Аdobe page Maker баспа жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 18:51, реферат

Описание

Қазіргі әлемде көптеген мамандық иелерінің өкілдеріне столүстілік баспа жүйесі және бейнелермен жұмыс істейтін тәсілдер өте қажет. Бұл тираждауға даярланып арналған баспа өнімдерін дайындау және үлгілерін құрудың аппараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.
Алғашқы столүстілік баспа жүйелері Apple Computer фирмасы алғашқы жоғарғы сапалы баспаға шығарылатын лазерлік принтер құрастырған кезде 1980 жылдары дербес компьютерлердің негізінде пайда болды.

Содержание

1 ADOBE PAGEMAKER 6.5 туралы жалпы мәліметтер
PageMaker бағдарламасымен танысу
PageMaker бағдарламасының қызметі
Басқа жұмысының компьютерлік технологиялары
Қондырғыларға және бағдарламалық қамсыздандыру арналған талаптар
Word және PageMaker бағдарламаларының айрықша функциялары
PageMaker-дегі шрифтер
Графикалық бейнелердің пішімдері
Негізгі жағдайлар
2 PAGEMAKER ИНТЕРФЕЙСІ
2.1 PageMaker бағдарламасының терезесі

Работа состоит из  1 файл

Комп..doc

— 1.05 Мб (Скачать документ)

Мәтіндік  блокты жою. Мәтіндік блокты мәтінмен бірге жою үшін оны «Стрелка» құралымен ерекшелеп Delete пернесіне басыңдар.

Блоктарды жалғастыру. Мәтіндік блокты толтырғанда беттің төменгі бөлігіне жеткенге дейін ұлғаяды. Мәтінді енгізу кезінде төменгі индикаторда қызыл стрелка – блокты қайта толтыру символы пайда болады. Мәтіннің бөлігі сыйған жоқ және де жаңа блок біріктірілген болады, яғни бір материалды құрайды және де блоктардың өлшемдерінің өзгеруі кезінде бірінші блок ылғи да толтырылатындай бір-біріне көшіріледі.

Блоктарды біріктіру. Екі жалғаспаған блокты бір блокқа біріктіру үшін «Текст» құралын таңдап бір блоктағы бүкіл мәтінді ерекшелейміз, Редактирование/Вырезать командасымен оны буферге жоямыз және екінші блоктың ішіне Редактирование/Вклеить командасымен кірістіреміз. Бұл кезде сәйкес материалдар біріктіріледі.

Беттермен жұмыс істеу. Беттерді қосу және жою Макет/Беттерді кірістіру немесе Беттерді жою (Макет/Вставить страницы немесе Удалить страницы) командасымен жүзеге асырылады. Беттердің орнын ауыстыру үшін Макет/Беттерді сұрыптау (Макет/Сортировка страницы) командасы қолданылады.

                                      Фреймдер

Фреймдер деп мәтіндерді немесе графиктерді орналастыруға  арналған әр түрлі пішіндегі объектілерді атаймыз. Фреймнің айқын қасиеттерінің бірі ондағы қиылысқан сызықтардың орналасуы. Үш түрлі фреймдер құруға болады: тік бұрышты, овалдық және көп бұрышты. Сәйкес элементтер құралдар тақтасында бар.


 

 

 

Фреймге дұрыс пішін  беру үшін сурет салу процесі кезінде Shift пернесін басып тұру керек. Тік бұрышты фреймдердің пішіндерін әр түрлі өзгерту үшін Элемент – Скругленные углы командасы қолданылады. Көп бұрышты фреймдер құрудың 2 тәсілі бар. Бірінші тәсілі фреймнің төбелері орналасатын позицияларда біртекті шертулердің орындалуы. Құрамын тұйық емес жиекпен немесе түспен фреймді толтыру кезінде бағдарлама жиектің соңғы нүктелерінің арасында шартты сызық жүргізеді.

Екінші тәсілі – көп  бұрышты фрейм құралын белсендіріп  тышқанмен созамыз.

Фреймдердің қасиеттері. Фреймдер қарапайым объектінің қасиеттерін игереді, олардың өлшемін өзгертуге болады, орнын ауыстыруға, түспен толтыруға және т.с.с. Фреймді айналдыру үшін Айналу (Вращение) құралын қолданамыз. Берілген құралмен сол нүктенің маңайында шерткенде айналу орындалады.

Айналу центрі объектінің центрімен дәл болу үшін фреймнің ішінде сызықтардың қиылысқан жерінде  шертуді орындау қажет.

