Психологическая диагностика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 13:50, реферат

Описание

6.1.2. «Отбасылық социограмма» тесті.
6.1.3.Телімелі суретті тесті «Отбасының кинетикалық суреті»
6.2. Балаларға әлеуметтік – психологиялық зерттеуді жүргізу негіздері.
7.6. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

Работа состоит из  1 файл

6.docx

— 138.01 Кб (Скачать документ)

6.1.2. «Отбасылық  социограмма» тесті. 
 
«Отбасылық социограмма» тесті телімелі тесттердің қатарына жатады. Оның авторлары Э.Г.Эйдемиллер және О.В.Черемисин болды. Ол субъектінің тұлғааралық қатынастағы орнын анықтауға, отбасындағы коммуникация сипатын - тікелей немесе аралық , анықтауға мүмкіндік береді. 
 
Әдістеменің мазмұны. Сыналушыларға диаметрі 110 мм. болатын шеңбер салынған бланк парағы беріледі. Содан соң нұсқау беріледі: «Парақ бетінде шеңбер салынған оның ішіне өзіңізді және отбасы мүшелерін дөңгелектер үлгісінде бейнелеңіз де, аттарын жазып қойыңыз». Отбасы мүшелері бұл тапсырманы бір – бірімен кеңеспестен орындайды.  
 
Нәтижелерді талдау. Авторлар ұсынған критерийлер бойынша тестілеудің бағалауы жүргізіледі: 

  1.  
    Шеңбер аймағына енген отбасы мүшелерінің саны;
  2.  
    Дөңгелектердің көлемі;
  3.  
    Дөңгелектердің орналасу қатынасы;
  4.  
    Арасындағы қашықтық;

 
Бірінші критерий нәтижелері бойынша, зерттеуші сыналушының бейнелеген отбасы мүшелерінің санын шынайы санымен салыстырады. Мүмкін, бұл  сыналушының қақтығысты қатынастағы  отбасы мүшесі болуы мүмкін, ол үлкен  шеңберге кірмей қалады, «ұмытылып» кетеді. Осы арада басқа бір жануар, зат немесе адам отбасы мүшесі ретінде  бейнеленеді.  
 
Содан соң біз дөңгелектердің көлеміне назар аударамыз (2-ші критерий бойынша). «Мен» дөңгелегі басқаларға қарағанда үлкен болса, жоғары немесе жеткілікті деңгейдегі өзіндік баға, ал көлемі кішкентай болса, өзіндік бағаның төмен деңгейінің белгісі. Басқа отбасы мүшелерінің көлемі сыналушы көзқарасымен олардың мәнділігін білдіреді.  
 
Келесі кезекте дөңгелектер шеңбердің шекарасына қатысты және бір – біріне қатысты орналасуына назар аудару қажет (3-ші критерий). Сыналушының өз дөңгелегін шеңбер ортасына орналастыруы тұлғаның эгоцентрикалық бағыттылығын білдіреді, ал өзін басқа отбасы мүшелерінен төмен немесе шет жағында бейнелеуі эмоциялық шеттелуді уайымдауына сілтейді.  
 
Неғұрлым маңызды отбасы мүшелері үлкен дөңгелектер бейнесімен шеңбердің жоғарғы аймағында немесе орталық бөлігінде бейнеленеді.  
 
Төртінші критерий бойынша дөңгелектер арасындағы арақашықтықты талдау арқылы да көп мәлімет алуға болады. Бір дөңгелектің басқалардан қашықтау орналасуы отбасында қақтығыстық қатынастарды, сыналушының эмоциялық шеттетілуін сипаттайды. Дөңгелектердің бір-бірімен қиылысуы «Мен» құрылымының дараланбағанын, симбиотикалық байланысты білдіреді. 
 
«Отбасылық социограмма» тестін қолдану аз уақытта, «қазір және осы жерде» отбасындағы қарым-қатынас туралы түсініктерді байқауға болады. 
 
