Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 17:37, курсовая работа
Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux,Mac OS (Darwin) және Unix.
Операциялық жүйенің айырмашылықтарының бірі:
Бірнеше бағдарламаны бір уақытта жегуге мүмкін етеді;
Бағдарлама жазуды оңайлатады, себебі бағдарламаның жабдықтарды басқару қажеті пайда болмайды. Бұкіл жабдық пен бағдарламалардың өзара әрекеттесуін Операциялық жүйе басқарады. Бұған қоса бағдарламаға жабдық пен басқа бағдарламалармен әрекеттесуге жоғары деңгейлітілдесуді қамтамасыз етеді.
I. КІРІСПЕ.......................................................................................................................................
II. Негізгі бөлім.
2.1. Техника қауіпсіздік ережелері....................................................................................................
2.2. Сервистік және қолданбалы программамен жұмыс..................................................................
2.3. MS DOS операциялық жүйесінде файлдармен және каталогтармен жұмыс.......................
2.4. Операциялық жүйе қателерімен жұмыс..................................................................................
2.5. BIOS базалық жүйесінің қателерімен жұмыс........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................................
- мәтіндік редакторлар мен процессорлар;
- графикалық редакторлар;
- электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;
- мәліметтер қорын басқару жүйелері;
- электрондық презентациялар және т.с.с.
Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар - белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:
- жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);
- таңбаларды айыру жүйелері;
- статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;
- ғылыми зерттеулер жүйелері
және т.с.с. жатады.
Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратындестелер (Lotus Works, Microsoft Office және т.б.)
Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары
Компьютерде пайдаланушының жұмысы көбнесе әртүрлі мәтіндік ақпараттарды өңдеумен байланысты. Мәтіндік ақпараттарды еңдеудің негізгі ұғымдары, міндеттері, әдістері мен құралдарына қысқаша шолу жүргізейік. Мәтіндік құжаттарды өңдеудің келесі негізгі қадамдарын атауға болады:
- мәтінді енгізу;
- редакциялау (соның ішінде пішімдеу түрлері);
- құжатты сақтау;
- жариялау;
- құрылған құжатты іздеу және ашу;
- аудару.
Мәтінді енгізу. Мәтінді енгізуді пернетақтаның көмегімен, қағаздағы құжатты электрондық пішімге аударумен, дауыс арқылы, қолмен жазу арқылы енгізуге болады.
Редакциялау - терілген мәтінде өзгерту және шрифт, абзац пішімдерін орнату арқылы қажетті түрге келтеру.
Құжатты сақтау – мәтіндік құжатты дайындаудың маңызды қадамдарының бірі. Сақтауда мәтіндік құжаттың сақталу пішіміне көңіл аудару керек. Жиі қолданылатын пішімдерге –ASCII, RTF, DOC, HTML пішімдері жатады.
ASCII (American Standard Code for Information Interchange) - ең алғашқы және ең қарапайым ұйымдастырылатын пішім (әрбір әріпке бір байт сәйкес).
RTF (Rich Text Format) - әртүрлі мәтіндік процессорлар арасында құжаттар алмасу пішімі. Ең негізгі ерекшелігі - оның ішкі ұйымдастырылуы пішімдеулердің барлық элементтерін (шрифт өлшемі мен параметрлері, абзац параметрлері, т.с.с.) беруді қамтамасыз етеді.
DOC - бұл Microsoft Word мәтіндік процессорының ішкі пішімі (MS Word 2000 және MS Word 97 үйлесімді, ал одан көне нұсқалар үйлесімді емес).
HTML (Hypertext Markup Languange) - Интернетте Web-беттер құру үшін қажетті гипермәтінді белгілеудің әмбебап тілі. Word 2000 үшін doc сияқты ішкі пішімге жатады.
Мәтіндік құжатты жариялау. Құжатты құрып және сақтағаннан кейін оны жариялау мәселесі туады. Құжатты көрсету типтеріне байланысты жариялаудың үш түрі бар, олар:
- құжатты басу (қағазда немесе таспада қатты көшірме жасау);
- электрондық жариялау (электрондық поштаарқылы, тасуышта );
- Web-құжаттар арқылы (Интернетте жариялау).
