Жеке тұлға және жүйке жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 17:27, курсовая работа

Описание

Әр адамның психологиялық келбетінің қайталанбастығы – біздің психикамыздың ең көп зерттелінетін көріністі феномендерінің бірі. Ерте заманнан бүгінгі күнге дейін дербестілікті жіктеу, оның типологиясын құру тәсілдері шыққан.
Психологияда дербестілікті зерттеу үшін орасан зор әдіс-тәсілдер қолданылады, онымен болмай олар тек қана дербестілікке ғана-ақ емес, сонымен қатар адамның мотивациялық аумағына, қажеттіліктеріне, жүйке жүйелік ерекшеліктеріне, бағыттылығына, қабілеттеріне, психикалық процестеріне де талдау жасауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................3-4
II. Негізгі бөлім
2.1 Жеке тұлға және жүйке жүйесі қызметінің типтері.......................................................................................................5-15
2.2 Өмірлік құндылықтар жүйесіндегі жеке тұлғаның психофизиологиялық аспектісі.............................................................16-22
2.3 Психофизиологиялық ерекшеліктердің диагностикалық түрлеріне сараптама жасау....................................................................23-29

III. Іс-тәжірибелік бөлім....................................................................30-34
IV. Қорытынды...................................................................................35-36

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі.......................37-39

Работа состоит из  1 файл

курсовая 3-курс.doc

— 282.50 Кб (Скачать документ)

Қазіргі кезде жазудың екі түрі кең таралған, олар: әріптік (дыбыстық) және иероглифтік жазу. Алғашқысы – неғұрлым жас жазудың түрі, ол Еуропада гректердің арқасында пайда болған. Иероглифтік жазу неғұрлым ерте замандағы жазулардың біріне жатады.  Оның шығу тегі пиктограммалармен байланысты. Жазудың бұндай жүйесінің ерекше маңызды дамуы Ежелгі Мысырда пайда болды.

Оларда белгілердің 3 типі бар: біріншісі – сөздік белгілер немесе идеограммалар; екіншісі – олар да суреттер, бірақ салынатын затты емес, соған ұқсас сөзді білдіреді. Ал ақырғысы детерминативтер болып табылады. Өз бетімен олар ештеңені білдірмейді де, жанында тұрған белгінің мағынасын нақтылау үшін қолданылады.

Египеттік жазуға қысқаша экскурсия ондағы белгілердің үш түрі қолданғанымен, олар суреттер, заттар не құбылыстардың көріністері болып табылатынын айту үшін сипаттадық. Және де бүгінгі таңдағы иероглифтердің көріністері қаншалықты алдыға жылжымаса да, олар қалай болса да суреттер болып қалады, ал олай болса, бұл бас ми жартышарларының қызметінің аумағына кіреді.сондықтан да жазудың екі түрін меңгерген адамның сол жақ жартышарының инактивациясы кезінде әріптік жазу мен оқуы зақымданады да, ал оң жақ жартышарының бұзылуы кезінде тек қана иероглифтерді ұғыну бұзылып, әріптік жазу мен оқу бұзылмайды.

Қазіргі зерттеулер оң жақ және сол жақ жартышарларда өзіндік функциялар болатынын және жарты шардың біреуінің басым болуы адамның индивидуалдық ерекшелігіне маңызды әсерін тигізеді.

Оң жақ жарты шар қызметі

Сол жақ жарты шар қызметі

1

Хронологиялық қызмет

Болып жатқан уақыт

2

Карта, схемаларды оқу

Нақты кеңістік

3

Атау, сөз, символдарды есте сақтау

Образ, нақты жағдайларды есте сақтау, адам келбетін тану

4

Сөз активтілігі, мағынаға мән беру

Эмоционалдық кейіптің қабылдануы

5

Өмірге жеңіл және көңілді көзқарас

Өмірге деген көңілсіз көзқарас

6

Детальды қабылдау

Жалпылама, образды қабылдау

Біз әлемді қабылдау үшін өзіміздің сезім мүшелерімізді сыртқы тәсілді, ал өз-өзімізге толғаныстарымызды «репрезентациялау» (қайта түсіну) үшін ішкі тәсілді  қолданамыз. Біздің миымызға баратын, сақталынатын, кодталатын  ақпарат – суреттер, дыбыстар, түйсінулер, иістер мен дәмдер белгілі бір жолмен жүреді, оны репрезентативті жүелер деп атайды.

