Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 18:51, реферат
Қазіргі әлемде көптеген мамандық иелерінің өкілдеріне столүстілік баспа жүйесі және бейнелермен жұмыс істейтін тәсілдер өте қажет. Бұл тираждауға даярланып арналған баспа өнімдерін дайындау және үлгілерін құрудың аппараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.
Алғашқы столүстілік баспа жүйелері Apple Computer фирмасы алғашқы жоғарғы сапалы баспаға шығарылатын лазерлік принтер құрастырған кезде 1980 жылдары дербес компьютерлердің негізінде пайда болды.
1 ADOBE PAGEMAKER 6.5 туралы жалпы мәліметтер
PageMaker бағдарламасымен танысу
PageMaker бағдарламасының қызметі
Басқа жұмысының компьютерлік технологиялары
Қондырғыларға және бағдарламалық қамсыздандыру арналған талаптар
Word және PageMaker бағдарламаларының айрықша функциялары
PageMaker-дегі шрифтер
Графикалық бейнелердің пішімдері
Негізгі жағдайлар
2 PAGEMAKER ИНТЕРФЕЙСІ
2.1 PageMaker бағдарламасының терезесі
Графикалық бейнелердің пішімдері
PageMaker көптеген графикалық пішімдерді bmp, wmf, tiff және т.с.с., жиынын қолдауға қабілетті, бірақ Tiff және Eps пішімдерін қолданған кезде жақсы сапаны игереді.
Eps пішімі векторлық
графикаға қолданылады. Бұл
Басқа пішімдердегі графикалық файлдарды импорттамас бұрын оларды қолдау үшін сүзгілер орнатылғанын тексеріңіз. Сүзгілер тізімін көру үшін Ctrl пернесін басып тұрып Көмек (Помощь) мәзірінен Бағдарлама туралы (О программе) командасын орындаңыз. Сүзгілер тізімі “installed importfilters” сөзінен кейін пайда болды. Сүзгілер – құжатты басқа пішімдерден PageMaker жүйесінің пішімдеріне конверттелетін (конвертирующие) арнайы бағдарламалар. Clipart жиынтығынығ офистік суреттерінің .wmf кеңейтілуі болады. .Bmp кеңейтілуі бар файлдар Windows қапшығында орналасады. Файл/Орналастыру/С қапшығы/ Windows қапшығы командасы .bmp пішімінде кез келген нүктелік сурет (толқындар, орнамент, клыктар және т.б.).
Негізгі жағдайлар
PageMaker бағдарламасы объектілі
бағдарланған болып табылады, біз
не құрамыз ол оның барлығын
жеке объектілер ретінде
Бірнеше объектілерді бірден ерекшелеу тәсілдері.
а) Көрсеткіш (Стрелка) құралымен Shift пернесін басып тұрып ерекшеленуге қажет объектілерде шертеміз.
б) Көрсеткіш (Стрелка) құралының көмегімен барлық ерекшеленген объектілерді қамтитын шартты төртбұрышты сызуға болады.
1 тарау PageMaker
Бақылау сұрақтары
PageMaker интерфейсі
PageMaker бағдарламасының терезесі
1 суретте PageMaker бағдарламасының терезесі, оның элементтері көрсетілген.
Терезенің тақырыбы. Бұл редактор терезесінің жоғарғы (үстіңгі) жолы. Мұнда терезенің түрін басқарушы 3 батырма орналасқан. Олар Windows-тың барлық қосымшалары үшін стандартты.
Меню жолы. терезе тақырыбынан төмен қарай Мәзір жолы орналасқан. Ол бағдарламаның негізгі мәзірлерінің аттарынан құралады: Файл, Редактирование, Макет, Текст, Элемент, Сервис, Просмотр, Окно, Помощь.
1 сурет PageMaker бағдарламасының терезесі
Жанама мәзір. Мұнда дәл осы сәтте орындауға мүмкін болатын командаларды ған көруге болады. Сіз қай жерде: объектіде, бетте немесе монтаждық столда шерткеніңізге байланысты жанама мәзірде әр түрлі командалар болады.
Құжат терезесі. PageMaker терезесіндегі сияқты құжат терезесінде де тақырып жолы бар. Сондай-ақ мұнда терезенің түрін басқаратын өз батырмалары бар.
Бір мезгілде бірнеше құжаттарды құрып немесе ашасыз. Сіз оларды экранда бірнеше терезе орналастыра аласыз. Оларды каскад түрінде бірінен кейін бірін немесе бір-бірінің (плитканың) жанына орналастырасыз.
Монтаждық стол. Монтаждық стол – қолмен беттеу кезінде қолданылатын Монтаждық столдың аналогі. Көру (Просмотр) мәзірінен Монтаждық үстел (Монтажный стол) командасын орындаңдар. Сары фондағы ақ төртбұрыш – осы монтаждық стол. Мұнда құжаттың беттерін орналастыруға мүмкін болады.
