Ағылшын тілі сабағында электрондық құралдарды қолдану тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 11:22, курсовая работа

Описание

Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Ағылшын тілі сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор. Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттер, IQ-тесттерімен жұмыс істей алады. Бұндай жұмыстарды WWW (World Wide Web) сайтынан аламыз.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………
I бөлім. Теориялық бөлімі…………………………………………………...
Электрондық оқу құралдарының даму тарихы…………………………
1.2. Электрондық оқу құралдарының түрлері………………………………
II бөлім. Практикалық бөлімі..........................................................................
2.1. Интерактивті тақтаны қолдану тәжірбиесі.............................................
Қортындысы.....................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

Работа состоит из  1 файл

курсовая мируша.doc

— 172.00 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында электрондық құралдарды қолдану тәсілдері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………

I бөлім. Теориялық бөлімі…………………………………………………...

    1. Электрондық оқу құралдарының даму тарихы…………………………

1.2. Электрондық оқу құралдарының түрлері………………………………

II бөлім. Практикалық бөлімі..........................................................................

2.1. Интерактивті тақтаны  қолдану тәжірбиесі.............................................

Қортындысы.....................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:

 

Ақпараттық технологияны меңгерген педагогта интеллектуалдық, рухани  азаматтық  және  басқа да  көптеген  адами келбеті қалыптасады. Ақпараттық  технология  құралдарын  қолдау  адамзаттың  әртүрлі  сферасында, соның ішінде  білім  беру  саласында  көптеген  өзекті   маңыздылыққа  қол  жеткізіп  отырғаны  белгілі.

 Ағылшын тілді оқытуда  жаңа технологияларды, техникалық  құралдарды сабақта жан-жақты  қолдану, оқытушының көптеген  қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа  тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік  туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Ағылшын тілі сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор.  Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттер, IQ-тесттерімен жұмыс істей алады. Бұндай жұмыстарды WWW (World Wide Web) сайтынан аламыз.

  Интернеттің бізді мәтіндік, графикалық және дыбыстық ақпаратпен  қамтамасыз ете алуы, оның басты және маңызды ерекшелігі аутенттілігінде. Жаңа ақпараттық технологияда компьютер негізгі рөл атқарады. Бүгінде Интернет жүйесі арқылы білім алудың жаңа түрі – қашықтан оқыту пайда болды. Мұнда мультимедиа материалдары, электрондық оқулықтар, интерактивтік бейнеконференциялар арқылы білім алуға мүмкіндік бар. Интернет шет тілін үйренушіге көптеген мүмкіндіктер береді. Олар: ана тілі болып саналатын шет ел адамдарының тілдерін тыңдауға, олармен қарым-қатынасқа түсуге, керекті мәтіндермен жұмыс істеуге қол жеткізеді. Интернет арқылы оқушылар тілдік қарым-қатынасқа түсе алады. Сол сияқты, тілдік қорын дамыта алады. Осыдан жазу іскерлігімен дағдысын жоғары деңгейде қалыптастыра алады. Ақпараттық жүйе ретінде, Интернет өз қолданушыларын жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз етеді Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.

Зерттеудің  мақсаты: мектепте ағылшын тілін оқытудың электрондық құралдарды қолдану. құралдарын (ЭОҚ) жатқызуға Білім жүйесінің ақпараттануы жаңа оқу құралдарын жасауды талап етуде. Оларға электронды оқу болады. Көп жағдайда электронды оқулықты жауаптары бар сұрақтар жиынымен жабдықталған жай кітаптың көшірмесі түрінде елестетеді. Мұндай көзқарас қарапайым, дәл емес және қарастырылып отырған құбылыстың барлық ауқымын қамти алмайды. Ол компьютерлік оқу құралдарының оқушылардың когнитивті саласына потенциалды әсер ету мүмкіндіктерін толық бағаланбауымен байланысты.

  Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз ақпараттық қамтамасыз ету және білім беру сияқты интеллектуалды сфераларда сапалы түрде жаңа өнім, қызмет жасау үшін мультимедия және телекоммуникация құралдарын қолданып, ақпаратты сандық түрде алу, жинақтау , сақтау, іздеу, өңдеудің ауқымды ғылыми технологиялары. Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологиялар компьютер, компьютерлік оқу программаларын және ақпарат алмасу желісінің болуын қажет етеді. Осы компоненттер бірігіп оқушының өздік жұмысын және оның оқу материалымен жұмысын қадағалауды қамтамасыз етіп, ақпараттық-жабдықтық оқу ортасын құрайды.

Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану жөнінде  әртүрлі ойлар айтылуда. Біреулер оны мадақтаса, екіншісі мойындамайды. Бұл көзқарастар осы салыстырмалы түрде жаңа саладағы субъективті тәжірибенің шектілігімен түсіндіріледі. Осы сала бойынша объективті баға тек берілген тақырып жөнінде мәліметтердің үлкен көлемін саралаудан кейін ғана қойылуы мүмкін.

