Электрлік торап

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 15:19, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлттық мәдениет – халықтың ежелден жалғасып келе жатқан өзіне тән өнері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы есебінде қалыптасып, жетіліп отырады. Рухани-мәдени мұраларымызды танып-білуде дәрменсіздік көрсету – қоғамымызда мәдени сабақтастық пен тұтастықтың әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Сол себепті, жастардың бойына ата-бабаларымыздан жеткен тарихи-мәдени мұраларға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу қажет.

Работа состоит из  1 файл

hamitova.doc

— 364.50 Кб (Скачать документ)

   1938 ж. бастап ғалым КСРО Ғылым  академиясының  Қазақ филиалында, кейін Қазақ КСР ҒА болып құрылған филиал жүйесінде үздіксіз қызмет атқарады. Ә.Х. Марғұланның Орталық Қазақстаннан қола дәуіріндегі қуатты мәдениет ошағын ашуы – әлемдік археологияның зор жетістіктерінің бірі болды. Ә. Марғұланның 1960 ж. қола, темір дәуірі ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізіп, жаңалықтар ашып, тұтас концепциялар енгізуі – ғалымның тарих үшін істеген ерен еңбектерінің санатынан бекем орын алады [3, 46-б.]. Ғалым 3000–3500 ж. бұрын қазіргі Қазақстан жерінде бай металл кен орны, төл мәдениеті бар мәдени орталық болғанын дәлелдеді [20]. Ғылымның көкейтесті мәселелеріне берілген, оның шешімінен өмірдің мән-мағынасын көре білген және жан-жақты білімділік, жоғары адамгершілік, сабырлылық, керек болған шақта іске өзін пида ету сияқты тамаша адамгершілік қасиеттерге ие Ә. Марғұлан студенттік шағынан танымал Ресей ғалымдарымен Қазақстан этнографиялық экспедицияларына қатысып, Ресей кітапхана қорлары мен мұрағаттарынан қазақ тарихына байланысты дерек жинаудан бастап, бүкіл саналы өмірін туған халқының тарихын, әдебиетін, өнерін, мәдениетін зерттеуге арнағанын көреміз [20, 13-б.]. Ә.Х. Марғұланның өмірі мен халқына жасаған қызметінің негізгі түйіні ғалымның тар жол тайғақ кешіп жүріп, халқымыздың үзіліп бара жатқан қорын жалғап, халқын терезесі тең халықтар дәрежесіне жеткізуге зор үлес қосуы деп танимыз.

   Бөлімнің «Қазақ тарихын, мәдениетін зерттеудегі ғылыми еңбектері» атты 2-бөлімшесінде Ә.Х. Марғұланның 1957–1976 жылдарға дейін Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімін басқара отырып, Қазақстанда этнография ғылымының дамуына зор ықпал жасағаны баяндалады. «Еңбекші қазақ» газетінде жарық көрген «Адайда» және «Наймандар» атты алғашқы ғылыми  мақалаларының өзі осы ғылымға қосылған үлес болды. «Кеңестік дәуірдің 50 жыл ішіндегі Қазақстандағы этнографиялық зерттеулер» атты мақаласында Ә. Марғұлан Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ этнографиясына арналған еңбектердің деңгейінің төмен болу себептерін айқындаған [14]. Этнографтардың ұжымдық «Культура и быт казахского колхозного аула» атты монографиясы (1967) (жауапты редакторы Ә.Х. Марғұлан) сол кездегі ауылдың тұрмысы мен мәдениетін зерттеуге арналған.

