Аdobe page Maker баспа жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 18:51, реферат

Описание

Қазіргі әлемде көптеген мамандық иелерінің өкілдеріне столүстілік баспа жүйесі және бейнелермен жұмыс істейтін тәсілдер өте қажет. Бұл тираждауға даярланып арналған баспа өнімдерін дайындау және үлгілерін құрудың аппараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.
Алғашқы столүстілік баспа жүйелері Apple Computer фирмасы алғашқы жоғарғы сапалы баспаға шығарылатын лазерлік принтер құрастырған кезде 1980 жылдары дербес компьютерлердің негізінде пайда болды.

Содержание

1 ADOBE PAGEMAKER 6.5 туралы жалпы мәліметтер
PageMaker бағдарламасымен танысу
PageMaker бағдарламасының қызметі
Басқа жұмысының компьютерлік технологиялары
Қондырғыларға және бағдарламалық қамсыздандыру арналған талаптар
Word және PageMaker бағдарламаларының айрықша функциялары
PageMaker-дегі шрифтер
Графикалық бейнелердің пішімдері
Негізгі жағдайлар
2 PAGEMAKER ИНТЕРФЕЙСІ
2.1 PageMaker бағдарламасының терезесі

Работа состоит из  1 файл

Комп..doc

— 1.05 Мб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

І Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

 

Реферат

Аdobe page Maker баспа жүйесі

 

 

 

                                                              Дайындаған:

                                                              Тексерген:_________________

 

 

 

Талдықорған 2013

                                               Жоспар

 

1 ADOBE PAGEMAKER 6.5 туралы жалпы мәліметтер 

    1. PageMaker бағдарламасымен танысу 
    2. PageMaker бағдарламасының қызметі  
    3. Басқа жұмысының компьютерлік технологиялары 
    4. Қондырғыларға және бағдарламалық қамсыздандыру арналған талаптар 
    5. Word және PageMaker бағдарламаларының айрықша функциялары 
    6. PageMaker-дегі шрифтер 
    7. Графикалық бейнелердің пішімдері 
    8. Негізгі жағдайлар 

2 PAGEMAKER ИНТЕРФЕЙСІ 

2.1 PageMaker бағдарламасының терезесі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазіргі әлемде көптеген мамандық иелерінің өкілдеріне столүстілік  баспа жүйесі және бейнелермен жұмыс  істейтін тәсілдер өте қажет. Бұл  тираждауға даярланып  арналған баспа өнімдерін дайындау және үлгілерін құрудың аппараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.

Алғашқы столүстілік баспа жүйелері Apple Computer фирмасы алғашқы жоғарғы сапалы баспаға шығарылатын лазерлік принтер құрастырған кезде 1980 жылдары дербес компьютерлердің негізінде пайда болды. 

Бұл принтерлердің пайда  болуы баспа жүйесін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдардың  тез қарқынмен дамуына ынталандыру  болды. Столүстілік баспа жүйелерінің  пайда болуы типографиядан қарапайым жұмыс столына баспа шығаруды дайындаудың  негізгі кезеңдеріне мүмкіндік туды.

PageMaker бағдараламсы 1984 жылы Aldus фирмасымен жасалып шығарылды және кейіннен Adobe фирмасымен сатып алынды. Содан бері бағдарламада ешқандай өзгеріс болған жоқ, себебі олардың интерфейсі мен функционалдық мүмкіндіктері өте ұқсас. Бағдарлама Windows графикалық қабыршағының кең таралу негізінде тез дамыды және столүстілік баспа жүйелерінің арасында көшбасшысы болды.

PageMaker басқа туысқан Adobe Illustrator және  Adobe Photoshop бағдарламаларымен тамаша бірлеседі. Жаңа интерфейске байланысты бұл бағдарламалардың барлығы енді өте ұқсас палитралары, мәзір командалары және бағдарламалар арасында жеңіл ауысуға мүмкіндік беретін шапшаң пернелері бар.

