Іс-әрекет психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 11:43, реферат

Описание

Материализм психиканың пайда болуын материяның эвалюциясымен түсіндіреді.Мүлде өзгермейтін, мәңгі тыныштықтағы денеде бірде-бір матеря жоқ. Барлық әлемдегі органикалық және органикалық емес матерялар сырттан жасалатын әсерді бейнелеуге қабілетті
Мысалы:Тамшы тасты төседі. Кез-келген зат, кез-келген матеря сыртқы орта әсерлерінен өзгеріске ұшырайды.
Бейнелеу формалары әр-түрлі болады. Ол матеря формасына тәуелді. Өлі табиғатты бейнелеу - механикалық, физикалық, химиялық өзара заттардың әрекеттестігін көрсетеді.

Содержание

Психиканың қалыптасуы мен дамуы
Іс-әрекет психологиясы
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
Іс-әрекет түрлері
Оқыту және білім беру іс-әрекеті психологиясы
Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік, олардың даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

әрекет психологиясыы.docx

— 48.10 Кб (Скачать документ)

Іс-әрекет және тұлға «өмірінде» мақсаттың мотивке жылжуы атты кері феномен де бар. Бұл мотивті ығыстырып, жойып оның психологиялық мәнін «кішірейтіп», мақсат категориясына айналдыру. Мотив тұлғалық мәнін жойса, оған қатысты іс-әрекет тоқтайды, қажеттілік пен тұлға өзгереді, адамның мінез-құлқы алмасады.

Осыған дейін саналы қабылданбаған  мотивті тұлға саналы аңғарғанда мотив пен мақсат сәйкеседі. А.Н. Леонтьев бұл процесті мотив-мақсаттың пайда болуы деп атаған, мұнда автоматты түрде орындалатын жұмыс саналы, құндылықтар мотиві сатысына өтеді, сенімді тұлғалық мәнді иеленеді. Бұл іс-әрекет пен мінез-құлықты өзбетті басқарудың жаңа белесі, саналы дүние аясының кеңеюі.

Іс-әрекет құрылымы сұлбасындағы соңғы түсінікке тоқталайық, ол –  міндет. Міндет – мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни амалы бар нақтылы жағдай. Мысалы, қандай да бір затты қолына түсіруді мақсат еткен адамның мақсатқа қол жеткізу жағдайы (міндеті) объективті не субъективті түрде әр-түрлі болуы мүмкін: дүкеннен сатып алу, немесе досынан сұрап алу. Міндеттің қандай тәсілмен іске асырылуына байланысты нақты амалдар құрылады: көлікте жүруден бастап затты сөмкеге салуға дейін.

Мотивке қатысты мақсат қою  сияқты, міндеттерді тағайындау да тұлға үшін кездейсоқ, сыртқы жағдайларға  тәуелді болмайды. Міндеттер жүйесінен  мотивтерді, мән-мағынаны, тұлғаны  көруге болады. Іс-әрекетті психологиялық талдауда мақсат пен міндеттерді, әрекеттер мен амалдарды ажырату маңызды. Мысалы: инжинерлік психологиядан белгілі жай, адам мен машина арасында қызметтерді бөлісуде адамға мақсатқа бағынатын әрекеттер деңгейін сеніп тапсырған жөн, сонда амалдар деңгейіндегі машина жұмысы адамның орындағанынан сенімді болады.

Мақсат пен міндет, әрекет пен амал арасында белгілі қатынас, әйтпесе екіжақты алмасу бар. Мотив  дұрыс сөйлеу мен тәртіпке шақыру барысында пайда болып, танылмайды, ол тұлғаның өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде  туады. Мотив бұрынғы іс-әрекет бейнесін өзгерте келе, жаңа іс-әрекетке түрткі болады. Бұлардың барлығы тұтас тұлғада  бірлесіп, пайда болады және жоғалып  кетеді, дамиды не деградацияланады. Іс-әрекет қажеттіліктер, мотивтер мен мағына тәрізді тұлға бағыттылығының тәжірибелік, мінез-құлықтық көрінісі ретінде қызмет атқаратын өзінің иерархиялық жүйесін  құрайды.

Іс-әрекеттің психологиялық  құрылымын сипаттау үшін кеңінен  тараған үш түсінікті анықтау  керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды  түрде көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін – дағды, білім және әдет.

Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті  құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада, алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы, тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып, келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады.