Құрылған құжатты іздеу және ашу. Құрылған құжатпен жұмысты қайта іске қосу үшін оны тауып және ашу керек. Бұл операциялар оның Web-бет түрінде жарияланғаны немесе сәйкес файлдық жүйеде сақталғанына байланысты олардың нақты іздеу және ашу мүмкіндіктерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
Мәтіндік құжаттарды өңдеуде кездесетін негізгі ұғымдар:
- символ (таңба, әріп, цифра, т.с.с.). Әрбір символ шрифтімен, өлшемімен, кескін стилімен, түсімен анықталады;
- абзац - аяқталған ойды білдіретін текст фрагменті, компьютер үшін Enter түймешесінің екі басуы арасында орналасқан мәтін бөлігі.
- колонтитул - документтің әрбір бетінде қайталанатын элемент (жоғарғы немесе төменгі колонтитул).
Мәтіндік ақпаратты өңдейтін бағдарламалық құралдар. Мәтіндік құжаттардың күрделілігіне байланысты, олардың сапалық орындалу дәрежесіне байланысты текстік редакторлар, текстік процессорлар, үстелдік баспа жүйелерін анықтауға болады.
Текстік редакторлар – күрделі емес мәтіндік құжаттар дайындаудың негізгі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар.
Текстік процессорлар – кез келген күрделі мәтіндік құжаттар дайындаудың барлық күрделі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар (MS Word, TeX, LaTeX, т.б. ).
Баспалық жүйелер – мәтіндік және иллюстративтік мәліметтерді компьютерлік теру, басып шығару, термелеу қызметтеріне арналған аппараттық және программалық жабдықтардың кешені.
MS Word мәтіндік процессоры, оның мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіншіліктері. MS Word – Windows жүйесінде мәтіндік құжаттармен жұмыс істеудің қуатты процессоры. Қазіргі замандағы мәтіндік процессор пайдаланушыға төмендегідей қызметтерді тиімді орындауға мүмкіндік береді:
- мәтіндерді интерактивті режімде теру;
- мәтінді редактрлеу (түзетулер жасау, символдарды пішімдеу, абзацтарды пішімдеу, беттерді пішімдеу, құжатты пішімдеу, ендірілетін объектілерді пішімдеу);
- көп терезелілік режімді қолданып бірнеше мәтіндік құжатпен бір уақытта жұмыс істеу;
- мәтіндерді импортау (экспорттау мүмкіндіктері, басқа қолданбалы жабдықтармен қарым-қатынас жасау);
- арнайы таңбалармен жұмыс істеу (математикалық белгілер, формулалар редактрлері, индекстер, т.с.с.);
- грамматикалық тексеру жүргізу, жолдарды автоматты тасымалдау;
- ендірілетін объектілермен жұмыс істеу (графиктер, кестелер, кескіндер, суреттер, фигуралар, WordART колеккциялары, т.с.с.)
- электрондық поштамен жұмыс істеу;
2.3. MS DOS операциялық жүйесінде файлдармен және каталогтармен жұмыс
MS DOS операциялық жүйесі 1981 ж ІВМ дербес компьютерімен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын.
Қазіргі кезерде стандартты операциялық жүйе ретінде, Windows есептеледі, бірақ MS - DOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық пайдаланылады.
MS - DOS операциялық жүйесі дискеттің түпкі каталогында немесе С: дискісінде файлдар түрінде сақталады да, мынадай бөліктерден тұрады:
- BIOS модулі - компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді енгізу – шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тексеріп, мәліметті енгізу-шығаруға байланысты ОС-тің қарапайым және әмбебап қызметтерін орындайды:
-
Операциялық жүйенің
- IO.SYS сыртқы құрылғылармен (пернелік тақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик) информация алмасудың барлық операцияларын атқарады;
- MSDOS.SYS файлдар даярлауға мүмкіндік береді және ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі;
- COMMAND.COM – пайдаланушы жұмысы үшін тағайындалған командалық процессор. Ол ЭЕМ іске қосылған кезден бастап пайдаланушының талабы бойынша процессор орындайтын барлық резидентті немесе ішкі командаларды қамтамасыз етеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға сәйкес программалық файлды іздеп, егер табылса, оны жедел жадқа жүктеп, оған басқаруды береді. Программа жұмысы аяқталған соң командалық процессор оны жадтан жойып, экранға әрі қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін шақыру мәліметін (DOS шақыруы) шығарады.
DOS
– тың сыртқы немесе кірме
(транзитті) командалары –
операциялық жүйемен бірге
бөлек-бөлек модульдер
Құрылғылар драйвері - DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын арнайы программалар. Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен бірге жүктеледі де, олардың аттары CONFIG.SYS деген арнаулы файлда жазылады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық (құрамдық) файл CONFIG.SYS оқылып құрылғылар драйверлері де жедел жадқа орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND.COM файлы оқылады, ол басқару ісін атқарады. Бұл командалық процессор тағы бір командалық AUTOEXEC.BAT файлын іске қосып, оның ішіндегі командалар мен программаларды біртіндеп орындай бастайды.
