Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2012 в 19:05, курсовая работа
Ол қазірде өз қасиеттерін жоғалытқан жоқ. Бірақта, Delphi 5 бастап компоненттер кітапханасында мәліметтермен байланысудың альтернативті миханизмдері пайда бола бастады. Олардың көпшілік бөлігі Delphi 6 – да пайда болды. BDE қолданба мен мәліметтер қоры арасында келістіруші (делдал) болып жұмыс атқарады. Ол қолдаушыға нақты мәліметтер қорын жүзеге асыратын бірыңғай интерфейспен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Осыған орай мәліметтер қорын жүзеге асырудың ауысуы барысында қолданбаны ауыстыру қажет емес. Delphi қолданбасы мәліметтер қорына BDE арқылы қатынайды. Бұл жағдайда мәліметтер қорымен байланысу сурет 1 – де көрсетілген сызбаға сәйкес келеді.
КІРІСПЕ
1. BORLAND DELPHI ОРТАСЫНДА МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ……1
1.1 BDE Administrator арқылы мәліметтерге қатынауды ұйымдастыру
1.2 Active XDate Object (ADO) технологиясының ерекшеліктері
1.2.1 BDE және ADO компоненттерінің арасындағы байланыс
1.2.2 Мәліметтер Қорына ADO компоненттерін біріктіру тапсырмасы
1.3 InterBase Express (IBX) технологиясы
2. BORLAND DELPHI ОРТАСЫНДА МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 DataBase Desktop көмегімен мәліметтер қорын құру
2.2 BDE технлогиясының көмегімен мәліметтер қорының байланысы үшін қолданылатын компоненттер
3. МӘЛІМЕТТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАЛАУ
3.1 Decision Cube компоненттері мәліметтерін көпөлшемді талдау
3.1.1 Қолданба мәліметтерін баптау
3.1.2 Орындалу қолданбаларын басқару
3.1.3 DecisionPirot компоненті
3.1.4 DecisionGraph компоненті
3.2 Отчеттардың құрылуы
3.3 Мәліметтерді құжаттамалау үшін Сом серверін қолдану
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША А DataBase Desktop көмегімен кестемен жұмыс істеу
Біздің қолданбада бірінші жолақ отчет тақырыбынан тұрады. Сондықтан, Report бетінің компоненттер политрасынан Band компонентін тасымалдаймыз. Жолақ Region1 барлық ұзындығына горизонталь бойынша жайылады. Ал оның биіктігін мәтіндер компоненті жолағына орнатуға болатындай етіп ұйғарту қажет. Жолаққа Standard бетінің Text компонентін орнатамыз. Оны жолақтың барлық ұзындығы бойынша созамыз және оның Text қасиетіне “ӨНЕРКӘСІПТІҢ КАДРЛЫК ҚҰРАМЫ” мәтінін енгіземіз. Fonts бетінің көмегімен сәйкес қәріп пен оның өлшемін таңдаймыз. FontJustify қасиетіне жазба бетінің ортасында орналасу үшін pjCenter мәнін береміз.
Отчет тақырыбының екінші бөлігі ағымдық датадан тұруы қажет. Сондықтан екінші бөлім үшін Report бетінің DataText компонентін аламыз. Оныда алдыңғы компонентке ұқсас теңестіреміз, ал DataField қасиетіне:
“ПО СОСТОЯНИЮ НА” + Report.Date Short жолын енгіземіз.
Бұл жолды DataField қасиетіне тікелей жазуға болады немесе Обьектілер Инспекторы терезесінде қасиет жанында орналасқан көп нүктелі түймешеге шерте отырып, шақырылған арнайы редакторды қодануға болады. Енді отчетта “Бөлімдер” бірінші бөлімнің тақырыпшасын енгізу қажет немесе сәйкес компонентін отчет тақырыбындағы Band1 жолағына орнату қажет және ол үшін жаңа жолағын енгізуге болады.