Фреймді жақтаумен қамтамасыз ету керек, яғни жиек сызығының типін  өзгерту керек. Бұл мүмкіндік  Элемент-Линия командасының көмегімен  іске асырылады. Оны белсендіру кезінде экранда әр түрлі қалыңдықтағы сызықтардың нұсқалары көрсетілген бағынышты мәзір шығады. Қалаған үлгіге шертуді орындаса фрейм жақтауға алынады. Бағынышты мәзірдің төменгі жағында жақтауды мөлдір, сондай-ақ инверсті қылуға мүмкіндік беретін екі жалауша орналасқан.

Мәтінді кез келген пішіндегі фреймге  орналастыруға болады. Текст құралымен  фреймнің шегінде шертуді орындап, содан соң мәтінді енгізуді бастаймыз. Фреймге орналастырылған мәтін  блоктағы мәтін сияқты принциптермен түзетіледі. Келесі суреттерде мәтіннің фреймге алынуы көрсетілген. Ол үшін алдымен мәтіндік блок құрылады (5 сурет), овалдық фрейм (6 сурет).

5 сурет Мәтіндік блок     6 сурет Овалдық фрейм

Содан соң төмендегі  командалардың тізбегін орындау  керек:

а) «Стрелка» құралымен фреймді таңда;

б) Shift пернесін басып тұрып мәтіндік блокты ерекшеле;

в) Элемент мәзірінен Фрейм/Добавить содержимое командасын орында, сонда  мәтіндік блок фреймге көшіріледі (7 сурет).

 

 

 

 

7 сурет фреймге орналастырылған мәтін

Мәтінді баспаға орналастыру тәсілдері

Мәтінді PageMaker баспаға қосу үшін бірнеше тәсілдермен қолдануға болады: мәтінді тікелей PageMaker-де теріп алып, алмасу буферінің көмегімен мәтіндік процессордан көшіру немесе мәтіндік файлды импорттау. Олардың қайсысын таңдау нақты есепке байланысты, бірақ негізгі болып мәтіндік процессорлардың немесе редакторлардың бірінде басылған мәтіндік файлды импорттау болып табылады.

Кіріктірілген мәтіндік редактор режимінде мәтіндер теру. PageMaker-да мәтінді басу және форматтау үшін 2 режимді: қалыптау режимін және мәтіндік режимді қолдануға болады. Мәтіндік режимде терілетін немесе түзетілетін мәтін арнайы терезеде біркелкі өлшемде берілген гарнитурамен бейнеленеді, абзац немесе сөз үшін қандай гарнитура немесе өлшем таңдалғаннан байланыссыз. Бұл енгізуге қарамастан мәтінде өзгерістерді жасау керек, өйткені ол мәтіннің безендірілуі емес, оның мазмұнына икемделуі керек.

Мәтіндік режимде  экранды бояу әлдеқайда тез жүреді, өйткені онда графикалық объектілер және мәтіннің шынайы пішіні бейнеленбейді, сондай-ақ мәтінді ауыстыру жеңілдейді.

Редакторлеу мен  түзетуді берілген режимде орындау  ыңғайлы, өйткені Орфография, Найти, Заменить командалары тек осы  режимде ғана мүмкіндігі бар.

Алмасу  буферін қолдану. Егер терілген мәтін болса (мысалы, Microsoft Word құжаты) оны Түзету/Көшіру (Правка/Копировать) командасымен көшірмесін алуға болады. PageMaker-ге көшіп Текст құралын таңдап және жұмыс аймағының кез келген жеірнде шертеміз, содан соң Редактирование/Вклеить командасын орындаймыз.

«Поместить» командасын қолдану. Берілген бұл тәсіл PageMaker-де мәтінді орналастыруда негізі тәсіл болып табылады. Ол дегеніміз басылымның баспаға дейінгі дайындығымен бірнеше адам айналысады, олардың әрқайсысы өзінің міндеттерін атқарады: Қалыптаушыға мәтін терушімен алдын ала басылған корректорлармен оқылған және керекті түзетулермен мәтіндік файл ретінде түседі. Сондықтан беттеушіге басылымға барлық мәтіндік файлды орналастыруға ыңғайлы, бұдан кейін ол оны орналастыру жұмысын бастайды. Мәтіндік файлды импорттау үшін Файл/Орналастыру (Файл/Поместить) командасын қолдану керек. Орналастыру (Поместить) командасының диалогтік терезесінде кейбір қосымша орнатуларды беруге болады. Поместить терезесінде параметрлерді алу қандай объектіні: мәтінді, кестені, деректер қорын немесе бейнені импорттау көзделетініне байланысты, сондай-ақ Файл/Орналастыру (Файл/Поместить) командасын таңдағанда объект немесе фрейм ерекшеленуіне байланысты.

