Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 07:56, курсовая работа

Описание

Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы 1997 жылы күзде Адамбаев Жангелді атты азаматтың қолдауымен Маңғыстау облысы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жанында құрылды. Ақпараттық және компьютерлік технологиялардың дамуы, білім саласының алдына жаңа күрделі мақсаттар қойды, оқу бағдарламаларының және курстарының уақыт талабынан қалмауы тиіс еді. Оқушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білімдерін толықтыру орталықтың басты функциясына айналды.

Содержание

1. Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы туралы ақпарат....................................................................................................6
2. Бөлімдер және курстар......................................................................8-9
3. Бейнені өңдеу бағдарламаларымен танысу...................................9-11
4. Курсты оқыту жоспары мен тәсілдері.........................................11-13
5. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

отчет оспанова.docx

— 52.21 Кб (Скачать документ)

      Интернет желісі жайлы барлығымыз  айтарлықтай жақсы білеміз. Қазіргі кезде барлық мекемелер өз өнімдерін жарнамалау  үшін және мекемені нарықта дамыту үшін  желіні пайдаланады. Интернет желісі бизнес әлеміне маркетинг үшін зор мүмкіндікті береді. Сонымен бірге маркетинг мүмкіндіктері кәсіпкер қиялына байланысты болады: қарапайым жарнама мен электронды поштаны қолданудан толық функционалды электронды дүкен құруға дейін барады.  
 
                       Осы курс кез келген компьютерлік бағдарламаларды одан әрі үйренуге негіз болып табылады. Сондай-ақ курс бағдарлама көлемінде білімі бар, бірақ оларды жүйелендіргісі келетіндерге пайдалы, сондай-ақ жұмыстардың жаңа тәсілдері мен әдістері есебінен өзінің тиімділігін арттырады. Тыңдаушыны Интернетке өздігінен қосылуға, электронды пошта бойынша достарымен хат жазысуға үйретеді. 
            Орталықтың  миссиясы – заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттық технологияларды жете пайдалана алатын қолданушыларды қалыптастыру және дамыту. Сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру және басқарушылық пен өндірістік үрдістерді оңтайландыру мақсатында экономиканың барлық салаларында ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға жәрдемдесу болып табылады. Сондықтан да жаңа технологияның дамуы, әсіресе ақпараттық технологияның дамуы еліміз үшін аса қажет.

Өтілген сабақтардың практика жүзіндегі көрінісі арқылы көп жетістікке жетіп, жетекшілерге адал қызмет атқарып,тіпті  қызметкерлердің алғысына бөлендім. Алдағы уақытта «НГЖ» компьютерлік курстар орталығында алған тәжірибемді дамытып,еліміздің бұдан да зор жетістігіне үлес қосқым келеді.

Кәсіпорынмен және өз жұмыс  орныммен таныстым. Нгж компьютерлік курстар жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесімен таныстым. Мекме жұмысшылары, тарихы мен қауіпсіздік ережелерімен танысып, қол қойдым.

Компьютерлерге бейнені  өңдеу бағдарламаларының жаңа версияларын  орнаттым. Дизайн, бейнелердің түрлері, оларды өңдейтін бағдарламалардың әртүрлігігі, айырмашылықтары туралы лекция тыңдадым.

Бағдарламасында алғаш рет  жұмыс жасап, байқадым және  интерфейспен, құрал жабдықтармен таныстым. Бірнеше бейнені өңдеу мысалдарын жүзеге асырдық. Мысалы: ескі бейнелерді жаңарту, сапасын жақсарту, коллаждар құру және т.б. Бейнелердің көлемі, жадылардың ғаламторда деформацияға ұшырауы, өнімділікке әсер етуі туралы мағлұматтармен танысып, тәжірибеде байқадым.

Интернетпен жұмыс жасау  курсының оқушыларымен бірге интернет маркетинг ұғымымен толығырақ таныстым.  Курс оқытушысының көмегімен әлемдік  интернет аукционында тауарға ұсыныс бердім. Электронды ақшалардың пайда болуы, оларды пайдалану жолдарын қарастырдым.

Курс оқытушысының көмекшісі  ретінде бейнені өңдеу туралы жаңадан құрылған топ оқушыларына  дәріс оқыдым. Оқытушы көмегімен  топқа бағдарламаны  үйрете бастадым.

Бірнеше алғашқы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауға  көмектестім. Мекеменің басты құжаттарымен, экономикалық бөлімімен, таныстым. Алған  білілімім мен біліктілігімді үйде де қайталап отырдым.

Орталықтың ақпараттық технологиялар  бөлімінде кәсіби маманмен бірге оның барлық жұмыстарын қадағалап, өзіме мол практикалық тәжірибе жинадым.

Практика өту барысында, мен:

  • компьютердің құрылғыларды;
  • операциялық жүйелерді;
  • компьютерді вирустардан қорғауды;
  • қажетті бағдарламаларды орнатуды;
  • ғаламторда тауарлық қатынас жасауды;
  • баспа құрылғыларының картридждерін толтыруды;
  • Бейнені өңдеу бағдарламаларымен жұмыс жасауды;
  • Ақпараттық жүйелерді проектілеуді;
  • жүйелік, инструменталды және қолданбалы программалық қамтамасыздандыруды баптауға және күтуге;
  • есептеу техникасы және компьютерлік жүйелердегі ақпараттарды өңдеуге және басқаруға қатысуды ;
  • компьютерлік графика жүйесінің техникалық және программалық құрылымын анықтауды;
  • компьютерлік графиканың мүмкіндіктерін пайдалануды;
  • Бағдарламаларды оқушыларға толық жеткізуді;
  • жүйені қайта қалпына келтіруді және т.б. үйрендім.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы