Delphi тіліндегі бағдарламалардың құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 17:13, курсовая работа

Описание

Әлемде тесттік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тесттілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған, оқушы жастардың дайындық деңгейін және жалпы сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.

Работа состоит из  1 файл

тест.doc

— 881.00 Кб (Скачать документ)

     1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

     1.1. Тесттер және тестілік әдістемелер

      Әлемде  тесттік тапсырмалар арқылы білім  сапасы мен деңгейін тексеру жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тесттілеу әдісі көптеген дамыған  елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған, оқушы жастардың дайындық деңгейін және жалпы сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.

      Тесттер мен тестілік әдістемелер XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында дами бастаған. XX ғасырдың 20 жылдарында тест жүйесі Кеңес Одағының мектептерінде қолданыла бастап, кейіннен 1936 жылы тиімсіз деп алынып тасталған, бірақ 80 жылдардан бастап тест жүйесі қоғамның әр саласында қолданысқа кіре бастады. 1995 жылдан бастап жоғарғы оқуға түсушілер білімі осы тест жүйесі арқылы бағаланып, студенттер қабылданды. Қазіргі кезде тест оқушы білімін тексеру, өлшеу құралы ретінде және оқушы қабілетін анықтауға арналған мақсат көздейтін тесттер жүйесі оқыту процесінде қолданылуда.

    Тест  терминін тұңғыш рет Ф.Гельтон енгізді, ал оның кеңінен таралуы американдық  психолог Дж.Кеттелдің «Интеллектуалдық тесттер және өлшемдер» деп аталатын мақаласынан кейін кең өріс ала бастады.

     Тесттерді алғашқы болып білім беру жүйесіне кеңінен пайдаланудан, француз психологы А.Биненің интеллектуалдық дамуы төменгі дәрежедегі балаларға арнап таңдаған тесттер сериясын (1904 ж.) айтуға болады. Сосын АҚШ-та осы әдістеменің негізінде JQ коэффициенті ұсынылған болатын. Қазіргі заманғы талапқа сай (1986) редакцияланған нұсқасында ол бүгінгі күні де кеңінен қолданылып жүр.

     Тест  – оқушының білімін, біліктілігі мен дағдысын тексерудің ерекше түрі болып табылады. Тест тапсырмалары оқушы білімін тексеру мақсатында жүргізіледі және тест тапсырмалары оқушы білімін тиянақтауға, сабақта оқушы білімдерін тиімді тәсілмен жинақтауға көмектеседі. Көп жұмыстарда “тест” ұғымы анықталды және дамытылды. Тест (ағылшынша “test” – байқау, зерттеу, сынау) – психология мен педагогикада сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу. 

     Біріншіден, тесттер  тез орындалатындығымен ерекшеленеді. Оларды пайдалана отырып, оқу материалының игерілу деңгейін жылдам түрде тексеруге және бағалауға болады.

     Мұның өзі негізінен алғанда, тесттегі тексеру тапсырмаларының жауаптарын таңдауға мүмкіншілік алу арқылы қол жеткізетін нәрсе.

     Осының  нәтижесінде, жауаптың дұрыстығына қол жеткізу уақыт жағынан алғанда тез әрі жылдам жүзеге асырылады.

     Екіншіден, көпшілік адамдар тесттерді пайдалану арқылы оқытылып жүргендердің білімі мен білігін тексеру мен бақылаудың объективтілігіне шүбә келтірмейді. Оның өзі тексеру түрінің барынша бірыңғайланған қалыпқа түсірілген түрі мен тесттердің орындалуын бағалау бақылау түріне деген субъективті көзқарастың болмауын қастамасыз етеді деп есептеледі.

     Өкінішке  орай, бағалау түріне деген субъективті  пікірді болдырмау,  оқытуды бағалаудың әділдігі мен қолжетімдігіне ықпал  етерлік факторларды түбірімен  жоя алмайды.

     Үшіншіден, тестілерді бағалау түрі ретінде қолдануға деген ықылас-ынта соңғы кездері күрт артып отыр, мұның өзі мектептерде оқушылардың білім алу деңгейінің өлшеуіші іспетті, іс жүзіндегі білім стандарттарының енгізілуіне де байланысты.

     Оқытушының  бақылау-бағалау қызметін тиімді жүргізілуі көп жағдайда, оның оқыту нәтижелерін бақылау жұмыстарын қаншалықты ұтымды етіп ұйымдастыратындығына және ол үшін пайдаланылатын бақылау құралдарының сол құралдардың әдістемелік және психика-педагогикалық талаптарына қаншалықты сәйкестілігіне байланысты болып келеді

     Қазіргі заманғы компьютерлік диагностика мен тест өткізудің әдістемелерін қолға алуға көбінесе информатика пәні оқытушылары жақын тұрады, бірақ, өкінішке орай, біздің кабинеттерімізде комьютерлік тестілер тіпті аз.

     Зерттеліп отырған тақырып, Delphi програмамалау тілінде компьютерде тест жасауға арналған бағдарлама жасауға итермеледі.