“Бөлімдер” тақырыбынан кейін Data View1 обьектісімен байланысқан Dep кестесінен алынған бөлімдер тізімі тұруы қажет. Сондықтан осы тізім үшін DataBand жолағы қажет. Оны Report бетінен тасымалдаймыз. Жолақтың негізгі қасеті - Data View1.Осы қасиетің тізімінен мәліметтер алуға болатын Data View1 обьектісін таңдаймыз. Жолақ Data View1 обьектісімен байланысқан Dep кестесінде қанша жазба бар болса, сонша рет басып шығарылады.
Отчеттың бірінші бөлігі дайын болғаннан кейін жоба файлын F9 түймешесіне баса отырып немесе сәйкес жылдам түймешеге принтр суреті бар жоғарғы қатардағы оң жақ түймешені шерте отырып сақтауға болады және алдын – ала қарау терезесінде қарауға болады.
Енді отчеттың екінші бөлігіне көшеміз. Отчетқа Band жаңа жолағын орналастырамыз және оған “БӨЛІМДЕРДІҢ ТІЗІМДІК ҚҰРАМЫ” мәтінін енгіземіз. Ары қарай Data Band2 жаңа жолағын орнатып, оның қасиетіне Data View1 обьектісін көрсетіңіз. Жолаққа DataText орната отырып, оны View қасиетіне Data View1 мәліметтер көзімен байланыстырамыз. Data Field компоненті қасиетіне:
“ БӨЛІМҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ” ‘+Dep+’”’ жобасын енгіземіз. Бұл “Бухгалтерия” бөлім қызметкерлері түріндегі мәтіннен тұратын Dep кестесіндегі әрбір жазбаны баспаға беруді қамтамассыз етеді.
Мәтінді баспаға беру үшін алдымен сәйкес бөлім қызметкерлері туралы ақпаратты баспаға беруді қамтамассыз етеді. Ол үшін Pers кестесімен байланысты және Data Band2 жолағымен басқарылатын Data Band көмекші жолағын қарастыру қажет. Отчет контейнеріне Data Band жаңа компонентін орналастырамыз. Оның Data View қасиетіне Data View2 обьектісін, Controller Band қасиетіне обьектісін көрсетеміз.
Сонымен қатар жолақ Data Band2 жолағымен басқарылатынын көреміз. Delphi қолданбаларында мәліметтер жиынын бір – бірімен байланыстыру үшін MasterDataView қасиетінде мәліметтер көзі – Data View1 негізгі кестені көрсетеміз. MasterKey қасиетінде Dep кестесінде қоданылатын көмекші кесте өрісін көрсету қажет. Обьектер Инспекторы терезесінде осы қасиет жанында орналасқан көп нүктенлі түймешеге баса отырып BandStyle қасиетін орнатамыз. Сурет 3.11 ұқсас терезе ашылады. Онда Defail (D) және First (1) идентификаторын қосамыз. Сонымен қатар, осы жолақ негізгі жолақтың детализациясы болып табылатынын көрсетеміз және ол әрбір негізгі жолақ баспаға берілгеннен кейін баспағаберілуі тиіс.
Детализация жолағының барлық қажетті қасиеттері орнатылады, енді онда әрбір қызметкер туралы ақпаратты бейнелейтін компоненттерді орнату қажет. Фамилия, аты, әкесінің атын бейнелеу үшін DataText үш жекеленген компонентерін белгілей отырып, олардың әрқайсысын мәліметтер кестесінің жекешелеген өрістерімен байланыстыру қажет. Бірақ оны бір компонентпен де орындауға болады. Жолаққа DataText компонентін орналастырамыз және оның Data View2 мәліметтер көзінің Data View қасиетімен байланыстырамыз, ал DataField қасиетіне:
Fam+’ ’+Nam+ ’ ‘+Par мәтінін енгіземіз.
Компонентте бос орынмен бөлінген Fam, Nam және Par өрістер мәні бейнеленеді.
Сурет 3.11
Детализация жолағының
Стилін беру
Туған жылды бейнелеу үшін DataText компонентін қолдануға болады, оны мәліметтер көзімен байланыстырып оның DataField қасиетіне:
Year_b+’ г.р‘мәтінін енгіземіз.