Сондай-ақ Интернетте жариялымдарды да даярлауға болады. Гиперсілтемелер палитрасы гипермәтіндік сілтемелерді құруға рұқсат береді, броузерлердегі Web-адресті жылжытуға, содан кейін PageMaker-ден шықпай-ақ олардың бар болуын тексереді.

Ақпарат түрлерін қабылдау үшін біршама тиімді және қолайлы болып, бар және болашақта  болатын графикалық ақпарат болып табылады.  Сондықтан  мамандық іс-әрекетінің  кез-келген түрінің  графикалық деректер үлесі үздіксіз өседі. Компьютерлік графикамен жұмыс- ДК қолданудың ең бір танымал бағыты, сондай-ақ бұл жұмыспен тек қана маман суретшілер және дизайнерлер айналысып қана қоймайды. Кез-келген кәсіпорында уақыт өћткен сайын жарнамалық хабарламаларды газеттерге және журналдарға немесе жай жарнамалақ беттерге немесе буклетке беру қажеттілігі туады.  Олай болса, бейнелермен жұмыс істейтін құралдар және бұл құралдармен сауатты жұмыс істей білетін мамандар қажет.   Графикалық ақпартпен жұмыс істеу құралының бірі болып   CORELDRAW 9 (COREL канадалық фирмасы, 1999 жылы шыққан) бағдарламсы болып табылады.

CorelDraw- мәтіндерді, логотиптерді, суреттемелерді, кітап және журналдардың мұқабасын, этикеттерін және т.б әдемілеп көркемдеу үшін арналған суретші-дизайнер құралы. Бұл бағдарлама өнеркәсіптік және полиграфиялық дизайнде және жарнамалық өнімдерді даярлауда, жариялымдарды дайындауда және  WEB– түйіндерінің бейнелерін құруда қолданылады.

Берілген дәріс курсы  екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі компьютерлік беттеудің ең бір қуатты жүйесі - Adobe PageMaker 6.5 арналған. Екінші бөлімінде суреттемелерді дайындау бағдарламасы CorelDraw 9 қарастырылады.

PageMaker және  CorelDraw бойынша теориялық курс әдістемелік құралдарда мазмұндалған, ертеректе шыққан және зертханалық сабақтарда,  атап айтқанда   [4], [5] әдебиеттер тізімінде пайдаланатын, зертханалық жұмыстардың айналымын қолдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Adobe PageМaker туралы  жалпы мағлұматтар

PageМaker бағдарламасымен  танысу

PageМaker столдық баспа  жүйесі мәтіндік ақпарат орын  алатын газеттерді, журналдарды,  кітаптарды және басқа баспа  өнімдерін беттеу үшін қолданылатын қуатты баспа жүйелерінің бірі.

Бағдарлама PDF және HTML (Web тораптары үшін) пішімдеріндегі құжаттарды сақтауға мүмкіндік береді. Кешенге электрондық кестелерді құру бағдарламасы Adobe Table, АТМ шрифтерімен  басқару бағдарламасы Postscript, Acrobat Reader құжаттарын оқу бағдарламасы PDF және т.б. пайдалы қабықшалар қатары қойылған. PageМaker-де түстермен жұмыс істеу тәсілдері ыңғайлы. Графикалық тәсілдердің мүмкіндіктері шектеулі. Құрылатын графикалық блоктар қисықтардың элементтерінен тұруы мүмкін емес. Жақтаулар стильдерін таңдау жеткілікті шектелген. Бағдарлама графикалық тәсілдердің минимальды жиынтығынан ғана тұрады деп айтуға болады.

Бірақ та PageМaker-де қабаттарды құру қасиеттерімен бейнелерді өңдеуге  арналған сүзгілердің болуымен, импорт-экспорт  сүзгілерінің жиынтығымен, мазмұн мен пәндік көрсеткіштерді құруда қуатты тәсілдерді иемденеді.

