Байкоңыр экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:15, реферат

Описание

Байқоңыр - ғарыш алаңы
Ғарыш— Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш "Жер төңірегіндегі" кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады.

Работа состоит из  1 файл

Ғарыштық Биология.docx

— 341.70 Кб (Скачать документ)

Ғарыштық Биология

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Ғарыштық Биология– биологияның ғарыш кеңістігіндегі әр түрлі факторлардың тірі организмге әсерін зерттейтін саласы. Ғ. б-ның Қазақстанда дамуы 1945 жылдан басталады. Қазір Қазақстанда Ғ. б. бойынша зерттеулер Табиғи мониторинг, Мақсат бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

 

Байқоңыр - ғарыш  алаңы 

Байқоңыр - ғарыш алаңы 
Ғарыш— Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш "Жер төңірегіндегі" кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады.  
Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобил жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі  объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.  
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.  
1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырыдды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды.  
1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мүсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды.  
Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасыңда Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник  Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды.  
Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті.  
Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс  Қазақстан облыстарына зиян келтірді.

Кіріспе

Қазіргі кезеңде  адам мен оны қоршаған ортаның  қарым-қатынасы күрделене түскені  мәлім.

Жиырма бірінші  ғасырда адамзаттың алдыеда тұрған ғаламдық проблмалардың бірі экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы екені әртүрлі деңгейдегі мінбелерден  жиі мойындала бастады. Адамзат  өзі мекен сүруге жарамсыз етуге  бейім күшке айналған жағдай қалыптасты.

Бәріміз де тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде еліміздегі нарықтық реформалар мен экономикалық тоқыраулардың  қоршаған ортаны қорғау саласындағы  басқару және бақылау жүйесіндегі  ұйлесімсіздікке әкеп соққанының, экономикалық мүдде мен экологиялық мүдденің бір-біріне қарсы қойылуының куәсі  болдық. Қаржы тапшылығының мәселесін  шешкен кезде экологиялық және қорғау проблемаларынан гөрі экономикалық мүдде басым болып келді.

Көздің қарашығындай қорғауды қажет ететін табиғат байлығына  көңіл бөлу әлсіреп кетті. Осы  мәселелердің ішінде үлкен мәселелердің бірі – Байқоныр.

Байқоныр төңірнгіндегі  экологиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін биліктің онша ескере бермейтіні өкінішті.Мәселен, осыншама жыл бойына ғарыш айлағынан гептилмен  жұмыс істейтін 2000 –нан аса замыран  тасығыштар ұшырылыпты.

Байқоңыр – 1955 жыллы негізі қаланған Қазақстан  Республикасының ғарыш айлағы. Қызылорда  облысының жерінде орналасқан. Байқоңырдан  кезінде «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» сияқты Кеңес Одағының ғарыштық корабльдері мен «Салют» орбитальды станциялары, сонымен қатар басқа да көптеген ғарыштық аппараттары ұшырылды. Тек осы жерден ғана ұшуы басқарылатын корабльдер ғарышқа шығарылады.

Қазіргі заманда  ғарышкерлік-ғылыми-техникалық прогрестің болашағы зор болып саналады және ол ғылымның тез алға басуына көп  үлес қосып, оны жаңа зерттеу құралдарымен, әдістерімен қаруландыратыны белгілі.

Ғарышты игеру  адамзат дамуының жаңа техникалық деңгейіне  шығуын ғана емес, оның дүние танымдық мүмкіндігінің кеңістік және уақыттық шектелуін де ұлғайтып, біздің қоршаған дүние туралы түсінігіміздің өзгертуіне жағдай жасайды.

Бұл курстық жұмыс  Байқонырдың күрделі мәселелерін  қарастырады. 

 

Байқоңыр айлағының экологиялық мәселелері

 

ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың  бірі де бірегейі – адамзат тарихында  алғаш рет ғарышқа адам ұшырған  Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге  келуі. Оның тұңғыш қазығы 1955 жылы қаңтардың 12–де қағылды. Байқоңыр – ғарыш  аймағы – Қызылорда облысының  Қармақшы ауданы аумағында орналасқан.  
1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жұзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырға одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық өрнегіне айналды. 
1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров «Союз Т - 13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтеріледі. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта екі рет (1994,1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандақтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ.Тоқмұхамедов, В.Мәжіғұлов, Т.Уәлиев, Қ. Әбілғазин, полк Ә. Исмаилов, М. Құлымгеров, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б.Ешімов, Қ.Нұрмұқанов, Р.Құлмырзаев, М.Мұқанов тағы басқа болды. 
Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының қаласына қайтарылып, 1993 жылы Ресей Федерациясына берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптаы байқалды. Байқоңыр кешенінен Қ.Р-сы аумағында 30-35 мың тонна ұлы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіреді.  
Ғарыш аймағынан зымырындар ғарыш кеңістігіне қарай басты – басты 5 түрлі мақсатпен ұшырылатынын білеміз.  
Біріншісі: зерттеу жұмыстарына арналған ғарыш кемелері. Негізінен алғанда онда зерттеушілер жұмыс істейді.  
Екіншісі: тасымал кемелері. Онымен құрал – жабдықтар мен аппаратуралар, адамдардың өмір сүруіне қажетті азық – түлік, су, киім – кешек, ең аржағы оттегіне дейін осы зымырандармен жерден тасымалданады.  
Үшіншісі: әскери мақсаттағы зымырандар. Олардың не зерттеп, не тындырып жатқаны, әрине, бізге құпия. «Зымыран құралдарымен жерде жатқан «Правда» газетінің тақырыптарын оқуға болады» дегенді талай – талай естідік. Демек, ол жердегі қыбырлап жүрген адамдар, әсіресе әскери адамдар не істеп, не тындырып жатыр деген сұраққа жауар алу үшін таптырмайтын құрал. Оның сыртында ғарыш кеңістігінен шапқын салатын лазерь қаруы дегеннің пайда болғанын, отты басы ғарышқа шығып алған соң онға, отызға бөлініп, әрқайсысын өз алдына дербес қаруға айналатын зымырандарды тағы білеміз. Міне, соның бәрінің бабын тауып, аясына келтіретін осы әскери зымырандар.  
Төртіншісі: байланыс – жер серіктері. Біздің түрлі – түрлі құрлықтармен телефон байланысымызды былай қойғанда, үйіміздегі телефондар арналарына дейін осы жер серіктері арқылы жұмыс істейді. Мұны дәлелдеп жату бүгінде көзіқарақты адамға артық. 
Бесіншісі: Планетааралық ғарыш кемелері. Осы жерден жеті айлық ғарыш жолы бар Марсқа әлденеше зымырандардың ұшырылғанын білеміз. Айға да алғаш зымырандар осы Байқоңырдан қонып, зымыранның айдан ұшып шығып, жерге қайтып оралуы дер едік. Бұл өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жүзеге асырылған шаруа. Сондай – ақ, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей ғарыш кеңістігіне еркін самғауға қоя берген және текте бір мәлімет алып тұратын зымырандар да болды. Олардың ғылым үшін не бергенін Ресейдің ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы біледі, біздің білетініміз – жылма – жыл жүздеп ұшырылып жатын, зымырандардың әрқайсысы Сыр бойының экологиясына белгілі дәрежеде кері әсерін тигізетіндігі. 
Байқоңыр – біздің космодром. Сонау 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағанда әрбір одақтас республика өзінің жерінде тұрған техникалық құрал – жабдықтарға ие болып қалғанда Байқоңыр түгелдей (бүкіл одақ болып салған біздің меншігімізге көшкен. Сонда оның бары дүние – мүлкінің бағасы 51 миллиард $ болатын. Ресей мен екі арада шарт жасасып, оны жиырма жылға жалға берген едік. Жылына ол үшін Қазақстан 115 миллион $ алып тұрады. 
Сондай – ақ, Байқоңырдың болашағы туралы айтатын болсақ. Байқоңыр космодром айналаны қоршаған ортаға зиян келтірумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр. 
Қазақстан ғарышты игеруге мүдделі. Неге? гәп сонда. Ғарыштық мемлекет мәртебесіне ие болған ел өзі қалаға алып отырған базбір бағдарлманың маңызы мен мәтін басқаларға түсіндіріп, оның бейбіт мақсатты көздейтіндігін ант – су ішіп дәлелдеп жатпай – ақ (мысалы, анау иран секілді) алаңсыз жұмыс істей бере алады. Биылғы жылы, яғни 2006 жылдың 18 - маусымында Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдегі М. В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми – зерттеу орталығының мамандары жасаған «Kazsat» атты қазақстандық байланыс спутнигі ұшырылды. Біз «Kazsat» арқылы біздің ел орталықтан шалғай орналасқан ауылдық жерлерге отандық қана емес, тіпті, спутник қабылдайтын басқа шетелдік хабарларды да тарата алады. Сонымен қатар «Kazsat» сенімді телефон жүйесін қамтамасыз етеді. Спутник Оралдың арғы жағында жатқан өңірді де, тіпті Саратов пен Орынбор тәрізді Ресей облыстарын да қамтиды. Егер Ресей жағы біздің техникамызды аз мөлшерде болса да жалдайтын болса, онда олар да Сібір мен Орал өңіріндегі өзеннің байланыс мәселелерін оң шешетін болды 
Ресей Федерациясының Президенті В. Путин: «Kazsat» спутнигін ұшыру, әлбетте, теңдесі жоқ оқиға. Қазақстанның ғарыштық держава ретінде қалыптасу жолындағы қызметінің жаңа кезеңі. Біз ғарышты игеру саласындағы ынтымақтастықтың бірлескен үлкен бағдарламасына жолсалудамыз» - дегенді айтты. Ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевшын мәнінде ғарыштық державаға айналған еліміздегі бұл тараптағы келешегінің кемел болатынына зор сенім білдірді. Бұл идея Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің құрамына кіру жөнінде алға қойып отырған мақсатын орындауына дәлме – дәл келеді. 
Байқоңырдың болашағы туралы сөз қозғалғанда, сол қалада тұратын жерлестеріміздің әлеуметтік тұрмысын жақсарту мен құқығын қорғау мәселесін шешуді де назарда ұстаған жөн болмақ. Өйткені, бұл қаланың Қазақстан меншігі бола тұрып, Ресей елінің заңымен тіршілік ететіні баршамызға белгілі. Қазақстан заңының күші ол жерде жүрмесе, байырғы халық қалай ашынбасын?

Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері

Ноябрь 11, 2011 · Валеология

Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері 
Байқоныр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрым-сонды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста неше түрлі космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарының ешқандай бөлігінде кездеспейді. 
 
Сол себептен Байқоңыр космодромы жер жүзі халықтарының назарын аударып, аландатып отырады. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне үшырау мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, өскери қару -жарақтардьщ жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Сондықтан да Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептелінеді. 
Космодромда неше түрлі өнеркәсіп және шаруашылық орын-дары бар. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың. зымыран-тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептсу орталығы бар. 
Космодром 1957 жылы салынған. Оның орталығы – Байқоңыр қаласы. Онда осы кезде 60 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран ұшырататын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырдандыры осы Байқоныр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын мсдициналық орталық, 1-класқа жататын екі аэродром, сұйық отгек, сұйық азот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлы (газ турбиналы) электр станциясы, 470 шақырым темір жол, 1280 шакырым автомобилвдер жүретін магистрал, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Космодромның құрылысы алғашқы кезде тым құпия болған. Көп салынған жүйелер мен құрылыстар объектілерді жасырын түрде жүргізілген. Осы аймаққа космодром саламыз деп Ресей үкіметі ешкімнен сұраған жоқ. Қазақстан Республикасының басшыларын көздеріне де ілмеген. Мұның негізі де бар еді. Қазақ жерін олар билеп-төстеп, өздерінің меншігіне ежелден айналдырып алған болатын. Қазақ жері ашық айтылмаса да, орыс елінің бір отары (колониясы) ретіндс саналатын. Қазақ елінің жерге деген билігі жоқ болатын, 
Байқоныр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын аз түседі. Небәрі 90-150 мм. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар болмайды. Тек қана км белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердін систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда — эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, жер-көкті жасыл түске бөліп, қызыл-жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді дс, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта көп. Шөбі шүйгін, жұтымды келеді. Малдар тез арада қонданып кетеді. Ол жайылымдар космодром салынуына байланысты түгелімен жойып кеткен. Малға азық болатын шөптердің барлығы құрып, уланып біткен. 
Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шары шақырым. Ол солтустіккс қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланысы 20000 гектар жер шаруашылық айналымынан шығьш қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамай, рәсуі болып қалған. Мұнда бұрынгы кездс малдар қысы-жазы өз аяғымен жайылып жата беретін еді, ұшы-қиыры жоқ сол малдардан, бір бас малды осы күндерде кездестіре алмайсыз. Зымыраңдардың қатты дыбысы малдардың, адамдардың зәресін алады. Сондықтан да малдар бұл жақта қайдан өссін. Шу – экологиялық факторлардың ішіндегі ең бастысы. Адам ағзасына, малдарға айрықша әсер етеді. 
Бұл аймақта ерсілі-қарсылы соққан жел көп болады. Кейбір күндері, күшті дауыл тұрып, жердің үстіңгі қабатындағы топырақтарды ұшырып әкетіп, қара боран туғызады. Осындай қара боранды күндер бір жылдың ішінде 20-25 күн болады. Ал космодром орнағаннан кейін бұл аймақтың ауа райы мүлдем бұзылып кетті. Ауа райының мөлшерден тыс өзгеруін кейбіреулер Арал тсңізінің тартылуынан деп есептейді. Өйткені, космодром Арал теңізіне жақын жерге орналасқан. Қашықтығы 70 шақырымдай жер. 
Байқоныр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала бастады. Кейінгі уақытта космодром орналасқан жердің ауа райын, табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром айналаны қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалады. Ол туралы қолымызда бірнеше ғылыми деректер бар. 
Оған бір мысал: 
Қарағанды облысының экологиясын зерттейтін ғалым-экологтардың жүргізген жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос корабльдері, космос зымырандары космос кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты Жезді ауданының жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып кеткеннен кейін 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі болды. Бұл аймақта жылына 40-50 күн бойы күшті жел тұратыны анықталды. Мұндай құбылыстар, бұл аймақта бұрынғы кезде, космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар жіпке тізгендей етіп айтып береді. 
Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістср енгізетіні кейінгі кезде айқындала тусті. Ол өзгерістсрді арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ол өзгерістер төмендегідей: 
1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режімін төтенше түрде бұып жіберетіні белгілі болды; 
2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пай-даланатын отындары улы (радиоактивті) қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады; 
3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүрзігілген ғылыми-зерттеу жұмыстары толығымен дәлелдейді. Биосферадағы тірі ағзалардьщ тіршілік ететін табиғи ортасы кенет бұзылып кеткендіктен, олардың биологиялық жүйелері мүлдем бұзылып кетіп, бірнеше өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық (секірмелі) өзгеріс туатыны байқалды; 
4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны ластайды (ол бөлшектерде де радиоактивті қосылыстар бар). Ол жер не егін егуге, не болмаса мал жаюға жарамай қалады. 
Байқоңыр космодромынан ұшырылған космос корабльдерінің қалдықтарының жерге түсетін аймақтары алдын ала белгіленген. Ол Жезді және Ұлытау аудандары территорияларының 10 пайызын қамтиды. Өйткені зымырандар осы көрсетілген аудандардың территорияларының үстін басып ұшады. 
Зымырандарға жағылатын отын улы (радиоактивті) және усыз қосылыстардан тұрады. 
а) Усыз отынның негізгі компоненті — сұйық күйіндегі (радиоактивті) оттек пен Т-1 маркалы кәресін, сонымсн бірге сұйық оттек және сұйық күйіндегі (радиоактивті) сутек болады. 
ө) Өте улы зымыран отынның құрамында – улы тотықтан-дырғыш типіне жататын (радиоактивті) “самин” және (радиоактивті) “меланж” болады. Сонымсн қатар, симметриялы емес радиоактивті — диметил гидразин (гептил) бар. Осы аталған компоненттер 1-кластағы өте улы қосылыстардың қатарына жатады. Бұл улы заттар адамзат баласының тіршілігін, әсімдік әлемін, жануарлар дүниесін айрықша улаңдырады, Олар биосферадағы барлық тіршілік иелерін жойып жіберуі де мүмкін. 
1957 жылғы 1 қазан айынан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл ішінде, Байқоңыр космодромынан 1129 зымыран 1115 басқадай космос кеңістігін зерттейтін аппараттар ұшырылған. Осы көрсетілгендердің бәрі Қазақстан Республикасының экономикасына айрықша үлес қосады деп кейбір орыс зерттеушілері даурығады, Мұның бәрі, шын мәнісінде, бос сөз екенін өмірдің өзі көрсетіп келеді. 
Ұлы конструктор (зымыран жасау жөніндегі әлемге әйгілі С.П. Королевтің) басшылығымен алғаш рет космос кеңістігіне ұшып шыққан ұшқыш-космонавт Ю.А. Гагарин 1961 жылы көкек айының 12 күні “Восток” атты космос кораблімен жер шарын 87 минут ішінде айналып шықты. Оның биіктікке көтерілген мөлшері 270 шақырым еді. Бұл геостанционарлық орбита болатын. Планетааралық зымырандарды ұшыру тек қана Байқоңыр космодромында сынақтан өткізіледі. Оның алдында 1957 жыл тамыздың 21 күні космос кеңістігіне алғаш рет жер серігі ұшырылған болатын. Ол ұзақ уақыт геостанционарлық орбитада ұшып жүрді де, кейіннен ұшу үрдісін тоқтатқан соң, әуеде жанып кетті. 
Космос корабльдерінің, зымырандардың ұшу бағыты күні бүгінге дейін өзгертілген жоқ. Тек қана Байқоңыр космодромы қазақ жерінде болғандықтан Қазақстан Республикасына бағынатын болғаны рас. Ал шын мәнісінде, Ресей Федерациясы өздерінің білгенін істейді. Бізден сұрамайды. 
