Семей экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 14:42, курсовая работа

Описание

XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3-4
І. Семей экологиясы
1.1. Атмосфералық ауаның ластануы .........................................................5-9
1.2.Семей қаласы техногендік ластануы......................................................10-11
1.3. Су ресурстарының мәселесі ...............................................................12-14
ІІ.Семей қаласының экологиялық жағдайы
2.1. Семей қаласының экологиясы.............................................................15-17
2.2. Семей қаласындағы ластанған топырақтың мониторингі...............18-20
2.3. Уытсыз өнеркәсіп қалдықтарының экологияға әсері.......................21-22
2.4.. Радиациялық ластану..........................................................................23-24
Қорытынды................................................................................................25-26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................27-28

Работа состоит из  1 файл

Семей экологиясы курсовая.doc

— 122.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Уытсыз өнеркәсіп  қалдықтарының экологияға әсері

 

Семей қаласында ТҚҚ  және уытсыз өнеркәсіп қалдықтарын  көметін қалалық полигон жоғары тұрпатты полигондардың санатына жатқызылады және қаланың солжағалау бөлігінде орналасқан. ТҚҚ полигоны алып жатқан жер алаңы 74,9 гектарды құрайды. Тұрмыстық қалдықтарды іс жүзінде үю өнеркәсіптік қалдықтарды аралық жік ретінде пайдаланумен оқшау үйіледі.

Риддер қаласындағы  тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны 1954 жылдан бастап пайдаланылуда. Қазіргі  кезде оны пайдалану табиғат  қорғау заңнамасын, санитарлық талапты  бұзумен жүзеге асырылуда.

Қалаларда ТҚҚ мамандандырылған полигондарға жинақталып, пайдалануға қосуды қызмет көрсететін ұйым жұмыспен қамтамасыз етсе, ал ауылдық жерлердегі барлық полигондар қалай болса солай пайда болған және иесіз.  

 Ауылдық елді мекендердегі шығарылатын және үйілетін ТҚҚ-дың нақты көлемін жүйелі есепке алудың жоқтығынан проблема қиындауда. Орта статистикалық деректерде қалалардың және ірі елді мекендердің полигондарының құрауыштары мынадай: жалпы көлемнен тамақ қалдықтары – 40-57%; қағаз, тоқыма, шүберек – 17-37%, сүрек қалдықтары - 4%-ға дейін, құрылыс және тұрмыстық қоқыс – 18-46%. Өздігінен ыдырайтын органикалық құрауыштарды (ағаш, картон, тамақ) пластмасса мен басқа да синтетикалық материалдар ығыстыруда. Табиғи үдеріспен ыдырау, үнемі бықсу және жиі жану және қасақана өртеу (көбінесе күресіндердің көлемін азайту мақсатында) ауаны ластаудың көзі болып табылады, ал пластик жанған кезде құрамында күкірт бар көмір сутек бөлінеді. 

2004 жылы өнеркәсіп  қалдықтарының көлемі 38,3 млн тоннаны  құрады. Қазақстан Республикасы  Статистика жөніндегі агенттігінің  деректеріне сәйкес соңғы жылдары облыста кәсіпорындардың қалдықтарды пайдалануларының нәтижесінде уытты қалдықтардың пайда болу және үйілу көлемдерінің төмендеу үрдісі байқалуда.

Проблемалар мен оларды шешу жолдары. Тау-кен өндіру кәсіпорындарының үйінділері, қалдық сақтау орындары, күл үйінділері, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары жер үсті және жер асты сулары топырақты ластайтын ошақтар болып табылады. Барлық қалдықтар өткен жүзжылдықтың 40-60 жылдарында салынған және өзінің жобалық қуаттылықтарын сарқып болған жинақтауыштарға үйіледі.