PageМaker бағдарламасының  қызметі

Adobe PageМaker баспаға дейінгі  дайындық саласында еңбегі сіңіп  кең танымал қолданылатын компьютерлік беттеу жүйесін құрайды. PageМaker көмегімен іс жүзінде дайын мәтіндік және графикалық материалды, сондай-ақ бағдарламаның өз мүмкіндіктерін пайдаланып кез келген қиындықтағы қалыптарды (макеттерді) құруға болады. World Wide Web және басқа да тораптарда таратуға арналған. Бағдарлама мүмкіндіктерінің кең спектрі суретші-графиктерге және баспашыларға уақытты шығындамай кішкентай жарнама парақтарынан бастап, үлкен плакаттармен аяқталатын жоғары сапалы өнімдерді құруға мүмкіндік береді.

Бір беттік шаблондарды  өзгерту арқылы беттер жиынтығының қалыптауын тез өзгертуге болады. Бір құжатта суреттемелі журналдарды шығаруда аса маңызды емес, бірнеше беттік шаблондарды беттерді әр түрлі етіп түрлендіруде қолдануға болады.

PageМaker трекинг және  кернинг сияқты мәтіндердің атрибуттарын  үлкен дәлдікпен беру мүмкіндігін береді, разрядкамен және қысылған шрифтермен басуға себебін тигізеді.

Баспа жұмысының  компьютерлік технологиялары

Баспа басылымын  дайындау – кешенді үрдіс, ол өзіне  келесі кезеңдерді қосады: мәтіндерді теру, редакторлеу және түзету, суреттемелер дайындау, барлық басылымның дизайнін жасау. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ақпараттық және бағдарламалық қолдау деңгейінің болуы қажет.

Қолдаудың ақпараттық деңгейі:

а) Ақпаратты енгізу құрлығылары (ДК пернетақтасы, сканер, сандық фотокамера, дайын бейнелер көздері);

б) Ақпаратты өңдеу  және сақтау құрылғылары (компьютер, қатқыл дисктер, иілгіш дисктер, оптикалық жинақтауыштар);

в) Ақпаратты шығару құрылғылары (монитор, принтер, фототеруші автомат).

Қолдаудың бағдарламалық  деңгейі:

а) Бейнелерді өңдеу технологиясы

б) Полиграфия дизайнінің технологиясы

в) Меншікті стол үстілік  баспа жүйесінің технологиясы

1 кесте Баспа жүйесінің  компьютерлік технологиялары

Технология

Объектілермен негізгі  амалдар

Бағдарламалық өнімдер

Бейнелерді өңдеу технологиясы

Суреттемелелі материалдарды  құру және өңдеу

Adobe Photoshop

Corel Photo-Paint Publisher

Полиграфиялық дизайн технологиясы

Өзіндік графиктік өнімдерді  даярлау (фирмалық таңбалар, логотиптер, визиткалар, бланктер, хабарландырулар, шақыру қағаздарын, открыткалар және т.б.)

Adobe Illustrator

Corel Draw

Меншікті столдық баспа  жүйесінің технологиясы

Жариялымды дайындау (газеттер, кітаптар, журналдардың, кітапшалардың, көп беттік құжаттың)

Adobe PageMaker

Microsoft Publisher

Microsoft Word


Қондырғыларға және бағдарламалық қамсыздандыруға арналған талаптар

PageMaker бағдарламасының  жемісті инсталляциялануы бағдарламалық  қамсыздандыруға келесі минимальды  талаптардың орындалуын талап  етеді:

  • 486 процессоры (Pentium ұсынылады);
  • Windows 95, 98 операциялық жүйелері және т.с.с
  • 16 Мб оперативті жады (32 Мб ұсынылады);
  • VGA дисплейі (SVGA немесе VXGA аса жоғары рұқсаттары бар дисплей ұсынылады);
  • Бағдарламаның инсталляциялануы үшін қатқыл дискте 24 Мб бос орын (40 Мб ұсынылады) және қосымша виртуальды жады үшін 25 Мб (50 Мб ұсынылады) қажет;
  • компакт-дисктерді оқу құрылғысы;
  • тышқан.

