Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 12:50, курсовая работа
Егер бала ең алғашқы тәрбие тетіктерін ата-ана арқылы қабылдаса, олардың көшірмесі ретінде іс-әрекет жасаса, бірте-бірте өзіндік көзқарастарының қалыптасуы барысында мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтарға ие болады. Ата-аналардың балаға деген қарым-қатынасы үлкен ықпал етеді. Отбасында ынтымақ, өзара көмек, бір-біріне сенушілік, өзара сыйластық болған жағдайда, баланың турашыл, ашық, ылтипатты, жолдастарына көмекке әрқашан дайын тұратын азамат болып өсуіне ықпал жасайды.
Кіріспе
Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері
Отбасы - тәрбие факторы
Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
Отбасындағы дағдарыстар
Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары
Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары
Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы
Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс - отбасы өмірлік циклының кез-келген кезеңінде кездесетін дағдарыс, оны өмірдегі жағымсыз жағдайда қобалжу дағдарысы ретінде Р.Хилл үш факторды (отбасы шығатын дағдарысты) бөліп қарастырды:
1) сыртқы қиындық (жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы);
2) күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе бір мүшесінде жол апаты, зорлануы т.б.);
3) ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақтығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы).
Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:
1) дағдарыс жағдайы;
2) отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы;
3) отбасы мүшелерінің болған жағдайға көз-қарасы, қабылдауы;
4) отбасы мүшелерінің өзгеруі;
5) жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі.
Зерттеушілердің
бір қатары 17-19 жаста жасөспірімдік
дағдарыс кезеңін бөліп
Бірінші бұл-ішкі
ресурстар мен конструктивті
копингтік бағдарламаларды
Екінші тәсіл болып-жекелік эмоционалдық тұрғыдағы уайымдауларына қатты мән бергендіктен, мағыналы нәрсені көре алмай тиімсіз шешім пайда болады.
Үшінші-дағдарыс
жағдайды шешуде туындаған жағымсыз
уайымдардан қашу, жағдайды шешудегі
жауапкершілікті басқа
Қыз баланың ерекшелігі ол дағдарыс жағдайын терең эмоционалдық уайымдаумен қабылдап, одан мән-мағынаны көре алу іскерлігінен болады. Дағдарысқа ұшыраған қыз бала оны түсіну мен басынан өткере терең қабылдайды, нәтижесінде олар өмірдің қиын кезеңдерінде мағыналы жол таба білуге машықтанады.
Боз балада бұл шақтағы ерекшелік ол дағдарыс жағдайын эмоционолдық мәнділігін төмендетеді, оны жеңіл қабылдауға ұмтылады. Дағдарысқа ұшыраған ұл балалар сасқалақтап, жағымсыз уайымдауға беріліп, нәтижесінде өзінің мәселесін түсінуден алшақтай түседі.
Э.Г.Эйдемиллер
«отбасы диагнозы» деген
2 Ата-аналар мен балалардың
2.1 Отбасының қалыптасуы және
оның ерте заман дәстүріне
Бала тәрбиесі - тәрбиенің барлық түрлерін, сан-саналы қамтитын әрекет. Оны жүзеге асыру үшін ата-ана, мектеп, қоғам бірлесе отырып атсалысатынына белгілі. Әр халықтың дәстүрлеріне зер салатын болсақ, ұрпақ тәрбиесі қай кезде қай елде болмасын ең басты толғақты мәселесі болғанын айтуға болады. Халық мұрасының танымдық - тәрбиелік мәні орасан зор. Ол тек ұрпақтың тәрбиесінде ғана емес, жалпы адамзат өмірінде рухани қуатының байлығы ретінде үлкен орын алады. Олардың ішінде бала тәрбиесіне тікелей бағытталған, оның жан дүниесінің қалыптасуына, рухани жағынан жетілуіне негіз болуға лайықты дәстүрлері жеткілікті. Бұған еліміз егемендік алғаннан бері халықтық тәрбиенің ерекшеліктерін зерттеп, зерделеп халыққа жеткізуде, оны пайдаланудағы тиімді жақтарын ашып беру мақсатында жүргізген ғалымдардың еңбектері айқын дәлел болады. Көп уақыт бойы бұл мәселелерге ашық баға беру мүмкіндігі болмағаны белгілі. Қазіргі кезде халықтық тәрбиенің қажеттілігі ерекше байқалады - дейді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің педагогика ғылымының кандидаты Сейітқызы Перизат өзінің шығарған әдістемелік құралында. Осы пікірге біз де қосыла отырып, қазіргі кездегі халықтық тәрбиенің ерекше қажет болғаны өзіміздің күнделікті өмірден байқауға болады.