Кәсіпорындарда өндіріс  қалдықтарынан екінші қайтара шикізат  алу іс жүзінде жүргізілмейді. Жалғыз “Қазмырыш” ААҚ ғана өзінің металлургиялық шлактары мен басқада қалдықтарын  біршама көлемде қайта өңдеуден өткізуде. Өскемен металлургия кешенінде 1997-2003 жылдары пайда болған 1,55 млн тонна өндірістік қатты қалдықтарының 1,18 млн тоннасы (76%) қайта өңделді. Қалдықтардың 9 түрі толық көлемде екінші қайтара технологиялық процессте пайдаланылады клинкер, катализатор, Рашиг сақинасы, органикадан өңделген бұйымдар, сүзу полотносы мен суды тазарту имаратының қоқырлары. Қорғасын өндірісінің шлактары (1997 жылдан бастап құралу көлемінен 69%), ескі ғимараттар мен құрылыстардың сынған кірпіштері (28%) ішінара пайдаға жаратылады. Әк-мышьяк кегінің қалдығы ғана қайтадан өңдеусіз 2000 жылы салынған арнайы сақтау орнына, атмосфера ауасына және су ресурстарын ластауға жол бермейтіндей орналастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        2.4. Радиациялық ластану

 

 Шығыс Қазақстан  облысының табиғи радиациялық  фоны сағатына 18-22 микрорентген. Радиациялық ахуал радиоактивті заттармен жұмыс істейтін кәсіпорындардың, Семей ядролық сынақ полигонының тигізетін әсерлерімен, сондай-ақ табиғи факторлармен анықталады.

Талдау көрсеткендей Семей ядролық сынақ полигонының  аумағындағы орта радиоактивті деңгей бірқатар компоненттер бойынша радиациялық нормалардан жоғары, ал, радиоактивті қалдықтарды сақтау жағдайы қазіргі заман талабына жауап бермейді. 

Қ.Сәтпаев атындағы геологиялық  ғылымдар институтының Алтай бөлімінің  деректеріне сәйкес облыс аумағының шығыс (таулы) бөлігі, Глубокое ауданының солтүстік бөлігінен,  Зырян ауданының солтүстік-шығыс бөлігінен, Катон-Қарағай мен Күршім әкімшілік аудандарының шығыс бөлігінен, сондай-ақ Зайсан ауданының оңтүстік бөлігінен басқасының барлығы табиғи жоғары радиациялық сәулелену аймағына жатқызылады. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің деректері бойынша облыстың аумағындағы радиациялық сәулеленудің орта маңызы сағатына 6-21 микрорентген шегінде.

Облыстың қоршаған ортаны қорғау басқармасының деректері бойынша табиғи ластану көзіне радиоактивті ауытқу жатқызылады, ол Жылытау ауылына жақын жерлердегі жайылымдарда орналасқан, уранның концентрациясы жоғары, алаңы 7 мың м2 мөлшерінде, жер бетіндегі гамма-сәуле шашуының ең жоғарғы дозасы сағатына 208 микрорентген. Екінші тұрпаттағы табиғи ластану Зырян, Ұлан және Глубокое әкімшілік аудандарындағы радонның ауытқулары болып табылады.

Антропогендік радиоактивті ластану көздеріне бірінші кезекте 18500 шаршы шақырым жерді алып жатыр  Семей ядролық сынақ полигонын  жатқызу керек. Абай және Бесқарағай аудандарының ауыл шаруашылығына тағайындалған  жерлері полигонмен тікелей іргелес  орналасқан.

Казіргі сәтте Ұлттық ядролық орталықтың деректері бойынша  полигонда жер асты ядролық жарылыстары  кезіндегі бөлу өнімдерінің аккумуляциясымен байланысты ластанған аумақтарда қайталама  эффект пайда болуда және олар жер  бетіне грунттық, қар және нөсер  суларымен шығуда. Сондықтан, ядролық сынақтардың экологиялық зардаптарына баға беруді жүргізген кезде, жер үстіндегі және оның астындағы радиоактивті заттардың барлығын ескеру қажет. Семей ядролық сынақ полигонының шекараларының шегіндегі радиациялық қалыптасу ахуалы желдің радиоактивті шаңды таратуына және радионуклидтерді жер үсті және жер асты суларына таратуға негізделген. Техногендік радионуклидтердің ішінен плутоний көбірек биологиялық уытты болып саналады. 

