Іс-әрекет психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 11:43, реферат

Описание

Материализм психиканың пайда болуын материяның эвалюциясымен түсіндіреді.Мүлде өзгермейтін, мәңгі тыныштықтағы денеде бірде-бір матеря жоқ. Барлық әлемдегі органикалық және органикалық емес матерялар сырттан жасалатын әсерді бейнелеуге қабілетті
Мысалы:Тамшы тасты төседі. Кез-келген зат, кез-келген матеря сыртқы орта әсерлерінен өзгеріске ұшырайды.
Бейнелеу формалары әр-түрлі болады. Ол матеря формасына тәуелді. Өлі табиғатты бейнелеу - механикалық, физикалық, химиялық өзара заттардың әрекеттестігін көрсетеді.

Содержание

Психиканың қалыптасуы мен дамуы
Іс-әрекет психологиясы
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
Іс-әрекет түрлері
Оқыту және білім беру іс-әрекеті психологиясы
Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік, олардың даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

әрекет психологиясыы.docx

— 48.10 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Білім және Ғылым  Министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Экономика мамандығы

 

 

      

                                  

 

Реферат

                                    тақырыбы: Іс-әрекеті психологиясы"""

 

 

 

 

 

                                         Орындаған: Шакиров М.Р.

                                        

 

 

 

 

                                                   АСТАНА-2012

  • Психиканың қалыптасуы мен дамуы
  • Іс-әрекет психологиясы
  • Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
  • Іс-әрекет түрлері
  • Оқыту және білім беру іс-әрекеті психологиясы
  • Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік, олардың даму тарихы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПСИХИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

 

Материализм психиканың пайда  болуын материяның эвалюциясымен түсіндіреді.Мүлде  өзгермейтін, мәңгі тыныштықтағы денеде бірде-бір матеря жоқ. Барлық әлемдегі органикалық және органикалық емес матерялар сырттан жасалатын  әсерді бейнелеуге қабілетті

Мысалы:Тамшы тасты төседі. Кез-келген зат, кез-келген матеря сыртқы орта әсерлерінен өзгеріске ұшырайды.

Бейнелеу формалары әр-түрлі  болады. Ол матеря формасына тәуелді. Өлі табиғатты бейнелеу - механикалық, физикалық, химиялық өзара заттардың  әрекеттестігін көрсетеді.

Тірі материяға бейнелеудің  биологиялық формалары тән. Тірі матеряның белгілі бір даму сатысында  бейнелеуңдің ерекше формаларын реттеуде психика пайда болады.

Психиканың пайда болу туралы әр-түрлі теория бар:

1)    панпсихизм (баршада психика бар);

2)    биопсихизм (тірі жанда, табиғатта, өсімдікте психика бар);

3)    антропсихизм (адамда психика бар, өсімдіктер, жануар - тірі автоматтар);

4)    нейропсихизм (жүйке жүйесі барларға ғана психика тән).

Психиканың эвалюциясы-психиканың пайда болуымен, дамуымен, тіршіліктің пайда болуымен, дамуымен айналысады.

Өлі табиғаттан тірі табиғатқа  өту мүмкін деген болжам - Опарин гипотезасына дәл келеді.

Опарин болжамы бойынша осыдан 2млрд. жыл бұрын атмосферада бос оттегін бөліп шығарып, органикалық заттарда фотосинтетикалық реакциялардың жүруіне себепші болған заттар болған. Көміртегі, азот, фосфор, күкірт атомдарымен түрлі айналым аса күрделі көмірсутек түзеген. Бұдан алып молекулалар пайда болады.

Бұл молекулалар құрамдас бөліктерге тез бөлінген. Олардың  тіршілігі үшін ортамен заталмасу  керек болған. 

 

Алып молекулалар ортадан  қоректік сіңіріп, ассилияциялайды. Қорытылғандарды сыртқа шығарады, диссимиляция  жүреді. Бұдан молекула ортамен зат алмасуы автоматизм түрінде реттелген өзін- өзі өндіретін жүйеге айналған. Бұл коацерваттар деп аталған.

Коотцерваттар- өзара бәсекелес. Үнемі қозғалыста. Кез-келген молекулалар  бірігіп, әрекет қасиетке не молекулалар  пайда болады.

