Ағылшын тілі сабағында электрондық құралдарды қолдану тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 11:22, курсовая работа

Описание

Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Ағылшын тілі сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор. Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттер, IQ-тесттерімен жұмыс істей алады. Бұндай жұмыстарды WWW (World Wide Web) сайтынан аламыз.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………
I бөлім. Теориялық бөлімі…………………………………………………...
Электрондық оқу құралдарының даму тарихы…………………………
1.2. Электрондық оқу құралдарының түрлері………………………………
II бөлім. Практикалық бөлімі..........................................................................
2.1. Интерактивті тақтаны қолдану тәжірбиесі.............................................
Қортындысы.....................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

Работа состоит из  1 файл

курсовая мируша.doc

— 172.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы  емес, тарихи танымдық, педагогикалық  – психологиялық сауаттылық, саяси  экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман  талабына сай білім беруде жаңалыққа  жаны құмар,  шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби шеберлігінің қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді  жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің  мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге,  өзін – өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру  [11. 3].

Интерактивті тақтаның керемет  мүмкіндіктері оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Көптеген мектептерде  интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін білмегендіктен, тек слайд көрнекіліктер көрсетумен ғана шектеліп жүрген мұғалімдер бар. Алайда интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы,  ActiveBoard  электрондық тақтасы: материалды қызу талқылауға ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты немесе сөйлемді толықтай аударуға; flash–анимациаларды пайдаланып, өлеңдер мәтінін жаттауға, суреттермен слайдтар жасауға; ағылшын тілінде сөйлеушілердің дауысымен жазылған видео-роликтер көруге, сол тілде жазылған мәтінді тыңдауға; тест сұрақтарымен таныстырып, бір топ оқушыны тесттен өткізуге; суреттерді бір фонға қойып, суреттерді қимылдатып сөйлесу ситуациясын ұйымдастыруға; сөз-жұмбақтар шешуге, әртүрлі ойындар ойнатуға мүмкіндік береді; электрондық оқулықтарды экран бетіне шығарып көрсетуге болады.ActiveBoard тақтасының дайын бағдарламасын қолдану маңызды.

Инновациялық  технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Білім алушылардың пәнді  жақсы игеруінің басты шарты  мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуден басталады. Жаңа технологиялар  педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Сабақты интерактивті тақтамен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру, оны негіздеу осы тұрғыдан қарастырылуы тиіс. Интерактивті құралдар мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашып отыр. Интерактивті құрал ретінде интерактивті тақтаны қолданудың маңызы зор. Оны сабақта пайдалану дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: пән бойынша базалық білімді меңгеру; алған білімді жүйелеу; өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; өз бетімен жұмыс істеуге үйрену; уақыт үнемдейді; түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізеді; пәнаралық байланыс қалыптасады; өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс жасау мүмкіндігі; Internet желісін пайдалану; шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне мүмкіндік туады.

Интерактивтік тақта  сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет  ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған  ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы әрі тиімді өтуін  ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Microsoft Office құралдары арқылы құжаттарға немесе бағдарламалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді [12. 3].

Интерактивті тақта  – сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін (визуалды) ресурс. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор. Оқытушылар мен оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады.

Оқытушылар өздерінің  жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны  қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл  тақтада оқушылармен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндік зор. Сондай-ақ оқытушылар үшін абстракты ойлар мен концепцияларды түсіндіруде құнды құрал болып табылатыны анық. Тақтада оп-оңай ақпаратты өзгертуге болады немесе жаңа объектілерді жасауға, жылжытуға да тиімді. Оқытушылар өз қимылдарын түсіндіре отырып ойларын ауызша жеткізуге болады. Осылайша бірте-бірте оқушыларды қатыстыру арқылы идеяларды тақтаға жаздыруға ұласады.

Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқытушылар оқушылардың білімдерін тексере де алады. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп, оқушылардың материалды жақсы түсінулеріне мүмкіндік туғызады. Талдау жүргізуді басқара отырып, оқытушы оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауларына жол сілтейді. Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын-ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді  [13. 17].

Интерактивті тақтада  жұмыс жасау материалды қарапайым, бірақ шығармашылық түспен қолдануды  қарастырады. Файлдар мен беттерді алдын-ала дайындап, қолданылатын басқа  ресурстарға бекітуге болады. Құрылымы сол бұрынғы – интерактивті тақтаны қолдану, қолданбауы маңызды емес.