1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Байкоңыр космодромын пайдалануға байланысты және Ресей Фсдерациясына оны жалға беру үшін үкіметаралық шарт жасалынып, оған үкімет басшылары қол қойған. Жал мерзімі 20 жыл деп белгілснген. Ресей жағы Байқоңыр космодромының және сол аймаққа жақын жерлердің экологиясына зиянды әрекет етпейміз деп міндет алған. Ол міндет іс жүзінде орындалып жатыр ма, жоқ болмаса орындалмай жатыр ма, о жағы бізге беймәлім. Зымырандардың отындарының қалдықтары түскен жер арнаулы тәсілдерімсн тазартылу керск деген келісім шартта баптар бар. Тазарту жұмыстары белгілі дәрежеде жүргізілген емес. Бос сөздер көп. Зымырандардан түскен қалдықтардың бәрі тірі ағзаларға өте зиянды. Өйткені олар радиоактивті заттардан тұрады. Қазақстан жағы шамасы келгенінше, экологияны бұзбайтын тәсілдерді Ресей жағының пайдалануын қадағалап отырады. Зымыран ұшатынынан 5 күн бұрын, қай мезгілде зымыран ұшатынын Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының басшыларына алдын ала хабарлап отырады. Даулы проблемаларды дер кезінде шешіп отыратын тұрақты комиссия бар. Ол комиссия “Байқоңыр” деп аталады. 
Қандай да болмасын, ұшырылған зымыран-тасымалдаушылар апатқа ұшырауы – табиғи құбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника ғой, ешкім де апат болмайды деп кепілділік бере алмайды. Космос корабльдерін жасағанда, оларды космодромда ұшуға дайындағанда, бірнеше қателер кетуі мүмкін. Зымырандар жер бетінен 40-50 шақырым биіктікке көтерілгенде, бірнеше себептерге байланысы кенеттен апатқа ұшырап отыратын жайлары болады. Зымырандар апатқа ұшыраған кезде, олардың бактеріндегі улы (радиоактивті) отындардың жарым-жартысы әуеде жанып кетеді де, ал қалған аз мөлшері жерге түседі. Олар табиғи ортаны ластауы мүмкін. Ал отын төгілген жерге көресін шашып, оны өртеп жібереді. Немесе отынның улылығын жоятын бірнеше химиялық препараттар қолданылады. 
Сынақтан өткізілген зымырандардың бәрі әуедегі озон қабатын бұзып жібереді. Өйткені зымырандардың отьшның қалдықтары озон қабатына айрқыша әсер ететіні кейінгі кезде байқала бастады. Зымырандар пайдаланған отындарынын өте улы қосылыс — көміртектің радиоактивті элементтердің қос тотығы көп мөлшерде бөлініп шығады. Ол биосферада тіршілік ететін барлық тірі ағзаларға өте улы әсер етеді. Ауадағы және жердің үстіңгі бетіндегі радиациялық тепе-тендікті бұзып жібереді. Егер ауада көміртектің қос тотығы молаятын болса, онда күн сәулесі жерге түспей, мәңгілік қараңғылық басады. Көне заманда мұндай көріністер болғаннын ғалым-биологтар жақсы біледі Күн сәулесі жерге түспегендіктен жердің үстіңгі қабаты жылынып, тау шыңдарындағы мәңгі қар мен мұздар еріп кетіп, теңіз және мұхит суларының деңгейін көтереді. Құрғақ жерлерді су басып, “топан суы” қаптауы сөзсіз деп ғалымдар дәлелдейді. 
Ақырзаман боларда топан суы қаптайды екен деген қағидалардың бар екенін қазақ елі жақсы біледі. Ауа райының жылыныи келе жатқанын, халық сезеді. Өйткені бұрынғы кездерде болатын аяздар осы уақытта аз болады. Бір ғана РН – “Протон” зымыранын космос кеңістігіне ұшырғанда, ауаға 200 тонна радиоактивті көміртектің қос тотығы, ал РН “Союз” зымыранын ұшырғанда, атмосфералық ауаға 133 тонна көміртектің қос тотығы келіп қосылып отырады. Қазақ жерінің атмосфералық ауасына қосылған радиоактивті көміртектің қос тотығының мөлшері, кейінгі кездегі жүргізілген ғылыми деректердің қорытындыларына қарағанда, 221478 миллион тоннаға жеткен. Бұл цифр аз ба, жоқ болмаса көп пе, өздеріңіз есептеп байқаңыздар, Мұндай зымырандардың ашық түрде, жасырын жағдайында Байқоңыр космодромынан ұшырылып жатқан санын бір құдайдың өзі ғана біледі. 1955 жылы Байқоңырдан ұшырылған зымырандардың саны 19-ға жеткен. Олардың ішінде өте улы радиоактивті отынмен ұшатын 8-РН “Союз”, 8-РН “Протон”, 2-РН “Циклон”, 1-РН “Зенит” зымырандары бар еді. Олардан бөлініп шыққан көміртектің қос тотыгының молшері 2965 тоннаға жеткен. Алайда, оны ешкім де өлшеген жоқ. Тек теориялық жолмен есептеп шығарылғаны белгілі, бәлкім бұл мөлшерден көміртектің қос тотығы көп болуы да, немесе аз боулы да мүмкін. 
Қазақстанның атмосфералық ауасына болініп шыққан көміртектің қос тотығының көлемі 0,001 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш өте көп сан, өйткені ауадағы көміртектің қос тотығының мөлшері 0,003 пайыз. Атмосфералық ауаға бөлініп шығатын өтс улы қосылыстардың бірі — радиоактивті көміртек тотығы (СО), оны иіс тигізетін газ ретінде қазақ елі жақсы біледі. Тек қана бір РН “Протон” зымыранын космос кеңістігіне ұшырған кезде, атмосфералық ауаға 17 тонна көміртек тотығы қосылады. Ал автомобильдерден 1 тонна бензин жаққанда 0,42 тонна гана көміртек тотығы бөлінеді. Бір жылда 40-50 автомобильдер небөрі 4-5 тонна көміртек тотығын беледі. Бұл сан РН «Протон» зымыранының бөліп шығаратын көміртек тотығынын, мөлшерінен әлде қайда аз екенін көрсетеді, Сонымен зымырандарға пайдаланылатын отын көміртек тотығының Гюлініп шығуының қайнар көзі деп есептеуге болады. 
Сондай-ақ, өнеркәсіп орындары отқа таскөмір жағатыны белгілі, одан да айтарлықтай мөлшерде көміртек тотығы бөлініп шығып, ол атмосфералық ауаға қосыльш жатады. Сөйтш ауа режіміне айтарлықтай өзгерістер енгізеді. 
Ал стратосфера қабатына өзгеріс жасайтын тек қана космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар. Олар стратосферадағы су молекулаларына әсер етеді. Сондықтан да озон қабаты тез бұзылып кетеді де, жер бетіндегі тіршіліктің жойылуына себепші болады. 
Радиоактивті азот тотығы да озон қабатын бұзушы фактордың бірі болып ссептелінеді. Ол өте үлкен қысыммсн жоғары температураның әсерінен үнемі стратосферада пайда болып отырады. РН “Протон” зымыраны космос кеңістігіне көтерілгенде, зымыран артынан шыққан оттың әсерінен радиоақтивті азот тотығы көп түзілетінін арнаулы зерттеулер анықтап берді. 20-30 шақырьш биіктегі озон қабаты зымырандардың әрекетінен көп мөлшерде бұзылатыны анықталды. Зымырандарды ұшырауға гептил отынын пайдаланғанда, озон қабаты адам айтқысыз болып бұзылатынын арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап шықты. 
Озон қабатын тез арада бұзып жіберетін улы қосылыстардың бірі – хлор. Оның бір молекуласы, озонның жүз мың молекуласын жойып жібереді. Хлор зымыран отындарының басты компоненттерінің бірі. Әсіресе, “Спейс-Шатл” зымыранына пайдаланатын отынның ішінде ол көп болады. Бұл зымыран Америка Құрама Штаттарында жасалынады. Сол елде космос кеңістігіне ұшырылып отырады. Өте қуатты зымырандардың қатарына жатады. Бұл зымыранды космос кеңістігіне ұшырганда, ол 180 тонна хлор және хлорды сутекті атмосфералық ауаға бөліп шығарады. Олар атмосферада неше түрлі реакцияға түсіп, аса қауіпті қосылыс – метаболиттер түзеді. Бұл метаболиттер стратосфераға айрықша әсер етеді де, тропосфсраға онша зиянды әрекет жасамайды. Хлор және хлорды сутектің зиянды әрекеггеріне кейінгі уақытта кең көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. 
Айта кететін бір жәйт, 1999 жылы жүргізілген арнаулы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары мынаны көрсетті: Байқоңыр космодромынан ұшырылған космостық аппараттар қазақ жерінің ауа райына, климатына оншама өзгеріс енгізе қоймағаны белгіленеді. Өйткені, бұрынғы 50 жылғы ауа құрамы ешбір өзгеріссіз сол күйінде сақталып тұрғанын көрсетті. Мұның өзі дәтке қуат қағидасы ғой. Зымырандар ауа-райына ерекше әсер ететінін РН “Протон” зымыранының бірінші бөлігі жұмыстан шыққаннан кейін жерге түскен кезде, ондағы жанбай қалған радиоактивті отын мен тотықтакдырғыштардың мөлшері 2-3,5 тоннаға дейін жетеді. Егер зымыранның отыны құйылған ыдыстары оқыс жарылатын болса, онда ауада көптеген қауіпті радиоактивті бұлттар кенеттен пайда болып, аспанда біраз жүзіп жүргеннен кейін жауын-шашынмен жерге түседі. Бұлттар аса үлкен аймақты қамтып, сондай аймаққа зиян келтіреді. Әсіресе, ауыз су қатты уланады. Радиоактивті улы қосылыстар неше түрлі метаболиттер туғызуы мүмкін. Ол метаболиттер жинала-жинала келе улылығын күшейте түсетін жағдайлары да байқалады. Бұл радиоактивті метаболиттер биосферадағы барлық тіршілік иелеріне үлкен қауіп тендіреді. Улы қосылыстардың ішіндегі ең қауіптісі – гептил және оның туындылары болып есептелінеді. 