Зерттеудің  міндеті: ағылшын тілін оқыту процесінде  электрондық құралдарды қолдану тиімділігін көрсету,мектепте ағылшын тілін оқытуда электрондық құралдарды қолдану жолдары.

     XXI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп бекерге атамаған. Компьютер адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта әлеуметтік өмірдің барлық саласын жаппай ақпараттандыру үдерісі қолға алынуда. Елдің экономикалық жағдайы, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік, дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі оның ақпараттық технологиялық даму дәрежесіне байланысты болатыны белгілі. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды үдерісі жүріп жатыр. Жалпы білім сапасын жақсарту жолдары жасалып жатыр және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде. Дегенмен, оқыту үдерісінде компьютерлік технологиялардың қарқынды енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиялық оқулықтар мен оларды қолдану техникасы туралы әдістеменің болмауы себепті шет тілін үйрету процесінде компьютерлендіру жеткілікті дамымаған

Зерттеудің  обьектісі: Электрондық оқу құралдары және қолдану тәсілі.

Зерттеудің  пәні: ағылшын тілін оқыту процесін жетілдіруді қамтамасыз ететін  мультимедиялық технологиялардың  мүмкіндіктерін анықтау жолдары. Мультимедиялық оқыту программалары видео, текст және дыбысты үйлестіріп, білімді көрнекі көрсетудің барлық мүмкіндіктерін толық қолдануға жағдай жасайды. Оқу материалын визуализациялау ерекше маңызды, себебі қазіргі оқушыларға білу қажет ақпарат көлемі өсіп бара жатқан кезде компьютерді кең қолдану оқу процесінің тиімділігін оны көрнекі және алуан түрлі қылу арқылы арттыруға көмектеседі.

Мультимедиа - әртүрлі  типті ақпараттарды компьютердің ұсыну  мүмкіндігін дамытатын және адамның  мультисенсорлық табиғатына негізделген технология. 

     Мультимедиа - екі не онан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру.

     Мультимедиа - әртүрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары кешені.

     Шетел тілі сабағында білім беру траекторияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешудің айқындалған жолдардың бірі - интернет болып табылады. Интернет технологиясы жағдайында білім алудың дамуы, шетел тілін оқыту үдерісі мазмұнына да елеулі өзгерістер енгізді. Интернет мүмкіндіктерін тіл үйренуде пайдала білу, интернет арқылы құнды және ақпараттарды тиімді іздеп, таба білу аса маңызды. Сонымен қатар ғаламдық гипермәтінді ақпараттық жүйе (www), электронды кітапханалар, телеконференциялар, журналдардың электронды версиялары, виртуалды музейлер, электронды хабарландыру тақталары, электронды пошта жүйесінің шетел тілін үйренудегі ықпалы мен орны ерекше.

Курстық жұмыстың теориялық маңызы: электрондық оқу құралдарының дамуының тарихын зерттедім,осы тақырыпқа байланысты әдістемелік,әдебиетті зерттеп,ең маңызды мәселелерді шештім. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудио-хабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Ағылшын тілі сабақтарында өзеклігін көрсету мақсатында ашық сабақтар өткізеді. Бұл ашық сабақтар интерактивті тақтасыз өтпейді. Әр ашық сабақта мұғалімдер интерактивті тақтаның барлық мүмкіншіліктерін қолдануға тырысады. Тақтаның мүмкіншілігі мен мұғалімнің сабақ өту шеберлігі қосылып, өте сапалы, қызықты сабақтың куәсі боламыз.

Жалпы айтқанда интерактивті тақтаны мектепте қолдану  өте тиімді. Тақтаны оқу процесінде пайдалану нәтижесі төмендегідей деген  қорытындыға келдік: оқушыларға тақырып шеңберінде мәліметтер көлемі ұлғайды; оқушының пәнге қызығушылығы артады, дағды, зейін дамиды; дидактикалық материалдар қоры ұлғайды; өткен материалды қайталау мүмкіндігі туды; сурет, сызбалар дыбыстық әсерлер, қимыл анимациялары іске асырылды; сабақтан тыс жұмыстарда қолданылды; электрондық оқулықты, интернет желісін сабақта қолданды. Сабақ - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқу – оқушының пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Баланың қызығушылығы мен ынтасының жоғалуы дегеннің мұғалім үшін үлкен мәселе. Осы мәселені шешу үшін, мұндай мәселе болдырмау үшін   мұғалім бар күш - жігерін,  шеберлігін салып сабақ өтеді.

Диссертацияның  екінші тарауы «Интерактивті тақтаны  қолдану тәжірбиесі» деп аталады.

