Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 12:50, курсовая работа
Егер бала ең алғашқы тәрбие тетіктерін ата-ана арқылы қабылдаса, олардың көшірмесі ретінде іс-әрекет жасаса, бірте-бірте өзіндік көзқарастарының қалыптасуы барысында мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтарға ие болады. Ата-аналардың балаға деген қарым-қатынасы үлкен ықпал етеді. Отбасында ынтымақ, өзара көмек, бір-біріне сенушілік, өзара сыйластық болған жағдайда, баланың турашыл, ашық, ылтипатты, жолдастарына көмекке әрқашан дайын тұратын азамат болып өсуіне ықпал жасайды.
Кіріспе
Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері
Отбасы - тәрбие факторы
Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
Отбасындағы дағдарыстар
Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары
Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары
Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы
Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ата-аналар
оқушылардың оқу еңбегінің
Отбасы мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі "кіші педагогикалық кеңестер ", ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту-тәрбие процесінің әртүрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі.
Осылайша, мектеп пен отбасының сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық процестерінің ара қатынасы мұғалім қызметінің диагностикасы негізінде қойылған міндеттерімен анықталады. Сынып жетекшісі қалыптастырған мақсат пен міндеттер оның оқушылар мен олардың отбасыларымен әрі қарай жұмысының бағыттарын да анықтайды.
Отбасында баланың
даму ерекшелігін зерттеуде соңғы
кезде авторлар, жас ерекшелік
кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы,
өз кезеңдік көз-қарасында қосуда. Алғаш
психоанализде жас ерекшелік
кезеңдеріне әсіресе балалық
шаққа көп көңіл бөлген З.Фрейд
болды. Фрейдтің пікірі бойынша жыныстық
құмарту-адам дамуының басты белгісі
болып табылады. Бір жасқа дейін
эрогенді аймақта жағымды түйсінуге
жету бөлігіне ауыз қуысы мен тіл
сілекейі жатты. Осы негізге сүйене
нәрестелік-оралды кезең деп аталды.
Бір жас пен үш жас аралығында
эрогенді аймақ болып ішектің
сілекей қабаты қаралды. Бұл аналды
кезең деп аталды. Бала бұл жаста
сүйкімді және жекелік тазалық, қыңырлық,
тұйықтық агрессиялық ерекшеліктерді,
меңгере бастайды. Келесі фаллисикалық
кезең (3-5 жас) деп аталады. Балада жыныстық
құмарту жоғарғы деңгейде көрінеді.
Фрейдтің жолын қуушы Э.Эриксон
өзінің кезеңдік бөлу негізіне басақ
да белгілер енгізді. Бала дамуы өмір
сүрген ортасының мәдениеті мен
экономикалық деңгейіне байланысты.
Әрбір келесі кезеңге сәйкес дағдарыстың
берілуі қоғамдағы негізгі
1) бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін) негізгі сенім сенімсіздікке қарама-қарсы деген атқа ие болды. Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына қажеттіліктерін қанағаттандыруда өз қамқорлығын сүйіспеншілік пен мейірімділік танытса бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-әрекетінің басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен қарауға үйренеді, ал бұл болмаса бірқатар бұзылыспен ауруға әкеп соғады;
2) екінші кезең, бір жастан-үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді, «ұятқа қарама-қарсы автономия» деген атқа ие болып, оның аяқталуы «мен өзім» дағдарысын туындатады;
Бала дамуының қарқындылығы оны дербес етеді. Ата-ананың бақылау жасау, шектеу, тыйым салуы жиілей бастайды. Тұрақты түртпектеу баланың өз қажетсіздігін сезінуге негіз болады. «Шектен шығара ұялту» жасанды мінез-құлыққа әкеледі, егер бұл ұялу сезімін жоймаса, онда жасырын шешім шығаруда бала қалайда жағдайдан шығуға талпынады. Бала осы жастың өзінде секем алу және ұялу сезіміне ие болып, қоғамға балалық қарғыс және ауыр сөздер арқылы үндеу тастайды. Сондықтан да ата-ана міндеті-бала жеке басын сыйлау және мөлшерден тыс басынбау болып табылады. Осы жағдайда ғана балада әділеттік қалыптасып, «кінәлілік сезіміне қарсы белсенділік» деген жас ерекшелік даму кезеңіне қоғамның толыққанды мүшесі болып енеді;
3) үшінші кезең «бастамашылдық немесе кінәлілік сезімі» 4-5 жаста балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы және қиялдағы адам мен заттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті нәтижелі жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен конструктивті тәсілде қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды. Алайда оларды қатаң сынап және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әрекетінде өзін кінәлі сезінуге әдеттенеді;
4) төртінші «Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі». 6-11 жаста мектепте, үйде және өз құрбылары ортасында бірқатар дағды мен іскерлігін дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзіреттілігінің артуы «Мен» сезімін едәуір толықтырады. Өзін құрбыларымен салыстыру үлкен мәнге ие бола бастайды. Әсіресе осы кезеңде басқалармен салыстырғанда өзін жағымсыз бағалау зор зиянын келтіреді;
5) бесінші жеткіншектік кезең-11-16 жас. Осы кезең үш жастағы «Мен өзім» дағдарысын еске түсіреді, бірақ бұл әлеуметтік мәнде жүзеге асады. Аталған дағдарыс белгілі бір өткірлігімен сипатталады. Дағдарыс белгілері:
1) баланың жалпы оқу үлгерімі төмендейді;
2) негативизм. Үш жас дағдарысымен салыстырғанда, оны екінші негативизм фазасы деп те атайды. Бала ортасынан алшақтайды, өштескен ұрыстарға, тәртіп бұзуға бейім, ішкі мазасыздықты сезінеді, өзіне көңілі толмайды, жалғыздыққа ұмтылады. Ұл баланы қыздарға қарағанда негативизм кеш (14-16 жас) басталғанымен айқын әрі жиі байқалады.