Радиоактивті гептил — суда ерімейтін қосылыс. Ол жер бетіне көп жиналып, улылығын жоғалтпай ұзақ уақыт сақтай алатын ғажан қосылыс. Тез арада тотығып кетеді де, кез келген денелермен реакцияға түседі және неше түрлі өнімдер түзеді. Олардың ішінде концерогеңді түрде әсер ететін заттар болады. Олар адам ағзасында неше түрлі қауіпті ісіктер туғызып, рак дертін дамытады. Зымыравдар апатқа ұшырағаңца ондағы гептилдің 90 пайызы ауада жанып кетіп, ал қалған 10 пайызы жерге келіп түседі, тіпті түспеуі де мүмкін. Ал жерге түскен гептил ұзақ уақыт топырақта сақталынып, улылық қасиетін жоймай жата береді. 
Арнаулы түрде жүргізілген зерттсу жұмыстарының қорытын-дыларына қарағанда, жерге түскен гептил жер бетіне, жердің үстіндегі және оның астындағы суларына тарап, оларды уландырады. Ондай сулар технологиялық үрдістерге, сонымен қатар, зымырандарға, қажетті су ретінде басқадай космостық аппаратураға қолданылмайды. Гептил қалдықтарын арнаулы тәсілдерді пайдаланып жағып жіберуге болатынын ғалымдар дәлелдеп отыр. Осындай әдістерді пайдаланған кезде гептил ауаны, суды, жерді, тіпті биосфераны көп көлемде ластамайтыны анықталды. Су зымырандардан бөлініп шыққан бөлшектсрцен де ластанады. Әсіресе РН “Протон” зымыранының отыны улы қосылыстар, оның ішінде гептил де бар. Гептилдің жерге, суға түскен мөлшерін анықтау үшін жетілдірілген әдістерді қолдану керек. Сонымен бірге гептилді анықтау үшін көп уақыт пен қаржы қажет. Өйткені оны анықтауға пайдалатын реактивтер өте қымбат тұрады. 
Байқоңыр космодромындағы әскери бөлімшелер зымырандарды ұшырған кездс халықаралық келісім шарттардың түгелдей болмаса да, көпшілік талаптарын сақтауға тырысады. Қазақстан Республикасы Байқоңыр космодромына байланысты заңдарын орыңдауға колдан келген мүмкіншіліктерін түгелдей жасайды. Қазақ жеріне, жердегі тіршілік ететін өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесіне зиянды әсер еткізбеудің тәсілдерін жетіддіреді. Әсіресе адамдардьщ денсаулығына зиян келтірмеудің жоддарын іздестіреді. Байқоңырда тұратын халықтардың денсаулығына қатер төңдірмейді. Сол себептен космодром орналасқан аймақтарға улы қосылыстарды түгелдей жойып жіберетін шаралар қолданылады. Гептил төгілген немесе шашыраған жерлер мұқият түрде залалсыздаңдырылады. Залалсыздандыру үшін хлорлы тотықтырғыштарды паңдаланады. Термикалық әдістерді де қолданады, гептил төгілген немесе шашыраған жерлерге кәресін шашып, ол жерлерде түгелдей өртеп жібереді. Сонда гептилдің улылығы жойылып кетеді. Сонымсн бірге, жерді өртеген кезде, жердің үстіңгі қабатындағы пайдалы микроағзалар түгелімен жойылып кететіні сөзсіз. Сөйтіп топырақ құнарлығынан айырылып қалады. Ондай жерлерге өсімдіктер өспейді. 
Осы кезде гептилдің улылық қасиетін тез арада жоюдың жетілдірілген тәсілдері қарастырылуда. Бұл проблема кезек күттірмейтін проблемаларға айналып, күн тәртібінің басты мәселелерінің бірі болып отыр, Зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектерінің аспаннан жерге құлап түсетін жерлерінде адамдар тұратыны белгілі. Оларды басқа жаққа кешіріп әкету мемлекетке оңайлыққа соқпайды. Тек зымырандардың қаддықтары құлап түскеннен кейін олардың улы қалдықтары орасан көп аймақтарға тарайтынын арнаулы зерттеулер анықтап отыр. Осы қайғылы оқиғаны болдырмау үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арнаулы экологиялық мониторинг жүйесін пайдаланады. Әсіреее РН “Протон” зымыранынан бөлініп шығатьш улы қосылыстардың зиянды әрекетін азайту жолдары көзделуде. Неше түрлі жетілдірілген технологиялық үрдістер пайдаланылады. Осының нәтижесіңде РН “Протон” зымыраны улы қосылыстарды қоршаған ортаға аз мөлшерде бөліп шығаруда мұның өзі кейінгі кездегі ғылым мен техниканың жетістігі екені өзінен-өзі белгілі. Экологияны мөлшерден тыс бұзбайтын РН “Протон” зымыранының отыны ретінде КБ “Салют” деп алатын отын қолданады. Ол отынды ойлап тапқан Ресей ғалымдары. Олар М.В. Хруничсв атындағы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері. Егср РН “Протон” зымыраны ұшырай қалған кезде, ондағы гептилдердің барлығы жерге түспей, әуеде жанып кетеді. Ал жерге түскенде, оның көлемі айналаға онша көп тарамайтыны байқалады. 
Зымырандарды ұшыру әсерінен Қызылорда облысының жерлерінде көптеген қауіпті оқиғаларды тек Арал теңізінің тартылуымен байланыстырудың қажеті аз секілді. Ешқандай шындыққа жанаспайтыны белгілі болып отыр. 
Арал теңізінің бұрынғы түбінде қалың қабат-қабат болып жатқан тұздар су тартылғаннан кейін күн көзінің жылуымен құрғап, желмен бірге аспанға көтеріліп, Арал теңізінің жақын жеріне (70 шақырым) орналасқан Байқоңыр космодромында әсер етуі де, етпеуі де мүмкін. Теңіз түбіндегі тұздар аспанға көтеріліп, желмен бірге және алыс аймақтарға таралып жатқанын ғалымдар жақсы біледі. Осының салдарынан Қызылорда облысының ауа райы және климаты үлкен өзгеріске ұшырап отырғаны жасырын жағдай емес. Бұл үрдіске қарсы тұратын қүдіретті күш жоқ. Адамзат баласының қолынан келмей отыр. 
Зымырандарды жасаған кезде, оларға экологиялық мінездеме беріледі. Ол зымырандарды ұлшырған кезде айналаны қоршаған ортаға өте көп зиян келтірмейтіні ғылыми басшылыққа алынады. Ал зымырандар экологияны бұзатын болса, онда қауіпті зымырандар ұшырылмайды, Осы жоғарыдағы айтылған мәселелерді қорыта келе, Байқоңыр космодромы қазақ жеріне орасан зор бақытсыздық әкеліп отырғаны сөзсіз. Ауа райы бұзылып, климат өзгеріп кеткенін айтпай кетуге болмайды. 
Дегенмен, кейінгі кезде Байқоңыр космодромының пайдасыз жағын жан-жақты зерттеу — келешек жас ғалымдардың міндеті деп есептейміз. Байқоңыр космодромын салғанда қисапсыз көп қалдықтар болғаны жасырын емес. Олардың ішінде металл сынықтары, темірбетон қалдықтары болған. Бұл қалдықтарды пайдаланып әр түрлі құрылыс жұмысын жүргізуге болатыны анықталып отыр. Байқоңыр космодромының экологиясын қатаң бақылауға алған мекемелердің бірі – Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстары мен табиғат қорғау министрлігі. 1996 жылдан бастап зымырандардың улы қалдықтары азайып, тек азғантай жерлерге түсетін болды. Айналаны қоршаған ортаға ұзақ мерзім әсер етпей, тез арада ыдырап кететіні байқалады, медициналық белгілерден аспайтыны белгілі болды. Мұның сол аймақтардың тұрғындарына дәтке қуат әкеліп отырғаны сезсіз. Олар өздерінің ата мекенінен қай жерге безсін, әйтеуір, елмеген соң, қоныс теуіп, тіршілік етіп, мал өсіріп, егін егіп отыр ғой. Барлық жақсылықты бір алладан күтеді. 
1999 жыл апатқа ұшыраған зымыран-тасығыш РН “Протонның қазақ еліне әкелген зиянына тоқталайық. Зымыран-таситын зымырандар апатқа ұшырағанда, айналаны қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретіні айтпаса да түсінікті. Қаншама жуып-шайғанмен апаттың аты апат ғой. Апатқа ұшыраған зымырандар қоршаған ортаға зиянын тигізбей қоймайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. 
1996 жылы 14-ші мамыр күні РН “Союз” атты зымыран-тасымалдайтын зымыран апатқа ұшырап, бұрынғы Торғай облысы Амангелді ауданына қарайтын Сары-Торғай жылқы заводының территориясына құлап түскен болатын, Арнаулы түрде жүгізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, жердің, судың, ауаның агрессивті улы қосылыстарымен ластанғаны анықталған. Олардың тірі ағзаларға тигізетін зиянды әсері орасан күшті екені. байқалған. Зымырандардың пайдаланатын отындары өте улы қосылыстардан тұратыны белгілі. Олардың ішінде гептил және азот тетроксиді бар еді. Зымыраның апатынан 810 шаршы шақырым жер зақымданған. Бұл апаттан келген зиянның өзі ақшаға шаққанда 1395,6 мың теңгеге жеткен. 1997 жылы 20-ші мамыр күні РН “Зенит” атты зымыран 49 секундтан кейін апатқа ұшыраған болатын. 8 шақырым биіктіктен зымырандағы космостық аппарат жерге құлап түсіп, кенеттен жарылып кетксн. Бақьтгқа орай, зымыран апаты космодромның адамдар тұрмайтын бос аймақтарына құлап түскен. Сондықтан да адамдар шығаны болмаған, улы отының негізгі бөлігі аспанда жанып кеткен Дегенмен, 80 тонна кәресін, 200 тонна сұйық оттек жерге түскен. Бұл жанармайлар зымыран құлаған 300 шаршы шақырым жердің өсімдіктерін мүлдем жойып жіберген. Жарылған зымыран корпусының жарылғанынан шыққан металл сынықтары Дюраль 1 гектар жерге шашылып кеткен. 1999 жылы 5-ші шілде күні және 27-ші қазан күні Қарағанды облысына қарайтын Қарқаралы ауданының территориясына зымыран-тасымалдаушы РН “Протон” зымыран 90 шақырым биіктікте апатқа ұшырап, жерге құлап түскен. Сол жердің тұрғындарына әсер етті ме, жоқ болмаса етпеді ме деген мақсатпен арнаулы түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліл, судан, топырақтан, өсімдіктерден үлгілер алынып, олар лабораторияда анализден өткізілген. Зымыранның құлап түскен жері — “Карбышевка” деп аталатын елді мекен. Ол жерде Беталыс көлі де бар болатын. Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінен арнаулы құрылған комиссиялар жұмыс істеп, зымыранның келтірген зиянын анықтады. Ол үшін жерден 195 үлгі, судан — 61, өсімдіктерден 101 — барлығы 357 үлгі алынып, Қарағанды қаласының санитарлық эпидемиялық станциясының, әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық мемлекеттік университетінің кафедрасында, Ресей Федерациясының Биофизика институтының лабораторияларында анықтадды. Суда, өсімдіктерде, малдардың сүттерінде гептил байқалған жоқ. Топырақтың 3 үлгісінен гептил табылған, оның концентрациясы ете аз болған. Экологиялық зерттеулер күні бүгінге дейін жүргізіп келеді. 2187 адам медициналық бақылудан өткізілген. Олар Карбышевка, Ақжол, Қоянды жене Матак. елді мекендерінің тұрғындары болатын. Химиялық және иоңдалған радиоактивті элементтердің әсері тиді ме екен деген мақсатпен 501 адам, олардың ішінде, 201 бала арнаулы түрде анализден өткізіледі. Бұл адамдар Корнеевка елді мекендерінің тұрғындары болатын. Олардың денелерінен ешқандай гептил болмағаны анықталды. Осыған орай адамдардың денсаулығына ешқандай зиян келмегені байқалады. Тек бұрын әр түрлі сырқаттарға шалдыққан адамдардың ескі ауруларды қозғаны анықталды. 
Зымыранның улы жанармайларынан айналаны қоршаған ортаға. адамдардың денсаулығына келтіретін зиян байқалмады деген қорытындыны арнаулы түрде тағайындалған комиссия жасады. Бұл шешім жергілікті тұрғындардың қозған жүйке жүйелерін басуға мүмкіншілік туғызды. Мезгіл-мезгіл бойы, яғни 3, 6, 12 айлар арасында, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданның территориясы, ондағы тұрғын халықтар арнаулы бақылаудан өткізіліп отырады. 
1999 жылы шілде айының 5 күні болған РН “Протон” зымыран-тасушының зымыран апаты неден болғаны анықталды Апатың себебі: зымыранның 3-ш бөлігінде отын жанбай қалған. РН «Протонң зымыраны апатынан болған зиянның көлемі 37 миллион 947 мын, теңге екенін комиссия анықтап шықты. Бұл шығынды Ресей Федерациясы төлейміз деп уәде берді. Ол шығын төленді ме, жол болмаса, ана-мынау сылтаулар айтылып төленбей келе ме ол туралы қолымызда нақтылы деректер жоқ. 
1999 жылы 27-ші қазан күні ұшырылған РН “Протонң зымыраны екінші рет апатқа ұшырап, Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданның орталығы Атасу елді мекенінің шығыс-солтүстіктігінің 25 шықарым келетіп жеріне құлап түсті. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының басшылары арнаулы комиссия құрып зерттегенде, комиссия мүшелері жерден зымыранның 129 бөлшектерін тауып алды. Оларды арнаулы өңдеуден өткізіп, ұшақпен Мәскеу қаласына зерттеу жүргізу мақсаты үшін алып кетті. Алатқа ұшыраған зымыранның тигізген әсерін білу үшін жерден, судан, өсімдіктерден, азық-түліктен, кейбір биологиялық материалдардан 562 үлгі алынып, зерттеуден өткізілді. Зерттеу қорытындысы мынаны көрсетті: Гептил судан алынған үлгінің біреуінен, топырақтың бір үлгісінен табылған. Ондағы гептилдің мөлшері өте аз болғанын көрсетті. Айналаны қоршаған ортаға онша зиян келтірмейтіні анықталды. 
Мал дәрігерлері үй малдарының 150090 басына зерттеу жүргізді. Олардың ішінде 20011 ірі қара малды, 7173 шошқа, 528 ит, 2080 қүс болган. Олардың ішінде апатқа ұшыраған зымыран әсерінен пайда болған аурулар жоқ екені; мал дәрігерлері анықтап берді. Қарағанды облысындағы орман, балық, аң шаруашылығының қызметкерлері зымыран апатқа ұшыраған аймақтарға арнаулы түрде экологиялық мониторинг жүргізгенде, олар зымыран салдарынан зардап шеккен өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін кездестіре алмаған. Зымыранның апат болған ;жерінде тұратын 22605 халықтың 20011 адамына арнаулы түрде медициналық бақылаулар өткізгенде, өте жоғары улану адамдар арасынан кездеспеген, зымыранның бірінші және екінші апаты болған жерлерде тұратын адамдардың ескі дерттері қозғаны ғана байқалды. Зымыран отындары мен радиационды сәулеленудің әсері адамдар денесіне ешқандай әсер етпегені анықталды. Адам-дардың көп ойлағандықтан психоэмоциялық сезімдерді артқан. 
Зымыран-тасымалдаушы РН “Протон” апатқа ұшыраған аймақтар ерекше ссепке алынып, үнемі экологиялық мониторинг жүргізіліп отыратын болды. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының тұрғындары 6 ай сайын жыл бойы арнаулы түрде құрылған медициналық бақылаудан өткізіліп отырады. Мұның бәрі еріккеннің еңбегі емес. Қазақ жеріне келтірілген зиянның бәрін Ресей Федерациясы төлейді деген ойлар бар. Бірақ әлі бір тиын ақша төлеген жоқ. Апатқа ұшыраған зымыранның салдарынан халықтың арасында өлім-жітім болған жоқ. Мемлекет мүліктері де бүлінбеген, зымыранның улы отыны әуеде жанып кеткен. Ал Қазақстан Республикасы ғалымдарының болжауы бойынша, олар зымыран апатынан әуде неше түрлі бұлттар пайда болып, қазақ жеріндегі ерсілі-қарсылы соққан желмен бірге, басқа аймақтарға ығысып кеткен. Ол бұлттар улы деп топшылайды. Мұндай болжауды анықтау үшін, ұзақ жылдар бойы арнаулы түрдс ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Оған қыруар қаржы керек. Ол қаржы қайдан табылсын! 
1999 жылы шілденің 5 күні болған РН “Протон” зымыран тасымалдаушының апатынан кейін Қазақстан Республикасы мемлексті мен Ресей Федерациясы арасында 1999 жыл қарашаның 18 күиі келісім шарт жасалынып, оған қол қойылады. Ол келісім шарттан кейінгі уақыта Байқоңыр космодромын қалай пайдаланудың жолдары көрсетілген. Зымыран апатқа ұшырай бірлесіп отырып жұмыс жасау жолдары көрсетілген. Зымыран апатының салдарын бірлесе отырып жою мәселелері жазылған. 
Байқоңыр космодромының болашагы жөнінде бір-екі ауыз сөз. Байкоңыр космодромы айналаны қоршаған ортаға зиян келтірсумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр. 
Байқоңыр космодромын Ресейге жалға бергенде, Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына жылына 115 миллион АҚШ долларын береді. Космодромды жөндеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей Федерациясы жылына 25-40 миллион АҚШ долларын жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 миллион доллар кіріс кірсді. Бұл кіріс қазақ елінің әр түрлі мұқтажына жұмсалатыны сөзсіз. Осы кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олар түгелдей жұмыспен қамтамасыз етілген. Белгіленген мерзімде жалақыларын ай сайын алып отырады. Ресей Федерациясы үздіксіз қаржылан-дырып тұрады. Қалада осы кезде 13 жалпы білім беретін мектеп, оның 5-уі қазақ балаларына арналған, біреуі ғана аралас мектеп. Халықаралық космостық мектеп, Мәскеу авиация институтының бөлімшесі бар. Онда 83 қазақстандықтар оқып білім алады. Ден-саулық сақтау орындарын, білім беретін мекемелерді, қарттарға зейнет ақыны Ресей Федерациясы қаржыландырып отырады. 
Ал егер Байқоңыр космодромын жауып тастаған күнде Қазақстан Республикасы көптеген қолайсыз жағдайларға ұшырайтыны сөзсіз. Біріншіден, жергілікті халық жұмыссыз қалады. Екіншіден, Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғаудан айырылып қалады. Қазақстан Республикасы көптеген мүмкіншіліктерден айырылып қалатыны байқалып отыр. Экономикалық және әлеуметтік даму болмауы да мүмкін. Байқоңыр космодромы жер жүзіне белгілі болғандықтан көптеген көмектер әр түрлі мемлекеттерден келіп тұрады. Космодромда экологиялық өзгерістердің болмауын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау министрлігі бақылау жасап отырады. 
Байқоңыр космодромы болуына байланысты Қазақстан Республикасының беделі күннен күнге арта түсуде. Байқоңыр космодромында келешек ұшқыш-космонавттар іріктеліп алынады. Оның ішінде көптеген қазақ елінің жастары бар. 
Байқоңыр космодромы келесі мыңжылдықта ең басты космодромында аппараттар мен космос корабльдерін космосқа ұшырау және космос кеңістігін зерттеуде айрықша рел атқаратыны сөзсіз. Ол космосты зерттейтін ғылыми-техникалық орталығы болып қала берстіні айдан анық, оның келешегі зор, берері мол. Оған бірді берсең онды, онды берсең жүзді, жүзді берсең мыңды, миллионды аласың. Дегенмен, батыстағы Байқоңыр космодромы қазақ еліне не әкеледі деген сауалға жауап табу саласында жұмыс істеудеміз.