"Тәрбиелеу
ісі ұрпақтар арасындағы
Ұлттық салт-сананың қалыптастыруының екі негізі бар: игі әдеттер көп қолданыстан әдет-ғұрыпқа, яғни өмір қолданысына айналады да, ол ұлттық әдеп болып (этика, этника) қалыптасады. Мұның барлығы балалардың ұлттық сана-сезімін ояту үшін ұлтжандылық сезіміне түрткі болуға бағытталған іс-әрекеттер.
Егеменді жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу дәстүрінің маңызы зор. Ақынжанды, ақ жарқын, шешен, өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ережелері, рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиеттерге ие болады. Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, ілтипаттылық, қонақжайлық қылықтары қалыптасқан осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасының, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүріміз терең біліп, тебірене іс-қимыл жасауға тиіс. Ұстаз ұлттың мәдениет үрдістерін өркениетті өмірімен байланыстырып, тәлім- тәрбиеге пайдалана білуге міндетті.
Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрі болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін сақтап, әсіресе басым көңіл бөлген халқымыз өмір тануды дәріптеп, оның философиялық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан айырылған адамның адамдық қасиеті жойылып, оның айуанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуенді әнмен беруден бастайды, одан соң жас балдырған жеке сөздері ұғындыра бастағанда-ақ, жақсы мен жаманды ажыратып түсіндіреді. Ол үшін тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел үйретіп, баланың бөбек, балдырған кезіндегі адам болып қалыптасуы бір - бес жастың арасы десек, алты - он жаста бала әдептілік негіздерін үйренеді, оның бойынан тектік қасиеттерді көруге болады. Адам өмірінің " алтын бесігі "- мектеп есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарына үйренеді.
Өмірдің айлы да арайлы кезеңіне лайықтап, ұлттық тәлім-тәрбиенің негізі бір оқу құралы ретінде оқулықтарды ұсынған жөн. Қазақта " тірі адам тірлігін жасайды ",- деген мақал бар. Тіршіліктің қисыны, тірліктің тәртібі бар. Әр адамның негізгі тіршілігі: ұйықтау, ояну, киіну, жуыну, серігу, еңбек ету, оқу, тынығу. Әр адамның сымбатын, әдемілігін киім айқындап тұрады және ерте тұрып ерінбей, кеш жатып керілмей, жанын сейілткен адам өзіне-өзі үлкен жақсылық істейді. Халық салтында үлкенге жол беру, орын ұсыну, үлкен алдында әдеп сақтап, ізетті болу, әдеппен сөйлеу, дөрекіленбеу жеке адамның парызы болып табылады. Халықтық дәстүрді бойына сіңірмеген, қадірлей білмеген бала әдепсіз бала. Осы орайда айта кететін болсақ халық тәрбиесі - ғасырлар бойы сараланып, жұртшылықтың ой- арманымен, тіршілік-тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық ұлттық тәлім - тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркенденіп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кеткен тарихи және мәдени мұра ғой. Сондықтан біздің айтайын дегеніміз халықтық дәстүрді бойына сіңірмеген бала әдепсіз болатыны сөзсіз. Мысалы, күнделікті өмір тәжірбиемізден алатын болсақ, халықтық дәстүрі бойына сіңген баламен, бойында халықтық дәстүр алаңның екі түрлі болғаны. Сәлем-әдептілік белгісі. Сәлемдесу кезінде, аман - саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру ізеттілік пен әдептілік нышанын көрсетіп, амандыққа ақ жарқынданып, жақсылыққа жадырауы. Сәлем беру - имандылық, инабаттылық, көргендік, мәдениеттіліктін белгісі.
