Delphi тіліндегі бағдарламалардың құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 17:13, курсовая работа

Описание

Әлемде тесттік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тесттілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған, оқушы жастардың дайындық деңгейін және жалпы сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.

Работа состоит из  1 файл

тест.doc

— 881.00 Кб (Скачать документ)

     Бірыңғай  мемлекеттік емтиханды енгізуде (БМЕ) мемлеттік деңгейде пәндер бойынша  тест түрінде эксперимент енгізілуде.  Көптеген оқытушылар қандай да бір  тақырып бойынша, оқушы даярлығын  бағалауға арналған тест жүргізудегі өз тәжірибесінде пән бойынша дайын тестілерді тауып алып, оларды ұдайы пайдаланып отырады. Алайда айта кетерлігі – ондай дайын тестілердің көп жағдайда табыла бермейтіндігі, не болмаса қолда бар тестілердің тиісті деген талаптарға жауап бермеуі, не болмаса, ол тестілерді пайдалануға сұрақтардың барлық тақырыптарды қамти алмауы сияқты кедергілер кездесіп жатады.  Сондықтан, оқытушы тест бойынша басылымдарда мақалалары жарияланып жүрген мамандардың әдістемелері мен кеңестеріне сүйеніп, өз тарапынан тест құрастырып жатады.   
 
 
 
 
 
 
 

    1.4. Программалық қамтылуға толық сипаттама

     Программа қазіргі уақыттағы программмалау  технологияларымен танысқысы келгендер  үшін арналған. Бұрын Fortran, Pascal, C сияты  тілдің анықтамасы бар кітапты оқып, программалаушы болатын болса, кейінгі Windows-тың жалпылама 32-разрядты жүйеге көшуіне байланысты, жағдай өзгерді. Windows-тағы жұмыс тек мамандарға тән болатындай күрт қиындады. Қалыптағы құрылымдық программалаудың орнына офистік, деректер қорымен жұмыс үшін, Internet-те жұмыс үшін, т.б. сияқты қосымшаларды құруда қолданылатын көптеген технологиялар үшін негіз болып табылатын объектілі негізделген программалау келді. Қазіргі уақытта программалаудың басқа ерекшелігі жобаны өңдеуде жиі бірнеше программалық құралдарды бірдей қолдану болып табылады. Сәйкесінше бұл программалаушының бірнеше программалау тілін білу керектігін білдіреді. Мысалы, егер қолданушы деректер қорымен жұмыс үшін программа құрғысы келсе, оған жоғарғы дәрежелі программалаудың біреуін және SQL тілін білуі керек. Ал егерде Internet-пен жұмыс үшін қосымша құру керек болса, онда кем дегенде жоғары дәрежелі тілдің біреуі және HTML-Web-беттерді құру тілдері қажет болады.

     Программалаушылар мен программалауды енді бастап жатқандар  үшін Borland (Inprise) фирмасы үлкен көмек көрсетті. Ол программаны өңдейтін қуатты және әмбебап құралы – Delphi-ді шығарды.

     Delphi – Windows операциялық жүйелерінде  негізделген программаларды өңдеу  ортасы. Delphi-де программалар көрсеткіштік  проекциялаудың қазіргі уақыттағы технологиялары негізінде құрылды. Delphi-де программалар Turbo Pascal-дың мұрагері және жетілдірілген түрі болып табылатын Object Pascal тілінде жазылады. Turbo Pascal программалау тілі программаларды өңдеу құралы және программалауды үйрету құралы ретінде танымал. Бұл танымалдық тілдің қарапайымдылығымен, компилятордың жоғары сапалылығымен, өңдеу ортасының ыңғайлылығымен түсіндіріледі. Бірақ программалау технологиялары бір орнында тұрмайды, Borland фирмасының ізденісі негізінде (1998 жылдың сәуірінен бастап Inprise Corporation) Turbo Pascal тілінің орнына объектілі бағдарланған программалаудың концепциясын тұжырымдайтын Object Pascal тілі келеді.

