмен қатар, гипоталамуста нейросекреттер түзіліп, гипофиз безінде белсендіріледі. Гипоталамус ішкі секреция қызметін реттеуге қатысады. Ол адамның ұйқысы мен сергектігін реттеуге де қатысады.
Қыртыс асты (базальдық) ядролар. Ми сыңарларының ақ заттарының ішінде орналасқан сұр заттың жиынтығы жатыр. Оған кіретіндер құйрықты, бұршақ тәрізді, миндаль тәрізді ядролар және қоршау.
Бұршақ тәрізді ядро ақ заттың қабаты арқылы мүшелерге бөлінеді. 1. Сыртқы мүше немесе қабық. 2. Екі ішкі мүше, немесе түссіз шар. Қыртысасты ядроларының негізгі топтарын екі жүйеге бөледі: 1. Түссіз шар ядроларының группасы ертедегі жолақ денені, немесе паллидумды құрады. 2. Қабық пен құйрықты ядро жаңа денені немесе стриатумды құрайды.
Қыртыс асты ядролар ми сыңарларының қыртысына бағынады.
Стриатум төмпешіктерден және үлкен жарты шарлар қыртысынан талшықтар алады. Төмпешіктер арқылы стриатум организмнің барлық афференттік жүйелерімен байланысады. Стрнатум паллидумға да талшықтар береді.
Кейбір мәліметтерге қарағанда паллидум тікелей үлкен жарты шарлар қыртысынан да талшықтар алады. Оған сонымен қатар төмпешікасты ядроларының кейбіреулерінен және тор тәрізді туындылардан талшықтар келеді. Ал эфференттік талшықтар паллидумнан ортаңғы мидың тор тәрізді туындыларына, субталамикалык ядроға, төмпешікке тағы да басқа кетеді.
Рефлекторлық қимыл актысы орындалу үрдісінде үлкен жарты шарлар қыртысынан импульстер негізінен 3 түрлі төмен кететін жолдар арқылы шығады: пирамидалық жол, мишыққа баратын жол және стриатум арқылы өтетін жол. Қыртыс асты ядролар түрлі қимыл актыларына түзетулер енгізеді, сөйтіп олардың орындалуын жеңілдетеді. Адамда қыртысасты ядроларының функциясы бұзылған кезде, қосымша қимылдар не шамадан тыс артық болып кетеді, не олар толығымен жоқ болады. Мысалы, мимика(бет қимылы) толық жоғалып, бет маска тәрізді болып қалуы мүмкін. Кейбір басқа ауруларда керісінше құбылыстарды байқауға болады: бет қимылдары шамадан тыс артық болады, әрбір қимыл актысы керексіз қосымша қимылдарды тудырады.
Керекті қосымша қимылдар адамның денесін кеңістікте ұстауында үлкен мєні бар. Мысалы, доп ұстаудағы адамның қалпы. Мұндай қосымша қимылдарды миостатика деп атайды. Түссіз ядро көру төмпешігінен орталыққа тепкіш импульстер қабылдап, қызыл ядроға орталықтан тепкіш импульстер береді. Сондықтан қызыл ядро тудыратын ет тонусын тежей алады.
Түссіз ядрода туған қозу аса күшейіп кетсе атетоз (қол мен саусақтардың дамылсыз қозғалысы), хорея (бүкіл дененің еріксіз қозғалысы) байқалады. Қыртыс асты ядролары мен төмпешік астындағы аудан организм функцияларын реттеп отыратын жалғыз ғана орталықтар емес. Үлкен жарты шарлар қыртысын айтпағанның өзінде, орталық нерв жүйесінің басқа да толып жатқан бөлімдері арасындағы өзара әсерлерсіз, үйлесімділіксіз, байланыссыз ешқандай қимыл актысы, зат алмасу үрдістерінің көріністері қалыпты жағдайда орындала алмайды.
Лимбиялық жүйе деп үлкен ми сыңарларының медиобазальдық бөлігінде орналасқан нервтік құрылымдар мен олардың байланыстарын айтады. Бұл жүйенің құрылымдары ми бағанын көмкеріп жатады. Лимбиялық жүйенің орталық звеноларына миндаль тәрізді кешен, гиппокамп, белдеуше ирек жатады.
Лимбиалық жүйе құрамына кіретін құрылымдар организм әрекетінің аса күрделі формаларын (қоректік, сексуальдық іс-әрекеттерді, түр сақтау үрдістерін, ұйқыны және ояу күйді, есті, зейінді, эмоциялық күйлерді тағы да басқа) реттеуге қатысады да, тұтас соматовегатативтік интеграцияны жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. К.Прибрам мен Л. Крюгер (1954) үш түрлі функциональдық жүйені ажыратады 1. Иіс сезу (иіс сезу пиязшығы мен төрт төбешік, диагональ шоғыр, миндалинаның қыртыс — медиальды ядролары); 2. Метаболизм үрдістері мен эмоциялық реакцияларды қамтамасыз ететіндер (қалқа, миндалинаның базолатеральдық ядролары, маңдай — самай қыртысы, базальдық қыртыс); 3. Эмоциялық реакцияларға қатысатындар (гиппокамп, энторинальдық қыртыс, белдеуше ирек).