Бұл әдістемені жүргізудің әртүрлі нұсқалары бар. Мысалға, И.М. Никольская отбасылық диагностика барысында сыналушыға отбасылық социограмманың бірнеше нұсқасын салуды ұсынады:  
 
1. Стандартты социограмма, онда сыналушының өзі және отбасы мүшелері бейнеленген. 
 
2. нақты отбасы мүшелері бейнеленбеген немесе отбасына қатысы жоқ адамдар және объектілердің бейнеленуі көрінген социограммалар. 
 
3. отбасы өмірінің әртүрлі кезеңдеріне қатысты социограммалар. 
 
Бұл әртүрлі отбасы құрамындағы шынайы қарым – қатынас жүйесінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Алынған социограммаларды салыстыру және біріктіре отырып талдау психолог пен отбасы мүшелеріне мәселені жан – жақтан көруге мүмкіндік береді, оның нәтижесінде нақты диагноз қоюға және қиын жағдайдан тиімді түрде жол табуға ықпал етеді. 
 
 
6.1.3.Телімелі суретті тесті «Отбасының кинетикалық суреті»  
 
Телімелі тест зерттеленетін баланың оқиғаны субъективті қабылдауы туралы мол ақпарат береді. Ол баланың отбасы мүшелеріне қатынасын, сурет салушыны үрейлендіретін отбасылық қарым-қатынастарды, өзінің отбасындағы орнын қалай қабылдайтынын айқындайды. 
 
Бұл телімелі тесті қолданған кезде ескеру қажет: әр сурет баланың отбасын қабылдауы ғана емес, оның қарым-қатынастарды талдауға, қайта ойлануға көмектесетін творчестволық жұмыстың нәтижесі. Бұл мағынанда отбасы суреті қазіргі кездегі отбасы түрін емес, болашақтағы қатынасын көрсетеді. 
 
Телімелі тест 2 бөліктен тұрады: отбасы суретін салу және суретті салып болғаннан кейін әңгімелесу. Тесті орындау үшін балаға бір парақ қағаз, қалам және өшіргіш таратылуы қажет. 
 
