Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 13:50, реферат
6.1.2. «Отбасылық социограмма» тесті.
6.1.3.Телімелі суретті тесті «Отбасының кинетикалық суреті»
6.2. Балаларға әлеуметтік – психологиялық зерттеуді жүргізу негіздері.
7.6. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері
Нәтижелерді өңдеу. әрбір
көлденең жолдағы жауал қанша, сан
дөңгелекке алынған қатардағы шифр,
ата-ананың өз баласын тәрбиелеуде
қолданатын тәрбие типіне сәйкес келетінін
білдіреді. Егер ондай жол біреу
болмаса және тәрбиелеу типі әр түрлі
болса, онда бұл көбінесе қарама-қайшы
тәрбиелеу іс-әрекеті екенін білдіреді.
Баланы тәрбиелеу типінің кодтарына арнайы
шифр
Тәрбиелеудің синергетикалық типі
бұл әдетте бір-бірімен үйлеседі
және нәтижесінде тиімділікті
Бала тәрбиесінің сұрақтарына қатысты
әйел мен күйеуінің көз қарастарындағы
қарама-қайшылық ата-ананың жауаптарын
салыстырғанда айқын байқалады.
^ Ерлі-зайыптылар
қарым-қатынасын анықтау.
Отбасын біріктіру жұмысында аталмыш
берілген отбасы тұлғаралық қарым-қатынасқа
ерлі-зайыптылар және бала мен ата-ана
қатынасын жатқызуға болады. Ерлі-зайыптылар
қатынасын анықтау барысында төмендегі
міндеттер шешілуі мүмкін:
1.Ерлі-зайыптылар жұбында қарым-қатынас
ерекшеліктерін зерттеу.
2. Ерлі-зайыптылар жұбында эмоционалды
қарым-қатынасты зерттеу.
3.Жұбайлық сәйкестіктерін анықтау.
4. Ерлі-зайыптылардың дау-жанжалдағы өзара
іс- әреттерін зерттеу.
5. Ерлі-зайыптылар жұбында перцептивті
процестерді зерттеу.
Берілген әдістемелік нұсқауда біз некедегі
жұптардың бала дамуына әсер ететін эмоционалдық
қарым-қатынастарын диагностикалауға
арналған әдістемелерді ұсынамыз.
^ ПЭА ( түсіністік
,эмоционалдылық және беделдік) сұрақнамасы.
Әдістеме авторы А.Н. Волков
Некеде түсінушілік ,эмоционалдылық пен
беделдіктің (құрмет) деңгейін анықтауға
арналады.
Әдістеме мазмұны
Сұрақнамада 45 сұрақ , ол некеде тұрған
адамдардың өзара қатынасын анықтауды
көздейді. Сұрақнама мәтіні үш шкалаға
түсірілген,оның орындары түсіністік
,эмоционалдылық , беделдік әр қайсысына
15 сұрақтан берілген. Ерлі –зайыптылар
жеке түрде өз алдына бөлек толтырады.
Нұсқау : Бұл сұрақтарда сіз жан-жарыңызды
қалай түсінесіз, сол бойынша «ия», «жоқ»,
«білмеймін» жауаптарының бірін таңдап
сұрақтың қасына сәйкес « белгі » қойыңыз.
Сұрақнама мәтіні :
1.Мен оның ойын тез оқимын.
2.Мен оның көңіл –күйін әрең табамын.
3.Мен оны айтқызбай түсінемін.
4. Оның жағдайға байланысты өзін қалай
ұстайтыны туралы мен кейде айта алмай
қысыламын.
5.Мен оның әдеті мен талғамын жақсы білемін.
6. Оның қандай да сұрақ жайлы көз-қарасын
айту қиын.
7. Мен оның қажетін және неге талпынысы
бар екенін білемін.
8.Мен оны жақсы түсінбейтін сияқтымын.
9. Ол кейде күтпеген жағдайларды жасап
мені таңқалдырады.
10.Мен оның кемшіліктері мен жетістіктерін
жақсы білемін.
11.Оның ішкі уайымы мен үшін жұмбақ болып
қалмақ.
12.Мен оның икемді және икемсіз жақтарын
жақсы білемін.
13. Мен оның өміріне не маңызды екенін
білемін.
14. Көп байқағаным мен оны түсінбейді екенмін.
15. Мен оны не қуантады, не қайғыртады білмейді
екенмін .
16. Маған оның үйде болғаны жақсы ұнайды.
17. Маған оны тыңдау және бетіне қарап
отыру ұнайды.
18. Маған оның өзін ұстауы ұнамайды.
19. Оның бет келбеті жағымсыз.
20. Мен оның қалай жұмыс істейтінін ,жүрісін
бақылағанды ұнатамын.
21. Маған оны сүюі ,құшақтауы , еркелетуі
ұнамайды.
22. Маған оның жымиюы ,күлкісі ұнайды.
23. Оның қасымда болмайтыны мені қатты
қынжылтады.
24. Оның бет келбетінен әйтеуір маған бір
нәрсе ұнамайды.
25. Мен оның қимылы мен әңгімесін жиі сынға
аламын.
26. Ол жиі қажетті және пайдалы нәрселер
айтады.
