Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 14:42, курсовая работа
XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды.
Кіріспе............................................................................................................3-4
І. Семей экологиясы
1.1. Атмосфералық ауаның ластануы .........................................................5-9
1.2.Семей қаласы техногендік ластануы......................................................10-11
1.3. Су ресурстарының мәселесі ...............................................................12-14
ІІ.Семей қаласының экологиялық жағдайы
2.1. Семей қаласының экологиясы.............................................................15-17
2.2. Семей қаласындағы ластанған топырақтың мониторингі...............18-20
2.3. Уытсыз өнеркәсіп қалдықтарының экологияға әсері.......................21-22
2.4.. Радиациялық ластану..........................................................................23-24
Қорытынды................................................................................................25-26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................27-28
Кіріспе.......................
І. Семей экологиясы
1.1. Атмосфералық ауаның ластануы ..............................
1.2.Семей қаласы техногендік ластануы......................
1.3. Су ресурстарының мәселесі ..............................
ІІ.Семей қаласының экологиялық жағдайы
2.1. Семей қаласының экологиясы....................
2.2. Семей қаласындағы ластанған
топырақтың мониторингі........
2.3. Уытсыз өнеркәсіп қалдықтарының экологияға
әсері.......................
2.4.. Радиациялық ластану.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Елбасының Қазақстан халқына 2005 жылғы
Жолдауында Қазақстан бүгін Еуропа мен
Азия арасындағы коммуникациялар легінің
түйіскен жерінде тұр, біздің міндет-осынау
бірегей жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық
қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты
ұтымды пайдалану деген еді. Еліміздің
алдына Президент қойған осы міндеттің
Қазақстандағы экологияның жағдайына
тікелей қатысы бар.
XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам
мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде
біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы
қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді,
барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің
нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары
жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық
прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа
әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су
тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи
құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті,
тіпті олардан асып түсті десе де болады.
Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл
күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы
энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның
табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға
айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша
экологиялық сипат алды.Көптеген ғалымдар
экология ғылымының мәнін, мағынасын,
салдарын әр түрлі түсінеді. Көбі экология
ғылымың жаңа ғылымның саласына қосады.
Эрнест Геккельден бұрын да ғылымдар экология
жайлы өзіндік зерттеулер жүргізген. Әйтсе
де оның бастауына неміс ғалымы Эрнест
Геккель биологиялық экологияға берген
анықтама тұрғысынан қарайды, ал шындығында
XXI ғасырдың экологиялық проблемалары
қатыспайтын бірде-бір ғылым саласы жоқ.
Сондықтан да экология ғылымы ғылымдардың
ғылымы сипатына айналды. Себебі, олар
барлық ғылым салаларының нәтижесіндегі
ғылым жетістіктерінің табиғаттың тепе-теңдігінің
бұзуылуына жауапты бола отырып, оның
шешімін табуға ат салысу керек. Бұл ғаламдық
проблема.
Қазақ халқы ежелден-ақ табағат болмысын,
оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы
мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің
көне айналдырған. Қазақтың көшпелі өмірінің
өзінде табиғатты пайдаланумен қатар,
оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері
қалыптасқан. Осы арқылы болашақ ұрпақ
бойына табиғатпен етене жүруді сіңіріп
отырған.
Табиғат-біздің анамыз. Оны таза ұстау, қорғау, экологиялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет. Сондықтан экологиялық күрес - өмір үшін күрестің негізі болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі.
Семей қаласының экологиялық жағдайы туралы
Курстық жұмыстың мақсаты.
Семей өңірін экологиялық апат аймағы тұрғысынан қарастыру.
Семей қаласының экологиясын зерттеу;
Курстық жұмыстың міндеті:
Зерттеу пәні: Семей қаласының экологиялық жағдайы
Зерттеу міндеттері:
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімі тұрады.
1.1.Атмосфералық ауаның ластануы
Облыс аумағының шегіндегі атмосфера ауасының ластану сипаты - өңірлік және климаттық, экологиялық және демографиялық ахуалға келеңсіз әсер етеді. Облыстың қалаларындағы ауа алабының ластануы тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібінің, жылуэнергетикасы, химия және мұнай өңдеу өнеркәсіптерінің, мал шаруашылығы кешендерінің және ластаушы заттардың таралуына келеңсіз әсер ететін климаттық жағдайлардың көрінісіндегі автокөліктердің шығарындыларына негізделген. Атмосфера ауасының жай-күйі тұрақты көз - 1953 кәсіпорыннан, сондай-ақ жылжымалы көздерден шығатын шығарындылардың тигізетін әсерінде қалуда.