3 тарау PageMaker

Бақылау сұрақтары

  1. Шаблондық беттердің қолданылуы
  2. Бағыттауыштар, олардың түрлері және құру
  3. Бағаналарды құру
  4. Мәтіндік блок дегеніміз не?
  5. Мәтіндік блоктарды құру тәсілдері
  6. Мәтіндік блоктың элементтері
  7. Тіркескен блок
  8. Мәтіндік блоктармен қандай амалдар орындауға болады?
  9. Фреймдер? Фреймдер қасиеттері
  10. Мәтінді басылымға орналастыру тәсілдері
  11. Беттермен жұмыс

 

 

            PageMaker көмегімен графикалық объектілерді құру

PageMaker жұмыс істей алатын объектілер үш типке бөлінеді: мәтіндік блоктар, импортталған графикалық объектілер және тікелей PageMaker –де құрылған объектілер. Бағдарламаның жұмыс аймағы екі негізгі бөліктерге бөлінеді – басу аймағы және монтаждық стол. Объектілер басу аймағының негізінде де және монтаждық столда да орналасуы мүмкін, бірақ баспаға басу аймағының шегінде орналасқандары ғана шығарылады.

PageMaker-дің графикалық құралдары басылымдарда шекаралардың әр түрлі типтерін және ішкі облыстарды тағайындауға болатын қарапайым объектілерді құруға және түзетуге мүмкіндік береді. Қарапайым геометриялық фигураларды салу үшін келесі құралдар қолданылады:

Түзу  сызықтар.

Келтірілген сызықты  салу үшін, яғни қатаң көлденец, тік немесе 450 бұрылған, «Келтірілген» («Приведенная») құралын таңдаңыз. Көрсеткіш крест түріне енеді. Тышқанды тартып қажетті сызықты саламыз.

Дербес бағыттағы  сызықты тура сол сияқты салады, бірақ «прямая» құралын таңдау қажет. Бұл құралдардың көмегімен тек қана жалғыз қиындылар салуға болады.

PageMaker бағдарламасында сыртқы түрі фреймдерге ұқсас, бірақ оларға мәтінді немесе графиканы орналастыруға болмайтын объектілерді құруға мүмкіндік беретін құралдар тобы бар. Олардың фреймдерден айырмашылығы қиылысатын сызықтардың болмауында.

Сынық сызық.

Сынық сызықты  «көпбұрыш» құралының көмегімен  салуға болады. Бірінші, екінші, үшінші т.с.с нүктелерінде шертіңдер. Бұл нүктелердің барлығы сынық сызықтармен байланысқан. Сынықты аяқтау үшін соңғы нүктеде екі рет шертіңдер.

Тұйық жиекті құру үшін оның соңғы нүктесін бастапқы нүктемен қосу керек. Сіз оған түскеніңізді көрсеткіштің жанында пайда болған төртбұрыш түрінен білесіз. Сол  кезде жиек автоматты түрде аяқталады.

Габариттік  жақтау. Сіз сынықты аяқтаған кезде назар аударсаңыз оның жанында қара төртбұрыш аршылармен және қабырғаларының ортасында – шектеуіштер – көрінбейтін төртбұрыш габариттік жақтау пайда болады. Бұл жақтау объектінің өлшемдерін анықтайды. Сондай-ақ габариттік жақтау ерекшеленген объектілердің жанында пайда болады.

Төртбұрыштар  мен шаршылар.

«Төртбұрыш» құралын  таңдаңдар. Келешек төртбұрыштың жоғарғы  бұрышына меңзерді орналастырып көрсеткішті  қарсы бұрышқа шертіп тартыңдар. Шаршы салу үшін көрсеткішті Shift пернесін басып тұрып тартыңдар.

Төртбұрышты немесе шаршыны салып оның бұрыштарын дөңгелектеуге  болады. «Көрсеткіш» құралымен оны  шертіп ерекшелейміз және Элемент/Дөңгеленген бұрыштар (Элемент/Скругленные углы) командасын орындаймыз. Диалогтік терезеде қажетті дөңгелектеуді таңдаңыз.

Эллипстер мен шеңберлер.

Эллипстер мен  шеңберлер тура төртбұрыштар сияқты салынады. Shift пернесін басса шеңбер салынады.