     Delphi және Object Pascal ұзақ уақытқа созылған  эволюцияның нәтижесі болып табылады. Delphi-дің көмегімен консольды қосымшалардан бастап деректер қорымен және Internet жүйесімен жұмыс үшін қосымшаларға дейінгі әр түрлі программалар типтерін құруға болады.

     Мамандардың ойынша Windows үшін Delphi “қазіргі уақытқы  компьютерлік индустрияның ең көрнекті құралының бірі” деп саналады. Бұл сөз жарнама емес, техникалық кітаптың кіріспесінен алынған1. Бұл сөзді “Барлық әлем программалаушылары Delphi программалауды қайтып рахат қылды дейді WindowsTech Journal Windows ортасында программалау” туралы журналдың редакторы Дж.Д.Хильдебранд: “Бұл құрал біздің бар өмірімізді өзгертеді”- деген.

     Жаңа  программалау жүйесінің пайда болуы  біздің елге де танымал. Біздің маман-программалаушылар  да бұл көрнекті программалық  құралды  меңгеріп, қолдану үстінде.

     Delphi – программалау жүйесінің ең жаңасы, сонымен қатар ол программалауды жаңа үйренушілер үшін де тиімді. Delphi өте жоғары дәрежелі программалау жүйесі болып табылады. Ол компьютермен басқарудың үлкен бөлігін өзіне алады. Әдеттегі программалау жүйелеріне қарағанда Delphi “программалаушы орнына” программа мәтінінің мәнді бөлігін өзі жазады: объектілерді сипаттау, процедуралар тақырыптары т.б. Қолданушыға қалғаны программаның жеке әрекетін анықтайтын керекті жолдарды теру. Delphi-ден жүктелетін мысалдар арасында мәтіндік ақпараттарды және кескіндері бар деректер қорын қарастыру және өңдеу программасы бар.

     Delphi ортасы алғаш рет іске қосылғанда, жүйе жұмыстың маңызды бөлігін  орындайды. Біріншіден ол қолданушы  программасы үшін стандартты  терезе құрады (Delphi-де ол әдетте  Форма деп аталады) және ол бірден экранда көрініп тұрады. Екіншіден, бұл форманы экранға орналастыру үшін керек ұзын программа мәтіні өңделген. Енді қолданушы өзіне қажетті нәрсені орындай алады. Мысалы, стандартты объектілердің қарапайымын – батырманы таңдасын. Экранның жоғарғы жағында құрал саймандар тақтасынан батырманың кескінін тауып, тышқанмен шерту керек. Бұл әрекетпен жүйеге батырма керек екенін білінеді. Сайманды  форманың қай жеріне орналастыру керектігін көрсету керек. Керекті орынға тышқан курсорын апарып, оны шерту қажет сонда батырма кескіні пайда болады. Қажет болса оны  тышқан көмегімен жылжытуға немесе оның өлшемдерін өзгертуге болады.

     Батырма пайда болғаннан кейін программа  мәтіні ұзарып, Delphi автоматты түрде  керекті сипаттауды қосты. Осы сәттен бастап іске асырғанда не шыққанын көруге болады. Программаны іске асырып, экранда Windows-тың стандартты терезесін және онда орналасқан батырманы көруге болады. Құру процесіне қарағанда программаны іске асыру сатысында саймендар “жанданады” – яғни батырманы тышқанмен шертсек, ол басылатынын көруге болады. Бірақ басқанда ештеңе өзгермейді, өйткені керекті іс-әрекеттер коды жазылған жоқ. Сонымен клавиатурадан еш нәрсе термей Windows-қосымшасы іске асырылды.

     Енді  батырмаға қандай да бір әрекет жасатып  көз жеткізуге болады. Ол үшін программаны бастап жазу керек. Құру режиміне өтіп, батырма бейнесінде тышқанмен екі рет шерту керек. Сонда Delphi-дің программа мәтінін шығарғанын және маркерді мәтін енгізуге қажетті апарғанын көруге болады. Бұл жерге  Form1.Color:=clAqua жолын теру керек.

