Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 17:44, лекция
Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары.
Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары.
Мектептегі оқытудың ерекшеліктері.
Оқу пәнінің мазмұның анықтаудың қисынды-психологиялық негіздері.
сол мамандық бойынша оқу жоспары;
Олар жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттарының бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік білім беру стандарты – бұл қоғамдық идеалды бейнелейтін және реалды тұлға мүмкіндіктерін ескеретін және осы идеалға жетудің жолы ретіндегі білімді бейнелейтін білімділік мемлекеттік нормасы ретінде алынатын негізгі өлшемдер жүйесі.
Жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартын өңдеу конкурсты негізде жүзеге асырылады. Конкурс қарамағында жоғары оқу орны бар федералды орындау билік органдары, министрліктер, ведомостволармен бірге жоғары білім беруді орталық мемлекеттік басқару органдарымен өткізіледі.
Қазіргі заманғы білім беру стандартын құрастыруда:
Оқу мекемелерінің диверсификациясы – бір уақытта түрлі типтес жоғары оқу орындарының дамуы: институттар, академиялар, университеттер (мемлекеттік және мемлекеттік емес). Ол келесі формаларда жүзеге асырылады:
Жоғары оқудың әдістемелік міндеттері:
Мектептегі
оқытудың ерекшеліктері.
Қазіргі заманғы мектепте психологияны оқыту қосымша білім беру арқылы жүзеге асырылады. Осы пән бойынша оқушылар үшін бір қатар оқулықтар мен оқу құралдары шығарылды. Алайда, оны мектепте қалай оқыту туралы бір көзқарас әлі қалыптасқан жоқ. Бүгінгі таңдағы ең шиеленіскен мәселе – ол орта мектепте психологияның оқыту қай педагогикалық парадигма бойынша – дәстүрлі ме, әлде гуманистік пе деген сұрақ.
Дәстүрлі концепциямен оқытуда оқытушының негізгі міндеті оқушыларға білім беру және оларда қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Мұғалім оқушыға білімді ауызша түрде береді немесе ақпарат алуға болатын оқулық мәтінін ұсынады. Оқушы белгілі бір көлемдегі білімді алғаннан кейін мұғалім оның меңгеру сапасын тексереді. Мұндай бағыттың негізі – оқушының меңгеруі және бағасына бақылау жасау. Берілген концептуалды схемадағы психологияның мұғалімі басқа кез-келген пән мұғалімінен еш айырмасы жоқ.
Бұл жағдайда психологиялық білімдерді құрылымдау танудың натурфилософиялық логикасымен сәйкестікте жүзеге асырылады, яғни тұтас құрамдық бөліктерге бөлінеді және жекелей оқытылады. Мысалы, бүгін «түйсіну, оның қасиеттері және функциясы» деген тақырыпты талдаймыз. Ертеңгі сабақта «Қабылдау» тақырыбы, одан кейінгі – «Ойлау» және солай жалғаса береді. Бейнелеп айтқанда, мұндай бағытта «адам жалпылай» оқытылады және осы «жалпы адамда» «жалпы түйсінуі» болады, «Жалпы тұлға», «жалпы іс-әрекет» және т.с.с. Мұның барлығы тек жекелей оқытылып қана қоймай, психологияны оқушы баланың өзінен де алшақтықта.
Гуманистік концепция негізінде автор – экспериментаторлар тобының жасаған мектепте психологияны оқытудың басқаша жолы бар. Ол бойынша мектеп курсында психологияны нақты тарихи жағдайлардағы, оның жеке тұлғалық тарихындағы, осы жағдайларға әсер еткен факторларымен қоса алғандығы адамның психологиясы ретінде оқыту керек. Адамды басқа объективті шындықтармен өзара әсерлесетін және олармен әріптестікте дамитын психологиялық шындық ретінде көрсетуге болады. Яғни, психология сабақтарындағы адамның феномені – ол психикасы бар, нақты адамдар, заттар мен құбылыстармен өзіндік қарым-қатынастар жүйесі бар, шынайы қақтығыстары, позициясы, өзіндік өзгешеліктері байқалатын адам.
Бұл жағдайда мектепте психологияны оқыту, бірінші ретте, әр жастағы психологиялық ерекшеліктер факторын ескеру аса маңызды. Жастық фактор – тұлғаның даму заңдылықтарын ескеру және қолдану, сондай-ақ жастық құраммен шартталған тәрбиеленушілер тобының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. Мысалы, үш сағат бойы жасөспірімдер аудиториясының зейіні мен қызығушылығын кейбір абстрактылы еториялық білімдерге аудару мүмкін емес. Сондықтан мазмұнды таңдауда осы жастағы адам анағұрлым негі мотивтелгендігін ескере отырып жетекшілік ету керек. Жасөспірімге қандай психологиялық білім және қалай беру керек, сонымен бірге бұл білімдер оған салмақ түсірмей, керісінше, оның қажетіне жаратуын нақты анықтаған маңызды.
Берілген оқыту курсының бағдарламасы адамтанудың жалпы идеясымен байланысты жасалған. Психологияны оқытудағы оқушы іс-әрекетінің объектісі психологиялық шындық, яғни өмірдегі және оқушылардың өздерінің іс-әрекеттеріндегі психиканың тікелей көрініс беруі. Оқу іс-әрекетінің пәні психологиялық шындықпен: ойлау; психологиялық сұрақтарды шешу, психологиялық шындықты құрастыру, осы шындықтың бейнесі мен ол туралы түсінгенін, әр түрлі әсер ету тәсілдерін меңгеру болып табылады.