Интерактивті тақта  көмегімен оқыту, тек компьютермен және проектормен оқытуға қарағанда  айтарлықтай әсерлілеу, өйткені  оның бірнеше артық тұстары бар. Атап айтсақ: веб-сайттар және басқа да ресурстар қолдану есебінен материалды түсінікті, әсерлі етіп жеткізуді қамтамасыз етеді, сурет салу мүмкіндіктері бар және кез-келген қосымшалардың, әрі веб-ресурстардың үстінен жазуға, көп уақыт шығындамай-ақ бейне көріністерді, сабақ барысында жасалған кез-келген жазуларды сақтауға, оны басып шығаруға болады; түрлі тартымды ресурстарды қолданудың арқасында оқушылардың қызығушылығын арттырады; ұжымдық жұмысқа араласу үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады, жеке және әлеуметтік дағдыларын жетілдіреді; оқытудың түрлі стильдерін қолдануды (белгілі бір қажеттілікке икемделе отырып, мұғалім барлық мүмкіндігі бар ресурстарға иек артуына болады); сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді; өтілген материалды қайталау үшін мектеп желісінде пайдаланылған файлдарды сақтауға мүмкіндік береді; сақталған файлдар негізінде меңгерілген материалдарды тексеруді жеңілдетеді; педагогтар жасаған материалдарды қолдануды, бір-бірлерімен материал алмасуларын қамтамасыз етеді.

Мектепте интерактивті тақтаны тек сабақ өту мақсатында ғана емес, сабақтан тыс өтілетін іс-шараларда, ата-аналар жиналыстарында, сынып жиналыстарында кеңінен қолданамыз. Мектепте мұғалімдер, оқушылар арасында өтетін сайыстарда тақтамен презентация  жасаймыз. Сондай-ақ, әр тоқсан сайын өтілетін педагогикалық кеңесте интерактивті тақтаны тоқсандық қорытындыларды диаграммалар арқылы пайыздық көрсеткіштерін көрсетуде кеңінен пайдаланамыз. Ал ата-аналар жиналысында оқушылардың білім сапасының қорытындысын, оқушылардың жеткен жетістіктерін, тәрбие сағаттарындағы суреттерді, жалпы оқушылар туралы мәліметті ата-анаға ауызша айтып жеткізгенше, слайдтар арқылы көрсетіп, ата-аналарды қуантып та, өкіндіреде аламыз. Ата-анаға өз баласының мектептегі жай күйін осылайша жеткізе аламыз. Интерактивті тақтаны әр пәннен өтілетін он күндіктер барысындада кеңінен қолданамыз. Он күндікте пән мұғалімдер өздерінің шеберлігін көрсету мақсатында ашық сабақтар өткізеді. Бұл ашық сабақтар интерактивті тақтасыз өтпейді. Әр ашық сабақта мұғалімдер интерактивті тақтаның барлық мүмкіншіліктерін қолдануға тырысады. Тақтаның мүмкіншілігі мен мұғалімнің сабақ өту шеберлігі қосылып, өте сапалы, қызықты сабақтың куәсі боламыз.

Жалпы айтқанда интерактивті тақтаны мектепте қолдану  өте тиімді. Тақтаны оқу процесінде пайдалану нәтижесі төмендегідей деген қорытындыға келдік: оқушыларға тақырып шеңберінде мәліметтер көлемі ұлғайды; оқушының пәнге қызығушылығы артады, дағды, зейін дамиды; дидактикалық материалдар қоры ұлғайды; өткен материалды қайталау мүмкіндігі туды; сурет, сызбалар дыбыстық әсерлер, қимыл анимациялары іске асырылды; сабақтан тыс жұмыстарда қолданылды; электрондық оқулықты, интернет желісін сабақта қолданды. Сабақ - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқу – оқушының пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Баланың қызығушылығы мен  ынтасының  жоғалуы дегеннің мұғалім үшін үлкен мәселе. Осы мәселені шешу үшін, мұндай мәселе болдырмау үшін   мұғалім бар күш - жігерін,  шеберлігін салып сабақ өтеді.

