Байкоңыр экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:15, реферат

Описание

Байқоңыр - ғарыш алаңы
Ғарыш— Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш "Жер төңірегіндегі" кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады.

Работа состоит из  1 файл

Ғарыштық Биология.docx

— 341.70 Кб (Скачать документ)

Негізінен, ғарыштық даму, ғарыш  саласы, ғарыштық инфрақұрылым дегенде, біз көбінесе Байқоңырды, ондағы зымыран-тасығыштарды, ғарыш айлағын жалға алу мерзімін, одан түсетін пайданы сөз етеміз. Ал, шын мәнінде, біз ғарыш индустриясы дамыған ел боламыз десек, ғарыштық ғылыми-зерттеулер, ғарыштық техника жасау жұмыстарына айрықша мән беруіміз қажет. Өскелең ұрпақты ғылым-біліммен сусындауға көп көңіл бөліп, өз мамандарымызды тәрбиелеуге күш салуымыз керек.

– Ғарыш  саласын кадрлармен қамтамасыз етудің жағдайы қалай? Бұл істе қандай елдердің көмегі мен тәжірибесіне сүйеніп отырсыздар? Болашақта ғарыш саласына қатысты кадрларды өз елімізде дайындаудың мүмкіндіктері бар ма?

– Әрине, экономиканың кез  келген саласы үшін білікті мамандар ауадай қажет. Біздің мемлекеттің дамуында ғарыш қызметі тың сала болғандықтан, кәсіби мамандар тапшы деуге болады.

Негізінен, бүгінде біздің мемлекетіміз осы күрделі саланы игеруге талпынғандарға жан-жақты жағдай жасап, қолдау көрсетуде. Мәселен, ғарыш саласындағы мамандарды кешенді даярлауды ұйымдастыру бойынша Қазғарыш пен Білім және ғылым министрлігі арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы келісімге қол қойылып, Қазғарыштың ұсынысымен ғарыш саласына арналған мамандарды даярлау бойынша базалық жоғары оқу орындары ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы энергетика және байланыс институты, Азаматтық авиация академиясы анықталған. Аталмыш жоғары оқу орындарында 70-ке жуық студент мамандық алуда.

Сонымен қатар, 1996 жылдан бастап Байқоңыр қаласында орналасқан «Восход» Мәскеу авиациялық институтында 205 қазақстандық азамат білім алуда. Осы мақсатта еліміздің Білім және ғылым министрлігі 2008 жылдан бері жыл сайын 45 оқу грантын бөліп отырады.

Сондай-ақ, авиация саласы бойынша білікті мамандар дайындау «Болашақ» бағдарламасының аясында  да жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 29 стипендиат Ресей, Ирландия, Малайзия, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Нидерланды және Канада мемлекеттерінде өз білімдерін шыңдап жүр.

Ғарыш саласындағы жұмыстар күрделі қызметтердің бірі болғандықтан, жоғары білім алып келген маманның да жұмысты бірден алып кетуі мүмкін емес. Сондықтан, Қазғарыш республикалық бағдарлама шеңберінде ғарыш саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жүйелі түрде шетелде тағылымдамадан өтуді және оқу семинарларын ұйымдастырып келеді.

Сонымен қатар, Қазғарыштың  іске асырып жатқан жобаларының шеңберінде ведомстволық бағынысты ұйымдар  кадрларының біліктілігін арттыру  бойынша бірқатар іс-шаралар өткізуде. Мысалы, «Қазақстан Ғарыш Сапары»  ұлттық компаниясы» акционерлік  қоғамы мен «Astrium SAS» француз компаниясы арасындағы келісім-шарт аясында Францияның кәсіпорындарында жиырмадан астам  қазақстандық инженер өндірістік тәжірибеден өтіп, практикалық білім алу үшін Англияға аттанып кетті. Ал, ағымдағы жылдың наурыз айында Францияға кезекті қазақстандық инженерлер тобы жіберілді.

Ғарыш саласына қажетті білікті  маман даярлау ісі еш уақытта  назардан тыс қалмайтыны аса маңызды мәселе. Қазғарыш бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше көңіл бөледі және жас азаматтарымыздың ғарыш мамандықтарын игеруіне қолдау көрсете бермек.

– Ғарышқа  ұшатын спутниктерді дайындаудың жайы қалай? Ол спутниктер қандай елдердің, қандай компаниялардың қатысуымен дайындалады? Спутниктерді дайындауға кеткен қаражат ақтала ма?

– Ғарыш қызметін дамытудың  салалық бағдарламасы және 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасына сәйкес Ұлттық ғарыш агенттігі «Kazsat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру жобасын іске асыруда. Осы жоба шеңберінде «Kazsat-2» аппаратының жұмысын қамтамасыз ету және «Kazsat-3» ғарыш аппаратын ұшыру, ғарыш аппараттарын резервтік жерүсті басқару кешенін құру жұмыстарының сәтті атқарылып жатқанын айтып өтуге болады.