27. Оның көп нәрседе көз-қарасы менің пікіріммен
сәйкес келмейді.
28. Оның мен туралы пікірін құрметтеймін.
29. Ол менің досым екені қуантады.
30. Мен оның пікірі мен баға беруіне сирек
қосыламын.
31. Оның қасында мен өзімді жеңіл және
ашық ұстаймын.
32. Менің көңіл-күйім ол қасымда болса
көтеріледі.
33.Оның қасында мен жиі шаршап,өзімді бақылай
алмай қаламын.
34. Мен тек соның қасында болу үшін, маңызды
жұмысымды қалдыруға бармын.
35. Мені одан алысырақ жерде демалу жиі
ойландырады.
36. Мен ол жоқ кезде, өзімді жақсы сезінемін.
37. Мен оның бойынан көп жақсы қасиеттер
табамын , сондықтан оны адам ретінде силаймын.
38. Менің таныс ,туыстарымның арасында
нағыз беделді адам, тек сол.
39. Мен кейбір нәрселерді шеше алмасам
,жиі жан-жарымнан көмек сұраймын.
40. Ол мені жылдам өзгерте алады.
41. Менің пікірімше оның басы қатты жұмыс
істейді.
42.Жан -жарыма әсер еткен кино мен кітаптар
мені қызықтырады.
43. Оның қасында отыру мені жалықтырмайды,
ол тамаша адам.
44. Кейде оның алыс адам емес екені, мені
ойландырады.
45. Онда бар қасиеттерді мен өзімнен көргім
келеді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Нәтижені өңдеу көрсеткіштері
Әр шкала кілтке байланысты сәйкес келсе
2 ұпай беріледі :
« иә» жауабы бойынша («+») сұрақтар;1,3,5,7,10,12,13,16,
« жоқ» жауабы бойынша («-») сұрақтары :2,4,6,8,9,11,14,15,18,19,21,
1- ұпай « білмеймін» жауабына беріледі;
ал 0- ұпай кілтпен сәйкес келмегенде қойылады.
Бұл әдістемеде жоғары 30 ұпайды көрсетеді.
1.Түсіну (1-15 бекітуде) субьекті бейнесінде
серіктесінің жеке ерекшеліктері туралы
сезіну бар . Қарым –қатынас кезінде ойды
, мінез-құлықты сезім мен көз-қарасты
түсінуге болады. Осы шкала бойынша төмен
ұпай жинаса онда түсінбеушілікті білдіртеді.
2. Эмоционалды (16-30) тартымды ,қарым-қатынасқа
түсуге қызығатын ,субьектімен байланысқа
терапевтік деңгейде әсер ете алады. Ұпайдың
төмендігі қарым-қатынас арасында күрделі
сипат пен бір-бірінен шаршағандық байқалады.
3. Беделі ( құрметтеуі ) (31-45) Субьектіні
эталон ретінде құрметтейді,Оның көз-қарасы,
қызығушылығы мен пікірін бөліседі.
Ал ұпайы төмен болса сыйламайды ,жеке
тұлға ретінде қабылдамайды.
Отбасы татулығын
сақтау әдістері
7.1. Отбасылық психотерапия
Отбасылық психотерапия –тұлғааралық
қатынасты түзетуге бағытталған және
отбасының ауру мүшелерінде айрықша көрінетін
эмоционалды қайғыруды жою мақсатында
жүргізілетін психотерапияның ерекше
түрі болып табылады. Отбасылық терапия
бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Оның ұзақтығы
психикалық қайғырудың күрделілігіне
«ауру белгісін көтерушіге», отбасында
тұлғааралық қақтығыстың сипатына, терапевтік
өзгеріске жетуге деген отбасы мүшелерінің
мотивациясына да байланысты болып келеді.
Алғашында отбасылық терапия жиілігі
аптасына 1-2 кездесу, кейіннен екі аптада
бір рет, ары қарай үш аптада бір кездесу
болып жалғасын табады. Отбасылық терапияны
жиі төрт кезеңнен қарастырады[14]:
1) Отбасылық анықтау (диагноз), диагностикалық
кезеңі;
2) Отбасылық қақтығысты жою кезеңі;
3) қайта құру кезеңі;
4) қолдау көрсету кезеңі;
^ Диагностикалық кезең. Отбасылық диагноз түсінігінде,
отбасы мүшелерінің жекелік –тұлғалық
қасиетін есепке алу арқылы, қатынастағы
бұзылысты типке келтіру. Отбасы қатынасын
диагностикалау процесіне психотерапевте
қосыла отырып, диагностикадағы мәселелі
болжамды ұсыну мен тексеруге қатысады.
Отбасылық диагностиканың өз алдына ерекшелігі
сол, ол барлық кезеңде жүргізіліп, алдын
ала психотерапевтік техниканың іріктелуін
белгілеп отырады. Екінші жағынан ерешелігі
отбасы мүшелерінің бірінен алынған ақпараттың
келесі мүшесімен сәйкестігі, психотерапевтің
қатысушылар мінез-құлқы туралы бақылау
және сұрау барысындағы қалыптасқан өз
әсері ( «отбасы бала көзімен», «отбасы
психотерапевт көзімен», «шын мәнінде
біз қандаймыз») де алынады.