Мінездемелерді бейнелеуді жүзеге асыру үшін DataMemo, ал фотосуреттер үшін – Borland бетінің Bitmop компоненті қолданылады. Әрине, екі компоненткеде мәліметтер түсетін мәліметтер көзінен өрісін көрсету қажет. Сурет 3.10 мысалда, осы компоненттерден басқа тағыда “МІНЕЗДЕМЕ” жазбалы Text компоненті қосылғанын көре аламыз.
Отчет
формасын құру аяқталғаннан кейін алдын
– ала қарау терезесінен
Бұл оператордағы ReportDepPers – жобалау кезінде меншіктелген отчет аты. Егер жоба тек бір отчеттан тұратын болса, онда RvProject1.Execute қарапайым оператормен шектелуге болады.
Жобаны сақтап, оны орындаймыз немесе оның қалыпты жұмыс істеп тұрғанына көз жеткіземіз. Қолданбаны пайдалана отырып, кез – келген уақытта мәліметтер қорының ағымдық жағдайы туралы толық отчетты баспаға беруге болады.
Мәліметтер қоры мағлұматтарына тұратын отчеттар құру барысында Rave жүйесін қолдануға болады. Алайда Rave отчеттар формасына қатаң шектеулер қойылады. Rave негізінде жиі жаңартылатын мәліметтерден тұратын кейбір стандартты отчеттар үшін қолданба құруға болады. Алайда, отчет жазу барысында ауқымды мәтіндер қою мүмкіндігі қажет. Сондықтан, мұндай мүмкіншілікті әрбір дербес комьпютермен жұмыс атқаратын Window Word бағдарламасы береді. Delphi қолданбалары мәліметтер қорындағы ақпараттарды құжаттамалау өңдеу барысында бағдарламасын қолдану әдістемесіне көңіл аударады.
Word, Excel т.б. көптеген басқада кең таралған бағдарламалармен өзара әрекеттестік Delphi 5-7 қолданбаларында Servers бетіндегі кітапханада орналасқан компонентердің көмегімен жүзеге асады. Мұндай қолданбаларға сурет 11.12 келтірілген. Қолданба dbp мәліметтер қорының Pers кестесін қарастыруға мүмкіндік береді және мензердің ағымдық позициясынан бастап жазбадан таңдалған қызметкерлер туралы мағлұматтарды немесе кестенің барлық жазбалары туралы ақпараттарды Word белсенді құжатына енгізеді.
Сонымен
қатар, қолданушы қажетті ақпараттарды
таңдап алып, құжатқа құжатқа енгізе
алады. Мұнда қызметкерлердің
Қолданба Word серверіне жаңа құжатты құру, файлды ашу, құжатты файлда сақтау, алдын – ала қарау, баспаға беру сияқты стандартты әрекеттерді орындай отырып басқарады.
Сурет 3.12
Демонстрациялық қолданба
Формасы (а) немесе орындалу
Барысындағы қолданба
Терезесі
Word – пен жұмыс істеу терезесі қолданушыға көрінбеуі мүмкін. Құралдар тақтасындағы сәйкес түймешеге баса отырып Word терезесін көрнекті етіп алуға болады. Сол терезеге өту арқылы мәтінді түзетуге, қосымша мәтін жазуға т.б жүзеге асыруға болады.
Қолданба тұрғызуды сипаттау үшін оның dbp мәліметтер қорымен байланысудан жүзеге асырылатын компонентінің SQL қасиетіне Select * from Pers операторын жазамыз.
Query1 байланысты мәліметтер көзі болып DecisionSource1 табылады. Онымен қатар мәліметтерді бейнелеу компонентері DBEdit1 - DBEdit76 жазбаның мәтіндік өрісін бейнелейтін компонентер, DBRichEdit1 компоненті, мінездмесні бейнелейтін компонент, DBImage1 компоненті және фотосуретті бейнелейтін компонен байланысқан.
Формада қолданба орындалатын негізгі әрекеттер сипатталған AcnionList1 компоненті орналасқан. Қолданба мәліметтеріндегі TForm1.ARecordExecute процедурасында фотосурет құжатына сілтемені жүзеге асыратын Clipboard алмасу буфері обьектісі қолданылады. Cервермен байланысқан негізгі процедураларға мәтінде комментарийлар жасалған. Мұндағы кестенің барлық жазбалары туралы ақпараттарды құжатқа тасымалдауға сәйкес келетін TForm1.ARecordExecute процедурасы тек жазба бойынша циклді ұйымдастырады, бірақ құжатқа ақпаратты тасымалдайды. Ал құжатқа ағымдық жазбаны ақпаратты тасымалдауға TForm1.ArecordExecute процедурасы жүзеге асырады.