Бас миы. Бас миының ақ жіне сұр затының орналасу реті жұлынмен салыстырғанда күрделі. Сұр затының көп бөлігі үлкен ми сыңары мен мишықтың сыртын қоршап бас миының қыртысын түзсе, ал біраз бөлігі бас миы мен ми бағанасындағы көптеген ядроларды түзеді.
Мишық – ағзада тепе-теңдік сақтау және қимыл-қозғалыс орталығы. Мишықтан шыққан үш жұп аяқшалары құрамындағы афферентті және эфферентті жолдары арқылы ми бағанасымен байланысады.
Үлкен ми қыртысының цитоархитектоникасы. Үлкен ми қыртысындағы мультиполярлы нейрондардың түрлері сан алуан. Бұлар: пирамидалы, жұлдыз тәрізді, жіпше пішіндес, өрмекші тәріздес және горизонтальды болып жіктеледі. Пирамида тәріздес нейрондар үлкен ми қыртысының ең негізгі және ең көп кездесетін арнайы қызмет атқаратын нейрондар тобы. Мөлшері әр түрлі, 10-40 мкм шамасында, денесі үшбұрышты, жоғарғы ұшы ми қыртысының үстіңгі бетіне бағытталған.
Ми қыртысының қозғалтқыш аймағында 6 түрлі қабаты болады: 1. молекулярлы, 2. сыртқы дәнді, 3. пирамидальды, 4. ішкі дәнді, 5. ганглионарлы, 6. полиморфты нейрондар қабаты.
Эмбриональды даму кезеңінде ең алдымен 5, 6-қабаттар, содан кейін 2, 3, 4-қабаттары дамиды.
Молекулярлы қабаттың құрамында жіпше тәріздес аздаған ғана майда ассоциативті нейрондар болады. Бұлардан тараған аксондар, мидың бетіне параллель орналасқан тангенциальды жүйке талшықтарын түзеді. Сыртқы дәнді қабатта майда диаметрі 10 мкм, пішіні дөңгелек, жұлдыз пішіндес, пирамида тәріздес болып келген нейрондар бар. Бұлардан дендриттері жоғарғы молекулярлы қабатқа өтсе, ал аксондары мидың ақ затына не молекулярлы қабаттың тангенциальды жүйке талшықтарына да өтеді.
Үлкен ми қыртысының ең қалың қабаты пирамидалы нейрондар қабаты. Нейрондардың мөлшері 10-40 мкм болып келген, пирамиданың жоғарғы ұшынан негізгі дендриті шығып, мидың молекулярлы қабатына өтеді. Ал нейрондардың бүйір бөлігінен тараған басқа дендриттері осы қабаттың өзінде синапстар түзеді.
Ішкі дәнді қабат. Құрамында өте майда дән тәрізді, жұлдыз пішіндес нейрондары бар, көптеген горизонтальды талшықтар түзетін қабат.
Жүйке жүйесінің жасқа байланысты ерекшелігі. Орталық жүйке жүйесінің алғашқы постнатальды онтогенездегі өзгерістері жүйенің дамып, пісіп-жетілуіне байланысты. Жаңа туылған балада қыртысты нейрондарының ядросымен цитоплазмасының қатынасы өте жоғары. Әсіресе 3-айлық нәрестеде үлкен ми қыртысының 3 және 4 қабаттарындағы пирамидальды нейрондарының көлемі тез өседі.
Баланың бір жаснан үш
жас аралығында ең негізгі
пирамидалы және жұлдыз
Баланың 9-10 жас аралығында
әр түрлі кортикоаксональды
Ересек адамдардың бас
ми қыртысындағы нейрондардың
саны жаңа туған баланың
Жүйке жүйесінің адамның егде тартқан шақтағы өзгерісі негізінен мидағы қан тамырларының склеротикалық өзгерістерімен тығыз байланысты. Бұл кезеңде мидың жұмсақ және қан тамырлы қабықтары қалыңдап, известелінеді. Бас миының маңдай және төбе бөліктерінде атрофиялық өзгерістер байқалады. Нейрондардың саны азаяды, көлемі кішірейіп, базофильды заты жойылады, ядросы тығыздалып, пішіні өзгереді. Ми қыртысының құрамында тез өзгеріске ұшырайтын 5 қабаттағы пирамидалы нейрондар мен мишықтағы алмұрт пішіндес ганглионарлы нейрондар. Жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктеріндегі нейрондардың құрамында липофусцин пигментінің түйіршіктері де пайда болады.