Операциялық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 17:37, курсовая работа

Описание

Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux,Mac OS (Darwin) және Unix.
Операциялық жүйенің айырмашылықтарының бірі:
Бірнеше бағдарламаны бір уақытта жегуге мүмкін етеді;
Бағдарлама жазуды оңайлатады, себебі бағдарламаның жабдықтарды басқару қажеті пайда болмайды. Бұкіл жабдық пен бағдарламалардың өзара әрекеттесуін Операциялық жүйе басқарады. Бұған қоса бағдарламаға жабдық пен басқа бағдарламалармен әрекеттесуге жоғары деңгейлітілдесуді қамтамасыз етеді.

Содержание

I. КІРІСПЕ.......................................................................................................................................
II. Негізгі бөлім.
2.1. Техника қауіпсіздік ережелері....................................................................................................
2.2. Сервистік және қолданбалы программамен жұмыс..................................................................
2.3. MS DOS операциялық жүйесінде файлдармен және каталогтармен жұмыс.......................
2.4. Операциялық жүйе қателерімен жұмыс..................................................................................
2.5. BIOS базалық жүйесінің қателерімен жұмыс........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................................

Работа состоит из  1 файл

ОЖ практика.docx

— 51.17 Кб (Скачать документ)

М А З  М Ұ Н Ы

 

I. КІРІСПЕ.......................................................................................................................................

II. Негізгі бөлім.

2.1. Техника қауіпсіздік ережелері....................................................................................................

2.2. Сервистік және қолданбалы программамен жұмыс..................................................................

2.3. MS DOS операциялық жүйесінде файлдармен және каталогтармен жұмыс.......................

2.4. Операциялық жүйе қателерімен жұмыс..................................................................................

2.5. BIOS базалық жүйесінің қателерімен жұмыс........................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Осы заманғы жалпы тапсырмаларды  атқаруға арналған компьютерлер, соның  ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux,Mac OS (Darwin) және Unix.

Операциялық жүйенің айырмашылықтарының бірі:

  1. Бірнеше бағдарламаны бір уақытта жегуге мүмкін етеді;
  2. Бағдарлама жазуды оңайлатады, себебі бағдарламаның жабдықтарды басқару қажеті пайда болмайды. Бұкіл жабдық пен бағдарламалардың өзара әрекеттесуін Операциялық жүйе басқарады. Бұған қоса бағдарламаға жабдық пен басқа бағдарламалармен әрекеттесуге жоғары деңгейлітілдесуді қамтамасыз етеді.

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды.

Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар  — тұрақты сақтауыш құрылғыға  барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің  тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей,MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Техника қауіпсіздік ережелері

 

Қауіпсіздік техникасының ережелері

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

1) жалпы;

2) ДК-де  жұмысты бастау алдында;

3) жұмыс істеу  кезінде;

4) авариялық  жағдайларда жағдайлардағы;

5) жұмысты  аяқтағанда.

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге  тыйым салынады;
  • Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды;
  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды;
  • Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды;
  • Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады;
  • Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды;
  • Үстелде  тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс;
  • Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды;
  • Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Дербес компьютерде  жұмыс істеуді бастау алдында  қойылатын  қауіпсіздік талаптары:

  • ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек;
  • Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек;
  • Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек;

Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік  талаптары:

  • ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см;
  • Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ;
  • Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай  көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек;
  • Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек;
  • Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.

Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:

  • ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар  пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға  хабарлау керек;
  • Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек;
  • Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек;
  • Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек; Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады;
  • Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:

  • Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек;
  • Жұмыс орнын ретке келтіру керек;
  • Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек.

 

2.2. Сервистік және қолданбалы  программамен жұмыс

 

Программа — магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жуктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нүсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі .

Алдын ала келісім нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды.

Үнсіз келісім егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да вариантгары болғанда) тағайындайды.

Интерфейс - программалық жабдық пен.жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.

Программалық  жасақтама - информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементгер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.

ЭЕМ программалары  екі топқа бөлінеді, олар:

1)  жүйелі программалық жасақтама;

2)  қолданбалы (кәделі) программалық жасақтама.

Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жүмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады.

Жүйелі программалық жасақты бірнеше топқа жіктеуге болады:

1)  операциялық  жүйелер;

2)  утилиттер;

3)  сервистік  программалар.

Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге

 МЗ (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады,

Дербес компьютерлерлерге  арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой .

WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді.

Көптеген  ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілікМЗ DОS операциялық жүйесі мен көп  терезелі  WINDOWS графикалық операциялық  жүйесін пайдаланады.

Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды  жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара  байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бүл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.

Сервистік программалар — әрбір адамның  операциялық жүйемен жұмыс істеуін  жеңілдететін программалар тобы.

Қолданбалы  программалар арқылы біздер өз есептерді  шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатгы мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мөселелерге арналған жоне жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

Қолданбалы (кәделі) программалық жасақтама - белгілі бір мамандық салалсында нақты есептер шығара алатын программадар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Белгілі бір мақсатга пайдаланылатын программалық жасақтама әр адамның нақты есептерін шыгаруга арналган, сондықтан оны пайдалану аймаіы да шектеулі. Мүндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оньң талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.

Дербес  компьютерлердің кең тарауьша басты  себеп болған олардың алдын ала  дайындалған әмбебап программалық жасақтарың кең таралуы еді, бүл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өндеуді түгел қамти алатын болды.

Әртүрлі информацияларды өндеуге мүмкіндік  беретін әмбебап программалык; жасақтың негізгі түрлері мыналар:

-   мәтін редакторлары;

-  графикалық редакторлар;

-  электрондык,  кестелер;

-  оқыту  жоне ойнау программалары; информациялық  жүйелер және т.б.

Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редакторы деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жүмыс істейтін адамдар әртүрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсатгарға пайдаланса, басқа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек.

Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақьттында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуга, бірнеше алфавитті (латьш, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді.

Қолданбалы  бағдарлама (Windows ортасындағы) (Приложения Windows; Windows application) — Windows операциялық жүйесі негізінде жұмыс атқаратын қолданбалы бағдарлама. Мұндағы графикалық интерфейстің ұйымдастыру ережелері, мәзір жүйесінің, диалогтық терезелерінің пішімдері Windows қолданбалы бағдарламаларының барлығына бірдей (мәзірдің көрінісі және орналасуы, тінтуірді және пернелерді пайдалану ережелері және т.б.) болады.

Қолданбалы  программалық жасақтама - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына:

-   жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

-   мәселелік бағытталған ҚПЖ;

-   интегралданған ҚПЖ

кіреді.

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

Информация о работе Операциялық жүйе