Байқоңыр космодром – ракетадромы қазақ жерін қашанғы тозаққа айналдырмақ?

[4807/4]

Поделиться…

Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған космодром «Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы басталып, қазір 6717 шаршыкилометр аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергі 40 жылда 1100 әртүрлі мақсаттағы космос аппараттары және 100-ден астам континентаралық баллисти-калық ракеталар ұшырылып сыналыпты. Сонымен қатар 38 түрлі соғысқа қажетті, жаппай қырып жоятын ракеталар мен космос кемелерінің 80–нен астам модификациялары да сыналған.  
Космодромдардан ұшқан ракеталардың бірінші бөліктері Қарағанды облысындағы №25 зонаға түссе, екінші бөліктері сол облыстағы №4 зонаға, үшінші бөліктері де Қазақстанда орналасқан №310-шы зонаға (Шығыс Қазақстан) тұрақты түрде құлап, күз, қыс, көктемде дауылдар мен үсік, аяздарды, жазда қатты ыстықтардан басқа орман, дала өрттерін де көбейтуде.  
Радиоактивті улы ракета сынықтары далаларымызда шашылып жатыр. Ракеталарда қолданылатын отындардағы улы, зиянды қоспалар, сауылдап түсіп жатқан ракета сынықтары да экологиялық зардаптар әкелуде. Ресей космос әскерлерінің негізгі стратегиялық базасы боп саналатын «Байқоңыр», мына алмағайып заманда, біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігіне, еліміздің тәуелсіздігіне де үлкен қатер тудырып отыр. Себебі, космодромнан жиі –жиі Камчаткадағы «Кура» сияқты полигондарға сынақ үшін жіберіліп тұратын, СС-18, , НАТО –ның классификациясы бойынша «Стилет» деп аталатын СС-19, СС-20 ракеталары бар, оның үстіне космостағы ұшып жүрген ядролық «Космос» сериялы әскери спутниктерді басқарып отырған «Байқоңыр», біз қанша жерден атом қаруы жоқ аймақпыз десек те , ядролық қаруы бар елдердің өзара соғыс жанжалы туа қалған жағдайда, бірінші нысана көзі болары даусыз!!!  
Бүкіл ғаламшарымызды қоршап тұрған атмосферадағы, ауа құрамының 20,95 пайызы ғана, тіршілікке қажетті оттегінің үлесіне тиеді. Ал енді осы оттегіні тазалап, негізінен бөліп шығаратын, планетаның қос өкпесі саналатын қылқан жапырақты Сібір ормандары мен Оңтүстік Америкадағы Амазонка бассейніндегі тропикалық ормандар мен өсімдіктер әлемі екені белгілі. 
Қазір космосқа ұшатын ракета двигательдерінде гептилден бастап, небір улы құрамды заттармен қатар, криогенді отындарда қолданылады. Яғни ауа бөлгіш қондырғыларда оттегі мен сутегіні-184 градуста сұйылтып алып, ерекше технологиялық әрекетпен қатайтылып, ауасыз кеңістікте ракета отындарын жағуға қажетті, біздің өзімізге, өмірімізге қажетті оттегі газдары тонналанып, ауа кеңістігіміз тоналып космосқа қайтарымсыз кетіп жатады. Бұл қондырғылар Ресейде, орман іштерінде емес, жері де, ауасы да күйіп кеткен, орманы жоқ, теңізі мен көлі жоқ, ай тақыр сол «Байқоңырдың» айналасында орналасқан. 1957 жылдан бері, әр сағат, тәулік, айлар, жылдар бойы сорылып, өңделіп, оттегіден айырылып, тіршілікке қажеттсіз болған ауаның көлемінің қанша екенін бір Алла ғана білер. Табиғат-ананың әр аймаққа өлшеп берген ауасы, суы, желдері болады. Әрі осы космодромның теңіз бен мұхит жағалауында емес, ай тақыр құрылықта орналасуы, жерімізде күн өткен сайын оттегінің ауадағы қалыпты мөлшерден азайып кетуіне әкелуде. Тіптен сәуір мен қазан арасында бұл жерден оттегі алу мүмкін болмай қалған. Оттегінің ауа құрамындағы аз ғана ауытқушылығы, тек қана тыныс алуға емес, адам ағзасындағы зат алмасу процесстеріне де кері әсерін тигізіп, анемия, лейкомия, рак, тері аурулары мен көптеген медицинаның шамасы келмейтін аурларды да көбейтуде, әрі оған неше түрлі мутацияға ұшыраған жан-жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесін қосыңыз... 
Ауа мен бұлттардың табиғи ағымдары әлдеқашан бұзылған, ғарыш кемелері ұшқаннан кейінгі апталап тұратын желдер, көктем келіп, жеміс ағаштары гүлдеп тұрған кездердегі аяқ астынан пайда болатын үсіктер, дауылдар мен бұршақты нөсерлер, керек десеңіз біздің ауа райын болжаушылар мен халық арасынан шыққан көріпкел есепшілер де сол «Байқоңырға» қарап алаңдайтын болған... 
Осыншама қолдан жасалып жатқан зардапты апаттардың негізгі себептері Ресейдің істен шығарылған «Satan» SS-18, 19, 20 ракеталары болып тұр. Орысша МБР РС-20А деп белгіленетін ракеталардың ядролық тастұмсықтары алынып тасталып, жер серіктерін ғарышқа ұшыруға бейімдеген. Бұл ракеталар Совет басшысы Горбачев пен АҚШ президенті Рейганмен арадағы келіссөз негізінде, қоршаған ортаға аса қатерлі қару ретінде жойылуға тиіс болатын. Оны сырт көзден және халықаралық қауымдастықтан жасыру үшін ауыр «Протон» ракеталары деп, жаңа ат берген. Және де бұл ракеталарды орбитаға шығарған кездегі болып қалатын кездейсоқтықтан сақтану мақсатында 20 тонналық қосымша ракеталық отын бактары қойылған. Бұл ракеталарда қоршаған ортаға аса қауіпті гептил отыны қолданылады. Оның ауадағы рұқсат етілген шекті таралу мөлшері 1 мг/кубокилометр. Яғни өте улы зиянды бұл Гептил, химия тілімен айтқанда симметриясыз диметилгидразин (С2Н8N2) мен бірге ауасыз кеңістікте отынның жануын қамтамасыз ететін, Байқоңырдан, яғни қазақ жерінен сорылып алынған, ғарышқа қайтарымсыз кетіп жатқан, тіршіліктің көзі, Жаратушының әрбір жерге, әрбір елге және бізге де өлшеп берген несібесі – оттегі газы. Оттегі газы, айналамызды қоршаған атмосферадағы ауа құрамының - 20,95%-н, азот – 78%-н, ал қалған 1% -н барлық қалған аргон, сутегі, ксенон, криптон, неон, көмір қышқыл газы сияқты басқа да газдар құрайды. 
Бұл экологияға аса қауіпті ракета отындарының 50-60% ғана жанып үлгеріп, қалғандары жерімізге төгіледі екен. Гептил сұйық отыны - аса улы, тіршіліктің нағыз қас жауы. Осы ракеталарда жануды күшейтетін катализатор ретінде, күмістің ионы қолданылады. Бұл өз кезегінде гептилмен бірге төгіліп, ракета ұшып өткен траектория бойында мыңдаған шаршы километр жерлерде ылғалды бұлттар мен жерден ұшқан буларды қоюлатып, қатты буландырады. Әсіресе күз, қыс, көктем айларында көктегі кәдімгі жай шуда ақ бұлттар мен қатпар бұлттардың қалыңдығы 100-500 метр болса, «Протондар» ұшқаннан кейін бұлттар буланып қалыңдығы 7 шақырымға дейін жетіп, ауада жер бетіне күн сәулесін түсірмей орап қымтай жапқан, күннен тарайтын энергия көзін тұмшалап, одан ауа райы күрт суып, жаңбыр, артынан қалың (қыс кезінде) қар жауып, соңы 40-50 градустық аязға айналады.   
2001 жылы желтоқсан айында, Ресей Байқоңырдан кетпек ниетпен, ылғалы көп Архангелскі облысында орналасқан Плесецкі космодромынан осы «Протонның» біреуін ұшырғанда, Ресейдің Европалық бөлігінде қалыңдығы бірнеше метрге жеткен қар жауып, Мәскеудің өзінде 40 градустай аяз болып, мыңдаған қаңғыбас – бомжылар қырылып, одан кейін бұл ракеталарды Ресей космодромдарынан ұшыруға тиым салынды. Батыс елдерінің өлердей қорқып «Сатана» деп атаған ракеталары ылғалы көп жерлерден ұшырғанда сұмдық аязды апаттар әкелетіні әскерилерге бұрыннан белгілі жағдайлар.  
Тәжікстан мен Өзбекістанның оңтүстігінде өсірілетін биязыталшықты мақта плантацияларын жазғытұрымда бұршақтан қорғап, оны жауынға айналдыру үшін бұлттарды күмісті-иодтты снарядтармен атқылау тәжірибесі қолданылады. 
Ал, Грузияның ылғалды таулы қыраттарындағы шай плантацияларын суғару үшін жаз айларында метеоракета ұшырылып, одан күміс иондары бүркіліп, жауын жаудырылады.  
1997 жылы Жапон елі қысқы олимпиада өткізерде, күміс иондарын ұшақтармен бүркіп, қар жаумайтын жерде орасан қалың қар жауып, айналасын ылғалды теңіз қоршаған елде апатты жағдай қалыптасып, пайда болған қалың бұлттарды ыдырату үшін жүздеген истребитель-ұшақтарды қолданып зорға тоқтатқан.   
Және есептен шығарылған бұл ракеталардың бүгінгі күндері 150 ден астамы Байқоңырда сақталып отыр. Оның үстіне оқу-жаттығу жиындарында Ресейдің Байқоңырда орналасқан стратегиялық мақсаттағы космос әскерлері негізгі қолданыста тұрған жаңа ракеталарды үнемдеп, ескі, есептен шығарылған ракеталарды Камчаткада орналасқан Кура (аумағы 10 000 шаршы километр)нысана – полигонына қалаған уақытында, Қазақстаннан сұрамай-ақ жібере береді. Егер бұл ұшырулар осылай жалғаса берсе, жоғарыдағы ракеталар 2018 жылы ғана таусылып, оған дейін осылай табиғатымыздың ойран-топалаңын шығара бермек...  
Бұрындары жер серіктері Целиноград-Ақмола үстінен ұшып өтіп, бұл аймақтарда сұмдық аяздар болып тұратын. Қазір бұл қала Астанаға айналғасын мемлекеттік басшылық органдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ғарышқа шығатын жер сер-іктерінің басқарылу траекториясы өзгертіліп, қазіргі күндері қыста бұрынғыдай қатты аяздар азайған. Оның есесіне траектория бағыты ОҚ облысының солтүстік аудандары мен Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарына қарлы борандар әкеліп, оның әсері республиканың барлық аймақтарына тарап, оңтүстікте өзбек, қырғыз жері түгілі сонау тәжік жеріне дейін жетуде. Биылғы қыстағы Шығыс Қазақстан мен Монғолиядағы жалпы ғаламдағы сұмдық аяздар мен оңтүстіктегі теңіз бен мұхит жағасындағы елдердегі су тасқынды апаттар да осы «Протондардың» әкеліп жатқан қасіреті. Бұл жер серіктерін алып ұшатын зымырандар тапсырыстағы белгіленген өз орбитасына шыққанша ғаламшарымызды ондаған рет айналатындығы көпшілікке белгілі. Сондықтанда батыс елдері бұл зымырандарды «Сатана» - деп атаған...  