Бағдарлама авторларының бағытын анықтайтын қалыпты жағдайда төмендегідей тезис қолданылады: бала дамуын «Психология» пәнін оқыту аспектісінде тек нәтиже ретінде ғана емес, сонымен бірге өзіндік сана, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту процестері ретінде де қарастыру қажет. Бұл жерде субъект ретінде адамның өзіндік достоинство сезімін дамытуға аса маңыз беріледі. Сондай-ақ, бұл тұста әлемнің бейнесімен бірге сол әлемдегі өзінің бейнесі, өзінің жағдайы, өзінің әлемге деген қарым-қатынасы, өзінің қазіргі және келер шақтағы жүріс-тұрысы да мәнді болып келеді.
Оқу курсының методологиясының негізінде орыс философиясы, дәлірек орыс космизмінің философиясы идеясы жатыр. Негізгілері ретінде үш мәселе қойылған:
І – адам және космос (адамның мәндік күшінің дамуы);
ІІ – адам және қоғам (жағымдылық, құндылық, құқық, шығармашылық концепциялары мен қарым-қатынастарының дамуы);
ІІІ – адам және мәдениет (адам тәжірибесінің пайда болуы, дамуы және берілуі басқа біреу үшін құндылық ретінде).
Курстың негізгі мақсаты жасөспірім санасында осы әлемде өмір сүретін әлемді тұтастай көру және адамды көруін қалыптастыру. Негізгі идея - әрбір адам табиғатта және қоғамда өмір сүреді, сонымен бірге табиғаттан, қоғамнан тыс тіршілік ете алмайды. Бұл идея курста негізгі мазмұнды құрайтын төрт мағыналы бөлімдер мен бес негізгі психологиялық категория арқылы жүзеге асырылады.
Мектепте психологияны оқыту бағдарламалары.
1-ші бөлім. Адам саналы тіршілік иесі. Адам даралығының өмірде тіршілік ету сферасына қарағанда сана сферасы анағұрлым кең. Жануарлар мен жәндіктерде психикалық даму деңгейі әлдеқайда жоғары. Сананың бастауы бізді қоршаған бүкіл Табиғатқа таралған, қазіргі уақытта жеткілікті жетілген сананың әр түрлі формалары белгілі. Сонымен бірге басқа да психикасы бар тіршілік иелерінен адамның белгілі бір қасиеттік айырмашылықтары бар.
2-бөлім. Әрбір адам және сәйкесінше, барлық адамдар әртүрлі. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Алдымен олардың мүмкіндіктері әр түрлі. Әрбір жеке субъектінің мүмкнідіктері шектеуі екені анық. Яғни, адам әлемді дәл бейнелемейді, бұл әлемде дәл әрекет жасамайды, өзінің әсерлерін дәл бейнелемейді дегенді білдіреді. Сондықтан, өмір сүретін әлеммен дұрыс қарым-қатынас құра білу керек, адамзаттың жалпы және индивидуалдық феномендер тіршілік ететін және дамитын заңдарды білу қажет.
3-ші бөлім. Адам үнемі даму үстінде болады. Адам жер бетіндегі санасы өте күшті дамыған тіршілік иесі, ол қоғамдық-тарихи процестің субъектісі болып табылады. Бұл, көбінесе, өзі өмір сүретін және өзін жасайтын әлемді құрайды. Әлемді құрай отырып, ол өзінің өмірінің жағдайын жасайды, өзінің әлеуметтік және экологиялық «қуысын», өз-өзін жасайды.
4-ші бөлім. Адам адамзат мәдениетінен тыс, осы мәдениеттің дамуынсыз, меңгерусіз, үлес қосусыз тіршілік ете алмайды. Нақтырақ айтқанда, бұл адам қоғамнан тыс, басқа адамдармен байланыссыз адам ретінде тіршілік ете алмайды, дамымайды дегенді білдіреді.
Осыған орай мектепте психологияны оқытудың төмендегідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:
1.
Бағдарламаны құрудың негізгі
идеясы жасөспірімді өзін адам
ретінде бағдарлануға
2.
Біз баланы өзін-өзі сыйлауға
үйрету керек деген көзқарасты
ұстанамыз. Өзін-өзі сыйлау
Сонымен
бірге жасөспірімнің
Көптеген балаларға «қиын бала» деген атау бергеннен гөрі, оларды индивидуалды ерекшеліктер мен іс-әрекет сипатына сәйкес келетін оқу тәсілдеріне үйрететін болса, онда ол балалар қалыпты дамуға мүмкіндік алатын еді.
3.
Курс мазмұны бірден жұмыс
істеуі қажет. Мұнда іс-
Жасөспірім феноменді көре алу, қолымен ұстап ол не екенін біле алуы керек. Сонымен қатар оны басынан өткізе алу қажет.
4.
Мұғалімнің басты міндеті –
жасөспірімге барынша икемді
және шығармашыл болуға
Жасөспірімге өз денесін жақсы көруге және оны өзінің индивидуалдылығы ретінде түсіндіруге көмектесу қажет. Өзін-өзі сыйлау, өз-өзімен қарым-қатынас жасау қуанышы – дамудың ең күшті қозғалтқыштары. Адам өзіне ұнамайтын істі істегісі келмейтіні белгілі. Ол көп нәрсені қатал тәртіп құзырымен жасайды және соның салдарынан жетімсіздік комплексіне ие болады.
Біздің міндетіміз әсемдікті көру қабілетін дамыту болып табылады.
5.
Оқушыларға оқыту процесіне
6.
Жасөспірім іс-әрекет
Осылайша оқушы мен мұғалім қоршаған ортаның феномендерін түсіндірудің жаңа жолын табады. Дүниені басқаша көрген соң, олар өздерін де басқаша қабылдай бастайды.
1)
«Сен бәрін түсінуге