     Оқушылар  білімін, білігін және дағдысын тексеру – оқыту үрдісінің ең маңызды бөлімінің бірі. Ол оқушының үлгерімін қадағалау арқылы іске асады. Жүйелі түрде тексерудің диагностикалық, білім беру және тәрбилік маңызы зор. Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті, алдын-ала, қорытындылау деп бөлінеді. Әдістеме бойынша ауызша, жазбаша және эксперементтік деп бөлуге болады. Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.2. Білім беру стандарттары

     Тест-оқушының білім дәрежесін қандай екендігін  анықтайтын және ол білімді түрлі  жағдайларда қолдана білуін тексеруге  мүмкіндігін беретін тиімді жол. Сол үшін оқушыларға білім беру кезінде ең алдымен қажетті делінетін нәтижелер талаптарын анықтай отырып, білім беру сапасын арттыру мен оқушылардың білімі мен біліктілігі деңгейін бақылау  мен бағалау әдістемесінде білім беру стандарттарының атқаратын орны ерекше.

     Оқытушының  тексеру-бағалау қызметі дегеніміз  –оның педагогикалық жұмысының  аса маңызды  бөлігі болып табылады  және  стандарттар осы жолдағы  оның бірден-бір көмекшісі саналады.

     Білім беру стандарттарының енгізілуінге байланысты, білім беру жүйесінің кезекті реформасы қазіргі кезде оқыту ісіндегі жетістіктерге қатысты мәселелерді қайтадан  көкейкесті түсіп отыр. Білім беру  стандартында  білім беру мазмұнының міндетті саналатын минимумы мен қабылданған деңгейінің талаптарына қоса, қазіргі заманғы талаптарға да сай стандартқа негізделген, оқушылар орындайтын жұмыстарды  тексеру мен бағалау технологиясын жасау  жолдары  қарастырылуда.

     Талаптардың мазмұны оқыту ісіндегі міндетті нәтижелерге баға берудің критерийіне  айналып отыр. Бұл сияқты бағалауға оқушылардың білімі мен біліктілік деңгейін анықтауда,  және оның бітіруші  түлектердің стандартқа сай деңгейді көрсететін талаптарына сәйкес келетін-келмейтіндігіне  қатысты  ең дәйекті тәсіл деген баға беріліп жүр.

     Оның  үстіне, білімді, біліктілікті  тексерудің  стандарттық  типтік  бағдарламасының қажеттілігін  ескере  келіп,  анықтағанымыз - тесттің  осы  жолдағы  ең  таптырмас  құрал  екендігі.          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.3. Тесттің мазмұны

     Тест  деп  сапалық  және  сандық  дара  ерекшеліктеріне  сай  түрде негізделген  стандартталған,  қысқа,  уақыт  жағынан  шектеулі  сынақтарды  атайды.

     Мақсаты  мен   мазмұны  жағынан  тест  мынадай  түрлерге  бөлінеді:

  • Интеллект тестілері, бұл  ойлау  қызметі  мен  танымдық  процесстерді  дамыту  деңгейлерін  талдауға  арналған;
  • Мүмкіншілік тестілері, түрліше  қызметті  меңгеру  мүмкіндігін  бағалауға  арналған; 
  • Жетістіктер тестілері,  оқытудан  кейінгі  білім,  білік,  іс-әрекет  ете алуды  дамытуды  бағалауға  арналған;
  • Жеке тестілер,  эмоционалды-еріктік  қасиетті  бағалауға  арналған.

     Тестілердің  барлық  түрінің  арасынан мектеп  оқушыларының  білім  деңгейін  тексеруде  көбінесе  жетістіктер  тесті  пайдаланылады.

     Тестілерді  орындаудағы  басты нәрсе –  белгілі  бір  негіздеуге сүйену,  технологиялылық – бағалау  мен  тексерудегі  бірден-бір  біртұтас  процедура.

     Тестілік  тапсырманың  құрылымы  мынадай  болуы  мүмкін: 

       

       
 

       
 

       
 
 

       
 
 

     Біздің  еліміздегі білім беру саласында  тестілерді қолдануға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Негізінен  алғанда, педагогикалық тестілердің қолайлы жақтары жоқ емес. Оқу үрдісіне қатысты ақпараттардың молдағына байланысты, білімді бақылаудың тестілік формасы оқудың уақытын мейлінше  үнемдеуге әрі тексеруді жылдамдатуға көмектеседі.  Тестілер көп жағдайда баға қоюда субъективтілікті басшылыққа алу, оқытудың икемделген жағына қарай бейімдеу дегендерге мүмкіндік ашады.

