Психология сипаттамасы оқу пәні ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 17:44, лекция

Описание

Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары.
Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары.
Мектептегі оқытудың ерекшеліктері.
Оқу пәнінің мазмұның анықтаудың қисынды-психологиялық негіздері.

Работа состоит из  1 файл

лекция 1.doc

— 132.00 Кб (Скачать документ)

   2) «Сенің шешімің, қалауың, тәжірбиең  сондай болғандықтан оған солай  қарайсың, басқаларша емес».

   3) «Басқа адамға, дүниеге, қоршаған  ортаға деген қатынастарыңды  өз белсенділігіне, өз түсінігіне, өз танымыңа байланысты ашасың».

   4) «Сен өзіңе деген қатынасың  қандай, басқаға деген қатынасың  қандай? Оны сен қалайша түсініп  отырмын деген сұрақты қойып  отыру керек». Психолог мұғалімнің  міндеті баланы ашуға, өзіндік  қалау жасауға, анықтауға мүмкіндік  беру.

   Психологияны  пән ретінде оқытуда оның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып оқыту мазмұнында мына мәселелерді қамту қажет:  қатынас, күйзеліс, мінез-құлық, даму және шығармашылық. Енді осы мәселелерді толығырақ ашайық:

  1. Қатынас

   Адамға  бақытты болу үн не керек? Түсіністік пен махаббат. Басқа адамды түсіну шарты: тыңдай білу, көре білу, сезіне білу, бірге қайғыра білу.

   Тыңдай  білу: белсенді тыңдау, тиімді қарым-қатынастың тәсілі мен құралы. Тіл мен сөз. Сөздің қызметі: синификация (белгілеу), толықтыру, коммуникация. Сөздің коммуникативтік қызметінің үш жағы: хабарламалық, мазмұндылық, ерік білдірушілік. Қосымша құралдар – паралингвистикалық, тілдесудің сөздік емес құралы. Тиімді тілдесудің негізгі қондырғылары – қолдау, эмпатия, өзін-өзі қолдау. Тілдесуге кедергілер.

   Коммуникативті  мәдениеттің ұғымы. Қарым-қатынас заңдары. Трансакция. Қарым-қатынас жолдары. Байланыстағы әрістестер позициялары. Рольдік және рольдік емес қарым-қатынас деңгейі. Конструктивті қарым-қатынастың негіздері. Қарым-қатынас стильдері.

   Жеке  адамның қалыптасуындағы қарым-қатынас ролі. Жеке адам қарым-қатынас субъектісі ретінде. Жеке адам сапасы, ол қарым-қатынастың сәттілігін қамтамасыз етеді. Мойындауға тартымдылық және өзіндік баға. Мәнді және мәнді еместің қатынасы. Референттік топ.

   Қарым-қатынастағы  белсенділік. Іскерлік қарым-қатынас. Іскер адамның белсенділігі.

   Жүйедегіқарым-қатынастың мәселелері: жас өспірім – замандас, жас өспірім – мұғалім, жас  өспірім ата-ана. Қарым-қатынастың педагогикалық  мәселелері.

   Конфликт  адам мен адамның өзара қарым-қатынасының  табиғи және қалайда қашып құтылмайтын бүтіндігі. Конфликт: табиғат, механизм, шешу жолдары. Тартысты жағдайды әділ шешу. Конфликтіні басқару, ынтымақтастық және конфликт. Конфликтінің объективтілігі мен субъективтілігі. Қарым-қатынастағы психологиялық қорғаныс механизмдері.

   Адамзат қоғамындағы адам: адамгершілік проблемасы. Жеке адамның бағалы бағдары. Таңдау еркіндігі. Шығармашылық.

   Басқа адамды танып – білудің негізгі  механизмдері: біртектілену және рефлексия. Адамды адамның қабылдауындағы ерекшелігі. Тілдесу мен Қарым-қатынастағы өзара байланыс. Өзара ықпал ету жүйесі, адамның әлеммен, өзісекілді адаммен және өзімен өзара қарым-қатынасы. Қарым-қатынастың негізгі бағыттары: қажеттілік, эмоция, бағалау, қызығушылық. Қарым-қатынастың ерік аспектісі. Қарым-қатынастың этикалық аспектісі.