Айналдыру жолақтары. Айналдыру жолақтары терезенің оң жақ және төменгі бөліктерінің маңында орналсқан. Олар бейнені немесе терезедегі құжатты айналдыруға мүмкіндік береді, егер олар өлшемі бойынша терезеден үлкен болса.
Координаттық сызықтар. Координаттар сызығы терезенің үстінде және оның сол жағында орналсқан. Сіз бетте тышқанның көрсеткішін қозғалтқанда оның көлеңкесі екі жақ сызғыш болса сырғитынын көресіз, ол сізге оның дәл орналасуын білуге мүмкіндік береді.
Координаттар басы. Координаттар басы екі жақ сызғышта да болған нүктеде орналасады. Сызғыштардың қиылысуындағы сол жақ бұрышында нөлдің батырмасы көрінеді. Ол пунктирленген сызықтармен қиылысқан шаршы сияқты көрінеді. Нөлді кез келген жағдайда жылжыту үшін осы пиктограммада шертіп және көрсеткішін жаңа орынға сүйре.
Көру/Нөлді бекіту (Просмотр/Закрепить ноль) командасын орныдау арқылы оны тұйықтауға болады.
Жаңа құжат бастау үшін Файл /Новый командасын орындаңдар немесе CTRL+N басыңдар. Экранда Параметры страницы диалогтік терезесі пайда болады, оның көмегімен құжетті орнатуларды орындауға болады:
а) Өлшем – А4 форматын таңдаңдар
б) Беттің кітаптық бағдарын таңда
в) Екі жақты баспаны қос
г) Бұруды көрсету
д) Беттер саны (Число страниц) алаңында 5-ті енгіз
е) ОК батырмасын бас. Диалогтік терезе жабылады және PageMaker жаңа құжаттың терезесін ашып оның 1-ші бетін монтаждық столда орналастырады.
ж) Файл/Сохранить как …
PageMaker құжатында қарапайым беттердің басқа беттер-шаблондар болады. Бұл дегеніміз не? Ереже сияқты құжаттың барлық беттерінің көп ұқсастықтары бар: алаңдар, бағаналар ені мен саны, жоғарғы және төменгі колонтитулдар, беттер нөмірлері. Бұлардың барлығын құжаттың әр беті үшін жеке – жекеқұрмас үшін оны бет-шаблонында құруға болады, ол содан соң шаблонды құжаттың барлық беттеріне немесе олардың кейбіреулеріне қолдануға болады.
Шаблоны бар бетке өту үшін құжаттың сол жақ төменгі бұрышында орналасқан R немесе L пиктограммаларының бірінде шерту қажет. Бір басылымда бірнеше әр түрлі бет-шаблондары қолданылуы мүмкін. Шаблонды белгілі бір беттерге қолдану керек және ашылған диалогтік терезеде беттер диапазонын көрсету керек.
Беттер шаблондарының палитрасы - Палитраның беттер шаблоны/Бетті қалай сақтау керек …/ Шаблон аты/Қолдану/ Беттер нөмірлері (Палитра страниц шаблонов – Меню данной палитры /Сохранить страницу как…/Имя шаблона/Применить/Номера страниц).
Шаблондық беттерді қолдану. PageMaker бағдарламасында үнсіз келісім бойынша тек негізгі шаблондық беттің элементтері автоматты түрде басылымның барлық беттеріне қосылады. Қосымша шаблондық беттерде берілген параметрлер амалдар орындалмайынша құжаттың бірде-бір бетінде бейнеленбейді. Бетке қосымша шаблонды екі тәсілмен тағайындауға болады:
а) Қосымша шаблон тағайындайтын басылымның бетіне көшіңдер. Шаблоны палитрасында керекті шаблон атауында шертіңдер. Бұл тәсіл көп бетті басылыммен жұмыс істеуде ыңғайсыз.
б) Қажетті шаблондық бетті ашу. Шаблоны палитрасында көрсеткіші бар батырмада шертіп және ашылған мәзірде Применить командасын белсенді ет, содан соң экранда Применить страницу-шаблон диалогтік терезесі бейнеленеді.
Қосымша шаблонды басылымның барлық беттеірне және сондай-ақ беттердің берілген бөлігіне ғана қолдануға болады. Аралас емес беттердің нөмірлері үтір арқылы ажыратылады, ал диапазонды белгілеу үшін дефис қолданылады.
Модульдік тор. Бағыттауыштар
Модульдік тор мәтін мен графиканы туралаудың шекаралары мен сызықтарын беретін бағыттаушы қосымша сызықтардан тұрады.
Бағыттауыштардың үш түрі бар: алаңдарды бағыттаушы, бағаналарды бағыттаушы, бағаналарды бағыттаушы, бағыттауыш сызықтар.