Репрезентация біздің тәжірибеміздің қалайша  ұйымдасқаны және біз әлемді қалайшы сипаттайтынымызды анықтайды: бұл түйсіктер арқылы болсын (кинестетика), образдар (визуалды жүйе), дыбыстар (аудиалды жүйе) арқылы болсын, білім жиынтығы (рационалды не дискретті жүйе) немесе сенсорлы жүйе арқылы болсын. Біздің әлеміміздің ішкі сипаты өз бейнесін біздің күнделікті қарым-қатынаста, мимикада және ым-ишарада қолданылатын сөздерде (предикаттар) табады. Басқа адам біздің предикаттар жиынтығымызға қарамастан бізді естіп, түсінеді, бірақ оған өзіне лайық предикаттармен айтылған ақпарат неғұрлым эмоционалды тұрғыдан зор мәнге ие. Ол адам біздің лексикамызды талдап, бізге мәнді сөздерді қолдануы мүмкін де, біз онымен тез келісеміз. Сәйкесінше, басым жүйге байланысты мәдениеттер мен адамдарды «кинестетикалық», «визуалды», «аудиалды» және «рационалды» (сенсорлық тәжірибеде емес, «білім» мен «түсіну», т.б. негізіндегі «дискретті») деген топтарға бөлуге болады.

Визуалды, аудиалды және кинестетикалық жүйелер біріншілік репрезентативті жүйелер болып табылады.

Адамның суреттер, дыбыстар мен түйсінулер арқылы қашан ойланатындығын табу оңайға тиеді. Біз көзімізді қалайша ойлайтындығымызға байланысты түрлі бағыттарда жылжытамыз. Көру сигналдары адамдар ақпаратты қалайша алатындығы туралы ұғынуға бізге мүмкіндік береді. Көздің қозғалыстары мен репрезентативті жүйелер арасында белгілі бір ішкі байланыс бар, себебі белгілі бір паттерндер бүкіл әлемге таралған.

Сіз өткен тәжірибеден әлдебір нәрсені есіңізге түсіргенде,  сіздің көзіңіз өзіңізге қатысты жоғары және солға қарай жылжиды. Сөздерден сурет құрау кезінде немесе  ешқашан көрмеген нәрсені елестеткенде сіздің көзіңіз жоғары және оңға қарай жылжиды. Сіз дыбыстарды есіңізге түсіргенде, көздеріңіз қиғашынан солға, ал дыбыстарды құрағанда – қиғашынан оңға қарайды. Түйсіну кезінде көздің төмен жжәне оңға қарауы мүмкін. Өз-өзіңізбен сөйлескенде, сіздің көздеріңіз төмен сол жақта болады.

Ойлаудың негізгі үш тәсілі бар: дыбыстар, суреттер және түйсіктер арқылы, - бірақ бұл тек бірінші қадам болып табылады. Сіз бұрын бір жерде көрген суретті сипаттағыңыз келгенде,  нақтылайтын орасан зор мәлімет бар. Ол түрлі-түсті немесе ақ-қара болды ма? Бұл фильм немесе слайд па? Жақында ма, алыста ма? Бұндай айырмашылықтар суретте не болғанына қарамастан жасалынуы мүмкін. Осыған ұқсас сіз дыбысты жоғары немесе төмен, жақын немесе алыс, қатты-ақырын деп сипаттай аласыз. Түйсіктер әлсіз және күшті, ауыр және жеңіл т.б. болуы мүмкін. Әдебиеттерде бұндай айырмашылықтар субмодальдылықтар деп аталады. Егер де репрезентативті жүйелер модальды болса, онда субмодальдылықтар – бұл осы қабылдаулар (суреттер, дыбыстар мен түйсіктер) құрайтын кірпіштер екен.

Визуалды. Ассоциирленген (өзімді өз көзіммен көремін) немесе диссоциирленген (өзімді шеттен көремін). Түрлі-түсті немесе ақ-қара. Рамкада немесе онсыз. Тереңдік (2-3 өлшемдік). Орналасуы (сол жақта немесе оң жақта, жоғары немесе төмен). Өзімнен суретке дейінгі қашықтық. Жарық. Контрасттылық. Қозғалыс (фильм немесе слайд). Жылдамдық (әдеттегіден тезірек немесе баяуырақ). Саны (оқшау немесе образдардың көптігі). Өлшемі.

Аудиалды. Стерео немесе моно. Сөздер немесе дыбыстар. Дыбыстың қаттылығы (тыныш немесе қатты). Үн әуезділігі (жылы немесе суық). Дауыс ырғағы (дыбыстардың толыққандылығы). Дыбыс бастаушысының орналасуы. Бастаушыға дейінгі қашықтық. Ұзақтық. Үздіксіздік немесе дискреттілік. Жылдамдық (әдеттегіден тезірек немесе баяуырақ).

