Жеке тұлға және жүйке жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 17:27, курсовая работа

Описание

Әр адамның психологиялық келбетінің қайталанбастығы – біздің психикамыздың ең көп зерттелінетін көріністі феномендерінің бірі. Ерте заманнан бүгінгі күнге дейін дербестілікті жіктеу, оның типологиясын құру тәсілдері шыққан.
Психологияда дербестілікті зерттеу үшін орасан зор әдіс-тәсілдер қолданылады, онымен болмай олар тек қана дербестілікке ғана-ақ емес, сонымен қатар адамның мотивациялық аумағына, қажеттіліктеріне, жүйке жүйелік ерекшеліктеріне, бағыттылығына, қабілеттеріне, психикалық процестеріне де талдау жасауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................3-4
II. Негізгі бөлім
2.1 Жеке тұлға және жүйке жүйесі қызметінің типтері.......................................................................................................5-15
2.2 Өмірлік құндылықтар жүйесіндегі жеке тұлғаның психофизиологиялық аспектісі.............................................................16-22
2.3 Психофизиологиялық ерекшеліктердің диагностикалық түрлеріне сараптама жасау....................................................................23-29

III. Іс-тәжірибелік бөлім....................................................................30-34
IV. Қорытынды...................................................................................35-36

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі.......................37-39

Работа состоит из  1 файл

курсовая 3-курс.doc

— 282.50 Кб (Скачать документ)

Темперамент қасиеттері психологиялық қасиеттерге ие екендігін, яғни олардың спецификалық психологиялық сипаттамасы бар ма екендігін анықтау үшін, темперамент қасиеттері мен жоғарғы жүйке жүйесінің жалпы типтерінің қасиеттері арасындағы өзара біржақты не көпсалалы байланыс бар ма екендігін анықтау қажет. Бұл үшін, әрине де, екеуін де салыстыру керек екендігі анық. Жүйке жүйесінің жалпы типінің және олардың көріністері өзгере ме екендігін және қандай көлемде өзгеретіндігін, олардың қандай сыртқы жағдайларға байланысты өзгеретіндігін анықтау қажетті. Осылайша біз темперамент қасиеттері мен оның көріністері туралы, және бұл өзгерістердің себептері мен шарттарына тәуелділік туралы болжамды жартылай дәлелдей аламыз.  Бұл болжамдардың дәлелденуі психологиялық зерттеуді қажет етеді.

Сонымен, темпераментті зерттеудегі негізгі әдістемелік тәсіл зерттеудің физиологиялық және психологиялық жақтарының мәліметтерін салыстыруда  жатыр. Психикалық қызметтің негізгі сыртқы көріністері бір уақытта үлкен ми жартышарлары қабығының физиологиялық қызметі де болып таылады. Әрбір шартты жауап қайтару сол уақытта физиологиялық шартты-рефлекторлы механизмнің және белгілі бір психикалық құбылыстың көрсеткіші де болып табылады. Сондықтан да сыртқы көріністерді емес, - сол сыртқы көріністерге байланысты біздің білетін ішкі процестерді бір-бірімен салыстыру қажет, яғни бұл психикалық және нейрофизиологиялық қасиеттер. Физиологиялық пен психиологиялықты салыстыру сыртқы көріністердің жартылай не толығымен екіжақты түсіндіру арқылы жүзеге асады.

Физиологиялық тұрғыдан түсіндіру кезінде сыртқы көріністер белгілі бір нейрофизиологиялық процестердің симптомдары не қасиеттері ретінде анықталады. Жүйке жүйесі типінің бір физиологиялық қасиетінен бірнеше әр түрлі психологиялық ерекшеліктер тәуелді болуы мүмкін, және де керісінше.

 

Бас ми жартышарларын зерттеу. Мидың оң жақ және сол жақ жартышарларының қызметтік ассиметриясы.

Реквизит: қағаз беттері, қаламдар.

Біздің нейропсихологиядан білетініміз: адам миының екі жартышарлары түрліше жұмыс атқарады: сол жақ жартышар ақыл-ой операцияларының логикалық және лингвистикалық жақтарына жауап берсе, оң жағы – олардың образдылығына, толыққандылығына және эмоционалдылығына жауап береді екен. Адам организмінің бұндай функционалдық ассиметриясы әрекет-қылықтың түрлі формаларында көрінісін табады, онымен болмай, белгілі бір әрекет-қылықтық реакциялар оң жақ және сол жақ жартышарлар типі бойынша құрылуы мүмкін.

Қағаз бетін және қарындаш дайындаңыздар. Сіз бірнеше жаттығулар жасай отыра, реакцияның қандай типі (оң немесе сол) сізде көрініс тапқанын қағазға белгілеп отырасыз.

Оларды белгілеуге болады, мысалы «О» не «С» деп анықтайсыз.

Сонымен, қағаз бетін және қаламсаптарды дайындаңыз. Ал, бастайық (Гонг).

Алғашқы тапсырманы орындайық. Қолдарыңызды алдыңызға қойып, саусақтарыңызды қосыңыз. Енді екі бас бармақтарыңыздың қайсысы – оң не сол – үстіңгі  жақта тұрғанына назар аударыңыз. Егер де үстіңгі жақта оң жақ саусақ тұрса, бұл реакцияның оң түрі, тура осылай қағазға белгілеңіз. Егер де, керісінше, үстіңгі жақта сол жақ саусақ болса, - сізде реакцияның сол түрі басым екен. Сонымен, саусақтарыңызды қосып және екі бас бармақтарыңыздың қайсысы үстіде тұрғанына байланысты өз қағазыңызға реакцияңыздың түрін белгілеңіз. (Гонг).

Екінші тапсырмаға кеттік. Сіздің көздеріңіз ашық болсын. Көзіңіздің алдына қолдарыңыздың балан саусақтарын сіз мылтықтан атайын деп тұрғандай қойыңыз да, көзбен сіздің атайын деп тұрған нүктені фиксациялаңыз. Сонымен, қолыңыздың саусақтарын мылтықтың қонышына қойғандай қойып, нүктені көздеңіз. Бастадық. (Гонг).

Ал енді алдымен бірінші, содан соң екінші көзіңізді жұмыңыз. Енді бұл екі жағдайдың қайсысында көздеген нүкте орнынан қозғалатынын байқаңыз. Егер де нүкте жабық оң көз кезінде орнынан қозғалса, онда сіздің реакция типіңіз – оң болады, егер де көздеген нүкте сол жақ көзді жапқан кезде ауысса, - реакция типі сол жақ болады. Сонымен, өтінеміз, алдымен бірінші, содан соң екінші көзіңізді жауып, қандай жағдайда көздеген нүкте орнынан ауысатынын бекітеміз. (Гонг).

Қазір біз үшінші тапсырмаға ауысамыз. Бұл демекші Наполеон позасы деп аталады. Алқаңызға қолдарыңызды айқастырып, қай қолыңыз үстіде қалғанын аңғарыңыз. Нәтижені бекітіңіз. Сонымен, алқаңыздың алдыңызда қолдарыңызды айқастырып, қай колыңыз үстіңгі жақта қалғанын көріңіз. (Гонг).

Ақыры, төртінші тапсырма. Алдымен біз сізді аздап шапалақтауыңызға өтінеміз. Сонымен, барлығымыз шапалақтаймыз. (Гонг).

Ал енді шапалақтау кезіндегі қай қолыңыз үстіңгі жақта қалатынын көріңіз – оң не сол қол ма? Сонымен, шапалақтау кезінде қай қол үстіңгі жақта болатынын көреміз де, нәтижені өз қағазымызда белгілейміз. (Гонг).

Рахмет. Барлық тапсырмалар орындалды. Реакция типтерінің саны бойынша сіз өзіңіздің жақындағы жартышарлар арасындағы ассиметрия типін анықтауыңызға болады.

Алғашқы тапсырма сіздің психологиялық құрылымыңыздың жалпы мінезі туралы белгілейді, яғни ол логикалық немесе эмоционалды болып табылады ма екендігін.

Екінші тапсырма арқылы біз тіректілік пен агрессивтілік деген сияқты мінез бітістерін анықтай аламыз.

Үшінші – ақкөңілділік пен майысқақтылық туралы айтады.

Төртінші – мінездің шешімдерге байланысты белгілей алатыны туралы сипаттайды.

Алынған мәліметтерді бір-бірлеріңізбен талқылауларыңызға болады.