PageMaker жүйесінде арнайы
режимі бар объектілер
Бағыттауыштарды жылжытпас үшін Көру (Просмотр) мәзірінен Бағыттауыштарды бекіту (Закрепить направляющие) командасымен бекітуге болады. Бағыттауыштар объектілерді белгілеуге кедергі болмас үшін оларды Көру/Бағыттауыштарды жасыру (Просмотр/Спрятать направляющие) командасының көмегімен артқы жоспарға орналастыруға болады.
Бағаналарды құру
Бетте немесе шаблонда бағаналар санын беру үшін Макет/Бағаналар жақтаулары (Макет/Границы колонок) командасын орындаңдар. Границы диалогтік терезесінде Бағаналар саны (Количество колонок) алаңында бағана санын және Средник (интервал) алаңында бағаналар арасындағы просветті енгіземіз.
PageMaker бірдей енді бағаналар құрады және оларды беттің ені бойынша біркелкі реттейді. Бір беттегі бағаналардың максимальды саны 20.
Егер бетте мәтін немесе графика бар болса, бағаналардың санын өзгерту оларға еш әсер етпейді.
Бағаналарды туралау. Егер тіркелген мәтіндік блоктар көрші бағаналарда орналасса, олардың арасында мәтінді бірқалыпты орналастырып биіктігі бойынша автоматты түрде туралауға болады. ол үшін “Көрсеткіш” (“Стрелка”) құралын таңдап және Shift пернесін басып ұстап тұрып туралауға қажетті барлық блоктарды ерекшелеңдер. Содан кейін Сервис/Дополнения/Баланс колонок мәзірінің командаларын орындаңдар.
Мәтінді енгізу және түзету
PageMaker файлдарын басылымдар
деп ату қабылданған. PageMaker бағдарламасында
мәтіндік объектілердің екі
Мәтін енгізу үшін “Мәтін” (“Текст”) құралы қолданылады. Қалыптау режимінде мәтін мәтіндік объектінің блоктың немесе жақтаудың ішінде тұрады. Мәтіндік блоктар екі түрлі тәсілмен құрылуы мүмкін:
Мәтіндік блок барлық материалды құра ма немесе оның бөлігі басқа байланысқан блоктарға жалғасып жатыр ма екендігін мәтіндік блоктың жоғарғы және төменгі бөліктерінде орналасқан белгілегіштер түрінен білуге болады. Белгілегіштер көріну үшін мәтіндік блокты Көрсеткіш (Стрелка) құралымен ерекшелеу керек. Егер жоғарғы ілгек бос болса, онда мәтіндік блок материалдың соңын құрайтындығын білдіреді. Егер жоғарғы да, төменгі де ілгек бос болса, мәтіндік блок барлық орналасқан материалды құрайды. (2 сурет)
Егер мәтіндік блок орналастырылымаған материалды құрайтын болса төмендегі белгілегіш қызыл түске енеді және ішіне үшбұрыш көрсеткіш орналасқан ілгек түріне келеді.
2 сурет
Егер мәтіндік блоктың төменгі және жоғарғы белгілегіші “+” таңбасы бар ілгек түріне енсе, материал басқа мәтіндік блоктарда басталады немесе жалғасады деген сөз (4 сурет).
4 сурет
PageMaker жүйесіндегі мәтінді түзетудің Microsoft Word-тан аз ғана айырмашлығы бар. Мәтіндік бөліктердің ерекшеленуі, символдарды кірістіру, символдарды жою, көшіру және кірістіру тура Word-тағы сияқты орындалады.
Мәтіндік блоктармен жұмыс
Мәтіндік блоктың орнын ауыстыру. Мәтіндік блоктың орнын ауыстыруға болады. Блоктың орнын ауыстыру үшін «Көрсеткіш» құралын таңдап блокты ерекшелейміз. Содан соң оның ішінде шектеуіштерге түспейтіндей етіп шертіңіз.
Мәтіндік блоктың өлшемдерінің өзгеруі. Мәтіндік блоктың енін де, биіктігін де өзгертуге болады. Бір уақытта ені мен биіктігін өзгерут үшін бұрыштағы шектеуіштердің біріне шертеміз және оны блок қажетті өлшем алғанға дейін диагоналі бойынша тартамыз.
Бағаналарды толтыру. Бағаналарды мәтінмен толтырудың 3 әдісі бар:
Автотолтыру режимін қосу үшін Макет мәзірінде Автотолтыру командасын белсенді ету керек. Бұдан соң мәтін симайтын мәтіндік блокты ерекшелеңдер және толтыру индикаторында шертіңдер. Нәтижесінде тышқан көрсеткіші ирек сызықты бұрыш түріне енеді. Келесі бағананың сол жақ жоғарғы бұрышында шертіңдер. Барлық мәтін автоматты түрде бағанаға орналасады, сондай-ақ PageMaker өздігінен қажет болса керекті беттер санын қосады. Қолмен де тура сол сияқты, тек қана Автотолтыру командасын өшіріп тастау керек.