Радиоактивті заттардың  көп мөлшері Ертіс өзеніне (50 шақырым) тікелей жақын орналасқан жерасты ядролық жарылыстары болған қуыстарға шоғырланған. Осы радионуклидтердің жер асты суларымен Ертіс өзенінің бағытына қарай ауысу қаупі бар.

Радиациялық ахуал бойынша  Аягөз, Бородулиха, Күршім, Ұлан, Үржар  және Шемонайха әкімшілік аудандары салыстырмалы қолайсыз аудандар болып табылады.   

Қазіргі кезде атмосфераның жер бетіндегі қабатының радиоактивті ластануына облыстың 17 метеостанциясы (МС) бақылау жүргізуде. Күн сайын  гамма-сәулеленудің экспозияциялық дозасының қуаттылығына (ЭДҚ) аспаптармен, ал олардың 7-сінде гамма-фонға бақылау жасалады, басқасына атмосферадан түсетін жауын-шашынның құрамындағы радионуклидтерге талдау жасалады (цезий-137-ге, берилий-7-ге, радий-226-ға, торий-232-ге, калий-40-қа) және бета-белсенділігінің қосындысына өлшеу жүргізіледі.

Облыс бойынша 2006 жылғы  гамма-сәулеленудің жылдық орта қуаттылық  дозасы  сағатына 15 микрорентген құрады.

 

 

 

         Қорытынды

 Курстық жұмысты   қорыта келе, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасы бойынша өндірістік-дамыған, өркениетті аймақ болып саналады.

Айта кетерлік жайт, біздің қазіргі замандағы қоршаған ортамыздың жай-күйімен тұрғылықты халықтың денсаулығы өткенімізден берілгенге, яғни Семей  ядролық полигонымен, сонымен қатар  посткеңестік кезең кезіндегі экономиканың даму деңгейіне байланысты болып келеді. 
Сараптама көрсеткіші бойынша өндірістік өнім түрінің өсу жағдайы біздің аймақта экологиялық шешімнің тұрақталуын көрсетеді.

Статистиканың бүгінгі күндегі көрсеткіштері 2010 жылда облыстың стационарлық көздерінен шығарындылардың 2008 жылмен салыстырғанда 116 мың тоннаға төмендегенін көрсетеді. Сонымен, 2008 жылы облыс атмосферасына 247,7 мың тонна шығарынды жіберілсе, 2010 жылда бұл сан 157,8 мың тоннаны көрсеткен.

Бұл мәселенің шешіміне үлес қосқандар облысымыздың кәсіпорындарының өткізген шараларымен және «2005-2007жж. Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны қорғау» аймақтық бағдарламасы болып табылады. 
Соңғы 5 жылда мұндай тенденция Өскемен қаласында да байқалуда - айтарлықтай ластаушы заттегілермен шығарындылар қарқынды түрде төмендеуде. 2008 жылда шығарындылар саны 72,7 мың тоннасы  2010 жылдың 111 мың тоннасына қарсы көрсеткіш берген.