Word және PageMaker бағдарламаларының айрықша функциялары

Қазіргі Word мәтіндік редаторы баспа басылымын беттеу үшін жеткілікті зор мүмкіндіктерді игерген: әр түрлі шрифтерді пайдалану, көпбағаналы беттеу, стильдерді қолдану, колонтитулдар құру, графикамен жұмыс және т.с.с

PageMaker 6.5 және Word жүйелерінің беттеуге ұсынылған мүмкіндіктерін салыстырайық.

Бұлардың екеуіне де қатысты функциялар:

а) Емлені тексеру;

б) Мәтінді пішімдеу;

в) Көпбағаналы беттеу;

г) Графиканы импорттау;

д) Колонтитулдар қою;

е) Мазмұн құру;

ж) WordArt объектілерін құру;

з) Құралдар есебінде сызғыштарды  және сурет салудың кіріктірілген  құралдарын пайдалану.

Ал енді бір бағдарламалық  ортаны екіншісінен ерекшелейтін функцияларды қарастырайық.

2 кесте Word және PageMaker айрықша функциялары

Функциялар

Word

PageMaker

Мәтінді енгізу

Макет режимінде мүмкіндігі бар мәтіндік редакторды береді

Қарапайым кіріктірілген  редактор және макет режимінде мәтінді  енгізу

Сөз аралық интервалды орнату

Ені бойынша пішімдегенде автоматты түрде пайда болатын  «Пробел» символы қосылғанда ғана өзгереді.

Бұдан кейін сөздердің  ара қашықтықтары бір жолда әр түрлі болуы мүмкін.

Максимальды, минимальды қалауымызша алынған мәндер интервалдарында  тапсырма мүмкіндіктеріне қарай реттелетін баптау.

Бұл бір жолда сөздердің  арасындағы қашықтықтарды біркелкі етіп орнатуға мүмкіндік береді.

Символаралық интервал орнату

Символаралық интервалдың  үш түрі: қарапайым, қиылған, батырылған

Максимальды, минимальды қалауымызша алынған мәндер интервалдарында тапсырма мүмкіндіктеріне қарай реттелетін баптау.

«Сұйық» жолдарды, яғни өте  үлкен сөз аралық интервалдары бар  жолдарды бақылау

Жоқ.

Мұндай жолдарды табу үшін беттелген парақтарды мұқият қарау  керек.

Берілген жолдардың сұр және сары түстермен ерекшеленген автоматты түрде бақылау.

Мәтіндік блоктарды  орналастыру

Жоқ. мәтін бағаналарға  бөлінеді, бірақ мәтін үзінділерін  еркін манипуляциялау мүмкін емес, мәтін үзінділерін жақтауға орналастыру  және оларды көшіруден басқа

Мәтін өзара байланысқан  блоктар жиынына бөлінуі мүмкін. Олар бетте дербес ретте орналасады және еркін көшіріледі. олардың өлшемдерін, көлбеулігін, бұру және бейнелеуді өзгерту  мүмкіндігі бар.

Кестелер қою.

Шектелмеген беттер санында  орналасқан кестелерді қою мүмкіндігі бар.

Басылымның бір бетінен  артық бетінде орын алатын кестелердің  сыртқы редакторы кесте қоюға  мүмкіндік береді.

Графикалық объектілермен  жұмыс

Графикалық объектілерді төртбұрышты аймаққа қоюға мүмкін болады. Масштабтау рұқсат етіледі.

Графикалық объектілерді көп бұрышты аймаққа қоюға мүмкін болады, масштабтау, шеттерін қию, айналдыру, бейнелеу.

Графиканың мәтінмен жанасуы

Мәтіннің шекарасы төртбұрыш  пішіндес болады

Мәтіннің шекарасы дербес пішінде болады.

Мәтін блоктар мен  бейнелердің бірге басылуы

Функция жоқ.

