Акпарат негиздери

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:49, лекция

Описание

«Информатика» пәні бойынша стандарт «ҚР Білім туралы Заңы» және ҚР жалпы орта білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жасалды. Ол 12 жылдық оқу үлгісіне көшуге байланысты информатика бойынша білім саласында біріккен мемлекеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Информатика құрылымды оқытады және информацияның жалпы қасиеттері шынайы әлемнің маңызды құрамы сияқты болып табылады. Сонымен қатар информатика – бұл, компьютерлік желілердің көмегімен ерекшеленіп, информацияларды жіберу, сақтау, өзгерту және қолданумен байланысты қызметтің дамыған, ғылымиланған саласы.

Работа состоит из  1 файл

курсавой моли.docx

— 94.18 Кб (Скачать документ)

       CIC-CC ғасырларда телегрефтың, радионың пайда болуы ақпаратты кез келді ген қашықтыққа жарық сәулесін  тарату жылдамдығымен жеткізуге, ал теледидардың шығуы үйде отырып- ақ ,дүние жүзінде не болып жатқанын көріп- біліп отыруға мүмкіндік берді

       Ақпарат тек қарым- қатынас нәтижесінде, яғни оны алу немесе беру кезінде ғана алынып қоймай, адам миы бұрынғы қабылдаған мәліметтерді ,хабарларды ,білімін өңдеу процесіндеде туу мүмкін

         Сонымен ақпарат тірі табиғатта  да , өлі табиғатта да болады, ол  әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді,  яғни ақпарат алудың сан алуан   түрі бар деп айта аламыз. Ақпарат  қарым қатынас жасау, өз бетімен  ойлану, зерттеу т.б әрекеттер  нәтижесенде пайда болады.

         Ақпарат  белгілі бір нәрсе  туралы таңбалар мен сигналдар  түрінде ұсынылатын мәліметтер  тобы.

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСТАУЫШ  СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКА САБАҒЫН  ОҚЫТУДЫҢ  МАҢЫЗЫ

Ауханова Лилия Серікқызы

М. Мәметова атындағы гуманитарлық коледжінің информатика пәнінің оқытушысы 

Қазіргі заман мектеп оқушыларын құбылмалы  әлемге бейімдеуге, өзінің жеке өміріндеболашақ  кәсіптік әрекетті тануға мүмкіндік  беретін өзгерістерді талап етеді.

12 жылдық білім беру барлық ұлттық  білім беру жүйесіндегі реформа,  ол «жылдам дамушы ортада өмір  сүруге қабілетті, өзіндік дамуға  даяр,өзін таныта алатын және  өзі үшін де қоғам үшін де  бар мүмкіндігін пайдаланатын  жоғары білімді шығармашыл,құзыретті  тұлға қалыптастыруды және дамытуды»  алдын ала болжайды (Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасының жобасы).[1]

Заман талабына сай білім беру жүйесі жас  ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың  маңызды мәселелерін шешудің  түрлі жолдарын қарастыруда. Оны  қалыптастыру қоғамдағы негізгі  сала-білім беру жүйесіне міндеттеледі. Елдің елдігін,бірлігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесі тең өркендейтін, болашағын айқын көрсететін білім  беру жүйесі. ұрпаққа білім беру отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін қамтитын іс. Бүгінгі 12 жылдық білім беру қажеттілігі еліміздің  игі мақсатқа жетуі үшін көзделген  сара жолы десе болғандай. 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының  нақты бағасын бермек.

Елімізде  ақпарат ағымы қарқындап, ғылым  мен техниканың өркен жаюы өмірге келген баланың даму, өсу, қалыптасу  жолын ерекше қарастыруды талап  етеді. Мектеп жасындағы баланың  жас ерекшелігін зерттеу, формальді  тек іс қағаз, сауалнама арқылы жүргізіліп келген болатын. Жан-жақты зерттеудің тұтас бағдарламасы болған емес. Алғашқы  күннен баланың үлгерімі мен іс-әрекетін бір-бірімен салыстыру арқылы шектелген  көрсеткіштер бойынша бағаланатын. Осындай тәсілдердің кемшілігін бүгінгі күнде көріп отырмыз. 12-жылдық білім қазіргі өмір талабын  айқындап, жаңа ғасыр білім жүйесін, тәрбиесін ұсынады.