Коатцерваттар- қоректі таңдамалы  сіңіреді. Тірі қалпын сақтауға керек  заттарға ғана тітіркенеді. Тітіркенгіш  болмаса енжар болады.

Кез-келген тірі организім  сыртқы тітіркендіргішке таңдамалы  белсенді қатынас танытады, яғни тірі материяға өзі-өзі реттеу тән. Эмоционалды  қатысын бейнелеудің әрекет формалары  болады. Ол тітіркенуден басталып, сананың ең жоғарғы формасы ойлау мен еске дейін. Барлық эмоционалды сатыдағы жануар, өсімдіктерге – тітіркенгіштік тән.

Тітіркенгіштік- биологиялық мәнді әсерлерге жауап бере алуы. Бұдан тітіркену биологиялық бейнелеудің ең қарапайым түрі.

Қарапайым тітіркену бір жасушалыларға тән. Орта ықпалмен қозғалады.Бұл қозғалыс- ізденіс ретінде көрінеді.

Сырт орта заттың белгілер (иіс,түс, форма) органикалық қажеттіліктерді  қанағаттандырмағанымен сигналдық мәнге ие. Бұған кейде қарапайымдар да абиотикалық факторларға да жауап береді.

Жануарлар- абиотикалық, биотикалық факторларға қатысты ортаны бейнелей алады. Сезгіштік биологиялық нейтралды, бірақ биотикалық әсерлерді бейнелей алуға қабілетті. Сезгіштік қарапайымдардан  жануардың ең жоғарғы формасына  дейін тән. 

Сезгіштіктің  атқаратын қызметтері:

1)            Тіршілік иесі ортаға бағдар жасай алады;

2)            Әрекет- қылықтардың небір өзгермелі формаларын меңгеруге қабілетті болады;

3)            Ортаның өзгермелі жағдайына бейімделе алады; 

 

Северцов бойынша ортаға бейімделу жолдары:

1)            оргондар қызметі мен құрылымыныңөзгеруі арқылы

2)            әрекет- қылықтарының өзгеруі арқылы

Бейімделу- уақытша байланыс жасау арқылы мүмкін болады.

1-саты: Уақытша байланыс - қарапайымға тән.

Масалы: жылу, жарық сезінеді.

Уақытша байланыс тез сөнеді. Бейнелеудің өшкен формалары  тез қолнына түспейді.

Бейнелеудің күрделі формалары  көп жасушалыларға тән. Олардың  дене құрылысы күрделі. Жасуша санымен  ғана емес функцияға байланыс (1жасуша-қоректенеді,2жасуша- көбею, 3жасуша- қорғану т.б).

Аса сезімтал жасушалар бір-бірімен  түйісіп, органиканың бүкіл бойына тараған, оны жүйке торы деп аталады.

2-саты: Ішек қуыстылар  – жоғары сезгіштікке ие (қармағыштар).

Әрекеттері: 1)Эвалюция барысында  жетіліп, тұқым қуатын тітіркену  реакциялары арқылы мүмкін;

2) Тіршілік процестері  болатын уақытша байланыстар,  яғни шартты рефлекс арқылы  болады.

3-саты: Эвалюциясы келесі  сатысында –құрлықта өмір сүретін  көпжасушалылар. Олардың тіршілік  ортасынан әрекет болғанда сезім  органдары жетіле бастайды, ол - бунақденелілер. Оларда көру, дәм, иіс сезу, тері сезу нышандары бар.

Әр бунақта жүйке жасушалар  шоғырланған, оны ганглилер деп атаймыз. Әр ганглийдің бейнелеуінде - басшылық мәні бар. Ганглийлі жүйке жүйесі барларда - белсенді ізденіс болады. Оларға шартсыз рефлекс тән.

4-саты:  Ганглийлі жүйке жүйесі өзінше күрделі дамыған жәндіктер мен буынаяқтыға,  яғни олардың бейнелеуі күрделі.

Рецепторлары белгілі  тітіркендіргіштерге жауап беруге бейімделеді.

Ұялы  фасет - жарық аңғаруда көрінеді. Жәндіктерде – фоторецепторлар жетілген. Жақындаға жарықты көре алатын фасетті көз ұяларынан тұрады.  Мұртшалары арқылы тактильді сезе алады.

Әрекеттері: инстинкт арқылы сипатталады.

Инстинкт- тумадан беріліп отыратын әрекет-қылық.

Келер: аралар тұрмыс тіршілігін сипаттау арқылы инстинкті түсіндіреді.

Инстинктік  әрекеттер нақты жағдайға байланысты болады.

Сыртқы әсер рефлекторлық реакция тудырады. Оның соңынан реакциялар тізбегі қоздырылады, бұдан тума бағдарлама іске асады.

Фабрий әрекет стандартты жағдайын өзгертсе, инстинк мақсат бағдарын жойып алатынын дәлелдеген.

5-саты: Инстинкт - омыртқалыларға  тән (балық, құс). Омыртқалылырда  интелект негізінде бейнелеу  мүмкіндіктері шамалы. Жүйке жүйесі  түтік тәрізді бас миы және  жұлыннан  тұрады. Рецепторлардың даму деңгейі күрделі. Бұдан инстинк әрекеттер белгілі сигналдар арқылы болады.

6-саты: Интелектуалды әрекет  қимылдары сүтқоректілерге тән.  Омыртқалыларда, сүт қоректілерде  күрделі уақытша байланыс құрылады, бұдан әрбір текте дара тәжірибе  қалыптасады. Дағды қалыптасады. Сонымен, сүтқоректілерге инстинк, дағды тән.

Дағды- шартты байланыс негізіндегі жануарлар әрекетінің автаматтануы.Дағды ми қабығы бар, жануарларда айқын көрінеді. Дағды тума қозғалыс негізінде дамиды.

Мысалы: қоянға барабан соғуды оңай үйретуге болады.

Дағды негізінде заттардың  қасиеттері негізінде күрделі қатынас  бейнеленеді. Дағды мүмкіндіктері  аса шекті: Мысалы: маймыл көзге көрінетін жағдайда ғана интелекті әрекет таныта алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІС-ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің  бірі. Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен  оның психологиялық сипатының құрылым  бөліктерінен ажырата қарастыру  мүмкін емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда  тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық  материализм философиясы негізінде  құрылып, алғашқы түсіндірулері  Л.С. Выготский (1896-1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960), А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды кеңестік психологтердің есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып, «түсіндіру принципі» ретінде танылды.  Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу «бірліктерінің» бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды.

Іс-әрекеттің әлдеқайда  аяқты психологиялық тұжырымын  толықтыра және түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер. 

А.Н. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-әрекет деп атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді  ғана іс-әрекет деді.  

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы

Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).

Іс-әрекеттің психологиялық  құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады: 

 

Қажеттілік

Белсенділік

Мотив

Іс-әрекет

Мақсат 

Әрекет 

Жағдай 

(міндет)

Амал


 

 

Бұл блоктардың сол жағында  іс-әрекеттің интенционалды аспектісі, ал оң жағында амалдық аспектісі  көрсетілген.

А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты  емес, құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін  қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама  методологиясына тағы бір ескерту  енгізу қажет. Ол - іс-әрекеттің психологиялық  құрылымының аддитивтілік қасиеті ескерілмеген, яғни,  қарапайым құраушы бөліктерінің қосындысы күрделі жүйе блогына пара-пар емес. Мысалы, мотивтердің қосындысы өзін іске асырушы қажеттілікке тең емес. Қажеттілік субъективті күй иесі ретінде қалады, ал бұл мотивтер қосындысында жоқ.

Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар  іс-әрекетке деген психологиялық  даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде белсенді қылады.

Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы  пәні мен мотивін табады. Ізденіс  әрекеті қажеттілікті қанағаттандыратын  нақты психологиялық іс-әрекетке айналады. Тәжірибеде іс-әрекет көпмотивті, кешенді болады.

Мәселен, сізде саяхатқа бару қажеттілігі актуалданды. Бұдан  сіз жаңа жағдайларға даяр болып, қобалжу, қызығу күйіне енесіз (бұл  сырт көзге көрінбеуі де ықтимал). Субъективті түрде бұл шаршау, қанағаттанбаушылық түрінде көрініс  береді. Осы кезде сізде кеудеңізді керген психологиялық дискомфорттан  «құтылу» ізденісі белсендіріліп, сана «іске қосылады». Бұл уақытта  құрбыңыз телефон шалып, өзімен бірге  саяхатқа баруыға шақырса, қажеттілік психологиялық тұрғыда мотивке  айналады. Нәтижесінде, сіз саяхатқа аттанасыз, яғни арнаулы іс-әрекет орындайсыз. Осы кезде мотив мақсатқа жүгінуді, жағдайға қатысты реттілікті, бір  сөзбен, өз қызметіне кірісуін талап  етеді .

Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде елестету. Бұл тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Мысалы, саяхатқа аттану үшін билет сатып алу керек, киімдерді жинап, межелі жерге жету қажет. Осылардың барлығы мотивтер аясына қатысты болғандықтан, алға қойылған және қабылданған мақсаттарға тұлғаның қол жеткізуі қажет. Әйтпегенде, олар субъект үшін мәнсіз болар еді.

Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі.  Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне «бағындырады»,  яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді. Сондықтан, мінез-құлықты талдау барысында психологтің бұл кезіктіргені іс-әрекет пе, әлде әрекет пе екендігін, және, сәйкесінше, бұл процестердің мотивке, я мақсатқа бағынатындығын анықтауы маңызды.

Емтиханға даярланған студент  «Ұлағат» журналын оқып отыр делік. Оның жанына келген курстасы бұл сабақтан емтихан тапсыру үшін лекцияларды  білген жеткілікті екендігін айтты. Осыдан былай, студентен екі түрлі  әрекет-қылық күтуге болады: журнал оқуын доғарады, не жалғастырады. Бірінші  жағдайдағы әрекет емтихан тапсыру  мотивіне жүгінген іс-әрекеттің құрамдас бөлігі болды. Енді, мотивінен айырылған  мақсат мәнсіз болып, әрекет тоқтатылды. Егер журнал оқу жалғасатын болса, мотивация  бір басқа сипатта болады. Онда, мақала мазмұнын білу (мақсат ретінде) емтихан тапсыру шеңберінен әлдеқайда  ауқымды мотивтің әрекетіне қатысты  болады. Журнал оқу тұлға үшін басқа  мәнге ие болып, іс-әрекет емтиханға  даярлықтан кеңірек мотив құрамында  жалғаса береді.  

Мотив пен мақсаттың динамикалы қатынасы сана мен іс-әрекетті құрастырып, психологиялық маңыздылыққа ие. Біркелкі әрекет әр-түрлі іс-әрекеттің құрамына ене алады, ал бір мақсат – түрліше  мотивтерге жауап береді. Мотив мақсатқа тұлғалық баға, мәнділік береді, сол  сияқты, әрекеттердің қосындысы да толық іс-әрекетті сипаттамайды. Бір  ғана мотив әр-түрлі мақсатта көрінуі  ықтимал, бұдан әрекет те, іс-әрекет те, тұлға да өзгереді.

Мотив пен мақсаттың бірігуі  және сәйкесуі, іс-әрекет, мотивация, тұлға  динамикасының кезеңі ретінде, тек  «екінші ретте» ғана мүмкін болады. Бұл мотивтің мақсатқа жылжуы атты белгілі феномен, мұнда бұрыннан белгілі мақсат өзбетті түрткі қызметін атқарады. Бұл мақсаттың психологиялық статусының өзгерісі, іс-әрекеттегі жаңа мотивтің пайда болуы, қалыптасуы.

Мысалы, мұғалім оқушылардың  алдына белгілі бір кітапты оқып шығу мақсатын қояды. Мақсат оқушы үшін маңызды мотивке қатысты болғандықтан, өз міндеттерін орындау мотиві делік, қабылданады. Оқушы өзге шаруасын шегіндетіп, қажетті мөлшерде ерік-күшін жұмсай отырып, кітапты оқиды. Осыдан соң  мұғалім тағы бір кітапты оқуға  тапсырады, т.с.с. Нәтижесінде, оқушыға  ешбір тапсырма бермей-ақ өздігінен  сол саладағы кітаптарды оқу кезеңі келеді. Кітап оқу мақсаты маңызды  мотивке айналды. Сәйкесінше жаңа іс-әрекет пайда болды. Оқушы қажеттілік-мотивациялық, іс-әрекеттік, тұлғалық тұрғыда өзгерді.

Информация о работе Іс-әрекет психологиясы