Жеке тұлға және жүйке жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 17:27, курсовая работа

Описание

Әр адамның психологиялық келбетінің қайталанбастығы – біздің психикамыздың ең көп зерттелінетін көріністі феномендерінің бірі. Ерте заманнан бүгінгі күнге дейін дербестілікті жіктеу, оның типологиясын құру тәсілдері шыққан.
Психологияда дербестілікті зерттеу үшін орасан зор әдіс-тәсілдер қолданылады, онымен болмай олар тек қана дербестілікке ғана-ақ емес, сонымен қатар адамның мотивациялық аумағына, қажеттіліктеріне, жүйке жүйелік ерекшеліктеріне, бағыттылығына, қабілеттеріне, психикалық процестеріне де талдау жасауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................3-4
II. Негізгі бөлім
2.1 Жеке тұлға және жүйке жүйесі қызметінің типтері.......................................................................................................5-15
2.2 Өмірлік құндылықтар жүйесіндегі жеке тұлғаның психофизиологиялық аспектісі.............................................................16-22
2.3 Психофизиологиялық ерекшеліктердің диагностикалық түрлеріне сараптама жасау....................................................................23-29

III. Іс-тәжірибелік бөлім....................................................................30-34
IV. Қорытынды...................................................................................35-36

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі.......................37-39

Работа состоит из  1 файл

курсовая 3-курс.doc

— 282.50 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

 

 

I.                    Кіріспе...............................................................................................3-4

II.                 Негізгі бөлім

2.1 Жеке тұлға және жүйке жүйесі қызметінің типтері.......................................................................................................5-15

2.2 Өмірлік құндылықтар жүйесіндегі жеке тұлғаның психофизиологиялық аспектісі.............................................................16-22

2.3 Психофизиологиялық ерекшеліктердің диагностикалық түрлеріне сараптама жасау....................................................................23-29

 

III.              Іс-тәжірибелік бөлім....................................................................30-34

IV.             Қорытынды...................................................................................35-36

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі.......................37-39 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі:

Әр адамның психологиялық келбетінің қайталанбастығы – біздің психикамыздың ең көп зерттелінетін көріністі феномендерінің бірі. Ерте заманнан бүгінгі күнге дейін дербестілікті жіктеу, оның типологиясын құру тәсілдері шыққан.

Психологияда дербестілікті зерттеу үшін орасан зор әдіс-тәсілдер қолданылады, онымен болмай олар тек қана дербестілікке ғана-ақ емес, сонымен қатар адамның мотивациялық аумағына, қажеттіліктеріне, жүйке жүйелік ерекшеліктеріне, бағыттылығына, қабілеттеріне, психикалық процестеріне де талдау жасауға мүмкіндік береді.

Осыған орай, адамның жекелей психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу бүгінгі таңда ерекше актуалды мәнге ие десек артық болмайды. Себебі, дәл осы жіктемеден бастап, адамның жүйке жүйесі ерекшеліктерін, бас ми жартышарларының қызметінің ерекшеліктерін, қабылдау каналдарын т.б. зерттеумен адамның дербестілігінің алғашқы баспалдағына қадам жасалынады.

Зерттеу тақырыбының мақсаты:

Адамның жекелей психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, талдау жасау және құндылықтардың адамның өмірлік қызметіне жарамдылығын анықтап, қысқаша сараптама жасау.

Осы айтылған мақсатқа сәйкес курстық жобаны жазу барысында мынадай міндеттер туындайды:

1.      Зерттеу тақырыбына тиісті оқу-әдебиеттерді талдау, оларды салыстыру;

2.      Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау;

3.      Адамның жекелей психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты диагностиканың кешенді бағдарламасын өңдеп, белгілеу;

4.      Адам өміріндегі құндылықтар басымдылығын анықтау, жүйке жүйесі типтерінің мінездемесін беру;

5.      Өмірлік қызметтегі жекелей психофизиологиялық ерекшеліктердің әсерін анықтау.

Зерттеу жұмысының объектісі: Семей қаласындағы № 39 орта мектебінің 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары.

Зерттеу жұмысының пәні:  Адамның жекелей психофизиологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының болжамы:

Адамның құндылықтар жүйесі өзгерген сайын оның жүйке жүйесі қойылған критерийлерге бейімделеді, яғни темпераменттің бағытталуы анықталады. Олай болса, адамның жүйке жүйесінің физиологиялық кейбір ерекшеліктері айқындалады.

Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер: ғалымдардың ой-еңбектерін жинақтау, теорияларға шолу, соның негізінде анализ жасау, белгілі бір жас кезеңіндегі балалар мысалында тақырыпты нақтылау; білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет өкілімен әңгімелесу әдісі арқылы тәжірибе жинақтау, оқушылар арасында эксперимент өткізу; сонымен қоса жазу кезінде белгілі бір анализ-синтез жасап, ой-қорытындыны шығару.