^ Отбасы қақтығысын
жою. Екінші кезеңде психотерапевт
отбасы мүшелерімен бір жақты кездесуде
отбасы қақтығысын анықтау және оның шығуы
мен қайнар көзін табады. Психотерапевт
пен отбасы мүшелері арасында тепе-теңдік
байланыс орнату нәтижесінде, қақтығысқа
қатысушылардың эмоционалды деңгейін
төмендетуге және жоюға болады. Психотерапевт
қақтығысқа қатысушыларға бәріне бірдей
түсінікті тілде сөйлеуге үйретеді. Сондай-ақ
өзіне делдалдық қызметті алып, қақтығыс
туралы бірінен алынған ақпарат көлемін
келісу рұқсаты арқылы екіншісіне жеткізіп
отырады. Бейвербалды (Бейвербальді қатынас
өрісіне ым –ишара, мимика және адамның
басқа да қимыл әрекеттері, даусы және
дауыс қарқыны, түр, бет - әлпетін сәндеуі
жатады) құрамда алынған ақпаратты психотерапевт
отбасылық терапияда «робот-манипулятор»
тәсілін қолдана қарама-қайшылық туғызатын
хабарды ым-ишарада көрсете отырып, сезім
мен төзімділік ым-ишарасын да байланыстыра
өтеді. Отбасылық терапияның осы кезеңінде
психотерапиялық жетекші әдістерге жататындар:
директивке (тапсырма) жатпайтын психотерапия,
жеке тұлғада қатынасқа байланысты саналы
меңгермеген тұстары вербалды түрге мақсатталған,
отбасы мүшелерінің бір-біріне өзара әсер
етуіне арнайы құрастырылған әдістер
жатады.
Қайта құру кезеңі. Бұл
кезең топтық пікірде өтеді, ол отбасы
мәселелерін немесе бір отбасын жеке алып,
сондай-ақ қарама-қарсы топтағы ұқсас
мәселемен оның туыстарымен алмастыра
қарастыруға болады. Бұл топта мінез-құлықтық
тренинг өткізілумен қатар, талас сөзді
ереже бойынша құрастыруды меңгертеді.
Қолдау көрсету кезеңі.
Отбасылық терапияда жағдайға байланысты
ролдік мінез-құлықтың кеңейтілген өрісін
табиғи түрде пайдалануды меңгертеді
және алдыңғы кезеңдерде қалыптастырған
эмпатиялық қарым-қатынас дағдыларын
бекіту болып табылады. Кеңес беру мен
түзету жұмыстарында шынайы өмірде қолданатын
қарым-қатынас дағдыларын меңгертеді.
Отбасы терапиясы бойынша бөлінген кезеңдер
процесті құрылымға келтіреді, диагностикалық
көрсеткіштердің мақсаты мен көлеміне
байланысты, психотерапиялық әдістердің
жүйелі қолдануы негізделеді.
Отбасы психотерапиясында жиі қолданылатын
тәсілдер:
1)Үнсіздікті мәнді пайдалану;
2) Тыңдай білу қабілеті;
3) Сұрақтар көмегімен меңгерту;
4) Қайталау;
5) жинақтау және түйіндеу;
6) Аффект бейнесін нақтылау (ашып түсіндіру);
7) Конфрантация-ерлі-зайыптыларда саналы
меңгерілмеген белгілер, қатынас және
мінез-құлық таптаурындарын қайта өңдеу
мен саналы меңгеруге мақсатталған.
8) Ролдерде ойнау.
9) «Жанды скульптура» жасау.
10) Видеотүсіруді талдау.
^ 7.2. Отбасылық психотерапия
мектептері және бағыттары.
7.2.1. Пало Алто мектебі
Пало Алто мектебінің өкілі Джей Хейли,
«мәселені шешу терапиясы» әдісінің авторы.
Ол М.Эриксонмен бірнеше тәсілдерді бірге
қарастырды. Хейли айтуынша отбасы қатынасы
ерлі-зайыптылардың отбасы мүшелерінің
арасын бақылау деңгейіндегі күрес болып
табылады. Нышаны - қоршаған орта мінез-құлқын
бақылау тәсілі. Джей Хейлидің пікірінше
психотерапия міндеті әсер етудің басқа
тәсілін қолдануына адамдарға мүмкіндік
беру. Отбасы терапиясында емдеу мәнді
болсын десеңіз, терапевтік кездесуге
отбасы мүшелерінің бәрінің келуі абзал.