Әрбір адамның мінез - құлқындағы әдептілік қасиеттері оның іс - әрекеттері, тұрмыс - тіршілігі мал шаруашылығымен байланысты болған. Төрт түліктің қасиетін қадірлеп, бағу арқылы кәсіптік әдептілік қалыптасып, дәстүрге айналдырған. Бала тәрбиесінне де төрт түлік малдың өзінше тигізер көмегі көп. Оған мейірімділік көрсету арқылы ақ ниетті, адал жүректі, мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзірлікке бейімделді. Мейірімділік адам бойындағы қасиетті сезім. Мейірім - адамның мерейі үстем болу үшін, ойлаған жақсылық әсерленген әдептілік, жақсы көрген адамдардың жан саулығын оны қуанышқа бөлеуі тиіс. Сондықтан ата - ана балаларын мейірімділікке тәрбиелеп, қатыгездіктен қағып, қаталдықтан сақтандыру қажет. Сонымен қатар мейірімділіктің іс жүзінде көрінісі - қайырымдылық. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамға, табиғатқа, жан-жауарларға жақсылық жасау. Жылу беру, сыйлық ұсыну, сый - сыбаға тарту, көрімдік, байғазы т.б. жөн - жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайлықпен орындалады. Жас ұрпақты - табиғатты қорғап аялауға, тал егу, гүл өсіру, жер суару, құстарға қамқорлық жасау қайырымдылықтың борышын терең сезініп, тебірене іс-қимыл жасауға дағдыландыру басты борыш болып табылады. Әр адамның туған жері - бәрінен де қымбатты. Өйткені сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстады, табиғатымен біте қайнасып, адам болып қалыптасады. Сондықтан да әрбір адам туған жерін қорғайды, аялайды, күтеді, қастерлейді,"Әулие тал", "Әулие бұлақ", "Әулие көл", "Хан тәңірі" деген қасиетті атаулар мен таныстырар, бұл әулие киелі жаратылысқа дақ алмай, күтіп, ардақтап сақтау әрбір адамның перзенттік борышы екенін де ұмытуға болмайды. Осыған байланысты туған ырымдар мен тыйымдарды жан-жақты қарастырып, өнеге болар өрісін ат алыстыру қажет.
Жас ұрпақтың
үлгілі, өнегелі болып өсуіне, сонымен
қатар, әр жеткіншектің тегін білу де
зор еңбегін атқарады. Жеті атасын
білудің әдептілікке әсері мол,
яғни шөпшек бабасына дейінгі туыстық
атауларын жақсы біліп халықтың
салт-санасы бойынша, туыстық қатынасты
жетілдіру. Міне біздің халқымыздың
имандылық дәстүрлерінің түпкі
мақсаты мол. Дәріпті дәстүрлердің
мәнін біліп, оны осындай білу
- парыз. Данышпан ата-бабаларымыз кейінгі
ұрпаққа өркениетті өсиет айтып,
өнеге нұсқа қалдырған. Ата-бабаларымыз
өмір тәжірбиелерінен, халықтың әдет-ғұрып
болып қалыптасқан
Ұрпақ тәрбиесі,
бүгінгі қоғамда лайықты
Әрбір отбасының
қалыптасқан әдет-ғұрпы ата
"Ұлдың ұяты - әкеге, қыздың ұяты - шешеге" деп қараған халқымызда ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың міндеті болып саналған.
Аталары балалары мен немерелеріне ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелдер айтып беріп, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының балаларының өрескел мінез-құлқын көрсе, ұрысып, зекіп тыйым салуға, ақыл айтуға, тіпті, ретті жерінде ұруға да құқылы болған. Ән айтуға, күй шертуге, зергерлік өнеріне бейімі бар балаларды әке-шешесі, атасы ел ішіндегі аты шыққан әнші, күйші, ұсталардың жанына қосып, шәкірттікке беруі ата дәстүрі болып саналған. Ал шәкірттің ұстазын ұлы әкесіндей сыйлауы, оның өнерін жалғастырып, көпке тарату немесе жақсының жанында жүріп, өнегелі шешен, ақын, билердің, көпті көрген қариялардың батасын алу олар үшін парыз боп есептелген. Сол мектептен тәлім-тәрбие алған өнер адамдары ұстаздарының жолын қуып, өнерін жалғастырған.
Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке-отбасының басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Өйткені, әкекнің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі- ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса, оның атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой - деп мадақтайтыны сондықтан. "Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі", "Әке - бәйтерек, бала - жапырақ", "Жас - кәрінің көзі, кәрі - жастың тезі", "Ата - балаға сыншы" деген мақалдар да осы пікірді халықтың қуаттауынан туған.