Кинестетикалық. Локализация. Интенсивтілік. Қысым (қатты не әлсіз). Деңгей. Текстура (кедір-бұдыр немесе тегіс). Ауырлық (жеңіл немесе ауыр). Температура. Ұзақтық. Формасы.

Субмодальдылықтарды адам миының  неғұрлым фундаменталды операциялық код ретінде қарастыруға болады.

Ең елеулі субмодальды сипаттамаға қабылдаудың ассоциирленгені/диссоциирленгені жатады. Ассоциация - өзін - әрекеттің субъектісі, ал жағдаятты – объектісі етіп қабылдау, барлық сенсорлы каналдармен (репрезентативті жүйелермен) келетін түйсіктермен толық байланыс, берілген жағдаяттағы эмоциялардың толық көрінуі. Диссоциация - Өзін бақылау объектісі етіп қабылдау, жағдаятта өзін шеттен көріп, тыңдау (бір немесе екі репрезентативті жүйелерге зейінді шоғырландыру; кинестетикалық жүйе бойынша келетін ақпараттың жоқтығы).

Заман өзгерген сайын адамның ойы да, адамның мінезі де өзгере бастайды. Әлемдегі тұрғындардың тек маңызды емес бір бөлігі ғана нағыз консерватизмге бейім болады, қалғандарының өмірлік қызметі олардың өмір сүріп отырған  замандарына байланысты болады.

Олай болса, адам үшін неғұрлым мәнді, оның назарын аудартатын, осы өмірде белгілі бір іс-әрекетке бағдарлап, іскерлік стилін бағыттайтын; сонымен қатар, адамның қажеттіліктерін, мотивациясын, қызығушылықтарын, талаптарын т.б. тудыратын құбылыс – құндылықтар жүйесін қарастырайық.

Құндылықтар жүйесін түрліше классификациялауға болады: адамның жынысына, яғни гендерлік айырмашылықтарына қарай, адамның жастық ерекшеліктеріне қарай, адамның өмірлік қызметіне байланысты т.б.

Мысалы үшін, әйел адамдарға тән ең басты құндылық – бұл сұлулық болып табылады екен. Қандай сферада жұмыс істемесе де, не нәрсемен айналыспаса да, неше баласы болмаса да, әйел адамның бағдарланатыны – сұлулық пен оның құрамына кіретін компоненттердің барлығы болып табылады.

Ал, керісінше, еркек адамдар үшін маңызды нәрсе – бұл қоғамдағы өз орнын тауып, белгілі бір өзіне тән «статус квоны» бекіту болып табылады. Еркек адамдар қызмет барысында сұлулыққа аса көп мән бермейді, олар үшін істеп жататын нәрсенің барлығында бір ғана пайда болса болғаны. Әсемдік пен сұлулылық оларда тек инстинктермен ғана ассоциацияланады.

Әрбір жасқа байланысты құндылықтар жүйесі де түрліше болатыны баршамызға мәлім. Егер де кішкентай мектеп жасында бізге маңызды нәрселер – оқу, жақындағы мақсатқа жету болса, неғұрлым есейген сайын біздің көзқарасымыз өзгеріп, алыстағы мақсатқа бет бұрамыз. Енді бізге құнды болып табылатын нәрселер – бұл каръера, престиж, өз орнымызды күн астынан табу болып табылады. Одан кейін, есейе келе, бізге құнды – енді отбасын құру, дүниеге сәби әкелу, оны аяғына тұрғызу, жақындардың денсаулығын күту т.б. болып табылады.

Ғалымдар адамның құндылықтар жүйесінің интенсивтілігі олардың жүйкуе жүйесіне тәуелді деп айтады екен. Неғұрлым адам кіші жасынан бастап өзіне үлкен амбициялар мен мақсаттар қойса, соғұрлым оның жүйке жүйесінің типі де күшті деген сөз. Сонымен қатар, жүйке жүйесінің қызметі осы қызметтерді орындау тереңдігіне де байланысты болады екен.