Мұндағы Color (түс) - Form1-дің  (өңделетін форма) түсін clAqua (cl әріптері түс екенін көрсетеді, ал Aqua – 16 стандартты түстердің бірі) мәніне меншіктейді. Программаны қайта  орындау арқылы батырманы басып  форманың түсінін өзгертетінін көруге болады. Бұл айтылған мысал Delphi ортасының жұмыс стилін көрсетеді.

     Delphi-көрсеткіштік  жүйесінің  көрнекті артықшылығы  саймандарды экранға орналастыру,  оның бастапқы мәндерін (өлшемдері,  түсі, т.б.) меншіктеу форма құру  сатысындағы программаны жазусыз жүзеге асыруында болып табылады. Ол үшін Объектілер Инспекторы терезесі арналған, мұнда таңдалған сайманның барлық қасиеттері, оның бастапқы мәндері тізілген. Олардың әрқайсысын өзгертуге болады. Оны программаны іске асырғанға дейін экраннан көруге болады. Графикалық көрнісі бар объектілермен жұмыстың мұндай әдісі көрсеткіштік программалау деп аталады. Delphi көрсеткіштік программалаудың жалғыз жүйесі емес, бірақ бұл қазіргі кездегі ең кең таралған ең жақсы біртұтас құралған жинаған түрі.

      Қазіргі кезде  Delphi ортасы - әртүрлі Windows қосымшаларын құру үшін Borland қолданбалыларын дамытуда кең сұраныспен қолданылып, танымал нысанды-бағдарлы программалық жүйе болып табылады. Оның негізі Object Pascal тілінен тұрады. Delphi ортасы күрделілігінің дәрежесі әртүрлі қосымшаларды визуалды программалау технологиясын қолдану негізінде жылдам құруға мүмкіндік береді.

      Курстық жұмыста компоненттер және оның кескінімен ақпарат(мәтін) шығарылатын сондай-ақ, енгізу мен өңдеуге арналған әрекет техникасы қарастырылған. Осы мақсатта тізімдермен жұмыс техникасы мен құралдары және ақпараттарды өңдеу мүмкіндігі бар компоненттер сипатталады. Сонымен қатар қосымшаның қолданушы интерфейсінің көп тараған элементі болып саналатын мәзір(бас және жанама) жұмыс техникасы мен оның жұмысын  басқаратын компоненттер сипатталады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.5. Delphi ортасымен танысу

     Borland корпорациясы аз ғана мерзім  ішінде Delphi 7–ің негізгі версияларымен  бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер  енгізілген. Программалармен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесінде “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.

     Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MathCad, Maple туралы алған білімдердің болашақ мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді игеру үшін көптеген оқудықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылуда. Мысалы, Delphі ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов, Культин Н секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік математикамен танысуда жазушы В.И.Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше.

     Бұл тәжірибе алудың мақсаты студенттердің  информатика, программалау технологиялары, компьютерлік графика пәндерінен алған білімдерін ары қарай жалғастыру, жоғары курстарда оқытылатын пәндер туралы алғашқы түсінік беру, сонымен қатар студентті таңдаған мамандығының ерекшелігімен таныстыру және ол туралы түсінігін тереңдету болып табылады.

     Бұл есеп беру құжаты бес бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды  және пайдаланған оқулықтар тізімі. Негізгі бөлімде студенттің тәжірибе алу барысында Delphi, MathCad, Maple орталары мен желілер туралы алған білімдері  толығымен сипатталады.

           Delphi программалау тілінің түп  негізі – Pascal. Бұл тілді құрылымдық  программалауды оқып-үйрену үшін  арнайы ағылшын профессоры С.Вирт  жасаған. Delphi – бұл Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеуге арналған программалауды жетілдіру ортасы. Delphi ортасындағы программалар объектілі-бағдарлангған программаларды қолдана отырып, визуалды жобалау жаңа технологиялар негізінде құрылды.