Оның бірінші  тарамшасында тәжірибелік жұмыстардың әдістемесі мен материалдарына сипатама берілген. Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу міндеті. Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді. Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, оларға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, олар не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай туғызу қажет.

Алайда, кез-келген жағдайда, соның ішінде интерактивті құралдарды пайдалану арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін сабақтың жоспарын, құрылымын, оқытудың мақсаты мен нәтижесін анықтау қажет. Интерактивті құралдарды қолданумен бірге сабақ құрылымы да өзгереді. Интерактивті құралдарды қолданатын сабақ сапасы, бірінші кезекте мұғалімнің өзіне, яғни интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін қалай қолданатынына тәуелді екенін ескертіп кеткен жөн. Интерактивті құралдарды пайдалану, кез-келген сабақты қызықты етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс-әрекетінің артуына ықпал етеді. Мысалы, мұғалімде ескертулер, тапсырмалар жазу мүмкіндігі бар, сонымен қатар, өткен материалға оқушылардың оны қаншалықты меңгергендігін бақылау үшін қайта келе алады. Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Тіл үйрену барысында  тақтаны қолдана отырып, педогогикалық қалыптасқан айтылым, жазылым, тыңдалым, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері оқушыларға видео мен ойын бағдарламаларын оқып үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сабақтағы жаңа тақырыпты түсіну тиімділігін қамтамасыз етеді.

Екінші тараудың екінші тарамшасында  интерактивті тақта арқылы оқушылардың тілге қызығушылығын   арттыру тәсілдері баяндалады.Тақтаның ерекшеліктері мен артықшылығын айта келе өз тәжірбиемде жеткен жетістіктерімді қоса кетейін. Бұл тәжірбие бірнеше тоқсан бойы жүргілді. Аптасына екі рет ағылшын тілі болатын 6«а» және 6«ә» сыныптарында өткіздім. Әр сыныпта 14 оқушыдан бар. 6«а» сыныбы мультимедиалық кабинетте орналасқан, яғни сынып бөлмесінде Smart Board тақтасы қондырылған. Сондықтан тоқсан бойы ағылшын тілі сабағы интерактивті тақтамен жүргізілді. Ал 6«ә» сыныбы жәй сынып бөлмесінде отырғандықтан, оларға ағылшын тілі сабағы қарапайым тақтамен жүргізілді.  Алтыншы сынып материалында жаңа сөздер көп беріледі. Сол жаңа сөздерді 6«а» сыныбында интерактивті тақтаға суреттер мен слайдтар енгізіп, сөздердің жазылуы мен оқылуын әртүрлі түспен ерекшелендіріп жазып қойдым. Оқушылар жаңа сөздерді слайдтар арқылы тез қабылдап, жаттап алды. Келесі сабақта сол сөздерді қайталау мақсатында сөз жұмбақ құрастырдым да оны интерактивті тақтаға енгіздім. Онда барлық тапсырма суреттер бойынша берілген, оқушылар сол суреттердің атауларын ағылшын тілінде жазып, сөз жұмбақты оңай шешті. Бұл оқушылардың жаңа сөздердің тек айтылуын ғана емес оның жазылуына да көңіл бөліп, өз дәрежесінде меңгергенін көрсетеді.

Курстық жұмыстың практилалық маңызы. Электрондық оқу құралдарды қолданатын тәсілдерді анықтап,өзімнің практикалық жұмысыма қолдандым.

Осы жұмысымыз осындай бөлімдерден тұрады: кіріспе сөз,теориялық бөлім,практикалық бөлім,қорытындысы,қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

 

1.1 Электрондық оқу құралдарының даму тарихы.

 

ХХІ ғасыр – озық  технологиялар ғасыры. Сондықтан, білім  беру жүйесінде жаңа технологияларды  тиімді пайдалану заман талабы. Білім  берудің жүйесінің қай саласы болмасын осы технологияларды кеңінен қолдануда көптеген сапалы нәтижелерге жетуде. Осы мақсатта еліміздің болашағы үшін осы мүмкіндікті қалай пайдалану, қоғамды ақпараттандыруды қолға алуда. Мақсатқа жетуде ғылым мен техниканың қазіргі замандағы озық үлгілерін пайдаланып, әлемдік ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды қажетіне жарата білу керек. Білім берудің жүйесінің негізі – мектеп болғандақтан, мектепте жаңа технологияларды кеңінен пайдаланудың маңызы ерекше. Сол себепті еліміздің барлық білім беру ошақтары қазіргі озық технологиялармен жабдықталып, мультимедиялық кабинеттер ашылды. Ең алдымен технология туралы жалпы мәліметті қарастырайық.

Информация о работе Ағылшын тілі сабағында электрондық құралдарды қолдану тәсілдері