Зерттеу жұмысының кезеңдері:

I.                    Ғылыми (психологиялық-педагогикалық) әдебиеттерге мұқият түрде анализ жасау;

II.                 Тақырыпты нақтылау, мақсат-міндеттерді формилировкалау, осыдан белгілі бір болжамды шығару;

III.              Көрсетілген болжамды курстық жоба барысында теориялық  және практикалық түрде айқындап, дәлелдеу;

IV.             Теориялық материалдарды практикада іске асыру;

V.                Жалпы курстық жобаны талқылап, нақты ой-қорытындысына келу.

Курстық жобаның құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі, іс-тәжірибелік және қорытынды бөлімдерден, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдардан тұрады.

2.1  Жүйке жүйесі қызметінің типтері

Ағзаның сыртқы әлеммен байланысында күрделі жалпы құбылыс ретінде қарастыру қажет. Жалпы ретіндегі ағзада, біріншіден, барлық органдармен ұлпалардың қызметін басқаратын; екіншіден, жүйедегі алуантүрлі бөліктердің қызметін қосып, сәйкестендіретін; үшіншіден, барлық органдардың қызметінің әсерін алатын және осы әсердің нәтижесінен қызметтік түрде қайта құрылатын; төртіншіден, ағзаның өмірдің сыртқы жығдайларымен байланыс органы болып табылатын құрамдас бөліктерді табу қажет. Ақырғы компонентке жоғарғы жүйке әрекетін жатқызуға болады.

Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу мен тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады. Мысалы, күшті темпераменттің бірі – ұстамсыз тип – жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу – тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін ерекше қозғалыстағы тип. Екіншісі – ширақ типтер – қозу мен тежелу бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Үшіншісі – қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді.

Жоғарғы жүйке жүйесі туралы ілім.

Павлов шартты рефлекс әдісі арқылы жоғарғы жүйке әрекетінің заңдылықтарын және жүйке процестерінің негізгі қасиеттерін ашты.

1.      Жүйке процестерінің күші – тітіркенгіш және тежелгіш;

2.      Осы процестердің тепе-теңдігі;

3.      Олардың қозғалмалылығы.

Жүйке процестерінің күші жүйке клеткаларыны мен жалпы жүйке жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін бейнелейтін жүйке жүйесінің қасиеттерінің бірі болып табылады. Күшті жүйке жүйесі үлкен және ұзақ күштемеге шыдаса, әлсіз жүйке жүйесі бұл жағдайда бұзылады.

Тепе-теңдік – қозу-тежелу процестерінің балансын анықтайтын жүйке жүйесінің қасиеті. Егер де бір процестер бір-бірімен тепе-тең қызмет атқарса, екіншілері, керісінше, бір процесс басқаға қарағанда тепе-тең болмауы мүмкін.

Қозғалмалылық – жүйке жүйесінің алғашқы қасиеттерінің бірі, бұл аяқ астынан лезде өзгерген жағдайларға деген бейімділікті қамтамасыз ететін бір процестің екіншісін ауыстыру тездігі болып табылады.

Б.М. Теплов айтуынша: «Жүйке жүйесін толықтай жалпылап қарастыратын жалпы типологиялық қасиеттермен бірге ми қабығының бөлек аумақтарын (есту, көру, қозғалу аумақтары) сипаттайтын парциальды (бөлек), гиппологиялық қасиеттер де болады. Егер де жалпы гиппологиялық қасиеттер темперамент, мінез, қабілетті, адамның бағыттылығын анықтаса, парциальды қасиеттер арнайы қабілеттерді зерттеуде үлкен маңызға ие».

Адамның әрекет-қылығындағы жүйке жүйесінің типінің пайда болуын әдетте темперамент деп атайды.

Темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи іргетасы. Темпераменттің әрқилы қасиеттері заңдылықтар негізінде белгілі бір құрылымды түзеді. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді.

              Енді темперамент мен мінезге байланысты жіктемелерге шолу жасау бізге жүйке жүйесі қасиеттерінің неғұрлым толықтай картинасының түсінігін сипаттап береді.