Баланы  барлық жағынан тәрбиелеу үшін оны  барлық жағынан білу керек деген  дана педогогикалық шындықты естен  шығармауымыз керек. Қазіргі педагогика оқу мен тәрбиеге зерттеу әдісін ұсынып, мұғалімнің жұмысында оқушының даму деңгейіне, яғни ақыл-ой, адамгершілік, физиологиялық ерекшелігіне баса назар  аударуды қажет ететіндігін көрсетеді. Қоғамдық және кәсіп иелері өмірінің салаларында қарқынды түрде өзгеретін  еңбек жағдайы күнделікті жұмыс  технологияларының өзгеруіне әкеп соқтырады. Осы өзгерістер қоғамның болашақ мүшелерінің дайындығына  қойылатын талаптарына да әсер етеді. Адамның өз өмірінің субъектісі, қоғамдағы  белсенді, өз бетімен болатын күш,ең жоғары құндылық және барлық заттың өлшемі ретінде түсінуі білім берудің  жаңа құндылықтарының тууына әкеп соқтырады. Қазірден бастап білім берудің іс-әрекеттік  құндылық парадигмасының және білім  беру қоғамдастығының кезеңі басталуда. Мектеп алдындағы міндет оқу бағдарламаларына осы өзгерістерді енгізіп, қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін оқытудың мазмұны  мен әдістерін қайта құру болып  табылады. Ақпараттық технологияның  дамуы қоғамның әр мүшесінің танымдық көзқарасының жетілуіне, білім беру жүйесінің нәтижелі моделіне байланысты. Ақпараттандыру қоғамның барлық салаларына ерекше үлесін тигізбек.

Ақпараттық  технологияның қолданбалы информатика  ұсынатын әртүрлі техникалық құралдары  және құрылғылар көмегімен жинақтау, сақтау, іздеу, өңдеу жолдары және әдістер жүйесі ретінде қарастырамыз. Ақпараттық технология мақсаты қолданушының қажеттілігне сәйкес ақпараттық өнімді қолдану және сапалы құрастыру болып  табылады. Оқытудың ақпараттық әдістерінің  бірі-білім беруде интернеттің байланыс мүмкіндіктерін қолданып, шексіз ақпарат  ресурстарын пайдалануға ұмтылу. Бүгінгі таңда оны қолдану  үшін таным мүмкіндігін жүзеге асыруда, кез келген ақпарат ресурстарын  бар жағдайда іс-әрекет жолдарын меңгерумен байланысты. Бұрынғы білім берудің  әдістемесі қазіргі қоғамның талаптарына  жауап бере алмайды, ал оқытуда жаңа технология қолдану мектептің дұрыс  бағытта дамуына жол ашады. ХХІ  ғасыр білім стандартын құрайтын үш маңызды құрам іске асырылуы тиіс:

•  Ақпаратты іздеуді және таңдауды жүргізу дағдысы.

•  Шет тілін білуі.

•  Бастауыш қоғам түсініктерін білуі. [2]

Педагогтер XXI ғасырды «Жаңа ақпараттық технология»  кезеңі деп атайды, қазір кез келген ақпаратты табу жолдары оңай. Сондықтан  оқушыларды қажет ақпаратты тауып, оны талдап ойластыруға үйрету - оқыту технологияларының бір  аспектісіне айналып отыр, әрі  таным белсенділігінің артуына  тиімді әсерін береді.

Білім беру технологиясы - оқу барысын  жоспарлау, оқушылардан тест алу  және білім беру жүйесі ретінде мектеп іс-әрекетін басқару үшін жүйелі тәсіл  мен ілеспелі тәжірибелік білім  жиынтығын құрады. Оқыту технологиясы-дидактикалық бағытта оптимальды жүйелердің принциптерін анықтаудың және жасаудың, алдын ала  сипаттамалары берілген қайталауға келетін дидактикалық процестерді  конструкциялаудың ғылыми зерттеу  аясы.Ақпараттық технология білім берудің  негізгі мақсаты қоғам талаптарына  жауап бере отырып, қоғам өмірінің әр кезеңінде қажеттіліктің өзгеріп, соған орай білім берудің де негізгі  мақсатын өзгертеді.