Көпбұрыштар мен жұлдыздар.

Симметриялық  және дұрыс көпбұрыштар және жұлдыздар  бір құралмен «Көпбұрыш» («Многоугольник») салынады. Фигураны салмас бұрын Көпбұрыш диалогтік терезесінде оның параметрлерін беру керек. терезені шақыру үшін құралда екі рет шерт немесе Элемент/Көпбұрыш (Элемент/Многоугольник) командасын орындаңдар.

Жақтар  саны (Число сторон) өрісінде көпбұрыштың немесе жұлдыздың санын енгізіңдер, Сәулелердің тереңдігі (Глубина лучей) өрісінде – жұлдыздың сәулелерінің тереңдігін енгізіңдер. Келесі суретте төбелерінің саны 3, 4, 5 және  6 үш көпбұрыш және төбелерінің саны бірдей, бәрақ сәулелерінің тереңдіктері 30% және 50 % әр түрлі екі жұлдыз салынған.

Диалогтік терезеден шығып  осы фигураларды салыңдар. Егер бұл  кезде Shift пернесін басып ұстап тұрсақ, дұрыс фигура салынады.

Бояу  мен жиектің атрибуттары. Фигураны салып болған соң Элемент/Түс және Сызық (Элемент/Фон и Линия) командасын орындау арқылы оның бояуы мен жиектерінің атрибуттарын таңдаңдар.

Түстік  палитра. Жиектің түсі мен объектілердің бояуын беру үшін түс палитрасы қызмет атқарады. Терезе (Окно) мәзірінен Түстерді көрсету (Показать цвета) командасын орындаңдар.

 

 

                                                 Қорытынды

Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру бойынша дәрістер курсы «Ақпараттану» (күнтізбе, жедел оқыту) , «Ақпараттық жүйелер», «Аударма ісі» мамандықтарының суденттерін оқыту және дәріс оқу тәжірибесі негізінде даярланған.

Ол Мемлекеттік стандарт пен Типтік оқыту жоспарының мазмұнында қарастырылған PageMaker 6.5 , CorelDraw 9 бағдарламалық өнімдерінің барлық бөлімдерін қамтиды.

Дәрістер сыналған, студенттер материалды берудің жетіктілігін, нақты, айқын және қысқа болуын белгілейді, өйткені атап өтілген бағдарламалық өнімдер бойынша әдебиеттер көп, олар негізінен мамандарға арналған.

Бұл дәріс курсы PageMaker 6.5, CorelDraw 9 болжамдарына бағдарланған. Қазіргі уақытта кейбір сәйкес келмеушіліктері бар басқа болжамдар құрылған, бірақ білікті қолданушы пайда болған ахуалдан шыға алады.

Келешекте барлық тақырыптар практикалық мысалдармен, бақылау сұрақтары және тестік тапсырмалармен бекітілген толық мазмұнды дәрістер курсын шығаруға болады.  

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

              1. Панкратова Т.В. Настольная издательская система Adobe PageMaker /Т.В. Панкратова. – М.: Издательство «ЭЛИОТ» - «ПРИОР», Москва, 1998
              2. Миронов Д. CorelDraw 9: учебный курс/Д.Миронов. СПБ.: Издательство  ««Питер», 2000. -464с.: ил.
              3. Глушаков С. В., Кнабе Г.А. Adobe для дизайнера / Шеф-редактор С.В. Глушаков; Худож.-оформитель А.С. Юхтман. – Харьков: Фолио, 2002. – 696 с. – (Учебный курс).
              4. Апышева Х.К. Графический редактор «COREL DRAW 9» / Х.К.Апышева, З.З. Оразалина / ВКГУ. – Усть-Каменогорск: Издательство ВКГУ, 2003. – 93 с.
              5. Апышева Х.К. Первые шаги в PageMaker: учебно-методическое пособие, - Усть-Каменогорск, 2002. – 68 с.
              6. Журнал Информатика и образование, № 8-1999
              7. Кириленко А.П. Самоучитель по компьютерной верстке /А.П.Кириленко. – Киев: Издательская группа BHV, 2000. – 608 с., ил.
              8. Тайц А. Самоучитель CorelDraw9/А.Тайц, А.Тайц. СПБ.: БХВ - Санкт-Петербург, 1999.-688с.: ил.
              9. Понамаренко С.И. CorelDraw9/С.И.Понамаренко. СПБ.:БХВ-Санкт-Петербург, 2000. -560с.:ил

Информация о работе Аdobe page Maker баспа жүйесі