   Жеке  адамның қарым-қатынасындағы психикалық жағдайдың көрініс беруі: қобалжушылық, агрессивтілік, фрустрация, регидтілік. Қарым-қатынастағы темперамент пен  мінез-құлықтың көрініс беруі. Қарым-қатынастың дамуы. Шындыққа эстетикалық қарым-қатынас. Жыныстық деморфизм. Адамдар арасындағы қарым-қатынастағы жыныстық детерминанттың көрініс беруі.

   Топтағы жеке адамның позициясы. Конформизм, нонконформизм, бейімделу, реадаптация. топтың құрылымы мен динамикасы.

   Субъект аралық қарым-қатынас және оның адамда бейнеленуі.

   Қарым-қатынас  және қобалжу.

   2. Күйзеліс

   Адамның күйзеліс бағасы. Эмоцианалды күйзелістің  мәні.

   Адамның қоршаған ортамен қалыптасқан жағдайға эмоционалдық қалыптың тәуелділігі. «Өзі туралы» білімінің эмоционалды  сезімінің әсері. «Өзі туралы» білімінің адекваттылығы және адекватты еместігі. Басқа адамдардың эмоционалдық қарым-қатынасы өзіне деген қатынасты, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалай өзгерте алады? Басқа адамдар туралы пікірге байланысты эмоциялар. Жеке адамда позитивті қабылдау, эмпатия, эмоционалдық қолдау, мшығармашылық дамудың қозғаушы күші. Жұмыстан алған ләззаттың іс-әрекет нәтижесіне ықпалы. Тапсырманы оң қабылдауының ролі.

   Фрустрация  және оны шешудің жолдары. Фрустрация жағдайынан шығу. Эмоционалды тұрақтылық. Психологиялық қорғаныс жолдары (ауыстыру, шығару, рационализация және басқалары). Өзін-өзі кем сезіну комплексі. Кінә комплексі.

   Эмоция  функциясы. Эмоция, мотивтер мен қажеттілік. Эмоция – әлемге қарым-қатынастың өлшемі. Өзіңе деген эмоция. Жеке адамның  эмоционалдық ерекшеліктері.

   Эмоцияның белгілері: мимика, пантомимика, вокализация. Эмоция мен ерік. Эмоционалды сезінудің  бұлшық ет жүйесінің жағдайымен байланысы. Аутогенді жаттығудың ролі. Аутогенді  жаттығудың техникасы. Қолайлы жағдай туғызу үшін физикалық жаттығудың ролі. Сендіру  және өзін-өзі сендіру.

   Сезім және эмоция. Сезім тажірибесі, образ  жасау және психологиялық шындық.

   Эмоция  және танымдық роцестер. Эмоцияның  өнердегі, шығармашылықтағы, ғылымдағы, қарым – қатынастағы ролі. Сезіміне ортақтасу. Көңіл – күй. Аффект, өтуінің ерекшелікткрі. Қорқыныш, кек, өкпе, қазғаныш, көреалмаушылық. Қуаныш, қанағатту. Үміт. Беймділік. Махаббат. Қасірет. Көңілдену сезімі: әзіл, келеке, сарказм, ирония, сатира, күлкілі. Жақсы көңіл – күй. Сезім мәдениеті. Эмоцияның пайда болу диапазоны.

   Эмоциалдық  саланың дамуы. Өзіндік менмендік  сезімі. Сезімді дамытудағы өнердің  ролі мен мәні.

   Стресс  және оның салдары.

   Эмоцианалдық  депривация. Депривацияны ескерту.

     Аяқталмаған әрекеттің аффектісі.  Табысқа жетеуге ұмтылу және  табысқа жетпеуден қашу. Қобалжау және жүріс – тұрыс.

   Импринтинг. Жануарлардағы эмоция.

   3.Мінез-құлық

   Сенің қажет еткенің және сенің қолыңнан келетін іс арасындағы қарама –  қайышылық және сенің бар екендігіңмен шешіледі.

   Адам, жеке адам және жүрыс – тұрыс. Журіс  – тұрыс және іс - әрекет: жалпы және айрықша.