Командалардың жіктелуі
MS - DOS –тың барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді. Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қосымша COMMAND.COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар - қарапайым және жиі колданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т.б. командалар жатады.
Транзитті кірме (сыртқы, жүктелінетін) командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командала жатады: FARMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т.б.
Каталогтармен жұмыс істейтін командалар:
Бұл топқа : DIR, CD, RD, MD командалары жатады.
1. DIR командасы – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. DIR командасын параметрсіз жай қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың мазмұнын шығарады.
Ішкі каталогтың мазмұнын қарау үшін DIR командасын және ішкі каталогтың атын жазсақ жеткілікті.
Параметр деп түпкі каталогты немесе кез келген деңгейдегі ішкі каталогты көрсететін маршрутты айтады.
Каталог мазмұнының тізімі үлкен болған жағдайда - информацияны парақтап экранға шығару үшін қосымша /Р параметрі қолданылады. Бұл жағдайда экран беті информацияға толған соң информацияны экранға беру тоқтайды, жалғастыру үшін кез келген пернені басу керек.
Информацияны экранға жинақты түрде шығару үшін /W параметрі қолданылады. Бұл жағдайда файлдардың аттары мен типі ғана шығады.
2. MD (Make Directory - каталог жасау) - ағымдағы кез келген каталог ішінен жаңа каталог ашу командасы, мысалы:
C:\md student – C дискісінің түпкі каталогынан STUDENT атты жаңа каталог ашу.
3. RD (Remowe Directory - каталогты жою) - ішінде файлдары жоқ бос каталогтар мен ішкі каталогтарды жою командасы, мысалы:
C:\STUDENT\ BASIC > rd tecno2 – STUDENT каталогтың ішіндегі екінші дәрежелі BASIC каталогын жою.
4. CD (Change Directory - каталог ауыстыру) – бір каталогтан екінші каталогқа өту командасы. Жоғары дәрежедегі каталогтарға өту мына параметрлер «..», «\» арқылы іске асады.
Файлдармен жұмыс істейтін командалар:
Бұл топқа COPY, REM, DELETE, TYPE, DATE, TIME және т.с.с. командалар жатады.
1.
COPY - файлдарды көшіру командасы.
Файлдарды көшіргенде файлдың
бұрынғы атын сақтап (егер
олар басқа каталогқа көшірілетін
Файл атауларында оларды топтап белгілеуге мүмкіндік беретін нұсқа (*және ?) таңбаларды пайдалануға рұқсат етілген, мысалы,
C:\> copy_a:\*.*_c:-A: дискісіндегі барлық файлдарда С: дискісіндегі жұмыс істеп тұрған ағымдағы каталогқа көшіру.
2. REN (RENAME) – файлдардың аттарын өзгерту командасы, параметрлері файлдардың ескі және жаңа аттары, мысалы,
C:\>ren_port.txt- dora.txt – PORT.TXT атты файлда DORA.TXT деген атқа ауыстыру.
3. DEL (DELETE) - ағымдағы немесе көрсетілген каталогтағы файлды немесе файлдар тобын жою командасы.
4. TYPE командасы - мәтінен тұратын файлдың ішкі мәтінін экранға шығару.
C:\>type_program.txt- PROGRAM.TXT файлының мазмұынын экранға шығару.
5. DATE командасы - үстіміздегі (ағымдағы) ай, күн және жыл мерзімін экранға шығару және оны өзгерту.
Қайтадан жаңа мерзімді енгізу үшін, пернелермен DATE_MM_DD_YY командаларын теру керек, мұндағы ММ-ай нөмірі (1-12), DD - күн саны (1-31), YY – жылы.
6. TIME командасы - ағымдағы уақытты экранға шығару және қайтадан өзгерту, бұл команда форматы алдынғыға – date командасына ұқсас.
7. РАТН (жол) командасы керекті файлдар автоматты түрде ізделетін каталогтар тізімін алдын ала көрсетуге арналған. MSDOS жүйесі қажет болған файлды ағымдағы каталогтан таба алмаса, осы команда параметрлері ретінде келтірілген каталогтарын іздейді. Бұл команда көбінесе компьютер іске қосылғанда бірден автоматты түрде орындалуға тиіс autoexec.bat файлында болады. Ол жиі қолданылатын қызмет жасау файлдары орналасқан каталогтарды көрсетеді, мысалы: