Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 07:56, курсовая работа

Описание

Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы 1997 жылы күзде Адамбаев Жангелді атты азаматтың қолдауымен Маңғыстау облысы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жанында құрылды. Ақпараттық және компьютерлік технологиялардың дамуы, білім саласының алдына жаңа күрделі мақсаттар қойды, оқу бағдарламаларының және курстарының уақыт талабынан қалмауы тиіс еді. Оқушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білімдерін толықтыру орталықтың басты функциясына айналды.

Содержание

1. Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы туралы ақпарат....................................................................................................6
2. Бөлімдер және курстар......................................................................8-9
3. Бейнені өңдеу бағдарламаларымен танысу...................................9-11
4. Курсты оқыту жоспары мен тәсілдері.........................................11-13
5. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

отчет оспанова.docx

— 52.21 Кб (Скачать документ)

Сондай-ақ ресми құжаттардың  толтырылу формаларымен танысып, олардың  арнайы стандарттарға, белгілі бір  заңға, тұжырымдамаларға сәйкес болатынын  анықтадым. Соған орай техникалық ерекшеліктерді құрастыруды үйрендім. Ақпараттық қауіпсіздік  Тұжырымдамасын даярлауға ат салыстым. Тұжырымдаманың жүзеге асу үрдісін  қарастырып, оның ескерілуі кез келген ақпараттармен жұмыс істеу барысында  өте маңызды екендігіне көз жеткіздім.

     Қазақстан  нарығында ең жылдам дамушылардың  бірі ақпарттық технология болып  табылады. Жылдам дамуының бірден  бір себебі, мемлекеттік басқару  секторына ақпараттық технологияны  тиімді және қарқынды орантылуы.

Ол – басқару технологиясы бойынша, АТ-экономика салаларында  бойынша, бизнес-инжинер бойынша, теміржол транспорты салалары бойынша маман болып табылады, сомен қатар бірнеше ғылыми еңбектердің авторы болып келеді. 

Өндірістік практика тәжірибе базасының өндірісімен, технологиясымен  және қызметінің негізгі бағыттарымен жалпы танысудан басталады. Кәсіпорындағы  практика  басшысы  кіріспе нұсқамалар жүргізіп, барлық бөлімшелері бойынша  саяхат ұйымдастырады. Содан кейін  мен мекеменің жарғысымен, басқару  бөлімдерінің жағдайымен және оның қызметін реттеп отыратын өзге де нормативтік  құжаттарымен таныстым.

 Кәсіпорынмен танысу  материалдарында  оның ұжымдық  құрылымының сызбасы жасалады. Практика  жетекшісімен бірігіп  техникалық  бөлімде практиканы өту жоспары  құрылды.

Практиканың бірінші күнінде  компанияның жұмысымен, мақсаттарымен, жоспарларымен, қазіргі жағдайы, қызметкерлері, және олардың лауазымдарымен, міндеттерімен  таныстым. Кәсіпорындағы практика өтетін орталықпен, оған кіретін департаменттердің  жұмыс орнымен таныстым. Практика барысында іс-жүргізумен танысып, қажетті  құрылғыларды желілік принтер, ксерокс, сканер сияқты құрылғылармен ақпараттық-программалық қамтамасыз ету мінездемесімен таныс  болдым

Компьютерлерге жаңадан  операциялық жүйе  орнатуды үйрендім, оның түрлерімен таныстым, мысалы; Windows XP SP3, Windows XP SP2 ,  Windows XP Zver, Windows NT,  Windows 7.

 

 

 

 

 

               Бейнені өңдеу бағдарламаларымен танысу

Бейнені өңдеу бағдарламаларына бар графикалық пакеттерді жатқызамыз. Олардың басты айырмашылығы – фотографиялық бейнелерді өңдеуге бағыттылығы. Сондықтан, оларды дизайнерлер мен суретшілер, кәсіби фотографтар және жарнама ісіндегі мамандар кеңінен қолданылады. Дәл осы пакеттер суретші-ретушердің жұмысын қызықты шығармашыл жұмысқа айналдырды. Фотографияның пайда болу кезінен бастап ретуштің мақсаты суреттегі дефекті облыстарды алып тастау болса, дербес компьютердің және сәйкесті программалық қамтамалардың пайда болуы ретуштің сапалық жағынан жаңа деңгейі – композициялқ ретушке өтуге мүмкіндік жасады. 
             Жоғарыда сипатталып өткен программалық қамтамалардың қолданысы бойынша кеңінен қолданылатыны, әрі ерекше орынға ие Adobe Photoshop программасы. 2002 жылы шыққан 7.0 версиясы мамандарды жаңа қасиеттермен түрлендіре түсті. Бұл ерекшелік– қабаттармен, каналдар мен контурлармен жұмыс істеуде, облыстарды бөліп қарау және оларды автоматты өңдеуде, сандық бейнелердің және графикалық файлдар форматтарының көбісін қолдауында, түстерді бөліп қараудың жоғары дәрежелілігінде айқын байқалады. Айтып өткен, сондай-ақ пакеттің одан басқа да көптеген қасиеттері бейнелерді ретуштауға (кең мағынада) арналған айнымас құрал деп танытуға мүмкіндік жасайды .  
          Adobe Photoshop(АР) программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. (АР) – палитрамен жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады.          

Панелдер және палитралар 
              Сандық праметрлерді енгізу немесе кейбір өлшемдер, қаріптер, түстер сияқты атрибуттарды таңдау мақсаты тұрған кезде, сіз арнайы диалогты терезелер – панелдер және палитраларды қолданасыз. 
Құралдар панелі 
              Құралдар панелінің көмегімен біз сурет саламыз, бояймыз, бейненің керекті облыстарын бөліп аламыз, оларды жылжытып өзгертеміз, тексті енгіземіз және т.б. операцияларды орындаймыз. Төменгі жақта редактор терезесінің қалпын өзгертетін 3 батырма орналысқан.  
Ағымдағы форма облыстарын бөліп алуда қолданылатын құралдар  
Тікбұрышты облыс (Rectangular Marquee), Shift+M; 
Эллипс типті облыс (Elliptical Marquee), Shift+M; 
Жалғыз жол (Single Row Marquee), Shift+M; 
Жалғыз баған (Single Column Marquee), Shift+M. 
Облыстарды бөліп алуда қолданылатын құралдар 
Лассо (Lasso), Shift+L; 
Көпбұрышты лассо (Polygonal Lasso), Shift+L; 
Магнитті лассо (Magnetic Lasso), Shift+L. 
Шеттер бойынша қиып алу құралдары  
 
Кадрлау (Crop), Shift+C. 
Ретуш операциясына қажетті құралдар: 
Қайта келтіру кисть (Healing Brush), Shift+J; 
Заплата (Patch), Shift+J. 
Бейне бөліктерін көшіру құралдары 
Клондаушы штамп (Clone Stamp), Shift+S; 
Өрнек штампы (Pattern Stamp), Shift+S. 
Өшіруге арналған құралдар: 
Өшіргіш (Eraser), Shift+E; 
Фонды өшіргіш (Background Eraser), Shift+E; 
Сиқырлы өшіргіш (Magic Eraser), Shift+E. 
Дәлдікті басқару құралдары 
Жуу (Blur), Shift+R; 
Дәлдік (Sharpen), Shift+R; 
Саусақ (Smudge), Shift+R. 
Векторлық контурларды бөліп алу құралдары 
Контурды бөліп алу (Path Selection), Shift+A; 
Тік бөліп алу (Direct Selection), Shift+A; 
Векторлық контурларды салу және өңдеу үшін құралдар 
Перо (Pen), Shift+P; 
Бос форма(Freeform Pen), Shift+P; 
Тіректі нүктені қою (Add Anchor Point), Shift++; 
Тіректі нүстені жою (Delete Anchor Point), Shift+-; 
Нүктені түрлендіру (Convert Point). 
Комментарий құруға арналған құралдар 
Комментарий (Notes), Shift+N; 
Аудиоаннотация (Audio annotation), Shift+N. 
Қол (Hand) терезесінде бейнелердің орнын ауыстыру үшін құралдар, Shift+H. 
Активті түстерді басқару үшін қолданылатын құралдар 
Өңдеудің стандартты режимін қосып қою құралы. (Edit in stardart Mode), Shift+Q. 
Image Ready программасына өту құралы (Jump to), Shift+Ctrl+M. 
Бөлінген облыстардың орнын ауыстыру (Move) үшін қолданылатын құралдар, Shift+V. 
Бір түсті облыстарды бөліп алуда қолданылатын құрал (Magic Wand), Shift+W. 
Бейнені фрагментке кесуде қолданылатын құралдар 
Фрагмент (Slice), Shift+K; 
Фрагментті бөліп алу (Slice Select), Shift+K. 
Сурет салуда қолданылатын құралдар 
Кисть (Brush), Shift+B; 
Карандаш (Pencil), Shift+B. 
Бейнелердің алдында болған жағдайына келтіретін құралдар Қалпына келтіретін кисть (History Brush), Shift+Y; 
Бөлініп алынған облыстарды бояу құралдары 
Градиент (Gradient), Shift+G; 
Бояуы бар шелек (Paint Bucket), Shift+G. 
Жарықтылықты басқару құралдары 
Жарықтағыш (Dodge), Shift+O; 
Қараңғылатқыш (Burn), Shift+O; 
Губка (Sponge), Shift+O. 
Мәтін енгізу үшін қолданылатын құралдар 
Горизонтальды мәтін (Horizontal type), Shift+T; 
Вертикалды мәтін (Vertical Type), Shift+T; 
Горизонталды мәтін маскасы ( Horizontal Type Mask), Shift+T; 
Вертикалды мәтін маскасы (Vertical Type Mask), Shift+T. 
Векторлық фигураларды салуда қолданылатын құралдар Тікбұрыш (Rectangle), Shift+U; 
Дөңгелектенген тікбұрыш (Rounded Rectangle), Shift+U; 
Эллипс (ellipse), Shift+U; 
Көпбұрыш (Polygon), Shift+U; 
Түзу (Line), Shift+U; 
Қолданушы формасы (Custom Shape), Shift+U. 
Қашықтық пен бұрыштарды өлшеуде, түстерді өлшеу және көшірмесін алатын құралдар Пипетка (Eyedropper), Shift+I; 
Түстік пробалар (Color Sampler), Shift+I; 
Өлшеуіш (Measure), Shift+I. 
Бейнені әртүрлі масштабта қарап шығу құралы Лупа (Zoom), Shift+Z. 
Жылдам маскілеу режимінде редакторлайтын батырманы қосу (edit in quick Mask Mode), Shift+Q 
Программа терезесінің сыртқы келбетін басқаратын құралдар

 

Курсты оқыту  жоспары мен тәсілдері

Өндірістік практика тәжірибе базасының өндірісімен, технологиясымен  және қызметінің негізгі бағыттарымен жалпы танысудан басталады. Кәсіпорындағы  практика  басшысы  кіріспе нұсқамалар жүргізіп, барлық бөлімшелері бойынша  саяхат ұйымдастырады. Содан кейін  мен мекеменің жарғысымен, басқару  бөлімдерінің жағдайымен және оның қызметін реттеп отыратын өзге де нормативтік  құжаттарымен таныстым.

           Кәсіпорынмен танысу материалдарында  оның ұжымдық құрылымының сызбасы жасалады. Практика жетекшісімен бірігіп  техникалық бөлімде практиканы өту жоспары құрылды.

Adobe Photoshop курсын оқытудың жоспары:

  • Photoshop  жұмысына бастама
  • Adobe Photoshop CS5  бағдарламасының құралдар сайманы
  • Photoshop бағдарламасындағы мәтін (Type)
  • Adobe Photoshop қисықтарды қолдану
  • Photoshop бағдарламасындағы каналдар түсінігі
  • Adobe Photoshop каналдармен жұмыс жасау
  • Деңгейлердің көмегімен тондарды реттеу
  • Photoshop  бағдарламасында қабаттармен жұмыс
  • Adobe Photoshop маскалары
  • Photoshop бағдарламасындағы қабаттар
  • Жөндеуші қабаттар
  • Қабат стилін пайдалану(1 бөлім)
  • Қабат стилін пайдалану(2 бөлім)
  • Қабат стилін пайдалану(3 бөлім)
  • Объектті қию
  • Объектті қию (№2 тәсіл)
  • Photoshop бағдарламасында сапаны белгілеу
  • Артқы бейнеден мәтінді қию
  • Суреттің өлшемін өзгерту
  • Сапаны жоғалтпай суретті үлкейту жолдары
  • Фотошопта баннер жасау сабағы
  • Анимацияланған gif баннер жасау
  • Photoshop  бағдарламасында қылқаламдар дайындау
  • Әрекеттерді автоматтандыру тәсілдері
  • Түсті жақсартудың бес қадамы
  • Портретті ретушьтаудың қарапайым әдісі
  • Суретті ғаламторға арнайы бейімдеу
  • Ақ қара суреттерді тустіге айналдыру
  • Суреттерді қалпына келтіру
  • Қабырғалық граффити салып үйрену
  • Коллаж құру
  • Мүмкіндіктерді арттыру тәсілдері

Сонымен қатар бағдарламаның  мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мынадай  үй жұмыстары беріліп отырады.

  • Фотошопта шөп текстуралы сурет жасау
  • Суреттерді өңдеу (өз таңдауларына сәйкес)
  • Фокустарды өзгертиу мысалдары
  • Тас тері эффектісін қайталау        

Тыңдаушылар мен оқушылар курсты бітірген кезде білетін болады: 
- Жұмыста стандарттық бағдарламаларды пайдалануды үйрену.  
- Бір уақытта бірнеше бағдарламалармен жұмыс істеу, бірнеше терезеден өзара іс-қимылды жүзеге асыру.  
- Windows XP анықтамалық жүйесін пайдалану.  
- Файлдар мен папкаларды құру, жою, орнына келтіру, басқа ат беру.  
- Компьютерді ақпаратты іздеуді жүзеге асырады. 
- Құрылған объектілерді көшіру және орналастыру.  Paint, PowerPoint графикалық редактордың көмегімен бояулы суретті құрады. Дискілерде ақпаратты сақтайды.  
- Жиі пайдаланылатын файлдар үшін ярлыктарды құрады. Ақпаратты мұрағаттау және мұрағаттарды орнына келтіреді. Жергілікті желіде жұмыс істеу. Желіге қосылған ДК ресурстарына қол жеткізуді реттеу. Жергілікті желіде электрондық поштаны еркін пайдалану.  
- Word бағдарламасының көмегімен құжаттарды құру. Суреттердің, рамалардың, құю және түрінің және WordArt объектілерінің көмегімен құжаттарды әдемі рәсімдеу.Құжаттарда кестені құру және рәсімдеу.Колонтитулдардың көмегімен басып шығарылатын құжаттарды рәсімдеу.Құжаттарды қағазға басып шығару.  
- Excel бағдарламасының көмегімен электрондық кестені құру. Кестені деректерімен тез толтыру. Формулалардың көмегімен есептерді тиімді жүргізу.Деректерді өсу, кему және алфавит бойынша іріктеу. Кестенің негізінде графиктер мен диаграммаларды құру. Кестені әдемі рәсімдеу, колонтитулды қосу және қағазға басып шығару.  PowerPoint бағдарламасының көмегімен презентацияны құру және демонстрациялау.   
- Internet Explorer браузерін тиімді пайдалану. Электронды поштамен кәсіптік жұмыс істеу, пошталық клиенттің жәнеWeb-поштаның жұмыстарының қағидаттарын, негізгі айырмасы мен ерекшелігін білу.Әр түрлі іздеу жүйелерінің сұранымдарының тілін сауатты пайдалану.

 Бейнені өңдеу бағдарламаларымен танысу, олардың ішінде таңдаған біреуін толық үйрену. Кәсіби біліктілікті арттыру. Ғаламтор жүйесінде маркетинг саласын меңгеру.

 

 

 

Қорытынды

             Практика барысында мен өз  біліктілігімді арттыратын көптеген  бағдарламалармен   танысып, қызметтер  атқардым. Курстардан алған  алған  теориялық білімімді практика  жүзінде барынша байланыстыруға  тырыстым. Компьютерлік курстар  орталығы көптеген  компьютерлік  және техникамен қамсыздандыру,  оқыту жұмыстарын атқарады. Пікірталастарды, арнайы отырыстарды  және басқа да өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған, жалпы шараларды өткізуді ұйымдастыру және қатысу, ғылым, білім, өндіріске кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету салаларында өз көмегімді көрсеттім.  

           Өндірістік практиканы өту кезеңінде  мен өз бойымдағы белсенділік,  жауапкершілік, берілген тапсырманы  мұқият орындау сынды келешекте  талап етілетін маңызды   қасиеттерді  ұштадым. Өзім жинаған және  курстардан алған білімімді өзге  тыңдаушылармен бөлісу, алған материалдарды  нақты және барынша тиімді  жеткізу жолдарымен таныстым.

         Дизайн, жарнама дизайны, дизайн  бөлшектері сынды жаңа саланың  ұғымдарымен таныстым және олар  мені қатты қызықтырды. Компьютердің  көмегімен көптеген жарнама буклеттерін  қайталап жасап көрдім. Бейнені  жасау, өңдеу, оның түрлері  мен ерекшеліктері және айырмашылықтары  туарлы теориялық көптеген мағлұматтар  алдым. 

           Бағдарламалардың негіздерімен  таныса отырып, олардың шексіз  мүмкіндіктеріне баса назар аудардым. Бұл бағдарламалардың тиімділігі  негіздерін үйрене отырып, өздігіңнен  алып кетуге мүмкіндіктер бар.  Суретті өңдеуді жақсы меңгеру  үшін бос уақытытыңда тәжірибе  жасап, жаттығу керек. 

         Бейнені өңдеуде кәсіпқой тұрғыдан  қатынас жасау керектігін ұғындым,  басты назарда бейненің сапасының  жоғалмауы, керісінше артуы, симметриялықты сақтау, бояулардың комбинациясы сынды сапалық критерийлерді алға ұстауымыз керек.

          Қазіргі таңда дизайн саласы  барынша тез және қарқынды  дамып келе жатыр. Маркетинг  саласы Қазақстанда қарқынды  дамуда және оның мамандары  үлкен сұранысқа ие. Курстар осы  салаға қажетті компьютерлік  білімді толық бермейді, алайда  осы білімммен алдағы уақытта  дамуға жағдай бар. Autocad бағдарламасын  универститет қабырғасында оқығағандықтан  мен бейнелерді өңдеу курстарын  қарастырдым. 

          Сонымен қатар, практика барысында  мекеме құрылымы мен атқаратын  функцияларымен жете таныстым. Экономикалық  есептеулердің жүргізілуі, курс  бағаларының бірнеше себептерді  қамти отырып орындалатындыға  мән бердім.

         Өзге курстың тыңдаушыларымен  жақсы қарым-қатынаста болып,  олармен де теориялық және  практикалық білім алмастым. Оқытушылардың  берген тапсырмаларын әрдайым  толық орындап отырғандықтан,  матрериалдарды және бағдарламаны  тез игеріп отырдым. 

        Сонымен  бірге, осы курстарды оқытудың  әдістемелік методологияларымен  таныстым. Оқытылатын материалдардың  тізбегін құрып көрдім

        Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығында ғаламторға тегін және үзіліссіз шыға алатындай жағдай жасалған. Бір аптадай интернет маркетинг дәрісін тыңдадым.

Информация о работе Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы