Іс-әрекет психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 11:43, реферат

Описание

Материализм психиканың пайда болуын материяның эвалюциясымен түсіндіреді.Мүлде өзгермейтін, мәңгі тыныштықтағы денеде бірде-бір матеря жоқ. Барлық әлемдегі органикалық және органикалық емес матерялар сырттан жасалатын әсерді бейнелеуге қабілетті
Мысалы:Тамшы тасты төседі. Кез-келген зат, кез-келген матеря сыртқы орта әсерлерінен өзгеріске ұшырайды.
Бейнелеу формалары әр-түрлі болады. Ол матеря формасына тәуелді. Өлі табиғатты бейнелеу - механикалық, физикалық, химиялық өзара заттардың әрекеттестігін көрсетеді.

Содержание

Психиканың қалыптасуы мен дамуы
Іс-әрекет психологиясы
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
Іс-әрекет түрлері
Оқыту және білім беру іс-әрекеті психологиясы
Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік, олардың даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

әрекет психологиясыы.docx

— 48.10 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

Оқыту және білім беру іс-әрекетті психологиясы

Студенттерді оқыту дегеніміз  олардың психикасы мен қызметіне  білім, дағды, икем арқылы әсер ету. Оқу  барысында студенттердің психикасы  жан жақты дамиды, болашақ маманның тұлғасы қалыптасады. Ғылыми көз  қарасты жетілдіру, интелектуалдық және кәсіптік қасиеттерді дамытуға оқытудың тікелей маңызы бар. Білімнің саны және сапасы қазіргі өндірістің талаптарына, белгілі мамандыққа сай  келетін профиль бойынша анықталады.

Студенттің дайындығы  мен дамытудағы өзінің мамандығы  бойынша дағды, білім, икем негізгі  тетігі болып табылады.

Адам өз алдыңы дағды, білім, икемдерді меңгерем деп мақсат қойғанда ғана ілім қызмет ретінде өз орнын  алады. Ілім танымдық процесстерге (еске, зеректікке, елеске, ақыл-ойдың майысуына) және еркін қасиеттерге (зейінмен басқара  алу, сезімдерді реттеу) талаптарды қояды.

Оқу қызметінде тек қана қызметтің танымдық функциялары  емес (ес, зейін, қабылдау, ойлау, қиял), сонымен қатар қажеттіліктер, сарындар, эмоциялар еркін берігеді.

Адамның қызметі ылғи да мақсаттанған, белгілі бір мақсатқа жететін, жеткізетін нәтиже. Мақсат қызметті бағдарлайды және барысын түзейді.

Іс-әрекет дегеніміз реакциялардың  жиынтығы емес, әрекеттердің жүйесі. Оқу  қызметінің негізгі нәтижесі болып  оқушыдағы теоретикалық сананың  және ойлаудың қалыптасуы болып табылады.

Танымды оқу қызметінің бірінші  деңгейіне  И.И. Ильясов:

а) оқу материалының мазмұнын түсіну;

б) оқу материалдарды өндеу  әрекеттерін жатқызады.

Жоғарға мектеп оқытушының алдында студенттердің оқытудағы  оқу қызметі құрылысымен қатар, оқу қызметі қалыптасудың проблемасы тұр, яғни студенттерді оқуға үйрету. Қиындықтың көбі өз бетімен материалды таңдауда жатыр.

О.Е. Мальскаяның бірінші  курстарда өткізілген зерттеулері  бойынша оқу қызметі қалыптасқан  кезде студенттер оқу материалын дұрыс қабылдамайды. Бірінші курс студенттері 70% дейін материалды қабылдағанда оны жүйелемейді.

В.Я. Лаудистің ойы бойынша, оқу қызметі оқытушы мен студенттердің  арасында әлеуметтік тұрғыда өту  керек. Бұл әрекеттердің мінезі оқытушы  мен студенттер арасындағы қалыпқа  байланысты.

Бірлескен оқу қызметі  оқу үрдісі кезіндегі пайда болатын  бірлік.

Оқу қызметінің белгілі бір  фазалық мінезі анықталған. Бірінші  фазада қалыптасқан ахуалдың ұғынуы болады, ұзақ жұмысқа дайындық басталады, ұйымдастырушылық тездетіледі.

Бұл фазадағы еңбекқорлық, мақсатқа жетудегі өжеттік, зейінділік, білімпаздық  және т. .с. қасиеттер көрінеді.

Келесі фаза адаптациялау кезеңі, мақсат белгілі. Осы фазада студенттерде жалпы кәсіптік дағдыны  қалыптастыратын қасиеттер көрінеді.

Қазіргі жоғарғы білімнің негізгі элементтері болып әдістемелік  дайындық табылады.