Сонымен, талқылауға кірісейік. (Гонг).

Рахмет. Алынған мәліметтер мен қорытындылар, аздап болса да, психологиялық және психофизиологиялық ассиметрия проблемасына сіздің назарыңызды аударуға мүмкіндік берді деген үміттеміз.

Ал енді типтердің неғұрлым мұқият сипаттамасы:

ОООО

1. Жалпы қабылдаған көзқарасқа (стереотиптерге) бағдарлану, мінездің консервативті түрі, неғұрлым тұрақты (дұрыс) әрекет-қылық.

 

ОООС

2. Сенімсіз консерватизм, әлсіз темперамент. Шешімсіздік.

 

ООСО

3. Майысу, шешімділік, ойын-сауық сезімі, белсенділік, энергиялылық, темпераменттілік, әртістілік.

 

ООСС

4. Мінездің аз кездесетін және өзбетті түрі. Майысу, әзілділік, жұмсақтық, әртістілік. Шешімсіздік пен мінездің күштілігі арасындағы біршама қарама-қайшылықтар. Жоғары байланыстылық, алайда баяу әдеттену.

 

ОСОО

5. Аналитикалық құрылым мен жұмсақтықты өзіне қосатын мінездің іскерлік түрі. Көбінесе әйел адамдарда кездеседі.

 

ОСОС

6. Мінездің ең әлсіз түрі, өте сирек кездеседі. Қорғанышсыздық пен әлсіздік. Түрлі әсерлерге бейім болады. Тек қана әйел адамдарда кездеседі.

 

ОССО

7. Жаңа әсерлерге бейімділік пен шиеленістер тудырмау қабілеттілігі. Біршама тұрақсыздық, ерекше жұмсақтық. Эмоционалды баяулық. Көбінесе әйел адамдарда кездеседі.

 

ОССС

8. Тұрақсыз және тәуелсіз мінез, негізі белгісі – аналитикалықтық. Сирек кездеседі.

 

СООО

9. Жиі кездесетін, сыртқы түрлі жағдайларға деген өте жақсы бейімделгіш мінездің түрі. Негізгі стратегиялық сұрақтарда көрініс табатын толық емес табандылық пен эмоционалдылық. Басқа бір адамның әсеріне өте жоғары бейімділік. Барлық басқа мінез түрлерімен жеңіл байланысады.

 

СООС

10. Әлсіз табандылық, жұмсақтық, сақ әсерге деген әлсіздік, аңқаулылық.

 

СОСО

11. Мінездің ең күшті түрі, сендіруге қиын әсерленеді. Күшті дербестілік, бөгеттерді жеңу қабілеттілігі. Басқа біреудің көзқарасына назар аудармағандықтан біршама консерватизм. Бұндай адамдар инфантильділікті қаламайды.

 

СОСС

12. Күшті мінез. Негізгі белгісі – ішкі агрессивтілік. Тез арада өзара іс-қимыл ету, алайда баяу өзара түсінісушілік.

 

ССОО

13. Достық пен  қарапайымдылық, қызығушылықтардың біршама тұрақсыздығы.

 

ССОС

14. Негізгі белгілері: ақжарқындылық, жұмсақтық, сенгіштік. Бұл өте сирек тип (әйел адамдардың 1%, еркек адамдар арасында мүлдем кездеспейді).

 

СССО

15. Батылдылық пен эмоционалдылық (негізгі белгісі). Олармен қарым-қатынас кезінде қосалқы «тормоздық механизмдер» керек.

 

СССС

16. Заттарға жаңа көзқараспен қарау қабілеті (антиконсерватизм), біршама эмоционалдылық, дербестілік, эгоизм.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс-тәжірибелік бөлім

 

Берілген зерттеу жұмысына 8, 9, 10, 11 класс оқушылары қатысты. Барлығы экспериментке 130 адам қатысты. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін біз келесі методикаларды таңдадық:

1.      Темперамент қасиеттерін анықтау (В.М. Русалов);

2.      Терминальды құндылықтар сұрақ-қағазы (И.Г. Сенин);

Бірінші әдістеменің авторы В.М. Русалов, ол бұл әдістеме бойынша адамның темперамент қасиеттерін бағалауда келесі параметрлерді қолданады: жігерлілік, әсемдік, екпін, эмоционалдылық. Жігерлілік – адамның қарым-қатынаста өз әрекет-қылығын жеңілдей ауыстыруы. Екпін – жасалатын істің, әрекеттің, операцияның жылдамдығы. Эмоционалдылық – бір жағдайға және қарым-қатынас негізінде эмоционалдылыққа бейім болуы.

