Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 17:44, лекция
Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары.
Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары.
Мектептегі оқытудың ерекшеліктері.
Оқу пәнінің мазмұның анықтаудың қисынды-психологиялық негіздері.
Интуиция. Шығармашылықта санадан тыс компоненттердің ролі. Инсайт. Шығармашылық процестегі мен логиканың бірлігі.
Шығармашылық процесті басқарудағы эмоцианалдық фактордың мыңыздылығы. Шығармашылық мәселені шешудегі жағдайдыңтабыстылығы мен фрустрациясың әсері.
Шығармашылық мәселелерді шешу – танымдық іс - әрекеттің бір түрі. Таным этикасы. Танымдық белсенділік. Танымдық қызығушылық. Танымдық психикалық процестер: түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау. Ойлау. Ойлау түрлері: бейнелік, логикалық, критикалық, шығармашылық, көрнекі - әрекеті.
Ойлау әрекетінің көзіне мен қалыптасуы. Ойлау операциялары: талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру. Силлологизм. Ойлау дерексіздігі. Ассоциация. Ойлаудағы символдар мен мәндері. Ассоциация түрлері: ұқсастығына, себеп – салдарына байланысты, қарама – қарсылығына, аралас – құрмалыстығына байланысты.
Ойлау және сөйлеу. Сөздік ойлау. Ішкі сөз. Шығырмашылық ойлау – танымдық іс - әрекеттегі субьективті жаңашыл жемісі. Шығырмашылық ойладың кедергісі: конфоризм, ішкі цензура, регидтілік, шешімді тез табуға құштарлық. Ойлаудың дербестігі. Ойлаудың бірегейлігі.
Шығармашылық өнімділікті анықтайтын интеллектуалдық қабілет, бір ойды данышпандыккы айналдыру қабілеті, асоциацияға тездік, ойлаудың дивергенттілігі, бейнелік икемділік, бірегейлік, семантикалық жетілу, мәселені сезе білу (Глифорд). Интелектуалдық белсенділік (Д.Б. Богоявленская).
Шығармашылық қабілеті дамыту мәселесі. Шығармашылық қабілеттің қалыптасуындағы ортаның, қарым – қатынастың және іс - әрекеттің ролі. Шығармашық тұлғаның сапалығы және шығармашылық қабілет. Шығармашылық пен білімнің арасындағы байланыс. Білімдерді қолданудың дайындық деңгейі. Шығырмашылық пен білімнің арасындағы байланыс. Білімдерді қолданудың дайындық деңгейі. Шығармашылыққа дайындықты анықтайтын жеке адамдық факторлар: икемділік, ынталылық, сенімділік. Шығармашылық және тұлғаның бағыттылығы. Өзіндік өзектілік. Шығармашылық процестегі субьективті тәжірибенің ролі.
Көркем шығармашылық. Көркем шығармашылықта тұлғаның өзін көрсетуісен өзектендіруінің көрінуі. Көркем шығармашылық ойлаудың ерекшелігі: ауыспалылығы, көр тәсілдігі, парадоксдігі, байланыстылығы, өзіндік қөзғалысы, айтылмағандық, жалпылау, рациионалдылықтың және эиоционалдылықтың бірлігі (Ю.Б. Бороев).
Көркемдік әдісі – бейнелік ойлаудың типі. Өнер – таным мен іс- әрекет ретінде. Өнер қызметі: жаңадан құру, толтыру, танымдық – эвристиқалық эпостық, ақпараттық коммуникативтік, тәрбиелік, эстетикалық, суггестивтік, гедонизмдік, тамсану.
Көркем шығарманы психологиялық талдау (Л,С. Выготский, Д.Н. Овсяников - куликовский). Эстетикалық реакция. Көркемдік және ғылыми шығармашылық: ұқсастығы мен айырмашылығы.
Сонымен, шығармашылықты былайша топтастыруға болады:Техникалық шығармашылық, педагогикалық шығармашылық, әлеуметтік пен шығармашылықтың формасы – адамгершілік және мәдиниет пен шығармашылық.
Мектепте психологияны оқудың міндеттері:
1. Жасөспірімнің адам психикасына назарын аудару. Мұнда біз жасөспірімнің келесі моменттерді саналы түсінуі деп білеміз.
2. Жасөспірімдерге айналада қоршаған нысандардың барлығы өз заңдылықтарымен, өз ережелерімен тіршілік ететінін көрсету. Бұл міндетті шешу келесі аспектілерді дамыту арқылы жүзеге асады.
3. Адамның психикалық мәдениетке қатынасын өзін-өзі бағалау ретінде қалыптастыру.
Мұнда жасөспірімге қоршаған ортадан психикалық шындықты бөліп алып, онымен жұмыс жасау керектігін білдіреді. Осы жағдайдағы негізгі аспект өзін басқару мүмкіндігі болып табылады.
Өзін басқара алу – бұл шығармашылық еркіндігі. Индивидуалдылыққа деген өз құқығын қорғау, бұл таным бостандығы, дүниемен өзараәрекеттестік бостандығы.