   Ә.Х. Марғұланның редакциялауымен және оның тікелей қатысуымен М.К. Қадырбаев, К.А. Акишев, А.М. Оразбаевтармен біріге жазылған «Древняя культура Центрального Казахстана» монографиялық еңбек [21] Орталық Қазақстанның көне мәдениетін талдауға арналды. Ә.Х. Марғұланның этноархеологиялық бағыттағы үлкен қызметінің бір қорытындысы «Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана» атты монографиясы [17] болды. Мұнда Ә. Марғұлан 1947 ж. бастап экспедициялар материалдарын талдаған. Қазіргі күнде Ә. Марғұланның ғылыми еңбектерінің арқасында сақтар мәдениеті андрон мәдениетінің заңды жалғасы екендігі толық дәлелденсе, бұл екі мәдениеттің арасында беғазы-дәндібай мәдениетінің дәнекерлік рөл атқаратындығы ғылыми тұрғыда анықталды. Кең ауқымды энциклопедист ғалым Ә.Х. Марғұланның Қазақстандағы этноархеология бағытының нағыз негізін салушы екенін мойындау керек. Ғалым Қазақстанды зерттеу барысында археологиялық қазба жұмыстарымен қатар, қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерін түсіне отырып, этнографиялық материалды қатар жинап бірімен-бірін байланыстыра анализден өткізді. Марғұланның 1950 ж. жарық көрген «Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана» атты монографиясында қазақ халқы таза көшпенді халық болмағаны, қазақта отырықшылық дәстүрдің ертеден келе жатқаны археологиялық, этнографиялық және сәулеткерлік материалдар негізінде көрсетілді. Ә. Марғұлан қазақ жерінде мал шаруашылығы, егіншілік, сауда, темір қорыту, қолөнері  кәсіпкерлігі дамығанын, көне қалалардың болғанын, сәулеткерлік өнердің қаншалықты дамығандығын археологиялық, этнографиялық, фольклорлық материалдар негізінде дәлелдеді. Ә.Х. Марғұлан Қазақстанның мәдениет тарихын зерттеу мәселесінде 1959 ж. Т. Бәсенов, М. Меңдіқұловпен бірлесе жазған «Қазақстан  архитектурасы Архитектура Казахстана» монографиясының маңызы зор. Сәулет өнердің өзіндік үлгілері – ұрпаққа мақтаныш боларлық ұлттық мұралар, қыпшақ заманынан келе жатқан көне архитектуралық ескерткіш күмбездер туралы Марғұлан еңбектерінен оқып білеміз. Ә.Х. Марғұлан сонымен қатар сол күмбездерді салған тамаша сәулеткер, қолөнер шеберлері туралы да көп жазды.

   Ә.Х. Марғұлан тұрақты қоныс жайлар мәселесімен  арнайы айналыспаса да, өзінің археологиялық зерттеулері  негізінде көне дәуірдің архитектуралық құрылысының тарихы жайлы жазған еңбектерінде тұрақты қоныс-жайлар туралы сөз етіп, ғылыми дәлелдер келтіргенде, халқымыздың дәстүрлі тұрғын үй жайларын салыстырып отырған [22]. Ғұлама ғалым, әсіресе, мерзім жағынан тым алшақ жатқан екі дәуірде (б.з.д. II–I мыңжылдық – б.з.д. XV–XIX ғғ.) өмір сүрген Қазақстан тұрғындарының арасындағы тұрғын-жай салудағы ұқсастықтың болғанын көрсетті.

    Ғалым үш томдық «Казахское народное прикладное искусство» атты еңбекте көне мен жаңаны сабақтастыра отырып зерттеп, ғасырлар бойы халқымыз ұстанған асыл мұраларды тауып, болашақ ұрпақ игілігіне жарату мақсатында қолөнерінің бастау көздерін ашып, бір жүйеге салып берді.

   Ә. Марғұланның «Қазақ халқының эпикалық әңгімелері (миф, легенда, ертегі-жыр, аңызды әңгімелер) туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер» атты докторлық диссертациясы негізінде жазылған «Ежелгі жыр-аңыздар» атты еңбегінде, «Шоқан және «Манас» атты еңбегінде батырлар жыры тудырған ортаның мәдениетке қосқан үлесі мен көне дәуірдегі халықтардың аңыздары, ежелгі жырлардың ерлік бейнелері олардың тарихи негізі Манас жыры оның қай кезде шыққаны туралы қазақ пен қырғыздың қария сөздері, сонымен қатар тың зерттеулер ежелгі ғұн, сақ, түрік, оғыз, қыпшақ замандарында туып бізге дейін жеткен әдеби үлгілері  сөз етіледі.

   Ұлттың  мәдениет тарихының маңызды түрі – жазу мәдениеті болса, Ә. Марғұланның қазақ халқының жазу мәдениеті тарихына арнаған еңбектері ғалымның бұл күрделі мәселеге ерекше көңіл бөлгенін көрсетеді [5].