Жоғарыда аталып өткен аяздардан кейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда жерлеріндегі көктемде гүлдеп тұрған жеміс ағаштары мен жидектерді үсіктер ұрып кетуде. Осыдан келетін шығындарды қарапайым арифметика тілімен есептеп көрейік. Оңтүстік облыстарда республика халқының жартысына жуығы мекендейді. Ең аз мөлшерді алып, бұл өңірлерде 1 миллион отбасы тұрады деп есептесек, оларды адам басына бөлмей, тағы да ең аз дегенде бір жылда бір отбасы 200 кг жеміс-жидектен пайдаланған жағдайында 200 000 000 килограмм болады екен. Ал осы өнімдердің әр килосын орта есеппен 150 теңгеден есептеп көрейік, сонда 200 000 000 * 150 = 30 000 000 000 (отыз миллиард) тенгенің жеміс-жидектерін жоғалтқан болып шығамыз. Бұған жыл сайын әр отбасының үйлерін жылытуға кеткен отындарын (газ, мазут, дизель отыны, көмір, ағаш, электр энергиясын) қосыңыз. Бала-бақшалар, мектептер, денсаулық сақтау мекемелері, қарттар үйлері мен басқа да мемлекеттік мекемелердің пайдаланған энергокөздерін қаржымен есептеп көріңіз. Осы ұшырулардан пайда болған суықтардың әсерінен туындайтын тұмау және басқа да ауруларды емдеуге кеткен дәрі – дәрмектерге кеткен халықтың шығынын кім көтереді? Және осы космостық ұшырулардан кейін пайда болатын дауылдар мен қарлы борандардың зардаптарын жоюға, қар басқан үйлер мен авто және темір жолдарды аршуға кеткен шығындар қанша болады? Жабайы аңдардың (ақбөкен, киік, арқар, таутеке, жайран т.б.) көктемде төлдеп жатқанда үсіп өлген шарана- жандықтарын кім есептеп жатыр?  
Ұлы Жасаған иеміздің бізге берген жайлы табиғатының арқасында, осы оңтүстік өңірлерінде 1957 жылға дейін жылына екі рет ауыл шаруашылық өнімдерін алып келген. Ал енді осы жерлерімізден осынша уақыттан бері алынатын өнімдерді, жоғалтқан табыстарды кім есептеп жатыр? Мұның ең сұмдығы, ауа құрамындағы тіршіліктің көзі оттегінің азайып кетуінде, медицинаның шамасы келмейтін ауруларды көбейтуінде болып отыр. 
Байқоңырды үкіметіміз 50 жылға Ресейге жалға берді. Олардан алатын жылақы бар болғаны 115 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоғарыда атап өткен жалпы шығын-дардың бәрін қосқанда бұл жал ақыға төленетін қаржының түкке де тұрмайтындығы белгілі. Аумағы алты мың шаршы километрден астам жерді алып жатқан Байқоңыр кос-модромынан Қазақ Еліне, бүгінгі күндері зияннан басқа ешбір пайда түсіп жатқан жоқ. Өткен сандарда және жоғарыда аталып өткен «Байқоңыр зардаптарынан» табиғатымыз бен халқымыз енді қашанғы азап шекпек? Қасіретті көп көрген көп ұлтты халқымыз қашанғы басқа елдің зертханасындағы тәжірибе үшін жаралған көжектердің күйін кеше береді? Осы елдің егесі бар ма, бар болса неге оны, яғни Назарбаев мырзаны бірінші, елдің мүддесі ойландырмайды? Адам баласына күнделікті нанынан басқа, таза ауа, таза су, экологиялық жағынан таза өнімдер керек емес пе? 
Америкадан бастап, космостық державалар космодромдарын теңіз жағасына, мұқит ортасындағы аралдар мен атоллдарға орналастырады, себеп жоғарыда айтылған жалпы эколгиялық зардаптарды мейлінше азайту. Атлант мұқиты жағасында орналасқан Флорида штатында орналасқан космодромнан ұшқан әрбір космос кемесіне, НАСА сол штатқа 85 миллион доллар экологилық компенсация төлейді. 
Ресей құрылықтардағы космодромдардың табиғат пен тіршіліктің қас жауы екенін ескеріп, өз жеріндегі космодромдарын, Қиыр Шығыстағы «Свободный» мен Архан-гельск облысындағы «Плецескіні» теңіз жағаларына орналастырған. Құрылықтағы «Байқоңырдан» коммерциялық ұшырулар, қосымша табиғатты қорғауға, тасымалдау және басқа да шығындарды олар үшін көп азайтады, әрі жергілікті халықтың экологиялық ақпараттардан мүлдем хабарсыз екенін, және өкіметіміз арттарынан жүгіріп жүргесін Ресей, әрине, өз жері емес, қуана-қуана, әрбір күнді тиімділікпен пайдаланып қалуға ұтылуда. Бүгінгі күндері «Росавиакосмос» агенттігі, 2010 жылға дейін «Байқоңыр» жерінен коммерциялық ұшырулардан, 40 млрд. АҚШ долларынан астам пайда табуды жоспарлаған болатын.  
Кешегі одақ кезінде, космосқа шығып келген космонавтар мен сол аймақтарда қызмет атқарған үлкен шенді әскерилер Кисловодскі курорттарында жылына 2-3 ретке дейін ем қабылдап, ерекше бақылауда болып, оларға сол жерлерден тұрақты түрде тұруға үйлер берілетін және қазір де солай, тіпті кейбірі алыс шет елдерде денсаулықтарын түзеуде.  
Қорғанысқа келетін болсақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстанға, ядролық клубқа кіретін елдердің біздің елдің алдында берген кепілдік-міндеттемелері бар екенін үкімет неге ұмытады, жерімізде ядролық қаруды жеткізетін құралдарды сақтау мен ядролық қаруы бар елдің бірі Ресейге сол қаруларды сынатып қою қандай логикаға жатады, қандай саясатқа негізделген? Сыртқы саясатта көп векторлы бағыт жүргізіп жатқан біздің елімізге, әскери блоктарға қосылмай-ақ бейтарап саясат жүргізгені дұрыс емес пе?!.  
Соншама зиян келтіріп жатқан космодромды Ресейге 50 жылға жалға беруді созған өкіметіміз қандай мақсатты негізге алды?- деген осындайда заңды сұрақ туады. Ал ракета сынықтары түсіп жатқан жоғарыда аталған зоналарға төленетін өтем-қаржы есептелген бе, жоқ әлде космодромға төленетін жылдық 115 миллион долларлық жалақысының ішіне кіреме? 
Біздің өкімет басшыларымыз да, бизнесмендер де экологиясы нашар Қазақстанда емес, алыс шет елдерде демалыстарын өткізіп жүргенін, мерзімді БАҚ-нан естіп те, көріп те жүрміз. Ал экологиялық қиын зардаптарды, сол аймақтарда кедейшілік жағдайында тұратын, күнделікті рациондары негізі нан мен шайдан тұратын, тойып тамақ ішпейтін, қарапайым халық тартуда. 
Жерімізді тозаққа айналдырып, еліміздің қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған «тажал-космодромның» қандай қажеттілігі бар?  
Бүгінгі күндері ескі, есептен шығарылған, қолдану мерзімдері әлдеқашан өтіп кеткен қоршаған ортаға аса қауіпті салмағы 700 тоннадан астам «Сатана – Протондарды», салмақтары 300 тонналық «Союзды», 459 тонналық «Зенитті», 207 тонналық «Днепрді», 2360 тонналық «Энергия – Буранды» және басқа да аса ауыр әскери зымырандарды қазақ жерінен ұшыруға тиым салатын уақыт жетті деп есептейміз.   
Өткен жылдары, яғни 2008 жылдың 6 қыркүйек күні «Протон–М» ракетасы құдай сақтап Жезқазғаннан 40 шақырым жерге асып барып құлап түсті. Соңғы 6 жылда бұл ракеталар 10 рет құласа, енді әбден тозығы жетіп ескірген бұлардың құлауы ендігі жерде жиілей бермек.  
Жоғарыдағы жайларды қорыта айтқанда, еліміздің, жеріміздің, мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп сақтау үшін, төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет: 
1. Елімізде орналасқан «Байқоңыр» космодромынан және Сарышаған, Ембі, Мұғаджар және басқа да Ресейге жалға берілген ракеталық-әскери полигондардан Ресейдің «Протон», «Зенит», «Союз», «Днепр» типтес, және гептил отынын қолданатын басқа да ауыр зымырандарын ұшыруға қатаң тиым салу; Қазақстанға көршілес Ресей облыстарында орналасқан космостық – сынақ полигон алаңдарынан, яғни «Ясный» (Орынбор), Капустин Яр (Астрахань) мен Плецескіден (Архангельск) Қазақстандағы нысана - полигондарға ракеталарды сынақ – жаттығу үшін атуды үзілді – кесілді тоқтату;   
2. «Байқоңыр» космодромында кезекшілікте тұрған Ресейдің барлық стратегиялық ядролық зымырандарының және жойылуға тиісті «Сатана» зымырандарының барлығын, оның компоненттерімен қосып Қазақстаннан тыс жерге әкеттіру; 
3. Қазақстанның кез - келген жерінде орналасқан «Байқоңырдан» ұшатын космос пен басқа да зымырандарда пайдалануға тиісті оттегіні ауадан бөліп алатын қондырғылардың жұмыстарына тиым салу. Оның орнына суды электролизбен ыдыратып, оттегі алу қондырғыларын іске қосуды ұсыну; 
4. «Байқоңыр» космодромы әсер етер (Қазақстанның 70 пайыз жерін қамтыйды) аймағын «Экологиялық апатты аймақ!» - деп жариялап, бұл аймақтардың тұрғындары мен қоршаған ортаға тигізген орасан зор зардаптары үшін Ресейден экологиялық компенсация толеуді халықаралық сотқа дейін беріп, талап ету; 
5. Ол аймақтардың әрбір тұрғындарының денсаулықтарын қалпына келтіру үшін және радиация, түрлі ауытқулар мен анемиядан сақтандыру мақсатында күнделікті тамақ рациондарына жарты литр томат шырыны мен басқа да көкөністерді қостыруды мемлекет тарапынан жүзеге асыру; 
6. «Байқоңыр» космодромына төленетін жалақыны, оның экологиялық ахуалдарға әсерін және жоғарыдағы айтылған мәселелерді жүзеге асыруға кеткен барлық шығындарды қоса есептеп, қайта қарап оның мөлшерін тез арада көбейттіру; 
7. «Байқоңыр» айлағы мен осы әскери кешеннің әсері бар барлық аймақтарға ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жарақтандырылған экологиялық лабораториялар орналастырып, әсіресе ауа құрамын тұрақты түрде бақылауды жүзеге асыру; 
8. Космодром айлағы мен авто және темір жолдар бойына, үлкен қалалар айна-ласына оттегіні көп бөліп шығаратын, шөлге төзімді қарағайлар мен тораңғыл, терек сияқты ағаштар мен басқа да бұталарды көптеп өсіруді жүзеге асыру үшін мемлекет деңгейінде бағдарлама қабылдау; 
9. Денсаулық сақтау мен профилактиканы күшейту үшін бұқаралық, көпшілік спорт кешендері мен алаңдарын мемлекет деңгейінде жоспарлап, құрылыстар салып көбейтуді жүзеге асыру;  
 «Байқоңырда» орналасқан инфраструктуралық әскери кешендерді конверсиялап, ядролық және басқа да ракеталарды Ресейдің жеріне шығарып, қалған аспан денелерін бақылайтын комплекстердің бірде - бір бұрандасын да шашау еткізбей, солардың базасында, қаласа Ресейдің қатысуымен космосты зерттейтін, әрі космодромның көп жылғы экологиялық зардаптарын жоятын халықаралық біріккен ғылыми зерттеу институттары мен кәсіпорындарын құрып, және туризмді дамытып, аспан астындағы «Космос» музейіне айналдыру Байқоңыр қаласының барлық әлеуметтік жағдайларын шешуге де, елімізге де пайдасы болмақ. 
Босаған ұшу алаңдарына өзіміздің әскери әуе күштерінің базасын орналастыру, болашақта үлкен стратегиялық маңызы бар Каспий өңірі мен оңтүстік тараптар-ымыздың қауіпсіздігін бақылауды да оңайлатады.   
Өзімізге байланысқа, басқа да қажеттілікке керекті жер серіктерін жоғарыда аталған Ресейдің, Францияның, АҚШ-тың космодромдарынан ұшыру экономика-лық жағынан да, экологиялық жағынан да, жалпы Ұлттық қауіпсіздік жағынан да тиімді боларын да ұмытпау керек-ақ. Осы маңызды іс-шараларды тез арада қолға алу мен бұларды орындау, қоршаған ортамызды, жерімізді, ең бастысы елімізді, келешек ұрпағымызды сақтап қалудың басты кепілі болмақ... 