     Тестілік бақылаудағы ең басты кемшілігі, қазіргі жағдайда елімізде білім сапасын тексеруде, сапалық жағынан жүйеленбеген тест материалдарының тым көп болып отырғандығы. Мұның өзі, тестімен оқу материалын тану деңгейі мен қарапайым қосу сияқты болмашы бөлігін ғана игеруді тексеруге мүмкіндік бере алады деген пікірдің қалыптасуына түрткі болды. Тапсырманың тестілік формасы – қазіргі кездегі білім беруді ақпараттандырудағы анағұрлым тиімді тәсілі болып табылады. Ал тапсырма мазмұнының күрделілігі деңгейі білім беру стандартымен анықталады. Мектеп оқушыларының білімі мен білігіне деген талаптар, мазмұндық бағыттар бойынша  әрбір нысанның минималды түрдегі білімді меңгеруіне байланысты анықталады.  Білімді түсіну мен қабылдаудың қандай да бір деңгейіне деген талаптар, көп жағдайда конструктивті яғни біркелкі жағдайда білім игеруге қатысты қолдану болып табылады.

     Тестінің  оқыту нәтижелерін тексеруге  арналған негізгі белгілері деп мыналарды айтуға болады:

     1) Валидтілік – тексеру кезіндегі  материалдардың бақылау мақсаттарына  сәйкес келуі; 

     Валидтілік  – «тестілеудің қарастырылып отырған  материалдар мен оған қатысты  диагностикаланушы процедураға  сай келетін кешенді сипаты».  егер Нақтылы неге арналғандығына (біздің жағдайымызда ол – оқу материалын игерудің деңгейі деп есептелсін делік) баға беруге болатындай болса, тестіні валидті деп санауға болады.

     Педагогикалық тестілерге арналған валидтілік үшін ең бастысы -  белгілі бір өлшемге сай мазмұндылықтың репзенетативтілік деңгейін сипаттайтын басты құрамдастық болып табылады.

     Валидтілік  –инструментаридің және оның сапысының  сипаты деуге болады. Валидтілік құралдың қаншалықты жақсы өлшеуге қауқарлы екендігін; әрі құрал тиісті деңгейде валидті ме, оның сапалық көрсеткіші, қасиеті неде,  қаншалықты екендігінің жақсы бейнеленуін  көрсетеді.

     Тесті түрлі салада қолдану аясы, сондай-ақ,  түрлі авторлар арасында көптеген түр  мен болжамдар көзге ұрады.

        Валидтілік мазмұнды, жобалау, жарыспалы, дифференциялық, аяқ астылық және т.б. болып бөлінеді.

     2) Сенімділік – бақылау материалын  пайдалану кезіндегі тестілеу  нәтижелерінің тұрақтылығы;

     Тестінің  сенімділігін анықтаушы факторлар  төмендегідей:

  • (үйретудегі) өлшемдік қасиеттерді сәйкес түрде бейнелейтін параметрлерді дұрыс таңдау;
  • Тексеру мен бағалаудағы құралдардың (нақты, анық) технологиялылығы- тексеруді ұйымдастыру жайлы нақтылы нұсқау, валидтілік, тестілердің репрезентативтілігі, бағаның т.с.с. анықтығы;
  • әрбір тестілеу шарттарының бірдейлігі;
  • өлшеуіштің (әркелкілігі) біркелкілігі;
  1. 3) Репрезентативтілік –оқытылып жатқан материалдың толыққандылығы;
  1. 4) Стандарттандырылғандық-тестті жүргізу мен оның қорытындысы шығарудың бірыңғай процедурасы.

     (Оқытудағы  не бақылаудағы тестінің құрылымы– пәнді жеткілікті білуден бөлек, тест теориясы негіздерін минималды талап ететін  күрделі де сан салалы процесс. Мен шкала теориясын білуді, тест бойынша атқарылатын жұмыстардың барлығының арасынан, статистикалық сипаттағы талдауға кіретіндей мақсат ретінде қоймаймын.

     Бұл аттестациялық тестілерге арналған әзірлік сияқты тестілеу орталықтарының жұмысы болып табылады. Бақылаудың тестілік түрі бақылаудың басқа жалпы қолданыстағы түрлерін алмастыра алмайтынын, тек қана оларды тиімді пайдалана отырып, оқыту уақытының барынша қызықты өтуіне мүмкіндік туғызатынын атап өткен жөн.

  1. Іріктеліп алынған тақырыптың теориялық жағын зерттеп алу арқылы, мен мектепте оқушылар арасында пән бойынша жүргізілетін тестілеудің мәселелерін шешуге тырыстым.

     Мұғалімдер  арасында жүргізілген сұрақ-жауап нәтижесінде, тестімен жұмыс істеудің барша жұртшылықты қызықтыратындығын түсінікті болып отыр: тестілеу бойынша шығып жатқан кітапшаларға, арнайы мамандардың ұсынулары бойынша журналдардағы мақалаларға,  Internet желісінен жаңа сипаттағы әдістемелік жаңалықтарды тауып алып оқуға қатысты, семинарлар мен курстарға, өз еліміздегі және шетелдердегі тестілеу өткізу бойынша түрлі әдістемелерді тауып оқу сияқты нәрселерге, жалпы алғанда, тестілеуге қатысты мәселенің кез-келгеніне көпшілік тарапынан әрдайым қызығушылық байқалып отыратындығы осыны көрсетеді.

Информация о работе Delphi тіліндегі бағдарламалардың құрылымы