Ғылым және іс-тәжірибенің  дамуы студент өзінің болашақ  жұмысына арналған негізгі білімді  сақтап және меңгере алмайды. Сондықтан  ЖООдағы оқыту мен тәрбиелеуде  өзіндік ерекше принциптер әрекет етеді. Олар:

-         ЖООнан кейінгі іс-тәжірибеде қажет нәрселерге, білімге оқыту;

-         Студенттердің жасқа байланысты, әлеуметтік-психологиялық және студенттердің өзіндік ерекшеліктерін ескеру;

-         Оқыту және тәрбиелеудегі кәсіптік бағыт;

-         Оқудың ғылыммен, қоғамдық және өндірістік қызметпен органикалық байланысты.

Педагогикалық-психологтың  бірінші міндеті сондай іс-әрекетті табу, яғни сол қызметті атқарғанда берілген ұғымды қолдау. Әрбір әрекет өз алдына күрделі жүйені құрастырады. Ол бірнеше бөліктерден тұрады: бағыт  беретін (басқаратын), орындайтын (жұмысшы), тексеру корректирін жасайтын. Бір  бөлігі болмағанда қызмет бұзылады. Оқу  үрдісі осы үш бөлікпен тікелей байланысты, бірақ бағыт беретін (басқаратын) бөлікпен байланысы тығыз. Әрбір  әрекет белгілі параметрлердің құрамы, олар тәуелсіз және әртүрлі байланыста кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытуды ұйымдастыру  формалары туралы түсінік, олардың  даму тарихы 

 

Қоғамның даму тарихында  жас ұрпақты оқытуды ұйымдастыру  формалары қоғамдық талаптар мен  қажеттіліктерге сәйкес өзгеріп, дамып  отырды. Оқытуды ұйымдастыру формаларының даму тарихында оның үш түрі қалыптасқан: жеке - дара, топтық, сынып сабақтық жүйе.

Оқытуды ұйымдастыру формаларының даму тарихында  төмендегідей формалар болды:

• Жекелей оқыту -  ежелгі және орта ғасырларда тараған оқыту формасы.

• Топтық оқыту -  бірнеше оқушыларды  топтастырып оқыту формасы.

• Белл-Ланкастер жүйесі -   Англияда жаңа дәуірде пайда болған “сатылы” немесе өзара оқыту формасы.

• Дальтон-жоспар - ХХ ғ.басында АҚШ- та таралған. Әрбір оқушы өз күшімен бағдарламаны бөлшекетеп жеке дара оқытылды.

• Бригадалық-зертханалық -   Кеңес одағында ХХғ. басында тарған. Оқыту топтарға бөліну арқылы жүргізілді.  Оны бригадир басқарды, топ тапсырмаларды орындап,  оны бригадирлері мұғалімге тапсырған.

• Сынып- сабақтық -   ХVІІ ғ. Я.А.Коменский енгізген оқытуды ұйымдастыру формасы.

• Таңдамалы оқыту формасы: 

- Батовтік жүйе – мұғалімнің уақыты екіге бөлініп, жеке және ұжымдық жұмыстар жүргізілді.

- Маннгеймдік жүйе – оқушылар қабілеттіліктері мен үлгерімі бойынша күшті, орта, әлсіз болып бөлінуі ұйымдастырылатын оқыту формасы.

Жекелей оқыту жүйесі ежелгі  және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім оқушының жеке орындаған тапсырмаларын тексеріп, мәтінді оқытып, тыңдады, үй жұмысын орындау амалын көрсетіп, музыкалық құралдарда орындауды үйретті. Бұл оқу жүйесінде әр түрлі жастағы және түрлі дайындықтағы оқушылар болғандықтан, оқу жұмысы жеке жүргізілді. Мұндай оқыту ұйымдастыруды оқытудың жаппай сипаты пайда болғанға дейін ғана өмір сүрді.

Өндірістің дамуы және қоғамдағы рухани өмір мәнінің жоғарлауы  балаларды жаппай оқыту формаларының пайда болуына әкелді. Ондай формалардың  бірі, Белорусия мен Украинадағы  ағайындық мектептерде ғасырда  қолданылған топтық оқыту болды. Бұл оқыту формаларның ерекшеліктері: оқушылар жас ерекшеліктеріне дайындықтарына сәйкес топтарға бөлінді, ол бүкіл топпен бірге, бір оқу материалы бойынша жүргізілді, оқу жылдың белгілі бір мерзімінде, белгілі бір уақытта басталды. Бұл сынып сабақ жүйесінің қалыптасуының алғышарттары еді.

