Байкоңыр экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:15, реферат

Описание

Байқоңыр - ғарыш алаңы
Ғарыш— Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш "Жер төңірегіндегі" кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады.

Работа состоит из  1 файл

Ғарыштық Биология.docx

— 341.70 Кб (Скачать документ)
  • 1996 жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта экологиялық қауіпсіздік "қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсер ету салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардың, өнеркәсіптік кездейсоқ оқиғалар мен күйреулердің зардаптарынан жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу дәрежесі" ретінде қарастырылады.
  • 1997 жылы 15 шілдеде қабылданған: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" ҚР Заңы табиғатты қорғау саласындағы басты заң болып табылады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, сонымен қатар ол экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адамның шаруашылық және өзге қызметінің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерінің алдын алуға, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
  • 1997 жылы 15 шілдеде "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасынын Заңы қабылданды. Қазақстанда қорықтар мен қорықшаларды сақтау бұл заңды қабылдаудың мақсаты болып табылды. Осы заңға сәйкес ерекше қорғалатын аумақтардың мынадай түрлері белгіленді: мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік қорықтық аймақтар, мемлекеттік табиғи қорықшалары және т.б.
  • 1997 жылы 18 наурызда "Экологиялық сараптама туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бүгінгі күнде экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмайынша қандай да бір шаруашылық қызметті жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
  • 1993 жылы 21 қазанда қабылданған "Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы" ҚР Заңының маңызы зор. Жануарлар әлемі мемлекеттің меншігіне жатады. Елді мекендердің құрылыстарын салғанда, өсімдіктерді қорғау үшін химиялық дәрілерді қолданған кезде, өндірістік процесстерді жүзеге асырған кезде, табиғат апаттары кезінде, жабайы андардың қоныс аудару және олардың тіршілік ету ортасын өзгерту кезінде осы заң бойынша белгілі бір талаптар қойылады. Мұның бәрі орындалуы керек. Аң, балық аулау үшін арнайы тәртіппен пайдалану квотасы мен шектері белгіленеді.

Қазақстанда табиғатты  қорғау қызметін реттейтін арнайы кодекстер  бар. Олар: 2003 жылы 20 маусымда қабылданған "Жер кодексі", 2003 жылы 9 шілдеде  қабылданған "Су кодексі; 2003 жылы 8 шілдеде  қабылданған "Орман кодексі",

  • 2002 жылы 11 наурызда "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң әрбір қазақстандыққа қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік береді.

Республиканың атмосфералық ауасына жыл сайын үш жарым  мың тоннадан астам зиянды заттар шығарылады. Қазақстан 1992 жылғы Рио-де-Жанейро  Декларациясында 6-қағидасымен бөліп  көрсетілген экологиясы неғұрлым нашарлаған елдердің қатарына жатқызылған.

Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі  үшін қолайлы жағдай туғызу — демократиялық  мемлекеттің басты мақсаты болып  табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге  әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды, олардың мақсаты — еліміздің табиғат байлықтарын болашак ұрпақ үшін сақтау болып табылады.[1]

Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ “ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-638-5

Адам экологиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Адам экологиясы, а н т р о п о э к о л о г и я — 1) биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы; 2) адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы пән; 3) жалпы адамзат баласының, соның ішінде этностардың өсіп-өніп, таралуы туралы ғылым саласы. Адам экологиясы адамдардың бір-біріне, табиғатқа әлеум.-психол. және этол. қарым-қатынасын қамтып, ғылымның әр түрлі салаларының басын біріктіреді. Яғни, мұнда әлеуметтік, экономикалық және табиғи шарттардың барлығы адамның өмір сүруіне қажетті әрі оның мұқтаждықтарын жан-жақты қамтамасыз ететін орта ретінде қарастырылады. “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том

Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар

Кез келген экологиялық  мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама  беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді  шешуде адамның өзі туындатып  отырған күрделі ғылыми жетістіктерін  ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының  болашағын сақтау үшін, табиғатты  қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның  арасындағы байланыс XX ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу  кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының  бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды. Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XX ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан  оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, ал өзен бойларында суармалы егіншіліктің ошақтары орналасқан. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі - адам денсаулығына әсері.

Өнеркәсіпті қалаларда  және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халык арасында тыныс  жолдары ауруларының саны артуда. Мысалы, Алматы тәрізді ірі калаларда автокөліктерден шыккан улы газдың молаюы байқалады. Көптеген елді мекендерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар асқазан, ішек ауруларына ұшырайды. Тұрғын халықты сапалы ауыз су - қамтамасыз етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс қалдықтарымен, әр түрлі тыңайтқыш, пестицидтермен ластанған өзен суын пайдалану қауіпті. Соның нәтижесінде әр түрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп, сары ауру сияқты дертке шалдықтырады.

Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың да тигізетін  зиянды әсері көп. Мысалы, космодромға  көршілес аудандарда, ядролық полигон  төңірегінде тұратын халык қатерлі  ісік, қанның азаюы (анемия), ак қан (лейкемия) ауруларымен көп ауырады. Қазіргі кезде Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың сынығы, Орталық Қазақстан жеріне құлаған «Протон» қондырғылары халық денсаулығына өте зиян келтіруде.