Дағдарыс кезінде жеткіншек іс-әрекеті жағымсыз сипатта болуы міндетті емес.
Выготский іс-әрекеттің үш нұсқасын келтіреді.
Бірінші нұсқа-негативизм жеткіншек өмірінің барлық саласында айқын байқалады. Мұндай реакция жеткіншектердің 20%-да көрініс табады.
Екінші типте-бала потенциалды негативист. Негативизм қоршаған ортаның теріс ықпалына реакция ретінде кейбір жағдайда ғана байқалады: отбасылық қақтығыстар, еңсені басатын іс-әрекеттер, ересектердің қысым көрсетуі. Мұндай бала шамамен 60%-ды құрайды.
Үшінші жағдай
жағымсыз құбылыстар мүлдем болмайды.
Ол балалардың 20%-да кездеседі. Жеткіншектік
кезеңде баланың түрлі
Созылмалы сипттағы екі топ факторы мәні ерекше: дұрыс тәрбие бермеу және қақтығыстық жағдайлар. Екінші топқа келесі эманципациялы қақтығыс, құрбы-құрдастарымен топ құру негізінде туындайтын жанжалды (байланысқа түсе алмау, қолынан келмейтін басшылыққа ұмтылу, өзін кем сезіну, өзіне деген жоғары талаптардың орындалмау негіздері) күштеп тоқтатуға болады.
Дәл осы жас кезеңінде алғашқы суйцид әрекет белсенділік көрініс беріп, психологиялық дағдарысты сезіну мен байланысты жағымсыз тәуелділік қауіпі пайда болады. Психологиялық дағдарыс салдарына сезімтал болып келетін жеткіншектер категориясы: зорлық көргендер, түрлі тұрмыс жағдайындағы, отбасында қатыгездіктің құрбаны болғандар ата-анасының қазасына байланысты психологиялық соққы алғандар, жақын адамдарын жоғалтқандар, ата-ананың ажырасу жағдайын басынан кешіргендер, ұяң, ұялшақ жеткіншектер, аборт немесе басқа да медициналық әрекеттерді басынан өткізгендер және өз құрбы-құрдастарымен салыстырғанда үлкен жетістіктерге жетіп үтгерген дарынды балалар.
Бұл кезеңде өз тәніне көңілі толмаушылық, гормондардың қайта құрылуына байланысты туындаған тітіркенгіштік күрт көтеріліп, қоршаған ортаға-деген қатынасы өзгеріп, тәуелсіздікке деген қажеттілік туындайды, дөрекілік, сыншылдық пайда болады.
Көптеген жеткіншектер басқалардай болғысы келемен қатар ешкімге де ұқсамауға ұмтылады.
1.3 Отбасындағы дағдарыс
Отбасы
дамуы процесс барысында
1) кері құрылымдық, бұл отбасы қатынасының бұзылуы және оның қалыптасуына кедергі келтіретін әрекет;
2) құрылымдық, отбасының жаңа деңгейі қызметіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды.
Отбасы қалыпты дағдарыстары
Отбасы психологиясында - өмірде кездесетін дағдарыстың кез-келген түрі қалыпты деп есептеледі.
Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бірін-бірі ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке - өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше " Ұқсастық дағдарысына " соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады.
Бұл ерлі-зайыптылардың бір-біріне бейімделу кезеңі - алғашқы жылда жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы псйда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі-зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі - бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты да өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында бес-жеті жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата-ананың мейіріміне, махаббатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.
Қарым-қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.
Келесі ол уақытқа байланысты екі дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата-ананың қырық жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата-аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал балалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызығушылығын ата-ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.
Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл - ерлі-зайыптылардың бір-бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс-әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік жағынан көрсетуге ұмтылады.
Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады.
Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі қырық-қырық бес жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген он-он бес жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстың кезеңі болып табылады.
Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты - дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата-ана бала болашағының қамынойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады.
Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз-өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Оы кезде ер жеткен балар ата-ана қамқорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі-зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі-зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым-қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.
Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаз, жеңілгендер, аман қалғандар.
Жеңімпаздар ата-анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.
Жеңілгендер. Бұл жағдайға байланысты қайғыруы жеңілген балалар. Отбасында қалған адамның оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.
Аман қалғандар бұл барлық ауыртпалықты белсенді түрде басынан өткен, оған қоса өз жақындарына, басқа адамдарға деген қатынаста зейінді, сезімтал бола білген балалар. Осындай соққылы тәжірибеден бала жақын эмоционалдық қатынастың қажеттілігін түсінеді.