Дегенмен де, өндірістік кәсіпорындардың шығарындыларына  ғана облыстық орталық ықпал жасап  отырған жоқ, сонымен қоса біртұтас себептердің жиналу кешенін де қарастыруды қолға алуда. Бұл Өскемен қаласының тұйық жерде орналасуынан, яғни қала сызбаларында өндірістік кәсіпорындардың ауаны ластайтын шығарындыларының жойылмайтындығын айқындайды. Өскемен қаласының атмосфералық ауасының сапасы ауаны ластайтын шығарындылардың көлеміне және ауа-райының жай-күйіне тікелей қатысты болып келеді, атап айтқанда атмосферада тоқырау құбылыстарының қайталануы. Атмосфералық ауаның ластануының маусымдық динамикасы байқалмаған, дегенмен де, КМЖ күндерінде қосындылардың күрт өсууімен қаладағы ауа-райының жай-күйіне байланысты атмосферада азот диоксидінің құрамы бойынша тәуелділік байқалған. Жылдық динамикада азот диаксидінің орта айлық жоғары құрамы қараша, желтоқсан айларында байқалған, бұл жылыту маусымына, сонымен қатар бірегейлі антициклонға байланысты болып отыр.Ірі қалалар мен бүкіл облыс бойынша атмосфералық ауаның негізгі ластануы түрлі-түсті металлургиямен жылуэнергетикасы кәсіпорындары шығаратын шығарындыларға байланысты болып отыр. Кәсіпорындарға неғұрлым «таза» технологиялармен қазіргі заманғы өнімдерді енгізбей тұрып, экологиялық жағдайды өзгерту мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Әбішев М., Райхан  Н. Ядорлық қару – ғаламдық  проблема // Ақиқат.-2005.-№ 8.- 39-42 б.

2.Әбсейтов Е. Табиғат  пайдалану тапсырыстары мен талаптары  // Семей таңы.- 2006.- 21 желтоқсан.-12 б.

3.Байқадиұлы С. Ертіске  қауіп төніп тұр // Заман Қазақстан.- 2006.- 30   маусым.- 1,3 б.

4.Жоламанова П. Ауаны  ластағаннан түскен төлемдер қайда кетіп жатыр? // Семей таңы.- 2006.- 3 тамыз.- 3 б.

5.Жоламанова П. Қоршаған  ортаны ластаудан қорғау // Семей  таңы.- 2006.- 2 қараша.- 13 б.

6.Жоламанова П. Облыс  экологияның өзекті проблемалары // Семей таңы.- 2004.- 13 ақпан.-6 б.

7.Жоламанова П. Радиациялық  қалдықтарды жоюда // Семей таңы.- 2006.-  5 қазан.- 14 б.

8.Жоламанова П. Радиациялық  қалдықтарды жоюда игерілер жұмыстар  жетерлік // Семей таңы.- 2006.- 5 қазан.- 14 б.

9.Жоламанова П. Экология. Проблема. Дабыл. Үміт. // Семей таңы.- 2006.- 16 наурыз.- 12 б.

10.Жылқышбаев Қ. Ядорлық  мұрадан қалған жәдігерлер // Ертіс  өңірі.- 2004.- 18 қараша.-30 б.

11.Ибраев М. Әлемдегі  ең – ашық-шашық полтгон // Атамекен.- 2005.- 10 қыркүйек.- 2 б.

12.Молдашева Р. Қарт  Ертістің қасіреті керосиннен болғалы тұр // Семей таңы.- 2006.- 9 ақпан.- 3 б.

13.Молжахметұлы Ж. Ертіске  у таяп қалды // Ертіс өңірі.- 2007.-7 ақпан.-8 б.

14.Мырзахметов М. Экология  – ұлтқа ортақ проблема: Қоршаған  орта: іс, нәтиже, проблема // Атамекен.- 2005.- 9 мамыр.- 2 б.

15.Тұрлыханов Қ. Табиғатқа  таяныш болу міндетіміз // Дидар.- 2007.- 19 сәуір.- 2 б.

16.Тұрлыханов Қ. Семей полигонының  30 проценті ғана зерттелді:  халықтың  экологиялық қауіпсіздігі қашан  қамтамасыз етіледі? // Ертіс өңірі.- 2004.- 4 қараша.-24 б.

17.Ыбыраева Г. Өзендер ақаба сулармен ласталмсын // Дидар 2006.- 14 наурыз.- 2 б.

18.Ізғұтдинов М. Аймақ экологиясы - өзекті мәселе // Ертіс өңірі.- 2004.- 7 қазан.- 3 б.

 


Информация о работе Семей экологиясы