Сондықтан да біз осы жұмыста құндылықтар жүйесі мен жоғарғы жүйке қызметін байланыстырып зерттеу жүргіздік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Психофизиологиялық ерекшеліктердің диагностикалық түрлеріне сараптама жасау

Темпераментті зерттеудің лабораториялық, кешенді (полифункционалдық), табиғи әдістері және бақылау әдісі туралы. Темпераментті зерттеудегі аса көп танымалдылыққа, әсіресе, павловтық түсіндірмеде, лабораториялық тәжірибе әдісі ие.бұндай экспериментте реакцияларды нақты түрде өлшеуге болады, ал бұл олардың уақытша сипаттамаларын алуға және әрекет-қылықтың энергетикалық параметрлерін бағалау үшін қажетті. Ақыры, тек лабораториялық шарттарда ғана субъектінің саналы басқаруына берілмейтін реакцияларды өлшеуге болады екен.

Лабораториялық экспериментке тән бұл шарттардың маңыздылығы ең алдымен жүйке жүйесінің типтерін зерттеумен айналысатын психологтар үшін мәнді.  Темпераменттің физиологиялық механизмдері өте күрделі: реакцияның тереңдігін анықтайтын жүйке жүйесінің тонусы оның түрлі деңгейінде түрліше көрініс береді екен. Сонымен қатар, кейбір реакциялар индивидтің тек темпераментінен ғана емес, - біруақыттағы басқаруға берілмейтін басқа да бірқатар факторларға тәуелді болып келеді.

Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін өлшеудің бірқатар тәсілдері, темперамент қасиеттерінің көптеген көрсеткіштері мен түрлі реакциялардың тіркемелері бір мезгілде қолданылатын кешенді, полифункционалды зерттеулер қолданылады.

Көптеген зерттеушілер, соның ішінде, балалардағы жүйке жүйе ерекшелігін зерттеумен айналысатын психологтар темперамент диагнозы үшін табиғи экспериментті өткізеді. Балалардағы темпераментті зертеудің үлгілеріне зерттеушінің ұйымдастырған алуан түрлі қозғалмалы ойындар жатуы мүмкін.

Психологтардың ішінде де танымал  емес 30-жылдары С. Валигурская өткізген темпераментті зерттеудің қысқаша сипаттамасына тоқталайық. Қозғалмалы импульсивтілік қасиетін өлшеу үшін белгілі бір командаға қозғалыс арқылы жауап беру жылдамдығы есепке алынады. 3-4 жастағы қыздар бір қатарға тұрады. Олардың міндеті – экпериментатор «Бір, екі, үш» деп санағаннан кейін оған жүгіру. Бұны бес рет қайталайды.қозғалмалы импульсивтіліктің көрсеткіші болып алдын ала жауап беру атады, яғни зерттелінушілер «үш» деп айтқанның алдында неғұрлым ерте жүгірген сайын соғұрлым импульсивті деп саналынды. Бұл тәжірибе Павловтың шартты тежелу күшін өлшеуге ұқсас болып келеді.

Онымен болмай, С. Валигурская жауап беру темпі мен жауап беру жылдамдығы сияқты ьемперамент қасиеттерін команданы беру уақытынан бастап тапсырманы орындау уақытына дейін өлшеді. Мысалы үшін, «Екі кубикті ал да, біреуін орындыққа қойып, екіншісін маған бер» деген сияқты бұйрықтар беріп отырды. Тапсырмалар түрлі деңгейде болды. Барлығы сегіз команда беріліп, оларды орындаудың жалпы және бөлек уақыты өлшенді.

Екі тапсырмада да баланың берілген тапсырманы орындауының жылдамдығы тіркелді. Осыған ұқсас автор бөлір шығарған темпераменттің басқа да қасиеттері: шыдамдылық, ұстамдылық, батылдық т.б. өлшенді.

Темпераментті зерттеудің әдістемелік жолдары. Психологиялық зерттеудің неғұрлым сенімді әдістемелік жолдарының біріне физиологиялық және психологиялық зерттеулердің жүйелік сәйкестенуі мен координациясында жатыр.

Темпераментті психологиялық зерттеуінде бұл әдістемелік тәсіл неғұрлым танымал болып табылады. Кез келген психикалық процесс не тұлғаның қасиетіне қарағанда, темпераменттің нейрофизиологиялық негіздері неғұрлым толық зерттелген. Жүйке жүйесінің жалпы типтері – жоғарғы жүйке қызметі физиологиясы аумағының көп жасап шығарылған жұмысы. Адамның жүйке жүйесінің жалпы типтерін зерттеуге байланысты бізге қазіргі күнде әдістемелік тәсілдердің аса бай арсеналы ұсынылған. Жүйке жүйесінің физиологиялық зерттелінуі темпераменттердің  экспериментальды-психологиялық зерттелінуі үшін де жаңа әдістемелік жолдарды ашады.

Информация о работе Жеке тұлға және жүйке жүйесі