ХVІІ ғасырда Я.А.Коменский  сол мектептердің тәжірибесін жинақтап, өзінің «Ұлы Дидактика» кітабында сынып - сабақ жүйесінің тиімділігін дәлелдеді, оның кезеңдерін түсіндірді. Сынып сабақ жүйесінің оқытуды ұйымдастырудың ерекше формасы ретіндегі мәні, мұнда бір жастағы оқушылар жеке сыныптарға бөлінді, оқу алдын – ала құрылған кестеге сәйкес жеке пәндер бойынша жүргізілді, сыныптағы барлық оқушылар бірдей материалмен жұмыс істеді.

1878 жылы өзара оқытудың Белл – Ланкастер жүйесі пайда болды. Бұл жүйе атауы оны бір уақытта Англия мен Үндістандағы қолданған ағылшын А.Белл мен Дж. Ланкастер есімдерімен байланысты. Бұл оқыту формасының мәні: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежесі әр түрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200- 300 немес 600 – ден аса оқушыларды мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған. Түске дейцін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде  жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйреткен.  

ХІХ ғасырдың аяғында таңдамалы  оқыту деген формалар пайда болды. Олар АҚШ- тағы Батовтіқ жүйе және Еуропадағы Мангеймдік жүйе. Батовтік жүйеде мұғалім уақыты екіге бөлінді: біріншісінде сыныппен ұжымдық жұмыс жүргізілсе, екіншісінде оқушыларға оқу материалын меңгеруде жеке көмек жасалды. Жоғары сыныптарда оқушылар мұғалімнің көмекшісі боды.  Мангеймдік жүйеде оқушылар қабілеттері мен үлгерім бойныша күшті, орташа, әлсіз сыныптарға бөлініп оқытылды.

1905 жылы жекелеп оқыту  жүйесін  амарикандық қала – Дальтонда Елена Паркхерст деген мұғалім қолданып, бұл жүйе «Дальтон – жоспар» деп аталды.  Бұл жүйенің ерекшелігі оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаны бөлшектеп оқыту арқылы жүргізілді.

Кеңес мектебінің алғашқы  жылдарында оқу ісінде баларадың  бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық – зертханалық жүйесі ұсынылды. Бұл жүйе бойынша оқу сыныптары 3 – 4 тпқа бөлінді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитын оқушылар мен ұйымдасытрушылық қабілеті жоғары оқушылар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадир жауабына қарай бригада оқушыларына баға қойылды. Мұғалім тек консультант есебінде жұмыс істейді.

Сонымен, ең тұрақты және мектеп тәжірибесінде кең тараған  оқытуды ұйымдастырудың сынып сабақ  жүйесі болды. Ол оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімінің  оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде  баяндауына мүмкіндік береді.

Сынып- сабақ жүйесінің ерекшеліктері:

• Оқушылар құрамы әркез  тұрақты;

• Жас шамалары мен таным  қабілеттері бірдей оқушылар топтасырылады;

• Жеке пәндерді тұрақты  кесте бойынша оқытылады;

• Оқыту оқу жоспары, бағдарламысы және оқулықтарға негізделеді;

• Оқыту белгілі бір  тұрақты мерзімде мұғалімнің басшылығымен ұйымдастырылады.

Сынып –сабақ жүйесі оқушыларға білім берумен қатар, олардың  рухани адамгершіоік қасиеттерін, ақыл – ой қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Сондай- ақ, сабақ балалардың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт – бағдар беріп, жетекшлік атқарады.

Жоғарыда оқытуды ұйымдастыру  формаларының даму таризын талдай келе, біз оқытуды ұйымдастырудың анықтамасын  береміз.

Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекетінің сыртқы көрінісі.

Сонымен, оқытуды ұйымдастыру  формасы оқытудың  мақсаты, міндеттері, мазмұны,   әдістерінің  біріңғай жүйесі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  ӘДЕБИЕТТЕР     

1. Александров Г.И., Гареев В.М. Разработка  системы совершенствования педагогического  мастерства преподавателя вуза /Г.И.  Александров.– М., 1977.     

2. Акопов Г.В. Социальная психология  образования / Г.В. Акопов. - М.: Флинта, 2000      

3. Возрастная и педагогическая  психология: Уч. для студ. пед. ин-тов  / В.В. Давыдов, Т.В. Драгунова,  Л.Б. Мтельсон     

4. Возрастная и педагогическая  психология: Тексты / Сост. Шуаре Марта  О. – М, 1992.     

5. Габай Т.В. Педагогическая психология /Т.В. Габай. - М., МГУ,1995.     

6. Дружинин В.Н. Психология общих  способностей. / В.Н. Дружинин. - 2-е  изд. - СПб.: Питер ком, 199. - 368 с. 


Информация о работе Іс-әрекет психологиясы