Мәселен, малтауды үйренгісі  келген адам алғашында саналы түрде, мақсатқа бағына қол-аяғын қозғалтады. Бұл «дұрыс орындау» мақсатына бағытталған  әрекет. Үйрену барысында кезең-кезеңімен  бұл әрекеттер қысқартылады, жалпыланады, соңында зейіннің қатысуынсыз автоматтандырылған әрекеттер орындалады. Олардың әрқайсы  малтау әрекетінде іске асырылатын амалдар  кешені деңгейіне өтеді. Нәтижесінде, қозғалыстарды дұрыс орындауға  қатысты емес, жақсы малтауға қажетті  дағдылар мен саналы мақсат қалыптасады.

Дағды неғұрлым күрделі болса, оны орандауға соғұрлым көбірек  уақыт пен күш жұмсалады. Дағды  – моториканың, сенсориканың, естің, ойлаудың, ерік-жігердің, бір сөзбен, тұтастай психиканың еренді еңбегінің  нәтижесі. Қайсы бір  дағдыны алсақ та ол адамның кез-келген әрекетін қаруландырады, негіздейді, тиімді етеді. Дағдысыз әрекеттің тиімді орындалуын былай қойғанда, тіпті іске асырылуы да мүмкін емес.

Іскерлік -  тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді. Іскерлікті тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде қарастыруға болады. Іскерлік туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның қажеттіліктеріне, қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік статусына сәйкеседі. Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің түрліше салаларында дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі болады.

Алайда іскерлікті мінез-құлықтың қолданбалы, жобалы қырларымен ғана психологиялық  тұрғыда сәйкестендіруге болмайды. Егер адам автомобиль жүргізе алмаса, бұл міндетті түрде онда қабілеттіліктің  не мүмкіндігінің жоқ болуынан емес. Бәлкім ол техникамен айналысқысы келмейді, не машина жүргізіп көрмеген. Іскерліктер  мен қабілеттіліктер арасындағы байланыс көпмәнділікпен, динамикалықпен сипатталады. Бұл психологиялық  өзара тәуелді қатынастар. Іскерлікті бірқатар психологиялық көрсеткіштермен  сипаттауға болады: бағыттылығы, кеңдігі, әрекеттілігі, икемділігі, жалпыламалығы, беріктігі, саналылығы және түсініктілігі. Іскерлік сапасы мен жүйесінде белгілі  дәрежеде, психологиялық құрылым  бөлшегі ретінде, тұлғалық тәжірибе көрініс береді.

Әдет – бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы. Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс стильі, психологиялық бекіген, тұрақты тұлға тәжірибесі. Адам көп нәрсені «ойланбастан», әдеттегідей жасайды. Бұл оның объективті және субъективті жағдайлардағы, тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгерісіндегі өмірін жеңілдетеді. Әдеттер өмір ағысын тұрақтайды, реттейді, жүйелейді. Бұл шектен тыс өзгермелі объективті өмір жағдайынан психологиялық қорғанудың бір түрі. Әдетсіз тұлға жоқ: қарапайым өз-өзіне қызмет көрсетуден бастап, субъективті қатынас, күйзеліс, кәсіби және отбасылық мінез-құлыққа дейін. Бірақ, әдеттердің тұрақтылығы жағдайында өзгермелі өмір мен іс-әрекет арасында қарсылықтардың болары сөзсіз. Мүлдем өзгеріссіз, әдетті мінез-құлық регидті, адекватты емес болады. Әдеттер уақыт ағымымен ауысуы, жоғалып кетуі не қайта құрылуы керек. Ал мінез-құлықтің үйреншіксіз (әдеттегідей емес), аяқ асты болуы ықтималдығы үнемі бар.

Дағды және іскерлікпен, өмір жолының барша психологиясымен  біріккен, жүйеленген әдет - іс-әрекет пен мінез-құлықтың, сонымен қатар  тұлғаның барлық психологиялық тәжірибесінің  маңызды бөлігі болады.

Сонымен, іс-әрекет тек белсенді әрекет емес, сондықтан іс-әрекетті зерттеу сана, тұлға салаларымен  бітіскен. Отандық психологияда іс-әрекет -, жалпы теоретикалық, методологиялық статусқа ие. 

 

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс-әрекет түрлері

Шексіз де көптүрлі адам іс-әрекеттерін әр-түрлі және бір-біріне ұқсамас көрсеткіштер негізінде  жіктеуге болады: пәні, мотиві, іске асырылу  тәсілі, физиологиялық механизмі, эмоциональды толықтығы т.б. Адам іс-әрекеттерінің  жалпымен қабылданған және өзгелерін  жоққа шығаратын жіктелуі жоқ. Сондықтан, кеңінен тараған кейбір градацияларға  ғана тоқталамыз.

Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі төрт түрі белгілі: еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас. Олардың  әрқайсына көптеген психологиялық  зерттеулер арналған. Аталған іс-әрекеттердің қай-қайсының болмасын көптеген түрлері  бар, сондықтан әрқайсының ең маңызды  ерекшеліктеріне тоқталайық.

Еңбек әрекетінің мәні - өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге жету.  Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі – алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы – еңбек психологиясы қарастырады. Адамның еңбек әрекетінің аясы зор және көптүрлі болғандықтан еңбек психологиясының көп қырларын қазіргі психологияның басқа да салалары қарастырады (жалпы, педагогикалық, әлеуметтік, спорт, шығармашылық психологиялары).

Оқу әрекеті – тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған оқушы әрекеті, яғни оның пәні – оқу әрекетінің субъектісі.

Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету атқарылатыны белгілі. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі емес, қолданылуы мен әрекет ету процесі болады.  

Әрекет ретіндегі қарым-қатынасқа екі қасиет тән. Біріншіден, қарым-қатынас пәні келесі адам болады, субъект не адамдар тобы. Екіншіден, бұл әрекет үш аспектіні біріктіретін кешен: перцепция (қарым-қатынасқа қатысушылардың бірін-бірі қабылдауы), коммуникация (әңгімесушілер арасындағы ақпарат алмасу) және интеракция (әрекеттесу). Аталған қарым-қатынас компоненттерінің тұтастай қарым-қатынаста алатын орыны түрліше болады, бұл олардың әр-түрлілігін  түсіндіреді.  

Аталған іс-әрекет түрлері  күнделікті өмірде міндетті түрде қайшыласып, әрекеттесіп, бірлесе не бір уақытта  көрініс беретіні белгілі. Мысалы, белгілі  қарым-қатынастың қатысуынсыз еңбек, оқу, не ойын әрекеттерінің болары ақылға қонымсыз. Еңбек әрекетінің элементтері  әрбір әрекет түрінде бар. К.Д. Ушинскийдің  өзі (1824-1870) оқу дегеніміз толық  белсенділік пен ойлаудан тұратын  еңбек деген. Іс-әрекеттің сипатталған  төрт түрі де өмірлік маңызды. Мәселен, кәсіпкер-футолшы үшін футбол ойын емес еңбек. Дәл осыны, шығармашылық пен репродукцияны, қарым-қатынас  пен білімді біріктірген, актерлік «ойынға» қатысты да айтуға болады. Кез-келген адами іс-әрекет кешенді, яғни көп пәнді және полимотивті болады.

Тағы да бір, кеңінен тараған, классикалық жіктеуде іс-әрекетті үш жетекші әрекеттерге ажыратады. 

Іс-әрекеттің орындалу аясына қатысты маңызды психологиялық  жіктеуде сыртқы (материалды) және ішкі (психикалық, ақыл-ой) әрекет деп ажыратады. Сыртқы әрекеттер материалдық аяда, шындықта бар материалды объектермен іске асырылады. Бұл адамның қоршаған ортадан тікелей және үздіксіз өндіретіні. Дәл осы алғашқы көріністі, объективтіні - іс-әрекет немесе мінез-құлық деп атап, көптеген ғылыми салалар, соның ішінде психология зерттейді.

Ішкі әрекеттер психикалық бейнелеудің идеалды түрінде бейнелер арқылы көрініс береді, яғни материалды емес, «екінші ретті» заттардың көмегімен. Ол объективті психикалық кеңістік пен уақытта емес, идеалды, ақыл-ой жүйесінде, психикада болады. Психиканың өзі тек бейнелеу нәтижесі емес, белгілі мөлшерде іс-әрекет болып табылады, сондықтан осы ішкі іс-әрекет психологияның зерттеу пәні болып табылады.  

Материалды және психикалық әрекеттің динамикалы қатынасы іс-әрекет тақырыбындағы басты мәселелердің бірі. Ішкі әрекет – сыртқы әрекеттің  интериоризациясы. Психика матерядан  жасалған, сонымен қатар өзі матеря түзеді әрі экстериоризациялау арқылы матеряға айналады. Осы кезде психикалық бейнелер мен әрекеттер материализацияланады.

Психика материалдылық пен  идеалдылықтың қатынасы, бірлігі. Ішкі және сыртқы әрекеттерде мұндай қатынасының  болуы психикалық әрекет құрылымы жайлы  мәселені көтереді. Отандық психологиялық  зерттеулердің соңғы нәтижелеріне сүйенетін болсақ, материалды және психикалық әрекеттер аналогиялы. Алайда, бұл аналогия толық сәйкестік  мағынасын қолдамайды. Идеалды әрекет - ықшам, редукциялы, сыртқы әрекеттен  сапалы ерекшеленген. Ойлауға «өткен»  материалды әрекет өзінің түп нұсқасына  ұқсамайды.