Психикалық іс-әрекет мәдениеті – бұл баланс, денсаулық, өзіне деген, яғни әлемге және ғарышқа деген адекваттылық.
4.Жеткіншектерге өздері туралы білім беру және ол білімді қалай алу тәсілдерін үйрету.
Бұл міндеттің пайда болуы екі жағдаймен анықталады. Біріншісі, бұл бала психологиялық шындықпен жұмыс істеу кезінде жасөспірімде өзіне қатысты сұрақтың туындауы табиғи құбылыс. Екіншісі, психологиялық шындықты тану логикасы адамның өзін зерттеу қажеттігімен байланысты.
Мұғалім сабақты құру кезінде жасөспірім «мен қандаймын?» «мен неге осындаймын?» «менің қандай екенімді қалай білуге болады?» деген сұрақтарға жауап бере алатындай мүмкіндік тудыруы тиіс.
5.Жасөспірімдерге адамның психикалық өмірін басқарудағы механизімі мен оны ұйымдастыру ерекшеліктерін түсіндіру керек.
Аталған міндеттің шешілуі тікелей пән мазмұнымен, яғни нақты психологиялық түсініктермен жұмыс істеу арқылы жүзеге асады.
6.Алдымен жасөспірімдерге өзінің тұлғалық шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу керек.
Соңғы міндет оны шешу жолдары және нәтижелері жағынан да көп деңгейлі болып келеді. Субъективті шығармашылықтың дамуы бұл баланың өзін автономды «персона» ретінде зерттей алу қабілеті саналады.
Мұғалім-психолог жасөспірімдерге оның шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға жұмыста келесі бағыттарды жүзеге асыру арқылы қол жеткізе алады.
Оқу
пәнінің мазмұның
анықтаудың қисынды-психологиялық
негіздері.
Дәстүрлі оқыту принциптерінің ішінен (оқытудың тәрбиелеуші сипаты, ғылымилық, көрнекілік, саналылық және белсенділік, жүйелілік, индивидуалды көзқарас, жасерекшелік көзқарас) психологияны оқытуда соңғы екеуі үлкен маңызға ие.
Оқытуда жас ерекшеліктерді ескеру принципі.
Жасөспірімдік кезең өзге де психологиялық жас кезеңдері секілді ерекше доминантты қажеттіліктермен, тұлғаның сапалық қайта құрылымдарымен, сензитивтілігімен, психикалық өмірдің өту ерекшелігімен сипатталады.
Жоғарыда аталған принципті нақтылай келе біз жасөспірімдік кезеңнің келесі сипаттамаларын есепке алдық.
Оқытудағы жасерекшелік ерекшеліктерді ескеру принципін жүзеге асыру тәжірбиеде екі тәсілмен шешіледі.
1. Мазмұн арқылы. Оқу курсы мазмұнының елеулі бөлігін «жасерекшелік қажеттілігі» болып табылатын ақпарат құрайды және сол себепті ол жасөспірім үшін маңызды болып табылады. Осылайша әрбір жас сипаттамасына белгілі-бір категория сәйкес келеді: қарым-қатынас мәселесі – «қатынас» категориясы, «болмыс» мәселесі «жүріс-тұрыс» категориясы, өзіндік сананың даму мәселесі – «даму» категориясы.
2. Әдістер арқылы. Курста бағдарлама мазмұнына қарамастан жасөспірімнің көрсетілген қажеттіліктері мен «жұмыс істейтін» әдістер тобы қолданылады.
Индивидуалды көзқарас принципі
Аталған принципте нақты аудиторияның ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы айтып отырмыз. Мұғалімнің осы принципті меңгеруі дегеніміз педагогикалық жағдайда психологиялық контекстпен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Яғни оқытудағы тек жүріс-тұрыспен қатар түрлі деңгейде жағдайды талдай білу, яғни жасөспірімнің мадақтауға және нашар әсер қалдыруға деген қорғыныш сезімталдығы жатады.
Мұнда мұғалімнің сыныптың психологиялық ахуалына назар аудара білуі маңызды болып табылады. Ол индивидпен, микротоптармен және жалпы топпен не болып жатқанын аңғара білуі тиіс.
Қанша индивид болатын болса, сонша «сынып» ақуалы болады. Әрбір оқушы түрліше мүғаліммен өзараәрекеттестікке түседі, құрдастар тарапынан әртүрлі көзқарастарға ие болады.
Сонымен қатар сыныпта болашаққа деген бағдарлары әртүрлі жасөспірімдер болады. Сол себепті жасөспірімнің индивидуалды даму бағдарламасын құру кезінде оның кәсіби болашағы үшін маңызды болатын психологиялық мәселелерді көтеру қажет.
Аудиторияның мотивациялық дайындық принципі
Аталған
принциптің маңыздылығы әрбір сабақты
өткізу оқу процесін құру барысында
аудиторияға осы сәтте маңызды жағдайларды
ескеріп, соларға бағдарлануы тиіс. Бұл
принциптің негізінде оқушылардың (студенттердің)
ішкі түркі, қажеттілік және мақсат жүйелерін
ашып, олардың осы пәнеге деген қызығушылығы
мен тартылыс деңгейін қалыптастырады.