   Моральдік норманы жеке адамның әлеуметтік дамуының шарты ретінде игеру. моральдық  норманы игеруге арналған сензитивті кезең (7-9ж.).

   Алда  тұрған іс – қимылдың мәнін түсіну деңгейіне адам жүріс – тұрысының  байланыстылығы.

   Жеке  адамның психологиялық ерекшеліктері. Жүріс – тұрыс байланыстылығы.

   Эмоцианалды жағдайға қатысты жүріс –тұрыс байланыстылығы. Жүріс – тұрыс түрлері: адекватты, агресивтті.

   Жеке  адамның бағалы бағдарға қатысты  жүріс – тұрыс байланыстылығы.

   Басшылықтағы  жоспарлаған іс - әрекетке қатысты жүріс – тұрыс байланыстылығы.

   Жеке  адамдар арысындағы қарым – қатынас  жағдайындағы жүріс – тұрыс.

   Рефлексия өзіңе сырт көзбен қарау ретінде.

   Жеке  адамдардың ой – пікірлеріндегі жүріс  – тұрыстың бейнеленуі.

   Жүріс – тұрыстағы мінез – құлықтың көрініс табуы. Мінез – құлық және жүріс – тұрыстың негізгі процестері мен принциптері (Скинер). Жүріс – тұрыс дайындығы және өзін - өзі бақылау. Кері байналысты жүріс – тұрысты өзгертуге пайданалу құралы ретінде. Жүріс – тұрыс дағдыларын дамыту. Жаттығудың ролі мен мәні.

   Оқу мен оқыту. Оқытуға әсер ететін факторлар: назар салу, кері байланыс, іс – тәжірибе. Оқытудың стратегиясы. Оқытудың жеке бастық стильдері. Оқи білу. Бақылау арқылы оқу. Бақылау кезеңдері. Өзін - өзі  бақылау. Өзін - өзі бағалау жүріс – тұрысты өзгертудің құралы ретінде.

   Жүріс – тұрыс мотивтері. Жеткілікті мотивация. Аутогенді жаттығу жүріс –  тұрыстың мотивтерін өзгертудің бір  тәсілі ретінде. Өзін - өзі психикалық жағынан реттеудің ролі.

   Ерік  жүріс – тұрысты басқарудың жүйесі ретенде. Ерікті реттеудің әдістері. Ерік реттеу және сана. Ерікті әрекет құрылымы. Ерікті реттеудегі мақсат пен жоспарлаудың ролі. Жеке адамның ерік қасиеттері: дербестік. өзін - өзі бақылау, инициативтілік. Ерік патологиясы.

   Жүріс – тұрыстың түрлері: бравода?, агрессия.

   Позициядағы жүріс – тұрыс: «бала», «ересек», «ата - ана».

   Жануарлардың  жүріс – тұрысы. Инстинкт. Күрделі  жұріс – тұрысты ұйымдастыру. «Байқап көру және қателіктер». Жүріс  – тұрыстың әдейілігі. Жүріс –  тұрыстың эволюциясы. Жүріс – тұрыстың механизмдері. Жануарлардағы күрделі жүріс – тұрыс табиғаты туралы түсінік. Жүріс – тұрыс эволюциясының перспективалары.

   Жануарлардың  жүріс – тұрысын басқару. Жануарлар  жүріс – тұрысының интелектуалдық түрлері.

   4. Даму

   Әлемнің бүтіндігі оның дамуымен қозғалысында. Даму диалектикасы – бұл қайшылықтардың болуы және олардың шешілуі.

   Адам  биосфера қызметі ретінде. Ноосфера туралы оқу. Биосферадан ноосфераға ауысу. Адаи дамуының ерекшеліктері (В.И. Вернадский).

   Адам  ғарыштың персонификациясы ретінде. Материяның, энергияның және ақпараттың өзара әрекеттеусуі. Индивидуалдық, өзін - өзі сақтау, рулық немесе тектік өзін - өзі сақтауы.

   Биосфераның ноосфераға ауысуының негізгі шарты  – рефлексия. Ғылым – биосфераның  ауысу процесінің нәтижесі, Табиғаттағы  адамның орны.