Былтырдан бері «KazSat-2» ғарыш  аппараты іске қосылғанын айтып өттім. Қазіргі уақытта «KazSat-2» спутнигінің  транспондерлерін ұсыну бойынша  қызмет көрсетуге 8 ұйыммен шарт жасалды. Жалпы, шарттық міндеттемелер бойынша  «KazSat-2» спутнигінің ресурсын жүктеу 43,17 пайызды құрайды.

Көлік және коммуникация министрлігі  бекіткен «KazSat-2» спутнигіне қазақстандық байланыс операторларының ауысу  жоспар-кестесіне сәйкес спутниктің жүктелуі жылдың соңына дейін 48,5 пайызды  құрауы тиіс.

Меншікті байланыс спутниктік жүйесін құру, Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шетелдік байланыс спутниктері ресурстарын жалға алғаны үшін жылына шамамен 35-40 млн. доллар көлемінде жұмсалатын қаражатты үнемдеу мақсатында «KazSat-2» жобасын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Осы қаражат 7-8 жылдың ішінде 115 млн. АҚШ доллары көлемінде ақталып шығады деп күтілуде.

«KazSat-3» жобасы бойынша  бас мердігерді таңдау бойынша екі  рет конкурс жүргізіліп, нәтижесінде «М.Ф.Решетнев атындағы Ақпараттық спутниктік жүйелер» акционерлік қоғамы бас мердігер ретінде белгіленіп, қазір жұмыстар кестеге сәйкес тиісті деңгейде жүріп жатыр.

– Өзіңіздің  көңіліңізде жүрген мәселелер болса, оны да ортаға сала кетсеңіз.

– Қазақстан тәуелсіздік  алғаннан бері өткен 20 жылда саяси, экономикалық және технологиялық мүмкіндіктер болмағандықтан, ғарыш қызметімен айналысуда белсенділік таныта алмады. Кейінгі 5 жыл ішінде Елбасының қолдауымен Ұлттық ғарыш агенттігі құрылғаннан бері қарқынды жұмыстарды жүргізу қолға алынуда. Әрине, ғарыштық жобалардың іске асырылуы қомақты қаржы мен ұзақ уақытты талап ететіні анық. Бірақ, бұл жобалар іске асқан кезде, басқа салалардың да дамуына сеп болып, ел экономикасына қыруар пайда әкеліп, қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелеріне де септігін тигізері сөзсіз. Әлемдік экономиканың болжауында ғарышқа жұмсалған әр доллар 6-7 доллар өсім болып кіретіні ескеретін жәйт болар. Осы себепті әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғарыш саласын дамытуға қаржы аяп жатқан жоқ.

– Әңгімеңізге  рахмет.

Әңгімелескен 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Мазмұны

  • 1 Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы
  • 2 Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы
  • 3 Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
  • 4 Пайдаланған әдебиет

Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы

Адам әр кезде  де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады  және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.

2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.

Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың — мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, Жер ғаламының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.

Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:

  • 1) барлығы барлығымен байланысты;
  • 2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;
  • 3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";
  • 4) еш нәрсе тегін берілмейді.

Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай  да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі  шартттары Мемлекет өз органдарына  қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен  басқа да құқықтық актілердің ережелеріне  негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.

Құқықтың қағидалары — Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:

  • қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
  • мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;
  • әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
  • қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.
  • табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;
  • кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады — жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;
    • қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;
    • коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;
    • қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.

Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай делінген: "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады". Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген. Сонымен бірге республиканың әрбір азаматына табиғатты сақтау мен оның байлықтарына ұқыптылықпен карау міндет болып табылады. Адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы әр түрлі заңдарда бекітілген. Бүгінгі күні адамның қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы мынадай мәселелерді қамтиды:

  • халықаралық және ұлттық стандарттарға сай келетін салауатты қоршаған табиғи ортада өмір сүрудің шынайы мүмкіндіктері;
  • экологиялық қауіпсіздікке байланысты шешімді дайындауға, талқылауға және қабылдауға қатысу, қоршаған табиғи ортаның жай-күйі туралы тиісті ақпараттар алу;
  • қоршаған ортаның ластануы нәтижесінен адам денсаулығына келтірілген зиянды мемлекеттің өтеуі құқығы.

Осы орайда адам құқықтарының оның міндеттерінен бөлінбейтіндігін атап кеткен жөн. Бұл дегеніміз: адам қолайлы қоршаған табиғи ортаға деген  құқыққа ие бола отырып, оның сақталуы үшін қажетті, тиісті нәрсенің бәрін  жасауға міндетті дегенді білдіреді.

Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) атынан Әлемдік қауымдастық қоршаған ортаға және болашақ ұрпаққа зиян келтірмейтіндей қазіргі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін Тұрақты (орнықты) даму тұжырымдамасын әзірледі. Бұл тұжырымдама — қоғам мен табиғаттың өзара әрекетін көрсететін қазіргі заманға сай, неғұрлым кең тараған және қолдау тапқан тұжырымдамалардың бірі. БҰҰ Бас хатшысының бастамасымен 1984 жылы қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Халықаралық комиссия құрылды.

Информация о работе Байкоңыр экологиясы