 

 

 

 

 

 

2. ПРАКТИКАЛЫҚ  БӨЛІМ

 

2.1. Интерактивті тақтаны қолдану тәжірбиесі

 

Ағылшын тілі сабағында  жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана  отырып, оқушылардың сөздік қорын  молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын  қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу міндеті. Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді. Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, оларға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, олар не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай туғызу қажет.

Алайда, кез-келген жағдайда, соның ішінде интерактивті құралдарды пайдалану арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін сабақтың жоспарын, құрылымын, оқытудың мақсаты мен нәтижесін анықтау қажет. Интерактивті құралдарды қолданумен бірге сабақ құрылымы да өзгереді. Интерактивті құралдарды қолданатын сабақ сапасы, бірінші кезекте мұғалімнің өзіне, яғни интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін қалай қолданатынына тәуелді екенін ескертіп кеткен жөн. Интерактивті құралдарды пайдалану, кез-келген сабақты қызықты етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс-әрекетінің артуына ықпал етеді. Мысалы, мұғалімде ескертулер, тапсырмалар жазу мүмкіндігі бар, сонымен қатар, өткен материалға оқушылардың оны қаншалықты меңгергендігін бақылау үшін қайта келе алады. Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Тіл үйрену барысында  тақтаны қолдана отырып, педогогикалық  қалыптасқан айтылым, жазылым, тыңдалым, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері оқушыларға видео мен ойын бағдарламаларын оқып үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сабақтағы жаңа тақырыпты түсіну тиімділігін қамтамасыз етеді.

Екінші тараудың екінші тарамшасында  интерактивті тақта  арқылы оқушылардың тілге қызығушылығын   арттыру тәсілдері баяндалады.Тақтаның ерекшеліктері мен артықшылығын айта келе өз тәжірбиемде жеткен жетістіктерімді қоса кетейін. Бұл тәжірбие бірнеше тоқсан бойы жүргілді. Аптасына екі рет ағылшын тілі болатын 6«а» және 6«ә» сыныптарында өткіздім. Әр сыныпта 14 оқушыдан бар. 6«а» сыныбы мультимедиалық кабинетте орналасқан, яғни сынып бөлмесінде Smart Board тақтасы қондырылған. Сондықтан тоқсан бойы ағылшын тілі сабағы интерактивті тақтамен жүргізілді. Ал 6«ә» сыныбы жәй сынып бөлмесінде отырғандықтан, оларға ағылшын тілі сабағы қарапайым тақтамен жүргізілді.  Алтыншы сынып материалында жаңа сөздер көп беріледі. Сол жаңа сөздерді 6«а» сыныбында интерактивті тақтаға суреттер мен слайдтар енгізіп, сөздердің жазылуы мен оқылуын әртүрлі түспен ерекшелендіріп жазып қойдым. Оқушылар жаңа сөздерді слайдтар арқылы тез қабылдап, жаттап алды. Келесі сабақта сол сөздерді қайталау мақсатында сөз жұмбақ құрастырдым да оны интерактивті тақтаға енгіздім. Онда барлық тапсырма суреттер бойынша берілген, оқушылар сол суреттердің атауларын ағылшын тілінде жазып, сөз жұмбақты оңай шешті. Бұл оқушылардың жаңа сөздердің тек айтылуын ғана емес оның жазылуына да көңіл бөліп, өз дәрежесінде меңгергенін көрсетеді.

Дәл сол жаңа сөздер 6«ә» сыныбында да алынды, мұнда сөздердің жазылуы мен оқылуы жай тақтаға жазылып, аудармасы қағаз бетіндегі суреттер арқылы көрсетліп, айтылды. Қайталау барысында 6«а» сыныбында алынған  сөзжұмбақты плакат бетіне сызып тақтаға ілдім. Оқушылыр бұл тапсырманы ұзақ орындады. Олардың суретке қарап заттың атауын айта алатынын, бірақ жазылуын есте сақтамағандықтарын аңғардым. Өйткені сөзжұмбақты шешу барысында біраз қателер шықты. Сонымен қатар жаңа сөздерді жазып, өшіріп плакатты сызып, іліп жүргенде менің көп уақытымды жоғалтқаным байқалды. Осы уақытты 6«а» сыныбында «What is this?» «Ол не?» ойынын  ойнатуға жұмсадым. 6«ә»   сыныбында бұл ойынға уақыт жеткізе алмадым.

Информация о работе Ағылшын тілі сабағында электрондық құралдарды қолдану тәсілдері