^ Отбасы кинетикалық суретінің симптомокомплексы 

 
Симптомокомплекс

 
Симптом

 
Бал

 
1. Қолайлы отбасылық жағдай

 
1. Отбасы мүшелерінің жалпы іс-әрекеттері 
 
2. Суретте балалардың көптігі 
 
3. Отбасы мүшелерінің барлығының бейнеленуі 
 
4. Бөлектенген отбасы мүшесінің болмауы 
 
5. Штрихтардың болмауы 
 
6. Сызықтың жақсы сапасы 
 
7. Дұшпандылық көрсеткіштерінің болмауы 
 
8. Парақта адамдардың теңбе-тең қойылуы 
 
9. Басқа да мүмкін болатын белгілер

 
0,2 
 
0,1 
 
 
0,2 
 
0,2 
 
0,1 
 
0,1 
 
 
0,2 
 
0,1 
 
-

 
2. Үрей

 
1. Штрихтау 
 
2. Негізгі сызық – еден 
 
3. Сурет үстінде сызық болуы 
 
4.Сызықтың қатты сызылуы 
 
5. Өшірілуі 
 
6. Бөлшектерге назардың көп бөлінуі 
 
7. Заттардың көп болуы 
 
8. Екулік және үзілмелі сызықтар 
 
9. Бөлек заттардың астын сызуы 
 
10. Басқа да мүмкін болатын белгілер

 
0,1; 2,3 
 
0,1 
 
0,1 
 
0,1 
 
0,1; 2 
 
0,1 
 
0,1 
 
0,1 
 
0,1 
 
0,1

 
3. Жанжалдық

 
1. Тұлғалар арасындағы тосқауыл 
 
2. Жеке тұлғаларды өшіру 
 
3. Кейбір денелерде негізгі мүшелерінің болмауы 
 
4. Жеке тұлғаларды бөлу 
 
5. Жеке тұлғаларды оқшалау 
 
6. Жеке тұлғалардың қолайсыз үлкендігі 
 
7.Суреттік вербалды сейкессіз бейнесі 
 
8. Заттардың көптігі 
 
9. Отбасы мүшелерінің кейбіреулерінің жоқтығы 
 
10. Арқасымен тұрған отбасы мүшесі 
 
11. Басқа да мүмкін болатын белгілер

 
0,2 
 
0,1; 2 
 
 
0,2 
 
0,2 
 
0,2 
 
0,2 
 
0,1 
 
0,1 
 
 
0,2 
 
0,1 
 
-

 
4. Өзін толықтырылмаған сезіну

 
1. Сурет авторы басқаларға қарағанда  өте кішкентай 
 
2. Денелердің парақтың төменгі жағында орналасуы 
 
3. Сызық әлсіз, үзілмелі 
 
4. Өзін басқалардан бөлек салу 
 
5. Тұлғалардың кіші болғаны 
 
6. Басқа тұлғаларға қарағанда өзін әрекетсіз етіп салу 
 
7. Өзінің жоқтығы 
 
8. Өзі артқа қарап отырғанын салу 
 
9. Басқа да мүмкін болатын белгілер

 
 
 
0,2 
 
 
0,2 
 
0,1 
 
0,1 
 
0,1 
 
 
0,1 
 
0,2 
 
0,1 
 
-

 
5. Отбасылық жағдайда дұшпандылығы

 
1. Бір тұлға басқа парақта немесе  парақтың екінші жағында 
 
2. Тұлғаның басқыншылық қалыпы 
 
3. Сызылып тасталынған тұлға 
 
4. Түрі өзгерген тұлға 
 
5. Теріс профилі 
 
6. Қолдары екі жақта орналасқан 
 
7. Саусақтары ұзын, сызылған 
 
8. Басқа да мүмкін болатын белгілер

 
 
 
0,2 
 
0,1 
 
0,2 
 
0,2 
 
0,1 
 
0,1 
 
0,1 
 
-


 
 
Зерттелушіге нұсқау: «Отбасыңның  суретін сал, отбасыңның әрбір мүшесі бір нәрсемен айналысқан болсын». Қалған нақты сұрақтарға ешқандай нұсқауларсыз жауап берген жөн. Мысалы: «Салуыңа болады, өзіңе қалай ұнаса, қалай  салғың келсе». 
 
Сурет салу кезінде баланың айтқан әр бір сөзін жазып отыру керек, оның мимикасын, қолдарының қимылын және сурет салу ретін жазып отыру керек. 
 
Сурет салынып біткеннен кейін, баламен келесі жүйе бойынша әңгімелесу өажет: 

  •  
    Суретте кім салынған және отбасының әр мүшесі не істеп тұр
  •  
    Отбасы мүшелері қай жерде оқиды немесе жұмыс істейді
  •  
    Үйде тұрмыстық міндеттер қалай таратылады
  •  
    Баланың отбасының әр мүшесімен қарым-қатынасы қандай

 
ЖКС интерпретациясы кезінде келесі көріністерге назар аударылуы керек:  

  •  
    отбасы суретінің құрылымын талдау;
  •  
    отбасы мүшелерін жеке сурет ерекшелігін талдау;
  •  
    сурет салу процесін талдау.

 
Отбасы суретінің интерпретациясының әрбір көрінісін толық талдайық. 

  1.  
    Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол жанжалдық қатынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды. Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара қарым қатынасын көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп қызмет істеуі олардың жағымды қарым-қатынаста екендігін көрсетеді. Кейде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп қызмет істейтіні бейнеленеді. Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін көрсетеді.

 
Отбасының суретін салған кезде, кейбір балалар өзін парақтың астыңғы жағында  бейнелейдң. Бұл балада бір жетіспеушіліктің барын көрсетеді. 
 
Кейбір суреттерде адамдар емесе заттар, көп жағдайда жиһаз суреттері басым болады. Бұлда баланың отбасы жағдайымен мазасыз екендігін көрсетеді. 

