Ағылшын тілі сабағында электрондық құралдарды қолдану тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 11:22, курсовая работа

Описание

Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Ағылшын тілі сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор. Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттер, IQ-тесттерімен жұмыс істей алады. Бұндай жұмыстарды WWW (World Wide Web) сайтынан аламыз.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………
I бөлім. Теориялық бөлімі…………………………………………………...
Электрондық оқу құралдарының даму тарихы…………………………
1.2. Электрондық оқу құралдарының түрлері………………………………
II бөлім. Практикалық бөлімі..........................................................................
2.1. Интерактивті тақтаны қолдану тәжірбиесі.............................................
Қортындысы.....................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

Работа состоит из  1 файл

курсовая мируша.doc

— 172.00 Кб (Скачать документ)

Келесі тапсырма мәтінмен жұмыс. Мақсатым оқушыларды ойландыру, іздендіру  сол арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту, сөз байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді деп төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырдым. Мысалы, «Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30-50 сөзден құралған мәтінді даярлап, 6«а» сынып оқушыларына интерактивті тақтаға енгізіп, өз дәптерлеріне тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу тапсырмасы берілді. Оқушылар тапсырманы орындап болған кезде, тақтаға мәтіннің тыныс белгілері қойылған дұрыс үлгісі тақта бетіне шығарылды оқушылар бір-бірінің жұмыстарын ауысып тексеріп қателерін айтты. Ал 6«ә» сыныбында әр оқушыға осы мәтін жеке-жеке парақтарға жазылып таратылды. Оқушылар  жұмыстарын ауыстырып тексерді. Дұрыс үлгісін өзім ауызша айтып тұрдым. 6«ә» сынып оқушылары тапсырманы орындағанымен, 6«а» сынып оқушыларындай қызығушылық танытпады. Соңынан берілген мәтінді толық оқып әр оқушы түсінгенін айтып өтті. Берілген мәтін төмендегідей:

«Where did you get it?»

When uncle Asan came to their house mother said I’m sorry I have no cheese I know you like it very much little Dos turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Asan thanked him put the cheese into his mouth and said You have very good eyes  Where did you get it the boy answered from the rat-trap.

Келесі сабағымыздың тақырыбы Unit 1 Step 4 «Sightseeings». Бұл тақырыпты  түсіндіру барысында интерактивті тақтаның көмегі өте зор болды. 6«а» сыныбында интерактивті тақтаға енгізілген «Astana», «London» қалаларының көрікті жерлері жайында слайд-шоу көрсетілді, көптеген қосымша ақпараттарды интернеттен алып айтып өтілді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып отырды. Сабақты бекіту мақсатында Венн диаграммасын жасауды тапсырылды. Оқушылар тапсырманы өз дәрежесінде орындап шықты. Үйге тақырып бойынша альбом жасап келу тапсырлды. Ал 6«ә» сыныбында бұл сабақты оқулықтағы мәтіндерді оқып, сұрақ жауап арқылы сабақ бекітілді, Венн диаграммасын жасауға уақыт жетпеуіне байланысты сол тапсырма үйге берілді. Оқушылар өз бетінше ізденіс жұмыстарын жүргізді. 6«а» сынып оқушылары альбомды түгел жасап әкелді. Ал 6«ә» сынып оқушыларының жартысы Венн диаграммасын орындамаған. Бұл оқушылардың тақырыпты түгел меңгермегендігін білдіреді. Сондықтан 6«ә» сыныбын қайталау сабағында мультимедиалық кабинетке апарып интерактивті тақтамен 6«а» сыныбында өткен слайд-шоуды, қосымша ақпараттарды айтқанда 6«ә»сынып оқушылары өз белсенділіктерін көрсетіп, берілген тапсырмаларды тиянақты орындап шықты. Тақтаны қолдана отырып көптеген қызықты тапсырмалар беруге болады. Мысалы, «Мақалды тап», мақалды екіге бөліп орналастырып, екінші бөлігін тақта бетінен тауып әлектронды маркермен жылжытып, мақалды құрастырып, қазақша баламасын сұрадым. Өзі құрастырған мақалды бала есіне сақтап қалады. Мысалы, There is no place, like home

           Better late than never

           There is no smoke without fire

           To make a mountain out of molehill

Интерактивті тақтаға  сөзі анық жазылған ағылшын тіліндегі  видеороликтерді, аудио дискідегі  өлеңдерді, электронды оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп, тақырыбы бойынша сабақта қолданамын. Бұл көрнекі құралдар тақырыпты ашуға, оқушыға жеткізуге көп көмегін тигізеді. Сондай-ақ, ағылшын тілінің грамматикалық материалдарын ауызша түсіндіргенше, Smart Board тақтасындағы суреттерді қозғалтып, сөйлетіп, мысалдарды анимациялық суреттер арқылы көрсетуге болады. Грамматикалық жаттығуларды тақтаға электронды маркер арқылы орындауға болады. Интерактивті тақтаны сабақтан тыс факультативтерде, апталық іс-шаралар өткізгенде кеңінен қолдануға болады.