Хейли отбасы терапиясына бірнеше директивтер
(тарсырма) қосқан. Тапсырманы орындай
отырып, отбасы мүшелерінің әрқайсысы
өз ойын тепе-тең деңгейде айтуға немесе
орындауға мүмкіндік алады. Психотерапевт
кездесу кезінде және үйге де тапсырма
беріп отырады. Тапсырма мақсаты:
-отбасы мүшелерінің мінез-құлқын өзгерту;
-психотерапевт отбасы мүшелерімен қатынас
құруда қосымша ынталандыратын тәсілдер
табу;
-тапсырманы орындау барысында отбасы
мүшелерінің әрекетін зерттеп білу;
-отбасы мүшелеріне қолдау көрсетіп отыру,
себебі тапсырманы орындау барысында
психотерапевт көрінбейтін деңгейде қатысып
отырады.Хейли сондай-ақ метафралық және
парадоксалды тапсырмаларды да қолданатын
еді. Алғашқы жолда жағдай мен әрекет арасындағы
ұқсастықты табуда, көз-қарастар әр түрлі
болып келді, екіншіде нұсқау бойынша
әрект етуде қарсыласу байқалады, бірақ
әркім өз мінез-құлқын қажетті бағытқа
бұра отырып өзгереді. Пало Алто мектебінде
кесек дене бітімді Мюррей Боуэн отбасы
терапиясы бойынша АҚШ-та негізін салушылардың
бірі. ХХғасырдың 60 жылдарының ортасында
отбасы психотерапиясының әдісін, оның
төрт ұстанымын құрасытырды:
1. Қатынасты анықтау және түсіндіру:
2.«Үшбұрышқа қатыстырмау» (Боуэн ұсынысы
бойынша психотерапевт қақтығысқа эмоционалды
қатыспау, назарын тек қатынас процесіне
аудару;
3. Ерлі-зайыптылардың мәнді эмоциоаналды
қарым-қатынасты меңгеруі;
4. «Мен-көз-қарасы» сабағы.
^ 7.2.2. Психоаналитикалық
отбасы терапия.
Психоаналитикалық отбасы терапиясының
мақсаты - қатысушылардың өткен қатынастағы
саналы түсінбеуі емес, бүгінгі шындық
негізінде бүтін сау тұлға деңгейінде
өзара әрекетке түсу жағдайы, жеке басының
өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық
бағыттағы терапевтер басқалаларға қарағанда
олар да директивке жақын. Осы терапевтік
бағытта қолданылатын техникалар төмендегідей:клнфрантация,
интерпретация және тәжірибені қайта
өңдеу, коммуникативті қабілетті көтеруге
техникалар, «еркін ассоциация» техникасы.
Психоаналитиктердің сұрақтарды бос талдағанды
тез тоқтатып, тыңдау мен бақылауға ықылас
қояды.
^ 7.2.3. Отбасы жүйелі
терапиясы
Бұл бағыттың көрнекі қайраткерлері-Мара
Сельвини-Палацциоли, Клу Маданес, Сальвадор
Минухин және басқалар болды.Қазіргі таңда
жүйелі деген бағыт кең қолданыста келешегі,
экономикалық мақсаттылығы және отбасы
терапиясындағы мәнді терапевтік бағыт
Жалпы теориялық деңгейде бағыттың дамуына
көп еңбегі сіңген Ильи Пригожин болды.
Отбасы бұл бағытта бүтін жүйе деңгейінде
қарастырылып, эволюциялық қалыптасқан
байланысты сақтауға арналады.Отбасы
барлық даму кезеңдерінде заңды дағдарыстан
(некеге отыру,отбасынан бөлініп шығу,
жүктілік, баланың өмірге келуі, баланың
бала-бақша, мектеп мекемесіне баруы, мектеп
бітіріп, өмірге өз таңдуын жасауы, ата-анасынан
бөлініп шығуы, ата-анасының зейнеткерлікке
шығуы) өтеді. Отбасы осындай кезеңдерде
жаңа мәселелерді бұрынғыдай шеше алмайтын
қабілет көрсетіп, бейімделу әрекетін
күрделендіру қажеттігін түсінеді. Жүйелі
отбасы психотерапиясының негізгі қадамдары
төмендегідей көрінеді:
1.Психотерапевтің отбасымен бірігуі,
отбасы құрылымында ұсынылған ролге қосылу.
2.Психотерапевтік тапсырысты құрастыру.
3.Отбаылық қатынасты қайта құру.
4. Психотерапияны қорытындылау және бөліну.
Мара Сельвини –Палаццоли жұмысқа мынадай
ұстаным енгізді, терапевт құрамы отбасымен
жұмыс жүргізіп жатқанда, келесі тобы
бір жақты –мөлдір әйнектен олардың әрекетін
бақылап отыруы қажеттігін түсіндірді.
Отбасының барлығы бірлі жарым жағдайда
ғана кездесуге түгелдей қатысуы кездесетінін
айта кетіп, айына бір мәрте кездесуге
келісу және барлығы көп дегенде он реттен
аспауы қажеттігін ұсынды.Оның әдістері
қысқа әрі тұтқиылдан болды, ол әдістерді
күтпеген жағдайларды өзгертуге шешуші
қимыл болып табылатын тұстарды көре білді.Кездейсоқ
тапсырмалар ( басқаша айтқанда өзгермеушілік
белгілер) өте тыңғылықты отбасындағы
қалыптасқан қиялы және тоқталған ережелерді
қарама-қайшы деңгейі ескеріліп, отбасы
мүшелерінің бәрі қатысуына қажетті қимылдар
қарастырылады.
^ 7.2.4.Отбасы стратегиялық
психотерапиясы.
Отбасы терапиясында бұл бағытты «мәселені
шешуші», «қысқа» негізі мәселе шешу әдістері
деп аталады.Бұл бағыттағы танымал тұлғалар
–Джей Хейли, Карл Уитекер, Клу Маданес.