Стандартты  білім берудің мақсаты, қарапайым  сөзбен айтқанда, оқушыны жан-жақты  дамыту.Оқу іс әрекеті белгілі  бір құрамдас бөліктерден тұрады. Олар:1) оқу ситуациялары (немесе міндеттері), 2) оқу әрекеті,3) бақылау,

4) бағалау.Төменгі сынып оқушыларының  танымдық іс-әрекетінде жаңа ұғымды  меңгеру процесін түсіну, оны  қорыту және қолдану сияқты  үш кезеңнен тұрады. Сондай-ақ  зерттеу нысаны мақсаттылықпен  талдау нәтижесінде оның мәнді  және мәнсіз жақтары сараланып,  қорытындыланады да, содан соң  соның негізінде жекеленген (мәселелер)  шешіледі. Олармен қоса жас баланың  бойында оқытудың бастапқы сатыларында  оның білімінің жан-жақтылығын  қамтамасыз етуге бағытталған  білімнің әмбебаб кешенін және  әрекет (алгоритмдер) тәсілдерін  қалыптастыру мәселесі де қойылады. Біздің пікірімізше, төменгі сынып  оқушыларын білім беру салалары  категориялары жүйесінде оқыту  оларға арнайы қандай да бір  пәндермен бірге жан-жақты әрекет, қызмет амалдарын үйрету аясында  жүргізілуі тиіс. Бұл жинақтай  келгенде, ақпараттық мәдениетті  қалыптастырудың негізін құрайды.  Бұл процесті қалыптастыруда  бақылау әрекетін қолдану арқылы іске асырылды. Ол үшін оқушыларда игерілген білімнің белгілі бір жиынтығын информатика пәнімен байланыстырып танымдық тапсырмалар арқылы бақылау жұмыс түрі жүргізілді.

Олардың бір қатары оқушылардың жаңа оқу  курсын игеруге деген дайындық деңгейін бағалауға арналса, екіншілері оқушылардың  біліміндегі нақты кемшіліктерді  анықтауға, мақсатты түзету жұмысын  жоспарлауға жәрдемдеседі, ал үшіншілері оқытудың кейінгі үрдісін және оның нәтижелеріне болжам жасауға ықпал  етеді.

Тапсырмаларды орындау алдында информатика  пәнінен оқушыларға тапсырмалардың орындалуындағы талаптарға көңіл аударуы  сұралынады.Оқушылар тапсырмаларды  қуана орындайды, өйткені олар кішкентай  Балбөбекке көмектескендерін мақтан тұтады.

Берілген  тапсырмаларда бала қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктерін пайдаланып онда заттардың жекелеген  тікелей қасиеттерін анықтайды. Материалдарды мағыналық жағынан топтап, оның жекелеген бөлімдерін салыстырады.

Бұл тапсырманы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін, логикалық ойын қорытып, оның елеулі байланыстары мен қатынастарын кеңінен  талдап, есте сақтайды және басқа тапсырмаларды  орындағанда қолдана бастайды.

Бастауыш  сыныпта, информатика пәнінде бақылау  әрекеттерін пайдалану барысында, оқушылардың ой қорытулары көрнекі  алғы шарттарға, қабылдау деректеріне  сүйенеді. Қорытынды жасау дәлелдер негізінде емес, қабылдаған мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асырылады.

Көрнекі бейнелеулер мен суреттеулер  арқылы оқушылар заттар мен құбылыстардың  белгілері мен қасиеттерін ұғынады. Сонымен қатар белгілі заттар мен құбылыстарды жіктеу іскерлігі  бастауыш мектеп оқушыларының танымдық, ақыл-ой әрекетінің жаңа күрделі формаларын дамытады.