Психикалық әрекет заттық және мотивацияланған. Алайда, ішкі іс-әрекет, мақсат, әрекет, міндеттер мен амалдар, бүгінгі психология ғылымда толық  зерттелмеген. Психикалық әрекетті зерттеу  ториясы мен тәжірибесінде шешімін  тапаған мәселелер көп. Оның ішкі құрылымы қандай? Қандай құрылым бөліктері  бүгінгі күні белгілі және қаншалықты зерттелген?

Көптеген еңбектер түйсіну  мен қабылдауға негізделген перцептивті әрекетке арналған. Классикалық зерттеу нәтижелеріне айналған эксперименталды зерттеулер сериясы әйгілі отандық психолог А.В.Заппарожец (1905-1981) мектебінде орындалған.

Мнемикалық әрекеттер деп ес процесі элементтерінің кешенді жұмысын, адамның атқаратын әрекеті сипатына қатысты болатын жалпы тиімділікті білеміз.

Ойлау әрекетін ойлаудың күрделі талдау-жинақтау жұмысының синонимі ретінде қарастыруға болады. 

Танымдық әрекеттер деп дүниені тануға бағытталған жұмыс нәтижелерін жинақтаған түсінікті, яғни психикалық бейнелеудің жетекші қызметтерінің бірінің іске асырылуын айтамыз. Сондықтан, танымдық әрекетее перцепция, ес және ойлау процестерінен басқа, зейін, қиял, эмоция, ерік, сана қатысады. Дүниені психикалық процестер, күйлер мен қасиеттер қосындысы емес, тұлға таниды.

Психикалық әрекет түрлерін зерттеуде ерекше ұстанымды П.Я. Гальперин  (1902-1988) сипаттаған. Ол бағдарланушы әрекет ұғымын анықтап, оны психологияның ғылыми пәні ретінде қарастырған. Ерекше авторлық болжамға сәйкес, бағдарлану келесі қызметтердің іске асуын қамтамасыз етеді:

·        дүниені тану немесе оның бейнесін құру;

·        қажетті жауап әрекетін жобалау, оның ақылға қонымдылығын қамтамасыз ету;

·        таңдамалы процесс барысын басқару, немесе нәтиже мен жоспарды салыстыру.

Адам өмірінде, мінез-құлқы  мен психикасында сөйлеу әрекеті ерекше орын алады. Бұл терминді, әдетте, өзінің қаруы және тәсілі ретінде тілді қолданатын психиканың және мінез-құлықтың арнаулы түрін сипаттауда қолданыды. Адам психикасы белгілермен қаруланған және ішкі әрекетке тәуелді болады, бірақ, жекелеген сөйлеу әрекеті ішкі емес, материалдыға айналады. Сөйлеу әрекеті материалды сөздер мен белгілер арғылы іске асырылады. Психологиядағы әйгілі ойлау мен сөйлеудің бірлігі – идеалды мен материалдының «көрнекі» бірлігі. Сондықтан да сөйлеу әрекеті – объективті сөздердің қарапайым жиыны емес, ол психикалық іс-әрекеттің ерекше бір түрі.

Сонымен, адамның писхикалық іс-әрекеттері түрлерін талдау ғылыми зерттеудің шынайы өмір мен мінз-құлықтағы  сенімді бағытын береді. Алайда адам психикасын толығымен сипаттау және жобалау үшін іс-әрекеттік ұстаным  жеткіліксіз. Ол субъективті дүниенің тек белсенді, өнімді қырын ғана көрсетеді. Психиканың барлығы іс-әрекет негізінде ғана пайда болмайды және тек іс-әрекет арқылы көрінбейді. Психиканың артында ми «әрекеті», жан «жұмысы» бар. Сонымен қатар дүниенің субъективті  бейнесінің маңызды қырларының бірі -  «азап шегу», субъективті күйзелу. Психикалық процестер тұтастай психикалық бейнелер құрылымынан ерекше өнім алуды қамтамасыз етеді. Психикалық күйлер мен психикалық қасиеттердің психикалық бейнелеуде ерекше нәтижесі жоқ. Олар адамның әлеммен қатынасын, дүниеге деген көз-қарасын, субъективті күйзелістерін, өзіндік тұрмыс-тіршілігін бейнелейді. Бұл әлемді және тұлғаны жоғары сатыда бейнелеу. Бұл субъективті қайта жаңғырту, Адам мен Әлемнің тұтас психикалық бейнесі.

Информация о работе Іс-әрекет психологиясы