         Delphi – бұл бірнеше маңызды  технологиялардың амалы болып  табылады:

    • машина кодының жоғары өнімді компиляторы;
    • компоненттердің объектілі-бағытталған моделі;
    • программалық  түп тұлғалардан қосымшаларды визуалды құру;

деректер  базасын құруға арналған кең көлемденетін құралдар.

          Delphi-ге қондырылған компилятор  «клиент -сервер» архитектурасында қосымшаны құру үшін қажетті жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді және де компилятор компиляторға ұқсамайды, Delphi-де компиляция өз машиналық  кодына тікелей өндіріледі, сол мезгілде р-код аталынатынға программаны айналдыратын, сонан соң виртуалды р-машинаға түсіндірілетін компиляторлар болады. Бұл дайын қосымшаның шын мәнісінде жылдам әрекет етуіне әсер етпей қоймайды.

      Windows-тағы оқиғалық модель түсіну  және түзету үшін әрқашан күрделі  болатын. Delphi объектілі-бағытталған  программалаудың және оқиғалар бойынша басқаруы бар программалаудың әдістері мен тәсілдерін игеруді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

         Windows ортасында дәстүрлі түрде  интерфейсті жүзеге асыру өте  күрделі. Бірақ дәл осы Delphi –дегі интерфейстің өңделуі   қазіргі кезде өте қарапайым болып табылады.

      Delphi- көп сатылы оқытуды жүзеге  асыратын көп мүмкіндікті жүйе. Delphi-ді бірнеше сатыда оқып  қолдануға болады:

  • программалаусыз көрсеткіштік объектілермен жұмыс;
  • күрделі программа жазып, жүйенің дайын саймандарын қолдану;
  • Паскаль тілінде өз саймандарын құрып, оларды стандартты ретінде Delphi-дің саймандар палитрасына қосу;
  • Практикада пайдалы аяқталған Windows-қосымшаларды өңдеу.

         Delphi-дің негізгі  құрамды бөліктері  мыналар:

    • Пішіндер дизайнері (Form Designer);
    • Бастапқы текст редакторының терезесі (Editor Windows);
    • Компоненттер палитрасы (Component Palette);
    • Объектілер инспекторы (Object Inspector);
    • Анықтама (On-line Help).

    Delphi ортасының жалпы интерфейсі төрт  негізгі терезеден тұрады.

     Delphi-де пішіндер дизайнері мен бастапқы текст редакторының терезесі аралығында ауысып, көп уақытын өткізіп алады.

       Delphi-дегі пішіндер дизайнері кең  түсінікті және пайдаланылғында  қарапайым. пішіндер дизайнері  алғашқыда бір бос терезеден  тұрады, сонан соң компоненттер  палитрасынан таңдап алынған алуан түрлі объектілермен толтыруға болады.

       Пішіндер дизайнерінің барлық  маңыздылығына қарамастан, негізгі  уақытты өткізетін жері редактор  болып табылады. Логика программаның  қозғаушы күші болып келеді  және редактор оны кодтаушы  орыны болады.

        Пішіндер дизайнерінің сол жағында  объектілер инспекторы орналасқан. Объектілер инспекторындағы ақпарат  формада таңдап алынған объектіге  байланысты өзгереді. Маңыздысы,  әрбір компопнент нағыз объет  болаып табылады және оның  түрі мен тәртібін обьектілер инспекторының көмегімен өзгертуге болады.

         Объектілер инспекторы екі беттен  тұрады, оның әрқайсысын берілген  комоненттің тәртібін анықтау  үшін пайдалануға болады.

        Бірінші беті- бұл қасиеттер тізімі, екіншісі- оқиғалар тізімі. Егер де белгілі бір компонентпен байланысты бір нәрсе өзгерту қажет болса, әдетте оны объектілер инспекторында жасауға болады. Мысалы, Caption, Left, Top, Height, және Width қасиеттерін өзгерте отырып, Tlabel компонентінің аты мен көлемін өзгерте аласыз.

Информация о работе Delphi тіліндегі бағдарламалардың құрылымы