Ақпараттық  технология әдістері мәліметтер қорының  әдістері болып табылады. Ақпараттық құрал ретінде математикалық,техникалық, ақпараттық және басқа құралдар жатады. Ақпараттық технология қолдануда оқушы  өз іс-әрекетін, міндеттерін шешудің  әдіс тәсілдерін қайта жаңғыртып  игереді. Бұл әрекет пәндік те, ақыл-ой шеңберінде де орыдалады. Кейбір танымдық іс әрекеттер кез-келген оқу материалдарьн  игеру, жұмыс істеу, кейбірін қайта  жаңарту тән. Оқушылардық танымдық іс-әрекетін дамытуда кез-келген пән  бойынша ақпараттық технологияның  орны ерекше. [3]

Сабақ барысында әр пәнге сай компьютерді  пайдаланып сабақ жоспарын құруға болады,әр оқушы өз компьютеріндегі модульдік  жұмыстарды пайдаланып өз іс-әрекетін көрсетеді.Компьютердің алгоритмдік  құрылымы

арқылы  оқушы танымдық көзқарасын жетілдіреді, қызығушылығы артады.

Ақпараттық  технология бүгінгі таңның өзекті мәселесі, сондықтан 12 жылдық білім жүйесінде  осы бағыт орынды қолға алынған.

2 сыныптан бастап информатика  пәні(инвариативті) жүретіндігі бізді  қуантарлық жағдай,әрі ақпараттық  технологияны бастауыш сыныпта  қолданудың тиімділігі жоғары  екені  айқын көрініп отыр.

Ақпараттық технологияның тиімділігі:

Ақпараттық мәдениет негіздері сабағынан төменденідей мысалдар келтіруге болады:

Тапсырма. [4]

  1. Түсіп қалған сандарды  жаз:

а) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

ә) 9, 8, 7, 6, 5, 5, 4, 3, 2, 1.

2. Тiзбектi жалғастыр:

а) 2, 4, 6, 8, 10, 12.

ә)  1, 3, 5, 7, 9, 11.

б) а, б, в, г, д, е.

3. “<” немесе “ >” таңбаларының қажеттісін қой:

а) 2 < 5 < 7 < 9

ә) 8 > 7 > 4 > 1

б) 1 < 5 > 3 < 7

  1. Жыл мезгiлдерiне сай табиғатта болатын өзгерістерді әңгімеле. Жұмыс дәптерiндегi тапсырмаларды оқушылармен бiрлесе отырып, қарап, қыс, жаз, күз, көктем сияқты тiзбектердiң бар екенiн талқылаңдар.
  2. Заңдылықтарды тап: сандар мен түстерi бойынша шарлар алмасады
  3. Бос орындарға қажетті суреттерді салып, боя. Әрбiр жол мен бағанда ойыншықтар қайталанбайтындай бiр реттен кездесетiндей етiп, орналастыр.

1.Апта  күндерiнiң дұрыс реттілігін көрсет.(1-сынып бойынша)

1.Арунаға 2048 жылдың кiбiсе жыл (365 күнге тең болатын арабша толық жыл) болатынын анықтау алгоритмiн жазуға көмектес.

Сен алгоритмдi қанша рет қайталадың?  Жауабы: - 10 рет (4-сынып)

4-тапсырма.

Өрнектердің қайсысы ақиқат, қайсысы жалған?

1-нұсқа

4<5         – ақиқат                                         2+3=5-1   - жалған

3+5=8     – ақиқат                                         4+3>6      - ақиқат

2-нұсқа                       3<5         -  ақиқат                                         4+4=7-2  - жалған                   4+3=7     – ақиқат                                         7-2=8      - жалған

Тапсырма.

1Жазуды  толықтыр:

Кiтапхана – бұл кiтаптар жиыны.

Сынып – бұл оқушылар жиыны.

Отар  – бұл қойлар жиыны.

Табын – бұл аттар жиыны.

Орман – бұл ағаштар жиыны. (2-сынып бойынша)

1.Нысандарды  берiлген жиындар бойынша топта.

КӨЛIК

ОЙЫНШЫҚТАР

ОҚУ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

  1. Бұл заттар қандай мамандықтар үшiн қажет?: дәрiгерге, аспазға, спортшыға
  2. Әрбiр жиынға және жиындардың қиылысуындағы сөздер ойлап, жаз.

12 жылдық білім беруде  информатика пәнін оқыту арқылы   әр тұлғаның жан-жақты дамуына, алған мәліметтерді сәйкестендіруіне, есептеуіне, салыстыруына, диагностика құруына, болжамдар жасауына, ұлттық өзіндік танымның дамуына үлкен үлесін тигізіп,білім берудің тиімді жолын таңдауға әрекет етеді.

Информация о работе Акпарат негиздери