Психотерапевтер кездесу кезінде отбасы
мүшелерінің жеке бас даму ерекшеліктеріне
көңіл бөлмейді. Ықпалдың ерекше сипаты
отбасына онша қызықпай, тек жағдай белгісіне
назар аударуды жөн көреді.Бұл бағыт 1970
жылдары кең қолданысқа түсті. Басты идеялардың
көбін М.Эриксон тәжірибесіндегі әдістерден
алып қарастырды.Оның тәжірибесіндегі
екі ықпалдың сипаты: қолданылған қосымша
әдістердің әсері және кленттің ұсынғандарының
бәрін қабылдау болып табылады.Стратегиялық
ықпалдың мазмұны отбасында маңызды өзгеріс,
оның бұзылу себебін анықтау емес, мәселені
шешудің жолдарын қарастыру деп түсіндіреді.
Стратегиялық терапевтер мәселеге тұрақтылық
беретін факторларды зерттей отырып, отбасында
қалыптасқан өзарақимылды қолдау арқылы,
мәселеге негізделген мінез-құлықтан
қосымша күшті табуды қарастырады.Стратегиялық
терапевтердің көбі қалыпты отбасы қызметі,-
деп жағдайға байланысты белгілерден
қаша білетін және талаптарға сәйкес өзгере
алатын қызметті атайды.
^ 7.2.5. Мінез-құлықтық
отбасы психотерапиясы
Мінез-құлықтық отбасы терапиясының басты
ұстанымы мінез-құлық деп қарастырып,
одан кез-келген жағдайға байланысты мінез-құлықтағы
қарсыластық, оны тек жағымды жағдайдан
қараудың қажеті жоқ деп түсіндіреді.
Бұл бағыт өкілдерін әрекеттің жүйелілігін
талдау қызықтырады. Негізгі ой желісі
етіп, бір-біріне қанағаттануды сыйлау
емес, өзара қобалжудың болмауы немесе
оның мәнінің төмендеуі некедегі қанағаттануға
әкеледі деп қарастырады. Ата-аналармен
жиі қолданылатын техниканың түрі мінез-құлық
тренингі болып табылады.Психотерапия
процесінің басталуында психотерапевт
клиенттің мәселе мәнісін түсінуді қайта
құру және оны шешуге мүмкін жолдарына
түсінік беріп өтеді.Мінез-құлықтық психотерапевт
емдеуге отбасы мүшелерін шақырмайтындардың
қатарына жатады, тек баланың өзі немесе
ата-анасының бірі ғана қажет деп табады
Ата-аналармен жүргізіліетін мінез-құлықтық
тренинг мақсаты бала тәрбиесіндегікездесетін
сұрақтарға білікті жауап бере білуіне,
эмоционалды-мінез-құлықтық реттелуді
жүйелеу және тани білуді меңгерту болып
табылады.Мінез-құлықтық отбасы психотерапиясында
қолданылатын жұмыс техникалары:
-қалыптастыру (shaping)- шағын мөлшерде жүйелі
бекітулер арқылы қалыпты мінез-құлыққа
жетуді көздеу.
-жетонды жүйе –жемісті мінез-құлық көрсеткені
үшін марапаттауда сыйлық ретінде ақша
немесе ұпай жинатады.
-келісім шарт жүйесі-ата-аналармен келісім
шартқа, олардың өздерінің мінез-құлық
өзгерген кезде, балаларда да мінез-құлық
үйлесім табатынын енгізеді;
-өзгеруді сый ақыға ауыстыру;
-тоқтату (timeout)- жазада оқшаулау түрін
қолдану.
Отбасы мінез-құлықтық психотерапиясы
- танымал әдістердің бірі, олар қарапайымдығы
мен үнемділігі арқылы ерекшеленеді, бірақ
оның көбі бір жақты және қысқа уақытқа
созылуы мұмкін.
^ 7.2.5. Коммуникативті
отбасылық терапия.
Коммуникативті отбасылық
терапия-ол Пало Алто бағытынан бөлініп
шыққан. Оның көрнекі қараткерлері П.Вацлавик,
Д.Джексон және басқалар болды. Коммуникативті
отбасылық терапия мақсаты коммуникация
жағдайын өзгерту немесе «саналы қимылда
нашар қызмет бейнесіндегі интеракцияны
өзгерту» мақсаты болып табылады.Алғаш
бұл бағытқа үлес қосқандардың бірі В.Сатир
болды, оның мақсаты отбасында қарапайым
коммуникацияны жақсарту болды, кейіннен
бұл тақырып жұқарып, мәселені қолдайтын
коммуникация жағдайын өзгертуге өтті.
Коммуникативті отбасы терапиясында қолданылатын
техникалар негізіне: отбасы мүшелерін
ашық коммуникациялық ережесімен танстыру;
отбасындағы коммуникация жағдайын интерпретация
лау және талдау; отбасы коммуникациясын
түрлі тәсілдер және ережелер арқылы манипуляциялау.
Отбасының бұл бағыты жоғары мәндегі әдіске
ие бола алмады.
^ 7.2.7. Ерлі-зайыптылар
психотерапиясы.