   Оқыту мен тәрбиелеу адамзаттың дамуының және өркетиетің сақталуының шарты. Даму психологиясы мәдиниеттің феномені. Адамның индивидуалдық дамуы  прцесі кезінде тұлғаның (жеке адамның) қалыптасуы (Б.Г. Ананьев). Даму феноменалогиясы  (В.С. Мухина). Өсу динамикасы.

   «Жас  ұғымы» (Л.С. Выгодский). Тұлғаның дамуындағы іс - әректтің ролі. Негізгі іс - әрекет ұғымы (А.Н. Леонтьев). Негізгі іс - әрекет түрлері. Түркілік – қажеттілік өрісінің қалыптасуы (Д.И. Фельдштейн). Түркілердің дамуы және түрлері (В.С. Мерлин). Қажеттіліктер классификациясы (П.М. Ершов, П.В. Симонов).

   Даму  мен оқытудың өзара байланысы. Онтогенездегі психиканың сапалы өзгеруі. Әр жастағы жаңа құрылымдар. Даму дағдарысы және сензитивтік кезең. Сензитив ұғымы.

   Тұлғаның  дамуы үшін жағдай жасау. Тұлғаның дамуы  және қалыптасуы. Жеке адамдық даму.

   Өмір  бойы адам қабілетінің дамуы. Жалпы  және арнайы қабілеттер. Адам мүмкіншілігінің  шектеулігі.

   Танымдық  психикалық процестердің дамуының ерекшелігі. Өнімді ойлау іс - әрекетінің ұйымдастыру тәсілдері. Танымдық қабілеттер. Өз бетінші есте сақтау. Мнемотехникалық тәсілдер.

   Эйдотехника – ақпаратты қабылдайтын жол. Индивидуалдық стратегия. Арнайы қабылдау. Байқағыштық. Қиялдың білім қорына тәуелдігі. Фантазия. Арман.

   Ойлау: логикалық, бейнелік, практикалық. Самогендік ойлау. Ойлау роцесінің сипаттамасы. Ойлауды активизациялау тәсілі. Ойлау және шығармашылық. Дарындылық. Талап.

   Тіл және кор пихикасының домды.

   5. Шығармашылық

   Шығармашылық  азаматқа ортақ қабілет. Адам және мәдениет. Мадениет жиынтығы - өркениет. Шығырмашылықтың тарихи – мәдени аспектісі - өзіндік жаңалығымен ерекшеленетін бірегейлі заттар шығару.

   Шығармашылық  адам қабілетінің ерекше қасиеті. Шығармашылықтағы субьективтілік және обьективтілік. Шығармашылықтың  іс жүргізу аспектісі. Шығармашылық процеснің табиғаты. Диалектика және шығармашылық. Шығармашылық іс-әрекетінің психологиялық механизмдері. Әрекеттің ішкі жоспары. Жағдайлар.

   Шығармашылық  қабілеті ретінде креативтілік жатады. Креативтілік өз кемшіліктерін мойындау қабілеттілігі. Креативтілік проблемаға деген сезімталдылық.

   Шығармашылық  аспектісін құрайтындар: қиындықты  сезінуі, шешімді іздеу, болжам жасау, осы болжамдарды тексеру және түзеу, модификациялау мүмкіндігі, нәтижені жеткізу. Болжам. Болжау. Проблема (мәселе) ойландырытын жағдай – қарама – қайшылықты мыналар арасында анықтау: нені «мен білемін». нені «мен білмеймін», нені «мен білуім керек». Ғалыми, техникалық және оқу процестерінде мәселені түсіну. Оқу мәселесіне байланысты есепке сипаттамма. Мәселелі сұрақ (Т.К. Кудрявцев). Есепті дұрыс қою. Есепті қайтадан қылыптастыру.

   Фантазия. Фантазияда көру және есту бейнелерінің ролі. Импровизация (сурып салма). Бейне. Елестеу. Мақсатты ойластыру. Жоспарлау. Өзін - өзі байқаудың ролі.

Информация о работе Психология сипаттамасы оқу пәні ретінде