   Ә. Марғұланның Ленинград қаласының барлық мұрағаттарында, Шығыстану институтының кітапханасының қолжазба бөлімінде, Томск, Қазан, Омбы қалаларының мұрағаттарында көп зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа дерек көздерін ашқанын  ерекше атап өту қажет. Ә. Марғұланның басқаруымен Шоқанның таңдамалысы, Шоқан мұрасын көп жылдар бойы зерттеудің заңды жалғасы ретінде «Шоқан және «Манас» [23] атты монографиясы жарық көрді. Ал, 19571967 жж. Ә. Марғұланның басшылығымен Ш. Уәлихановтың бес томдық академиялық жинағы жарияланды.

   Ә.Х. Марғұланның үш жүзден аса ғылыми зерттеу еңбектерін тек қана шолып  айтудың өзі мүмкін емес. Бұл еңбектер отанымыздың басқа да ұлы зиялыларының жетістіктерімен бірге дүние  жүзінің мәдениет қазынасында қазақ  халқының өзіне тән мәдениетін әлемнің өркениет қырынан көрсете алады.

   Марғұланның өзінен кейін қалдырған бай мұрасы қазіргі ғылымдағы, қоғамдағы болып  жатқан іргелі өзгерістермен үндес, болашақта да маңызын жоғалтпайтын халқымыздың рухани байлығына жатады.

   «Ә.Х. Марғұлан еңбектерінің Қазақстан музей ісіндегі маңызы  (этномәдени бағыттары)» деп аталатын 2-ші бөлімнің 1-ші бөлімшесінде «Ә.Х. Марғұланның этноархеологиялық, архитектуралық зерттеулерінің республика музейлерінен көрініс табуы» баяндалады. Академик Ә.Х. Марғұланның Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын зерделеп, зерттеуге арналған этноархеологиялық, архитектуралық зерттеулерінің Қазақстан музей ісін дамытудағы және бабаларымыздан мұра болып жеткен мәдени құндылықтарымызды толық тануда алар орны  ерекше.

   Ә.Х. Марғұлан басқарған экспедиция мүшелері мыңдаған этноархеология-лық ескерткіштерді тауып, зерттеп, жүздеген мұраларды ашты. Ғалымның қатысуымен өткен Орталық Қазақстанды зерттеген археологиялық экспедиция ең абыройлы экспедиция болғаны белгілі [6, 56-б.]. Осы экспедиция барысында  көп зерттелген мәселе – қола дәуірінің мәдениеті еді. Анықталып, зерттелген ескерткіштер арасында осы күні республика көлеміндегі барлық музейлер экспозицияларынан көрініс тапқан неолит және энеолит дәуірінің қонысы да, андроновтық және беғазы-дәндібай мәдениеттерінің елді мекені мен молалары да, б.з.д. VII–I ғғ. көмілген мүліктер де, б.з. V–VIII ғ. қорғандар да, жартастағы жазбалар мен тас мүсіндер де, ежелгі керуен жолдары да, басқа да көптеген мұралар бар. Ә.Х. Марғұлан  негіздеген палеолит адамының тұрғын үйлері – күркесі Қарағанды облыстық, Балқаш қалалық тарихи-өлкетану, ҚР Орталық Мемлекеттік музейлері археология залдары экспозицияларынан орын алған. Ғалым зерттеген қола дәуіріндегі мыс балқыту кешендері де ҚР Орталық Мемлекеттік музейінде Атасу тұрағы негізінде көрсетілген. Қола дәуіріне адамдар тас сынықтарын өңдеп, олардан бүгінгі Республика көлеміндегі барлық музей экспозицияларынан орын  алған түрлі тас құралдарды жасап, тастың қасиетін жақсы меңгерді. Металл құралдардың шығуымен ғана адамдар тасты жақсылап өңдеуді жүзеге асырып, оны өндіріс үстінде бірте-бірте өрістетуге мүмкіндік алды. Бұған дәлел адам мен хайуанаттардың тас мүсіндері, тастағы суреттер мен жазулар. Құрылыс ісінде қолданылған металл құрал-саймандар Қазақстанның түрлі аймақтарындағы барлық музейлерінде сақтаулы. Ғалымның жазуында, архитектура тарихында қорғандардың негізгі 4 түрінің үлкен маңызы болса, музейлердің Қазақстан археологиясына арналған залдары экспозицияларынан «мұртты қорғандарға» жататын «Көрпетай» комплексін жиі кездестіруге болады.

   Ә.Х. Марғұланның «Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана», К.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, А.М. Оразбаевтармен бірге  жазған «Древняя культура Центрального Казахстана» атты еңбектерінде кеңінен көрсетілген мемориалдық, табынуға арналған құрылыстар – мегалиттік құрылыстың типтері, дольмендер, меңгірлер, сынтастар, цисталар, жалпақтас қоршаулар, «мықтың үйінің» суреттері және тас мүсіндер еліміздің көптеген музей залдарынан көрініс тапқан.

   Ә.Х. Марғұлан зерттеген бегазы-дәндібай мәдениеті – қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.д. IX–VIII ғ.) Қазақстан жерінде өркендеген мәдениет түрлері тоғысқанын көреміз. Марғұланның пайымдауынша, қола дәуіріндегі өнердің жоғарғы сатысына жеткен шеберліктің әсем түрі көзе шеберлігі, яғни, балшықтан жасалған кесе, құмыра, сауыттар. Ал, Атасу тұрағынан көптеген қож, балқытылған мыс  кесектері, от бақыраш, тастан жасалған кен уатқыш құрал-саймандардың, қалыптардың табылуы, кен қорыту ісінің дамуын көрсетеді [24]. ҚР Орталық мемлекеттік музейінде археология залына экспозицияға қойылған 1947 жылғы Ә.Х. Марғұлан экспедициялары материалдары осының дәлелі.

   Археологиялық қазба жұмыстарымен қатар Ә. Марғұлан сәулет өнері  мен өнер тарихын терең зерттеді. Байырғы шеберлердің ісмерлігін көрсететін сәулет өнері түрінің бір айғағы – тас мүсіндерді де зерттеді. Ғалымның Шығармалар жинағының «Петроглифы Сарыарки» атты 3-ші томы мен «Каменные изваяния Улытау» атты 4-ші томдарына кірген тастағы жазулар мен суреттер республика музейлері экспозицияларынан кең орын алған. Тас мүсіндермен байланысты естелік құрылыстың бір тобы «дың»,  «үйтас» – қай жерде тас мүсін көп болса, сол жерде дың, діңгек, үйтас та жиі кездеседі. Аякөз бойындағы Қозы Көрпеш–Баян сұлу шошақ кешені дың, діңгектердің бір түрі. Бұл жерде ғалымның Қазақстандағы архитектуралық ескерткіштерді мақсатты түрде зерттегенін ерекше айтамыз. Бірінші кезеңде, Сарыарқа өңірі – исламға дейінгі ерте ортағасырлық (Домбауыл), ортағасырлық (Жошы-хан, Алаша-хан, Аяққамыр т.б.) ескерткіштерінен бастап, XVIII–XIX ғғ. қазақ сәулетшілері тұрғызған (Асанқожа, Дүзен, күмбездері) ескерткіштер  республика көлемінде макет, фотосурет, суреттеме түрінде көптеген музейлер экспозицияларынан орын алған. Бұл ескерткіштердің көпшілігі Ә.Х. Марғұланның өзі зерттеген немесе ғалымның басшылық етуімен зерттелген ескерткіштер.

      Ә. Марғұлан зерттеген Қорқыт  өмірімен байланысты айтылатын  тарихи хикаяның бағалысы Жанкент  қаласы туралы аңыздар. Жанкент  қаласына байланысты өзгеше нәрсенің  бірі – сол ескі дәуірлерде  әдемі заттар жасайтын шеберхана орнының табаны еді. Жанкенттен табылған мыстан, күмістен жасалған XIII–XIV ғғ. теңгеліктер ҚР Орталық Мемлекеттік музейі, Қожа Ахмет Иассауий кесенесі музей қорларынан орын алған.

     Ә. Марғұлан жазуында, Қазақстанда күрделі цивилизация, тас мүсіндер, эпиграфиялық жазулар, тас-тұнжырлар, таулы жер мен өзен бойын сұлулыққа бөлеген сәулетті күмбездер, тас сарайлар, шулы қалалар болған. Бірақ олар бірде көркейіп, бірде түрлі себептермен жойылып отырған. Қорыта келсек, республика музейлерінің археология, этноархеология, архитектура залдары экспозицияларын ғылыми негізде құруда Ә.Х. Марғұлан еңбектерінің біріншіден, археологиялық экспедицияларда жасалған фотосуреттерді музей экспозицияларын құруда пайдалану және Ә. Марғұлан еңбектері бойынша реконструкция жасау, яғни тарихнамалық, дереккөздік маңызын көреміз; екіншіден, қазба жұмыстары нәтижесінде табылған заттық деректерді музей экспозицияларында тікелей экспонат ретінде көрсету секілді екі жақты маңызы көрсетіледі.