  1.  
    Бала суретте ең алдымен өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бейнелейді. Егерде бала біреуді ұнатпайтын болса, оны суретте толықтырмай, кейде негізгі дене мүшелерін салмай бейнелейді.

 
Егер бала қатынасы жанжал немесе үрейлі болатын болса, ол суретте қарым-қатынасы дамымаған отбасы мүшесін штрихтап салады. Ұқсас жағдайларда өшіру  және қайта салуды аңғаруға болады. 
 
Сурет салудың бірнеше түрін байқауға болады, ол жасы кіші балаларда ерекше байқалады, бір стильде әкесі мен ағасы, екінші стильде анасы мен әпкесі бейнеленеді. Әсіресе шаш пен киім бейнеленуі ерекшеленеді. Баланың өзінің бецйнесін салу, өзін кімге теңейтіні көрінеді және ол баланың жынысына теңбе-тең. 

  1.  
    Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық қарым-қатынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін де көрсетеді. Мектеп оқушылары мен жеткіншектер сурет сала алмайтындығын айтса, оны түсінуге болады. Психолог балаға түсіндіруі тиіс, бұл тапсырмада суретті әдемі салу мақсат емес, отбасы мүшелерінің қызметін ойлап табу мақсат.

 
Көптеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу, бұл баланың өзіне  өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек  қажеттілігін көрсетеді. 
 
Бала өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бірінші салады. Бір тұлғаны салар алдында біраз үзіліс те болады. Кейбір жағдайларда бұл баланың ол отбасы мүшесіне негативті қатынасын білдіруі мүмкін. Түсінік берген кезде баланың отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы айтылуы мүмкін, бірақ тестті орындау кезде психолог баламен әңгімелеспеуі жөн. 
 
ЖКС үшін сандық мағалар жүйесі құрастырылған. 5 симптомдар айқындалады:  
1) қолайлы отбасылық жағдай; 2) үрейлік; 3) жанжалдық; 4) өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) отбасы жағдайындағы дұшпандық.  
 
Балдар сомасы қаншалықты көп болса, соншалықты белгінің айқын болғаны. Белгінің айқындалуы 0 ден 3 ке дейін мағаланады. Алынған нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады.  
 
^ ЖКС нәтижелер бағаларын тіркеу бланкісі 
 
Баланың аты-жөні_________________________________________ 
 
Туылған күні______________________________________________ 
 
Зерттеу мерзімі____________________________________________ 
 
Симптомокомплекстің балдар сомасы

 
қолайлы отбасылық жағдай

 
үрейлік

 
Жанжалдық

 
өзін  толықты-ылағанын 
 
сезіну

 
отбасы  жағдайындағы дұшпандық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 
^ 6.2. Балаларға әлеуметтік – психологиялық зерттеуді жүргізу негіздері. 
 
 
Балаға зерттеу жүргізу барысында келесі аспектілер бойынша мәлімет жинау керек: 

    •  
      өмір сүру шарттары:
    •  
      отбасылық және әлеуметтік байланыстар;
    •  
      дене және психикалық саулық ;
    •  
      бала тұлғасының ерекшеліктері, мінез – құлық қасиеттері;
    •  
      оқу іс - әрекетінің ерекшеліктері (оқуға қатынасы және оқудағы жетістіктері )
    •  
      ересектер мен құрдастарымен қарым – қатынас ерекшеліктері;
    •  
      өзі - өзіне қызмет көрсету дағдыларының деңгейлері;

 
Әлеуметтік – психологиялық зерттеу  нәтижелері бойынша балалардың жекелік  және  
 
мінез – құлықтық ерекшеліктері анықталады. 
 