Облыстың атмосферасына
Атмосфераны ластаушы заттарды шығаратын негізгі көздер түсті металлургия кәсіпорындары - “Қазмырыш” ААҚ, “Қазақмыс” корпорациясы, “Востокцветмет” ӨБ, жылу энергетикасының кәсіпорны - Алтай Пауэр корпорациясы, құрылыс материалдарын өндіру бойынша кәсіпорын – Семейцемент ЖАҚ, Бұқтырма цемент компаниясы және басқалары болуда және солай қалады да.
Негізгі ластаушы заттар күкірт диоксиді (37 %), көміртек оксиді (24 %,) қаттылар (24%) болып табылады (2 қосымша).
Атмосфераның ауасын ластауда жылжымалы көздердің атқаратын рөлі елеулі, бұл сапасы төмен отынды пайдаланатын автомобиль парктерінің көбеюімен негізделеді.
2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай
бойынша Өскемен қаласында 61 082
бірлік көлік құралы тіркелген,
Соңғы 5 жыл бойы қалада орта есеппен 2-2,5 мың бірлік автокөлік қосылып отырады. Өсім 2006 жылы 6,5 мың бірлікті құрады. Көше-жол желілерін дамыту және қайта жаңарту автомобилизацияның қарқынынан біршама қалып қоюда. Қаланың ескі құрылысының ерекшелігі - көлік ағындарын көше-жол желілері бойынша тең бөлуге мүмкіндік бермейді. Қаланың орталық көшелерінің өткізу қабілеттілігі нормативтен 3-4 есе төмен, бұл жол-көлік оқиғаларының болуына ғана емес, сонымен қатар көліктердің тоқтауының көбеюіне, қозғалыстың орта жылдамдығының төмендеуіне әкеліп соғады, осының салдарынан қоршаған ортаның ластану деңгейі жоғарылайды. Көлік құралы орнынан қозғалған кезде, сондай-ақ ағында төменгі жылдамдықпен қозғалған кезде шығатын түтінде зиянды заттардың басым концентарциясы бөлінеді.
Қаладағы шығатын газдан
негізгі ластану үлесін көлік
құралын үнемі пайдалануға
Өскемен қаласы Үлбі және Ертіс өзендерінің аңғарында орналасқан. Өскемен қаласының ерекшелігі оның ластаушы заттардың таралуына әсер етпейтін физикалық-географиялық орналасу жағдайы, сондай-ақ қаланың ішінде өнеркәсіп өндірістерінің шоғырлануы (түсті металлургия, жылу энергетикасы, ядролық отын). Қаланың ауасын негізгі ластаушылар ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болып табылады (“Қазмырыш” ААҚ, Өскемен ЖЭО, “ҮМЗ” АҚ, “ТМК” ААҚ). Қаланың ластануына елеулі, бірақ осы уақытқа дейін анықталмаған үлесті жекеменшік тұрғын секторлар мен шағын кәсіпорындар қосады.
Облыс тұрғындарының бесінші бөлігінен тұратын қала ШҚО-ның жалпы өнімінің жартысын өндіреді. Бұл орайда Өскемен қаласының үлесі - ШҚО бойынша барлық шығарындылардың жалпы көлемінің 56,2 %-ын құрайды
Қазіргі күні қолданып жүрген
атмосфералық ауаның ластану индексін
есептеу әдісі Өскемен
ҚМЖ күндері атмосфералық
ауа жағдайына қатысты
Қазір барлық мемлекеттік
Ірі қалалардағы және
бүкіл облыс көлеміндегі
Түсті металлургия
кәсіпорындарының
«Қазмырыш» АҚ болашақтағы
даму жоспарына 2006-2012 жылдардағы
Өскемен қаласындағы
2009 жылға «Қазмырыш» АҚ жылына мыс катодының өнімділігі 70 мың тонна болатын мыс қорыту электрыдырау (электролиз) зауытын салуды жоспарлауда. Аталмыш технологияны енгізу қорғасын мен күкірт диоксиді шығарындысын айтарлықтай көлемде азайтады. Бағдарламаның орындалу нәтижесінде, 2006 жылмен салыстырғанда қорғасынның жылдық шығарындысы 32 %-ға, күкірт диоксидін 22 %-ға төмендеп, жылына 22 мың тоннаны құрайды.
Семей қаласында атмосфералық
ауаның ластануы шаң бойынша
ерекше байқалады. Ол
Соңғы жылдары автокөліктердің санының артуы да ауаның ластануына үлесін қосуда. Өкінішке орай, бұл өсу түтін шығаратын (выхлопной) газдармен және облысқа әкелініп жатқан бензин сапасын қатты бақылау жолы әлі де қамтылмаған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университет негізінде, облысқа келіп түскен бензин сапасын бақылауды күшейту үшін аутокөліктердің жанар майымен майын сертификаттау Орталығы ашылды. 2006 жылы 49 бензин партияларын тексергенде 12 партиясы норматив талаптарына сай шықпағандығы анықталды.
1.2.Семей қаласы техногендік ластануы
Семей қаласы техногендік ластауыштарының көптігімен сипатталады, олардың арасында өнеркәсіп кәсіпорындарын, көліктерді, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, жанар-жағармай құю станцияларын, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын, жекеменшік тұрғын секторды, тұрмыстық қатты қалдықтар күресіндерін ерекше айтуға болады. Техногендік әсер етуші көздері болып жылуэнергетикасының кәсіпорындары (Семей ЖЭО), қазандықтар, цемент, кірпіш өндірісі (“Семейцемент” АҚ, “Силикат” ЖШС), қайта өңдеу өнеркәсібі, ет-консерві комбинаты, “Эко Семей” терімехбірлестігі, құрылыс материалдары зауыты, машина жасау және танкжөндеу зауыттары, коммуналдық кәсіпорындар, Семей қалалық су каналының тазарту ғимараттары, автомобиль және темір жол көліктері болып табылады. 2005 жылғы шығарындылары 36,6 мың тоннаны құрады. 2005 жылғы атмосфераны ластау индексі (АЛИ5) 2004 жылмен салыстырғанда көбейген: 2004 - АЛИ5 = 3,9, ал 2005 – АЛИ5= 4,9.
Семей қаласы бойынша қоршаған ортаны өңірлік басқармасының деректері бойынша 2004 жылы атмосфера ауасына шығарылған шығарындылардың қосындысы 35 186,635 тонна/жыл, 2005 жылы – 35390,35 тонна/жыл, 2006 жылдың бірінші жартыжылдығында – 17 700,031 тонна болды (6 қосымша).
Атмосфера ауасын негізгі ластаушылардың үлесі Семей қаласының атмосферасын ластайтын жалпы шығарындылардың 70 %-дан астамын құрайды.
Қазіргі кезде 2 посты жұмыс істейді: ЛБП-2 (ластануы бақылайтын пункт ПНЗ) цемент зауытының ауданында, ЛБП-4 “Силикат” ААҚ ауданында, олар пайдаланылуға 2003 жылғы 1 шілдеде қосылған.
№ 2 ЛБП, № 4 ЛБП бақылау постыларының деректері бойынша және өнеркәсіп кәсіпорындарының санитарлық-қорғаныс аймақтарының шекараларында 2006 жылы алынған ауаға жүргізілген сынамалардың нәтижелерінің деректерін қала бойынша бөлу;
№ 1 ЖЭО, № 2 ЖЭО көбірек ластанған аудандар болып табылады. № 1 ЖЭО ауданындағы АЛИ5 24,464-ке тең, № 2 ЖЭО 21,86-ға тең. Осы аудандардың ластану деңгейі төтенше жоғары ретінде жіктеледі.
ЛБП-те ауа сынамасын алу күн сайын тәулігіне 3 рет жүзеге асырылады. Мынадай қоспалар анықталады: күкірт диоксиді, азот диоксиді, көміртегі оксиді, шаң, фенол
Айдағы орташа концентрация: орта тәуліктік рұқсат берілген шектегі концентрация (РБШК) есе артқаны.
Бір жолғының ең жоғарысы: РБШК бір жолғы ең жоғарғы артудың еселігі.
Облыстың шығыс аудандарында атмосфера ауасының ахуалы жылу энергетикасы кәсіпорындарының, Зырян қаласындағы “Қазмырыш” ААҚ тау-кен байыту комбинатының үйінділерінің және қалдық сақтау, физикалық шаңдануы шығарындыларының көлемімен анықталады, алайда қаладағы атмосфера ауасының ахуалына мемлекеттік бақылау жүргізілмейді.