Ғарышқа ұмтылу – табысқа ұмтылу

Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2012 7:13

Қазақстандағы енді жетіліп, дұрыс жолға түсе бастаған ғарыш қызметі еліміздің индустриялық-инновациялық тұрғыдан дамуына, технологиялық революцияның жаңа толқынының туындауына, қоғамды жаңа дәуірлік өзгерістерге бейімдеуші негізгі күштердің бірі болып отырған халықты ақпараттандыру ісінің жетілуіне қомақты үлес қоса алатын маңызды салалардың бірі болып табылады. Осы саланың тарихы мен бүгінгі жағдайын, даму бағыттары мен болашақта алар орнын білмек болып Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы Ерғазы НҰРҒАЛИЕВТІ әңгімеге тартқан едік.

– Ерғазы Мейірғалиұлы, Ұлттық ғарыш агенттігінің тарихы жеріміздегі Байқоңыр ғарыш  айлағынан бастау алды десек, көп  қателесе қоймаспыз. Сіз осы істің  басы-қасында болған адам ретінде  әңгімемізді сол кезден бастап таратып айтсақ. Ең алдымен Байқоңыр ғарыш айлағы туралы айта кетсеңіз. Кеңес Одағы кезінде Байқоңыр қандай рөл атқарды? Байқоңырдың біздің елімізге тигізген қандай пайдасы бар? Оның қазіргі күйі қандай? Байқоңырға қатысты Ресеймен арадағы қарым-қатынастар қалай реттеліп отырады?

– «Байқоңыр» ғарыш кешені өткен ғасырдың еншісіне жазылған адамзат  баласының теңдесі жоқ жетістіктерінің  бірегейі десек артық болмас. Әлемдегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш кешенін  көпшілік – «Жердің бірінші ғарыштық айлағы» деп мойындайды.

1955 жылғы 12 ақпанда бұрынғы  Кеңес Одағының Министрлер Кеңесі Қызылорда облысының Қазалы және Қармақшы аудандары аралығында Р-7 зымыранын (алғашқы континентаралық зымыран) сынау полигонын құру туралы №292-181 қаулы қабылдап, сол жылы жаңа полигонның – ғарыш кешенінің іргетасы қаланды.

Алғашында полигонның атауы  құпиялықты сақтау мақсатында «Ташкент-90», «Қызылорда-50», «Заря», «Тайга» нысаны деп аталса, Кеңес Одағы Қорғаныс министрлігінің 5-ші ғылыми-зерттеу-сынау полигоны кейіннен «Байқоңыр» ғарыш кешені деген атауға ие болды. Бұл жылдарда Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысының салдарынан болған қиыншылықтардан әлі де айыға қоймаған еді. Әйтсе де, ғылыми-техникалық прогресті дамыту және ел қорғанысын нығайту мақсатына жұмсалған күштің нәтижесінде әлемдегі ең бірінші, ең үлкен, ең қуатты ғарыш айлағы «Байқоңыр» салынды.

«Байқоңыр» ғарыш кешені бұрынғы Кеңес Одағы республикалары азаматтарының, оның ішінде Қазақстанның да орасан зор еңбегінің жемісі.

Байқоңырдан 1957 жылы 4 қазанда  жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылды, 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында  тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин  «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа  аттанды. Байқоңырдан Марсқа және Шолпанға алғашқы автоматтандырылған планетааралық стансалар, «Салют», «Мир» орбиталық стансалары, халықаралық ғарыш стансасының барлық құрылымдары әртүрлі мақсаттағы жердің жасанды серіктері ұшырылды, барлық кеңестік ғарышкерлер және шетелдік ғарышкерлердің көпшілігі ғарышқа осы Байқоңырдан аттанды.

Информация о работе Байкоңыр экологиясы