 
Баланың өзіндік санасы құрылымының ерекшеліктері:  

    •  
      өз қасиеттері, қабілеттері және мүмкіндіктері жайлы түсініктері;
    •  
      өзіндік баға деңгейі;
    •  
      жыныстық – рольдік идентификация;

 
 
Эмоциялық даму ерекшеліктері: 

    •  
      сезімдері мен уайымдарын сөзбен сипаттай білу іскерлігі;
    •  
      эмпатияға қабілеті;
    •  
      әлеуметтік эмоциялардың қалыптасуы;
    •  
      қобалжу деңгейі;
    •  
      агрессия деңгейі(сөздік және дене агрессиясы);
    •  
      қызбалылық деңгейі;

 
 
Қарым – қатынас  ортасының ерекшеліктері: 

    •  
      коммуникативті хабардарлық деңгейі;
    •  
      өз іс - әрекетін отбасы мүшелерінің іс - әрекетімен сәйкестендіре білу;
    •  
      қақтығыстық жағдайларды шешуге дағдылардың болуы;
    •  
      отбасы жүйесіне бағыттала білу;

 
 
Бала қажеттіліктері: 

    •  
      базалық физиологиялық қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейі;
    •  
      әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейі(сүйіспеншілікте,достықта,адамдармен қарым - қатынасында);
    •  
      өзін - өзі жетілдіру қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы деңгейі(өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту).

 
 
^ 6.2.1 Көркем сурет әдістемесі 
 
Бұл әдістеме сезімдік ерекшеліктерді айқындауға бағытталған. Баланың қолданатын түстер гаммасы оның сезімдік күйі жөнінде көп нәрсені айтып бере алады. Түстік қалауларды айқындау, көпке мәлім Люшер тестіне негізделген. «Көркем сурет» тесті арнайы құралдарды қажет етпейді. Бұл тест бастауыш мектеп оқушыларына арналған, өйткені оларға белгілі және табиғи бейнелеу қызметінде негізделген. Тестті орындау үшін бір парақ қағаз (баланың алдына қойылады) және түрлі-түсті қаламдар(он екі қаламнан аз болмасын, 24 түстен тұратын қаламдар жиынын қолданған өте жақсы) қажет.Түрлі түсті қаламдар фломастерлерден жақсы, өйткені түстің тығыздығын түрлендіруге мүмкіндік береді. 
 
Нұсқау. «Түрлі түсті қаламдармен өзің қалаған бір әдемі сурет сал». Сурет салу кезінде баланың түрлі түстердің қолдану ретін жазып отыру қажет. 
 
 
Нәтижелер интерпретациясы (түсіндіру) 
 
Нәтижелерді интерпретациялау кезінде суреттің жалпы түстердің үндестігі бағаланады. Жұмыс басында баланың қолданған түстері, ең көрнекі түстер. Қараңғы түстерді қолдануы көңіл күйінің төмендеуінің белгісі. Үнемі тек қараңғы түстерді қолдануы депрессияның клиникалық түрі кезінде байқалады. Осы жерде қара түстің үйлесімдері қоңыр мен сия көк түстері қолданылатыны көрінеді. 
 
Түстер гаммасының кедейленгені түстің  
 
 
^ 6.2.2.«Шварцландердің моторлық сынау» әдістемесі 
 
Мақсаты – талаптану деңгейін анықтау. 
 
НұсқауТапсырма моторлық үйлестік тест ретінде беріледі. Зерттелушіге тәжірибе сынау санына байланысты төрт төртбұрыш секциясы бар іс-қағаз беріледі. Берілген уақытта төртбұрыштардың біреуінің ішіндегі квадраттардың көбін бегілеп шығу қажет. Зерттеленушіден 10 секундтың ішінде қанша квадрат белгілей алатынын атауын сұрайды. Ол жауабын бірінші төртбұрыштың жоғарғы үлкен ұяшығына жазады. 
 
Зерттеушідің айтуымен басталатын және бітетін сынаудан кейін зерттеленушінің қанша квадрат белгілегені саналады және бірінші төртбұрыштың астыңғы үлкен ұяшығына жазылады. Осы жүйе сияқты қалған сынаулар жүргізіледі, үшінші сынауда уақыт 8 секундқа азаяды. Бұл тапсырма мақсаттық айырмашылықты зерттеуге арналған.  
 
 
І.

Информация о работе Психологическая диагностика