   «Ә.Х. Марғұлан еңбектеріндегі этнографиялық зерттеулердің республика музейлерінен көрініс табуы» атты бұл тараудың 2-ші бөлімшесінде академик Ә.Х. Марғұланның ғылыми мұрасының республика музейлерінің этнография залдары экспозицияларын құрудағы рөлі мен маңызы қарастырылған. Қазақстан музейлері үшін Ә.Х. Марғұланның халықтың өнер тарихы туралы қалдырған еңбектері ерекше орын алады. Олардың қатарында «Қазақстан тайпаларының VІ–ХІІ ғасырларда жасаған мәдениеті», «Қазақ халқының ХІІІ–ХVІІ ғасырдағы мәдениеті», «Казахское народное прикладное искусство», «Казахская юрта и ее убранство» т.б. еңбектері. Республика музейлерінің этнография залдарынан Ә.Х. Марғұланның еңбектерінде берілген қазақтардың мәдениеті мен тұрмысына байланысты фотосуреттер жиі кездеседі.

   VIII антропология және этнография  ғылымдарының дүниежүзілік конгресі қарсаңында шыққан «Казахская юрта и ее убранство» атты еңбегінде көшпенді халықтардың сәулеткерлікпен қолөнерін құрайтын ғажайып туынды киіз үй – дала ойшылдары мен тұрғындарының дүниетанымы мен тапқырлық шешімі екендігін Ә.Х. Марғұлан бүкіл дүниеге таныстырып, киіз үйді көшпелілер даналығы дүниеге әкелген өнер туындысы ретінде сипаттайды. Шындығында, ғалымның бұл шағын еңбегі қазақ этнография ғылымында алғашқы бастама болып, киіз үй тақырыбын дамытуға, кейін, киіз үйдің Қазақстанның барлық музейлерінде, туризм ісінде, жалпы мәдениетте кең көрініс табуына әсер етті.

   Халықтың  тарихы, мәдениеті, дүниетанымы, сондай-ақ саяси-әлеуметтік құрылымы, ондағы тіршілік ағымы біртұтас дүние екенін терең  түсінген Ә. Марғұлан оның қолөнерін  зерттегенде осы тұтастықты негізге алған. Қазақ қолөнерінің дамуы мен қалыптасуы, экономикалық құрылымы, шикізат байлығы, сауда-саттық, мәдени-этникалық байланыстары, табиғи орта мен ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық, тұрмыстық, шаруашылық ерекшеліктерін жан-жақты қарастырған. Ә. Марғұлан қолөнердің түрлі үлгілерін, өзі жинастырған, сондай-ақ Ресей және Қазақстан музейлері қорында сақталған материалдарды жүйеге келтіріп, суреттеген. Қазақы киімді – көненің көзі, ескерткіш ретінде болашаққа жеткізу қажеттігін терең түсінген ғалым осы тақырыптағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлген. Ә.Х. Марғұлан зерттеулерінде ерекше көңіл бөлген сымбат өнерінің бір түрі – ғұндардың ою-өрнектері, оның қазақ халқының өрнегінде сақталған түрі. «Барлық мәдени құндылықтардың ішінде ең жақсы сақталғандары халықтық эпос және ою-өрнек, ал сәулет өнері ескерткіштері, тас мүсіндер секілді басқа да көне ескерткіштер  із-түзсіз жоғалды немесе  бізге олардың тек сынықтары және қорғандар мен мұнаралардың қираған орындары ғана жетті» – деп жазды ғалым [25, 75-б.]. Бұл ою-өрнектер өткенді елестету құралы емес, сол дәуірдің  тілі болып табылады. Сондықтан да біз сол ою өрнектерден  ертедегі образдарды көре отырып бүгінгі күнді де тани білуіміз керек.

Информация о работе Электрлік торап