Мәтін блоктары мен суреттердің  өзара басылуы мүмкін.


Аталған айырмашылықтардан  басқа мәтіндік редакторда жоқ кейбір функциялар мен құралдар бар.

а) PageMaker-де барлық жұмыс  «монтаждық стол» деп аталатын арнайы өріске ұйымдастырылған. Оның айырмашылығы – мұнда бір мезгілде беттеуге қажетті әр түрлі материалдың орналасу мүмкіндігі.

б) Барлық қайталанатын элементтер шығарылған бет-шаблондарын құру, яғни беттерде колонтитулдар, колонцифрлар, графикалық безендіру, бағаналардың бағыттауыштары, сондай-ақ келешекте осындай қажетті беттер санын кірістіру.

в) Модульдік тор құру. Модульдік тор – дегеніміз  бетте ақпараттар блогының орналасу тірек - сызбасы. Ол бағаналардың саны мен енін анықтау кезінде пайда  болады және блоктың жоғарғы және төменгі шекарасын көрсететін көлденең бағыттауыштардың орналасуына байланысты.

Сонымен кәсіптік баспа  жүйесі бірінші кезекте жариялымдарды  беттеуге арналған, ол мәтіндік процессорға  мүмкін емес бірқатар функцияларды орындауға  қабілетті. Атап өтілген өзгешеліктерден басқа тағы да біреуін ерекшелегім келіп отыр. Көп бетті жариялымды сауатты беттегенде әрбір беттегі мәтіннің төменгі шекарасы тек бір деңгейде болу керек. Мәтіндік процессорда оған іс жүзінде жету мүмкін емес, сондықтан баспа жүйесі көлденең бағыттауыштар мен бет-шаблондарын пайдаланып осындай беттеуді орындауға мүмкіндік береді.

                        PageMaker-дегі шрифтер

Шрифт деп мәтінді  қандай да бір тілде өндіруге қажетті  таңбалар жиынтығын атайды. Windows қолданбаларында  үш түрлі шрифтер қолданылады: жүйелік, True Tуpe және PostScript.

Жүйелік шрифтер диалогтік  терезелерде және менюде қолданылады  және іс жүзінде баспа жүйесіне қатысы жоқ. Жүйелік шрифтердің сипаттамасы .fon кеңейтілуі бар файлдар аттарында  сақталып және Windows/fonts қапшығында орналасады. Шрифтер тізімінде белгілеуі жоқ.

True Tуpe шрифтері офистік  бағдарламаларда кеңінен қолданылады  және өздерін лазерлік принтерлерде  шығаруға жеткілікті жұмыстарда  жақсы ұсынған. True Tуpe шрифтерінің  гарнитураларын сипаттау файлдары .tif кеңейтілуі бар және Windows/fonts қапшығында орналасады. Шрифтер тізімінде ТТбелгілеуі бар.

Баспа істерінде сипаттамалары PostScript тілдерінде құрылатын масштабталған  шрифтер пайдаланылады. Бұл беттерді сипаттау тілі. Оның көмегімен мәтіннің мәтіннің параметрі векторлық графиканың басылған немесе бейнеленген бетте растрлық бейнелер сипатталынады. PostScript тілінде арнайы командалар мен математикалық теңдеулер қарастырылған, олардың көмегімен әріп нүктелердің жиыны түрінде немесе, олардың жиектеріне сәйкес келетін қисықтардың жиынтығы түрінде беріледі. Осыған байланысты шрифт кеглін өте үлкен шекте өзгертуге болады (4 тен 650 пунктке дейін). PostScript шрифтінің бір ыңғайсызы ол екі бөліктен тұрады: экранның шрифті (шын мәнінде растрлық болып саналатын) және принтерлік. Шрифтің бейнесі лазерлік принтерде ғана емес, монитордың экранында болу үшін Windows ортасында Adobe Type Manager (ATM) бағдарламасын пайдалану қажет.

Информация о работе Аdobe page Maker баспа жүйесі