Сонымен, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар  медицинамен тығыз байланысты. Сондықтан  елімізде аурулардың аумақка таралу заңдылықтарын зерттейтін медициналық  география ғылымын дамытудың  маңызы зор. Бұл ғылым саласы адам денсаулығына қоршаған ортанын табиғат  жағдайларының әсер етуін де зерттейді. Адам - табиғат карым-қатынасы өте  күрделі. Бір жағынан адам табиғат  қорларын тұтынушы болса, екінші жағынан, өзі өзгерткен ортада өмір сүріп, ондағы кері өзгерістердің зардабын тартушы ретінде саналады. Бұдан  адам қоғамының табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі болады. Адамдардың тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы жергілікті табиғат  жағдайларымен байланысты. Жаздың жылы, қыстың қоңыржай болуы және т.б. жағдайлар  қолайлы болса, құрғақ, құмды шөлдер мен биік таулар, қатал қыс, аптапты  жаз қолайсыз әсер етеді. Дегенмен табиғат  жағдайларынан басқа адам әрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері  де адам тіршілігіне әсер етеді. Бұл  соңғы экологиялық жағдайларға  байланысты. Мысалы, өнеркәсіпті қалаларға  қарағанда шеткі ауылдарда ауа  аз ластанған. Ал керісінше, орталықтандырылған су құбырлар жүйесінің болуына байланысты қалаларда ауыз судың сапасы жақсы.

Республика аумағын  бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:

  • экологиялық жағдайы нашар аудандар;
  • экологиялық жағдайы орташа аудандар;
  • экологиялық жагдайы салыстырмалы жақсы аудандар.

Экологиялық жағдайы  нашар аудандарға мұнай-газ өндірілетін  және металлургия, көмір кен орындары, өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигон аймағы кіреді. Экологиялық аудандардың екінші тобына ауыл шаруашылығы дамыған аудандар жатады. Мұндағы табиғат өзгерістері су, жер қорларының дұрыс пайдаланылмауы нәтижесінде болған. Экологиялық жағдайы басқалармен салыстырғанда біршама қолайлы аудандарға табиғат ландшафтылары аз өзгеріске ұшыраған, негізінен орманды дала мен таулы аймақтар жатады.[1]

Экологияны дұрыс қорғай білейік

Дата добавления: 01 Октября 2011 в 14:36 
Автор: Пользователь скрыл имя 
Тип работы: реферат

Скачать полностью (14.77 Кб)

Работа содержит 1 файл

Скачать  Открыть 

эклолгия.doc

 

  —  60.00 Кб  

  Жоспар: 

1.Кіріспе.  Тұрақты даму концепциясы 

2. «ХХІ ғасырдың күн тәртібінің»  негізгі бағыттары 

3.Экологияны  дұрыс қорғай білейік   

    

  Адамзат қоғамының алдында тұрған  экологиялық мәселелер оның дамуының  барлық тарихи кезеңдерінде орын  алып отырды.  Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.       

  Қазіргі кезең адамның ерекше  биосфералығқ қызметі – биосфераны  қорғау мен сақтап қалу қызметімен  анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.       

  Планетадағы тіршілікті қорғау  бүкіл адамзаттың бірігуін талап  етеді.        

1987жылы  БҰҰ-ның  Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.        

  Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы  ұсынылды.        

  «Тұрақты даму» дегенде қазіргі  уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).       

1992жылдың  маусым айында Рио-де-Жанейро  қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған  орта мен даму бойынша өткен  конференциясы «Тұрақты даму»  концепциясын және «ХХІ ғасырдың  күн тәртібіне» атты ауқымды  бағдарламасын қабылдады. Бұл  бағдарламада шешілуі болашақта  тұрақты дамуды қамтамасыз ететін  жалпы мәселелер қарастырылған.  Оның нәтижесі төмендегі кестеде  көрсетілген.  
 

Мәселе

Мәселенің қысқаша  мәні

1

2

Кедейлікпен күрес

Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен  2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.

Тұтынудың құрылымын өзгерту

Адамзаттың  бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы  мен табиғат ресурстарының сарқылуының  себептері болып табылады. Сонымен  қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.-----

Халық және тұрақтылық

1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.

Адамдардың  денсаулығын сақтау мен жақсарту

Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық  сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:

- СПИД-пен күреске  жұмылдыру;

- туберкулезбен  және басқа зілді аурулармен  күрес;

- бала өлімін  кеміту;

- халық денсаулығын  бақылайтын тиімді ұйымдар құру;

- еркектер мен  әйелдердің өздерінің балалрының  саны мен туылу уақытын анықтауға  құқығын қамтамасыз ету;

- халықты ауыз  су және таза азық-түлікпен  қамтамасыз ету;

- балалардың  денсаулығын қорғау;

- қоршаған ортаны  денсаулыққа зиян қалдықтардан  тазарту және оның алдын алу.

Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация)

2000жылға қарай  дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің  60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.

Атмосфераны қорғау

Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.

Жер ресурстарын  тиімді пайдалану

Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.

Ормандарды  жоюмен күрес

Ормандар топырақ  пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық  алуантүрлілігін сақтауда маңызды  рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.

Шөлденумен  және құрғақшылықпен күрес 

Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен  азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен  шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.

Мұхиттарды  қорғау мен тиімді пайдалану

Теңіз суының ластануының  шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен  былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.

Тұщы  суды қорғау мен тиімді пайдалану

Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:

- қалалардың  әрбір тұрғынын бір адамға  шаққанда ең кемінде күніне 40литр  ауыз сумен қамтамасыз ету;

- өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру  ережелерін анықтап, жүзеге асыру;

- барлық ауылдық  аудандардың  тұрғындарын  экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.

Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін  арттыру

Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің  95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.

Қатты қалдықтар мен шайынды суларды  жою.

Тұрмыстық қалдықтар  мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады.  2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.

Радиоактивті  қалдықтарды жою

Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру  мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.

Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі

Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім  алу мен жұмысқа кепілдік беруі  керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы  елдерде   - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.

Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім  беру

Қазіргі кездегі  ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.

Информация о работе Байкоңыр экологиясы