Зерттеу нәтижесінде оқушылар жүйке жүйесінің ерекшелігін көрсететін басты параметрлер бойынша келесідей көрсеткіштерге ие болды:

 

Темперамент көрсеткіштері

8 сынып

9 сынып

10 сынып

11 сынып

Жұмыстағы жігерлілік

20%

45%

73%

98%

Қарым-қатынастағы жігерлілік

78%

55%

81%

89%

Жұмыстағы екпінділік

45%

55%

69%

32%

Қарым-қатынастағы екпінділік

82%

78,3%

75%

63%

Жұмыстағы эмоционалдылық

85%

56,68%

54%

79%

Қарым-қатынастағы эмоционалдылық

65%

69%

73%

85%

Барлығы    Сангвиниктер

36%

43%

62%

55%

                   Холериктер

45%

32%

58%

48%

                   Флегматиктер

76%

25%

77%

61%

                   Меланхоликтер

83%

64%

43%

52%

 

Сонымен, біз оқушылардың жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктерін темперамент ерекшеліктерін бағалай отырып, анықтадық. Бұндағы біздің анықтағанымыз – оқушылардың неғұрлым есейгендері сайын шамамен барлық параметрлері бойынша көрсеткіштердің жоғарылағандығын байқадық. Бұның неліктен екендігін анықтау үшін біз екінші әдістеме көштік.

Терминальды құндылықтар сұрақ-қағазы. Бұл тест екі болжамға негізделген: біріншіден, әрбір адам өмірінде белгілі бір мөлшерде бар өмірлік сфералар әр адамдарда әр түрлі мәнділік деңгейде көрініс табады, ал екіншіден, солардың әрбірінде әр адам үшін түрлі талаптар мен мақсаттар жүзеге асады. Терминальды құндылықтардың тізімі өзіне 8 атау қосады:

1.      өзінің престижі

2.      жоғары материалды жағдай

3.      креативтілік

4.      әлеуметтік белсенді контактілер

5.      өзін дамыту

6.      жетістіктер

7.      рухани қанағаттанушылық

8.      өзінің индивидуалдылығын сақтау

Біздің көзқарасымыз бойынша индивидтердің көбіне келесі сфералар тән:

1.      Кәсіби өмір;

2.      Оқу мен білім алу;

3.      Отбасылық өмір;

4.      Қоғамдық өмір;

5.      Қызығушылықтар.

Терминальды құндылықтардың белгілі бір мөлшерде жоғарыда аталған барлық өмірлік сфераларда көрініс табатынын айту қажет – олардың әрбіреуі өзінің объективтік, шартталыну күшіне сай түрлі деңгейлерде белгілі бір терминальды құндылықтардың жүзеге асуына күш қосады. Сондықтан да бұл реализацияға күш қосатын сфералар индивид үшін елеулі түрде маңызды.

Осылайша, біздің сұрақ-қағазымыздың 2 диагностикалық конструктына индивид үшін маңызды белгілі бір терминальды құндылықты реализациялаудың қайнар көзі ретінде өмірлік сфералар жатады. жалпы сұрақ-қағаздың құрылымы қолданушыға 3 негізгі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді:

1.      Индивид өмірінде қай терминальды құндылық басым болып келеді;

2.      Индивид үшін ең маңызды өмір сферасы;

3.      Қай өмірлік сферада ең көп терминальды құндылықтар жүзеге асқан.

Сұрақ-қағаз құрылымы. Тестінің екі негізгі құрылымының диагностикасына байланысты бірдей пайымдалар қолданылады. Берілгендерді өңдеу кілт таблицасының көмегімен жүзеге асады. әрбір клеткада жауаптың номері бар, олардың қосындысы шкаладағы бағаны береді. Бұл бағаға байланысты терминалды құндылықтар мен өмірлік сфералардың маңыздылығы белгіленеді.

Информация о работе Жеке тұлға және жүйке жүйесі