Қазіргі заман психологиясында темпераменттің барша ғылыми қауым қабылдаған 4 типінің сипаттамасы төмендегіше:

Сангвиник – жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепе-тең. Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс-қимылдары мәнерлі, шапшаң.  Сән нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып мұңаяды. Бет жүзінен көңіл-күйі, заттар мен адамдарға болған қатынасы білініп тұрады. Сезімталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсері болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді. Мұндай адам көтеріңкі белсенділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ талып-шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған объектісіне тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақыл-ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйі, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Сангвиник төңірегіндегілермен тіл табысқыш, талаптар мен жағдайларға икемшіл. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса, қайта үйреніп, жаңа дағдыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субъективтік пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді объектив бағамдауға бейім. Экстраверт.

Холерик сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшіңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Снгвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан- ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейіні ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан – толық экстраверт.

Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шырпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол міз бақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде – интраверт.

Меланхолик - өте сезімтал, бірақ әрекетшіңдігі кең адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, даусы мен қозғалысы өте сылбыр. әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің  өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп – толық интраверт.

Әрбір іскерлік түрі адам психикасына және оның динамикалық ерекшеліктеріне  белгілі бір талаптар қоятындықтан,  іскерліктің барлық түрлеріне идеалды жақын темперамент жоқ. Образды түрде холерикалық темпераменттің адамдары көбінесе белсенді тәуекелдік іскерлікке («жауынгерлер»), сангвиниктер – ұйымдастырушылық іскерлікке («саясаткерлер»), меланхоликтер – ғылым мен өнердегі шығармашылық іскерлікке («ойшылдар»), флегматиктер – жоспарлы және өнімді іскерлікке («жаратушылар») жарамды болуы мүмкін. Іскерліктің, кәсіптің кейбір түрлеріне адамның белгілі бір қасиеттері сай болуы, мысалы үшін, ұшқыш іскерлігі үшін баяулық, инерттілік, жүйке жүйесінің әлсіздігі мүлдем байқалмауы, болмауы керек. Сөйтіп, флегматиктер және меланхоликтер психологиялық тұрғыдан бұндай іскерлікке аз жарамды.

Еңбектегі және оқудағы темпераменттің ролі оның педагогикалық әсерлер, эмоциогенді факторлар, жағымсыз ортамен шақырылатын әр түрлі психикалық қалыптардағы іскерлікке әсерінің тәуелділігінен болады. Жүйкелік-психикалық тұрып қалу (напряжение) (мысалы үшін, іскерлік бағасы, іскерлікті басқаруды тосу, жұмыс темпін жылдамдаты, тәртіптік әсер етулер т.с.с.) деңгейін анықтайтын әр түрлі факторлардың әсерлері осы темперамент ерекшеліктеріне тәуелді болып табылады.

Темпераменттің іскерлік талабына бейімделуінің төрт жолдары бар:

1.      Кәсіби таңдау, оның міндеттерінің бірі – темпераменттің керекті қасиеттері байқалмайтын адамдарды берілген іскерлікке жақындатпау. Бұл жолды тек қана жеке тұлға қасиеттеріне жоғары талаптар көрсететін кәсіби таңдауда қолданады.

2.      Темпераменттің іскерлікке бейімделуінің екінші жолы адамға қойылатын талаптар, жағдайлар мен тәсілдерді индивидуализациялауда жатыр (индивидуалды жол).

3.      Темпераментттің кері әсерін іскерлікке және сәйкес мотивтерге деген оң көзқарасы арқылы жеңу жолы.

4.      Темпераменттің іскерлік талаптарына бейімделуінің негізгі және ең әмбебап жолы – оның индивидуалды стилінің қалыптасуы.

Іскерліктің индивидуалды стилі дегеніміз – берілген адамға тән болатын және іскерліктің табысты нәтижелеріне жетуді қамтамасыз ететін әрекеттердің әдіс-тәсілдерінің индивидуалды жүйесі.

 

Темпераменттер мен жүйке жүйесі типтерінің өзара қатынастары

 

Темперамент түрлері (Гиппократ терминологиясы бойынша)

Жүйке жүйесінің типтері (И.П.Павлов терминологиясы бойынша)

Жүйке процестерінің қозу, тежелу қасиеті

Ұнамды жақтары

Ұнамсыз жақтары

күшті

Тепе-теңдігі

Қоз-ғал-ғыш

тығы

Холерик

Ұстамсыз тип

Күшті

Тең емес, қозуы тежелуінен басым

 

Шапшаң, белсенді

Ұстамсыз, күйгелек

Сангвиник

Ширақ тип

Күшті

Тепе-тең

Қоз-ғал-ғыш

Пысық, оңтайлы, бейімдел-гіш

Тұрақсыз

Флегматик

Баяу тип

Күшті

 

Баяу қозға-лады

Ұстамды, сабырлы

Баяу, сылбыр

Меланхолик

әлсіз тип

әлсіз

 

 

сезімтал

тұйық

Информация о работе Жеке тұлға және жүйке жүйесі