Цикл алдында ProgressBar1 диограммасы бапталады немесе көрнекті болады. Оның Position қасиеті әрбір циклде өзгереді. Цикл аяқталғаннан кейін ProgressBar1 түймешесі көрінбейтін болады.
Кластан тыс сипатталған DocumentSearch процедурасы Word – та ашылып тұрған құжатарды тексеруді жүзеге асырады. Біз мәліметтер қорымен жұмыс істейтін Delphi қолданбасынан Word бағдарламасын басқару мысалын қарастырдық. Алайда мәліметтермен жұмыс істейтін Delphi қолданбасынан Word – тан шақыруға болатын кері жолыда бар болуы мүмкін. Ол үшін Word – қажетті қолданбаны шақыратын макрос құру қажет. Word – тан Delphi – де құрылған кез – келген қолданбаны іске қосу үшін алдымен макрос құру қажет немесе онда Shell функциясын қолдану қажет. Бұл функцияға екі аргумент: – шаыруды қажет ететін қолданбаның орындалатын файл аты, және WindowsStyle – қолданбаның орындалу режимі беріледі. Қолданбада Shell функциясын шақыру оның идентификатор мәнін қайтарады. Кері жағдайда нөль мәнін қайтарады.
Pathname аргументі тек аттан ғана емес, орындалатын файлға көрсетілген жолдан тұруы тиіс. Сонымен қатар ол командалық жолмен берілетін параметрлерден тұрады.
WindowsStyle
аргументі міндетті емес болып табылады.
Егер бұл аргумент көрсетілмесе, онда
қолданба бүктеулі түрде іске қосады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Макс жеткендигин
Неше б-лимнен турди ар б-лимде не айтылды
Бұл курс жұмысы барысында Borland Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс істеу технологиялары жайында теориялық негізі қарасырдық. Соның ішінде Database Desktop көмегімен мәліметтер қорын құру, мәліметтер қорымен жұмыс істеу технологиясы BDE Administrator арқылы мәліметтерге қатынауды ұйымдастыру мен олардың қолдануына мағлұмат берілді. Сонымен қатар мәліметтер қорымен байланыс компоненттерінің қасиеттері қарастырылды.
Сонымен бұл курстық жұмыста жоғардағы жақтарын қарастыра отырып төмендегідей қортындылаймыз:
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Архангельский. А.Я. Программирование в Delphi 7 / А.Я. Архангельский. – M.: OOO «Бином-Пресс», 2005 г. – 1152 б
2. Кандзюба С.П., Громов В.Н. Delphi 6/7. Базы данных и приложения./ С.П. Кандзюба, В.Н. Громов., – СПб.: ООО «ДиоСофкЮП», 2002. - 576 б.
3. Малыхина М.П. Базы данных: основы, проектирование, использование./ М.П. Малыхина., -СПБ.: БХВПетербург, 2004.-512б.
4. Хомоненко А.Д., Цыганков В.М., Мальцев М.Г. Базы данных: Учебник для высших учебных заведений./ А.Д. Хомоненко., В.М. Цыганков., М.Г. Мальцев., - СПБ.: «КОРОНА принт», 2004.-736б.
5. В.В. Фаронов. Программирование баз данных в Delphi 7: Учебный курс / В.В. Фаронов.– СПб.: Питер, 2004. – 459 с.
6. Харрингтон Д. Проектирование объектно-ориентированных баз данных / Д. Харрингтон; Пер. с англ. – М.: ДМК Пресс, 2001. – 272 с.
7. Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах / С.В. Орлик– М.:Бином, 1996.-352с.
8. хомоненко А. Д., Гофман В. Э. Работа с базами данных в Delphi. – 3-е изд., перераб. и доп. – СПб: БХВ-Петербург, 2005. -640с.: ил.
Информация о работе BDE Administrator арқыыл мәліметтерге қатынауды ұйымдастыру