Ерлі-зайыптылар психотерапиясы- отбасы
жұбына бағыттала арналған, отбасы қақтығысын
және дағдарыс жағдайды жеңуге көмектеседі,
қажеттілігін қанағаттандыруды өзара
қамтамасыз ету, өзарақатынаста үйлесімге
жетуді көздейді. Бұл бағыт өз алдына дербес
әдіс немесе отбасы психотерапиясы кезеңдері
ретінде қолданылады. Психотерапевт жұмысты
ерлі-зайыптылардың жұбымен немесе қабылдауға
келген біреуімен де жүргізе береді.Ерлі-зайыптылар
психотерапиясында психотерапевт неке
мәселесін қарастырмайды, онда тапсырыс
берушіде жан- жары туралы қандай сезім,
уайым, ой қандай деңгейінде соны шешеді.
Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар психотерапиясында
кең тараған мінез-құлықтық, динамикалық
және гуманистік ықпалдар. Динамикалық
ықпалда ерлі-зайыптылар үйлесімсіздігі
екі серіктестің ішкі мотивациялық мінез-құлқы
ретінде қарастырылады. Тұлғааралық қатынас
әсері мен психикалық процестер динамикасының
байланысы бақылауға алынады.
Мінез-құлықтық ықпалдағы мақсат серіктестердің
мінез-құлықтарының өзгеруіне қолданылатын
әдістер байланысы мен меңгерілуі:
1.Ерлі-зайыптылардың бір-бірін өзара жағымды
мінез-құлықта басқаруы;
2. Қарым-қатынас аймағында және пайда
болған мәселені бірге шешуге қажетті
әлеуметтік білім мен дағдыны меңгеруі;
3. Ерлі-зайыптылар өзара келісімінде мінез-құлықты
өзгертуді құрастыру және оны жүзеге асыруы.
Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар психотерапиясында
мінез-құлықтық ықпал кеңінен қолданыс
табуда. Оның кең тараған түрлері-ерлі-зайыптылар
келісіміне отыру, коммуникативті тренингтер,
конструкциялық талас, мәселені шешудің
тәсілдері және т.б. Соңғы кезде мамандар
кешенді ықпал қолдануда, ол когнитивті-мінез-құлықтық
және жүйелі отбасы терапиясы болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың келісім шарт негізіне
мінез-құлық терминіне талаптары мен өздеріне
алатын жауапкершіліктері нақты қарастырылады.Талапты
құрастыруда ұсынылатын ереже төмендегідей:
жалпы шағымы, ары оны нақтылау, жағымды
ұсыныстар, соңында әр зайыптың міндеттерін
нақты атап шығу келісімі болады.
Гуманистік ықпалда жетекші ой ерлі-зайыптылардың
психологиялық коррекциясы үйлесімді
неке негізінде ашықтық, аутентілік, төзімділік,
өзін көрсетуді қажетсінуі, әркімнің жеке
бас дамуына қарамай, өзгеге өзін тиесілі
етуі жатады. Бұл ықпал динамикалық түрге
қарама-қарсы, тарихи даму және отбасы,
ата-анасының әсеріне бағытталған, манитулятивті
мінез-құлық ықпалына көбірек кетеді.
Бұл ықпалда психотерапевт ерлі-зайыптылар
вербалды түрде сезімдерін шығаруы мен
өзара түсіністікті жетілдіруге талаптануына
жағдай туғызады. Серіктестердің жеке
тұлғалық жетілуіне жақсы жағдай жасала
отырып, ашық неке ұстанымдары қарастырылған:
^ 7.2.8. Отбасылық кеңес
беру.
Отбасылық кеңес беру- отбасы терапиясының
көп түрінің бірі, онда терапевтік қатысу
шекарасы мен оны ажырататын белгілері
бар. Отбасылық кеңес беру отбасы терапиясын
өзара толықтыра отырып бірге дамыды.
Отбасылық кеңес беруде басты мақсат,
отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу,
өзара әрекеттерінің өзгеруіне және жеке
тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып
табылады.Отбаасылық кеңес беру, отбасы
терапиясынан қалай ерекшеленеді? Біріншіден
отбасылық кеңес беру ауру тұжырымдамасын
қабылдамайды. Екіншіден жағдайды талдауға
және отбасын ролдік өзара әрекет тұрғысынан
қарауды негіз етеді. Үшіншіден кеңес
беру субьектінің жекелік ресурсын табуға
көмек және жағдайды шешу мен шығу жолдарын
сөз етеді. Отбасылық кеңес беруде теориялық
тұжырым когнитивті-мінез-құлықтық терапиясы,
рационалды-эмоциялық терапия және басқалар.
Осыған байланысты әдістер мен тәсілдердің
орны болып табылады.
Отбасылық
кеңес берудің ұстанымдары мен ережелері
төмендегідей бірлікте қарастырылады:
1.Кеңес берушінің клиентпен байланысқа
түсе білуі. Оған жету отбасы мәселесін
айтушы араында конструктивті ара қашықтық,
қолайлы жағдайдағы қарым-қатынас, кеңес
берушінің бет пішіні және тыныс алуы,
оның сөйлеу құралдарын қолдана білуі,
репрезентативті жүйеде үстем болған
түрі, жолдары жатады.
2. Клиент мәселесі туралы ақпарат жинау
мета-модельде (НЛБ) және терапевтік метафрада
қолданылады. Осы мақсатқа жету үшін кеңес
беруші нақтылау сұрақтарын қояды, ол
: «Сіздің қандай нәтижеге жеткіңіз келеді?»,
«Сізге не керек?», «Сіз жағымды нәтижеге
жету жолдарын көріп тұрсыз ба?»
3. Отбасылық кеңес берудің басты міндеті
психотерапевтік келісім шартты талдау
болып табылады. Бұл кезеңде кеңес беруші
мен клиент арасында жауапкершілік бөлінеді,
кім неге жауап береді. Мысалы кеңес беруші
отбасылық кеңестің қауіпсіздігі мен
мәселені шешу технологиясына жауап берсе,
ал клиент өз белсенділігіне, өзінің ролдік
мінез-құлқын өзгерту шынайылығына жауап
беретін болады. Осы тұстар толық талқыланып
болғаннан кейін, онда бір кездесудің
ұзақтығы (3-6 сағат) және терапевтік кездесу
кезеңдері ( алғашында аптасына бір мәрте,
кейінен екі аптада бір мәрте кездесуді
жоспарлау), сондай-ақ төлем ақы шарты,
екі жақ келісімді орындамағандағы жазалау
шаралары да қаралып өтеді.
4. Клиенттен мәселені нақтылау және жеке
отбасы мүшелерінің әрқайсыларының ресурстарын
анықтау. Оған төмендегідей сұрақтар қоюға
болады. Бұрын бұл қиындықты қалай шешіп
жүрдіңіз? Сізге не көмектесуші еді? «Сіз
қандай жағдайда өзіңізді күшті сезінуші
едіңіз? Онда күшіңізді қалай пайдаланып
едіңіз?»
5.Кеңес беруді жүргізу. Бұл тұста клиентке
кеңес берудің қауіпсіз, табысты аяқталатынына
сенімін ұялату: « Сіздің өзгеремін деген
ниетіңіз, бұрынғы тәжірибеңіз, белсенділігіңіз
бен шынайылығыңыз сәйкестендіріле терапевт
пен бірігіп әрекет етуіңіз, оның кәсіби
сапасы және жұмыс тәжірибесі жұмыстың
сәтті аяқталатынына кепіл бола алады».
Кеңес беруде қалыптасқан мінез-құлықтың
жағымды және жағымсыз жақтары талқыланып,
мынадай сұрақтар арқылы «Сіздің пікіріңізше
осы жағдайдың жағымсыз жақтары не болмақ?
Осы жағдайдың жақсы жақтары не?» Бірге
мінез-құлықтың жаңа үлгілері қарастырады.
Кеңес беруші келесі сұрақтарды қояды:
«Осы мәселені шешуге сіз тағы нені пайдаланбадым
деп ойлайсыз? Сізге маңызды адамдар осындай
жағдайда өзін қалай ұстар еді? Сіз де
солай ұстай аласыз ба? немесе Сізге не
кедергі келтіреді? Сіздің осындай әрекет
етуіңізге не көмектеседі? Кеңесші визуализациялау
тәсілін қолдана алады, клиент транста
отырып, жағдайға жаңа бейне береді, оны
кинестетикалық сезіммен шығарады.
6. «Экологиялық тексеру». Кеңесші отбасы
мүшелеріне осындай жағдайда бес- он жыл
өткеннен кейін болып тұрмын деп ойлаңыз,
өз жағдайыңыз қалай?
7. Отбасылық кеңес беру аяқталар алдында
кеңесші нәтижені «сақтандыру» жолына
күш салады. Ол клиент мінез-құлықтың жаңа
үлгісін меңгеруді, қажетті әрекетте көрсету
жіне оларға сенімділік ұялату мен абйланыстыру
керек. Ол кеңесшіден үйге тапсырма алу
немесе бірнеше уақыт өткен соң алынған
нәтиже бойынша талдау үшін қайта кеңес
алуға шақыру.
8. Бөліну. Кейбір жағдайда бұл рәсім қажет.
Мысалы: әдебиеттерде жазылғандай Джей
Хэйли қалай «парадоксальды тапсырма»
көмегімен нақты орындату қарама-қарсы
нәтижеге әкелетін көрсетті. Жаңа ұйленген
ерлі-зайыптылармен кеңес жүргізгенде
өз сезімдерін шығаруда, күніне бір сағат
«өз эмоционалды реттелуін» тексеру үшін
ұрсуды ұсынған. Хейли осылай адам табиғатын
ескере отырып, адам саналы түрде өзіне
қиянат жасамайтынын байқаған. Ерлі-зайыптылар
бұл тапсырманы басында орындап көріп,
кейіннен тастап кеткен. Бір-бірін бағалауды
меңгеріп, «кеңесшінің ақылсыздау» қызметінен
бас тартқан. Осылай бөліну байқалады.
Қазақстанда қазіргі таңда отбасылық
кеңес беру кеңінен қажет етілуде. Отбасылық
кеңес берушілер психологиялық орталықтарда,
әлеуметтік қорғау жүйелерінде отбасы
және баланы қорғау комитетінде және басқа
мекемелерде өз қызметін көрсетуде.
^ 7.3.Отбасы қатынасына
психотерапевтік коррекция
Отбасы психотерапиясы психотерапевтің
отбасын зерттеп, ондағы бұзылысты анықтап,
отбасы мүшелерінің қажет еткен өмірлеріне
өзгеріс орнатуда жеке әсер ету жолдарын
ұйымдастырудан бастайды. Осы кезде мәселе
мен міндеттер туындайды, оны шартты үш
топқа бөле қарастырамыз:
1.Отбасы терапиясына деген дұрыс көз-қарасты
отбасында қалыптастыру;
2.Терапия өткізудің жалпы сұрақтары;
3. Отбасы психотерапиясының әдістемелері.
Отбасы психотерапия процесіне жағымды
қатынасты қалыптастыруда, отбасы мүшелеріне
оның қатысушыларын ұйымдастыру, эмоционалды
және интеллектуалды себебтерін анықтау.
Сондықтан психотерапевт күшті және тұрақты
мотивацияны психотерапияға қатысушыларында
қалыптастыру. Алғашқы кездесу кейінгі
кездесудің болуына ықпал етеді, сондай-ақ
психотерапевт мәселенің күрделілік кезеңдерін
аңғаратын болады, ал клиент отбасы психотерапиясы
туралы көз-қарас алып, оны жалғастыру
керек пе соны шешеді. Жалпы психотерапевтің
алғашқы кездесудегі міндеті клиентке
көмектесу, ол қысқа мерзім ішінде байыпты
және ұзақ жұмыс жасауда өзіне белсенділік
және жауапкершілік алуды психотерапияның
жетістігі деп қарауды меңгерту. Сондықтан
алғашқы кездесуге көп дайындықпен жоспар
керек. Алдымен психотерапевт клиенттің
мәселесімен танысып алып, оның отбасымен
байланыстағы эмоционалды уайымын өзектілеп,
клиентке қобалжудың жиынтығын көре білуге
және күнделікті өмірде қолданатынына
көз жеткізу. Психотерапевтің содан кейінгі
міндеті –клиентте отбасылық психотерапияда
кімде кім күмәнданса оның мәселесінің
шешілу мүмкіндіктерін беретініне тоқталады.
Психотерапевт клиент жағдайын психотерапияға
қатысуға бұру және оған қатысты кедергі
келтіретін мотивтермен жұмыс жасау, келешекті
оның күрделілігі мен жемісті шешілетінін
көре білу. Осы кездесудегі маңызды жайт
психотерапевт әрекетіндегі мазмұнға
клиенттің белсенді қызығушылығын ояту,
келешекте клиент енжар түрде психотерапевтен
көмек сұратудың алдын-алу. Осыған байланысты
психотерапевт отбасы мәселесін белсенді
шешу жолдарын қарастыруды ұсынады. Отбасы
психотерапевті өз жұмысын ұйымдастыруда
бірнеше түрде мәселені шешу жолдарын
қарастырады:
Отбасы психотерапиясын
^ 7.4.Отбасы психотерапиясының
әдістемесі
Отбасы психотерапиясының әдістемесі
– ол қимылдар жиынтығы, соның көмегімен
психотерапевт белгілі психотерапевтік
міндеттерді шешеді. Отбасы психотерапиясы
жаңа келген мектептердің арқасында көптеген
көлемдегі техникалармен қаруланды.Отбасы
психотерапиясында кеңінен қолданылып
жүрген әдістемелер төмендегідей:
^ Директивті (нұсқау)
әдістеме – отбасы алдына қойған мақсатқа
жету үшін берілетін нұсқау, ол белгілі
отбасы мүшесі немесе бәрі бірдей орындауғаарналуы
мүмкін. Бұл нұсқау былай берілуі мүмкін:
мынаны орында, басқаша жаса, нені жасамау,
оның алдында нені жасау және т.б.Парадоксалды
нұсқау шынайы маұсат түрі, айтылмай қарама-қарсы
жағы қарастырылады. Директивті әдістеменің
орындалуы дұрыс қолданылуына байланысты,
отбасын тыңғылықты зерттеу, ең маңыздысы
психотерапевтің беделі болуы керек.
^ Отбасылық пікір
талас- отбасылық тәжірибеде соңғы
кездері жиі қолдануда. Оны отбасы мүшелері
мәселе төңірегінде, өз өмірлеріне қатысы
бар тұстарды, сұрақтарды талдауда қарастырады. Пікір
таласты көп жақты мақсатта қарастырса
болады: отбасы өзара қарым-қатынасы туралы
қате түсінікт е болуы мүмкін соны аңғаруға
немесе пікір таласты дұрыс жүргізуді
меңгеретін болады. Психотерапевтке пікір
таласты жүргізуде іскерлікті қажет етеді.
Отбасы пікір таласында қолданылатын
негізгі тәсілдерге жататындар: үнсіздікті
мәнде пайдалану, тыңдай білу, сұрақ арқылы
меңгерту, қайталау, жалпылау, жеке мүшелерінің
пікірлерімен конфрантацияға келу. Сол
кезде отбасында жемісті өмірі сүру үшін
қажетті дағда мен іскерлік жетіспейтіні
анықталады. Отбасы психотерапиясында
жетпей жатқан дағды және іскерліккеарнайы
жаттығулар, «жаттығу» отбасы ролін ойнату
және түрлі психотерапевтік техникалар
қолданылады.