Интерактивті тақтаны  оқушылардың жас ерекшеліктеріне  қарай әртүрлі тақырыпта материалдар  енгізіп қоюға болады, кез-келген керек уақытта сол материалды ойланбай қолдануға болады. Ағылшын  тілін үйрету барысында интерактивті тақтаны тәжірибеде кеңінен қолдана отырып, төмендегідей қорытындыға келдім: оқушының тіл үйренуге қызығушылығын арттырады; қарым-қатынас дағдыларын дамытады; оқу процесін жекешелендіреді және ерекшелендіреді; оқушылардың ойлау қабілетін дамытады;  оқып жатқан тілде мәліметтерді тыңдау арқылы  сол тілде сөйлеушілермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді; тақта аркылы сабақта әртүрлі тиімді әдістерді қолдануға мүмкіндіктер ашылады.

Интерактивті тақта  – топтағы оқушылардың барлығын оқытуға және оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін, көзге көрінетін құнды құрал. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары: бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы; сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы; берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Әрбір оқушы таңдалған  тақырып бойынша жаттығулар мен  тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен  жұмыс жасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудио-хабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану төмендегідей нәтиже беруде: ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі; ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы; игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы; жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы; ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтылуы тиіс.

Ағылшын тілі сабақтарында жаңа ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар: оқушының оқуға деген ынтасы артады; әр оқушының жеке қабілеті айқындалады; үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады; жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады; әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады; оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.

Оқушыларды шығармашылыққа өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған  тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей біле-тін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технология-ларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылы-ғының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты.

Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының  артықшылығын қарастырайық: 1)Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді  сабақтарда  қолдану; интерактивті  тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез-келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы  күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді  моделдеуге, обьектілер арасында байланыс орнатуға болады. 2)Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы. Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр пәннің өз ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады. Сондықтан ұстаздың міндеті осы күрделікті дұрыс құрастырып, сабақтың  әр сағатын тиімді өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тап-    сырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу, белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың ой-өрісін жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор. 3) Уақыт ұтымдығы. Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге күтуге тура келмейді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдану арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады. Тіпті шетелдік оқыту әдісінде сабаққа келмей қалған оқушыға дайын материалды беріп жіберіп, меңгеріп алуын қамтамассыз етеді екен.

Бүгінде білім беру ұйымдарында  мұғалімдер компьютерсіз жұмыс істеуге  болмайтынын ұғынатын кез келді. Жаңа ақпараттық құралдар оларға өз кәсіби функцияларын жүзеге асыратын құрал ретінде қажет. Қазірге қоғамдық өзгерістердің қарқынды дамуы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеруді мектеп ұстаздары, басшылары жүйелі түрде жүргізулері керек. Компьютер мен интерактивті тақтаны қолдану арқылы мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім берудің ақпараттандырылуын дамыту қажет.

 

 

 

 

 

 

Қортындысы

 

Жалпы жоғарыда айтылғандарды  қорытындылай келе ағылшын тілі сабағында  интерактивті тақтаны қолдану жолдары  әртүрлі болып келеді. Ол сабақтың түріне, сабақ өту әдіс-тәсілдеріне, сабақтың тақырыбына, сабақтың құрылымына  байланысты. Ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдану өте тиімді. Мұғалім аз күш жұмсап, көп нәтижеге жете алады. Тіл үйрену барысында мұғалім тақырып бойынша материалдар жинап, слайдтар мен тапсырмалар жасап дайындаса, оны бір сабаққа ғана пайдаланбай, сақтап қойып, қайталау сабақтарында қайта пайдалануына әбден болады.

Ағылшын тілі сабағында  интерактивті тақтаны қолданудың қарапайым  жолы компьютер арқылы тақта бетіне тақырып бойынша өтілетін жаңа сөздерді оқылуымен жазып ал аудармасын суреттер арқылы көрсетіп, тіл үйренушілерге ұсынуға болады. Нәтижесінде тіл үйренушілер жаңа сөздерді суреттер бойынша есінде жақсы сақтайды, жазылуын тақтадан оқығандықтан көру арқылы есінде сақтайды. Жаңа сөздерді арнайы жазылған дискілерді тақта арқылы оқушыларға тыңдатып, соңынан қайталатып айтқызу керек. Оқушылар дискіден тыңдаған ағылшынтілінде сөйлеушінің дауыс ырғағына, әріптерді дыбыстауына, сөздегі буындарға түсірген интонациясына көңіл бөле отырып, сол сөйлеушіге еліктеу арқылы жаңа сөздердің айтылуын есте сақтайды. Сол үшін тыңдауға алынған дискілеріміз таза әрі дұрыс жазылған болуын қадағалауымыз керек. Бұл лексиканы үйретуде интерактивті тақтаны қолдану жолыдары: мәтінді  аяқта, яғни мәтіннің басы немесе ортасы тақтада беріледі, соны оқушы ойланып толықтыруы керек; мәтін толық беріледі, бірақ мәтіннің кейбір сөздері суреттер арқылы беріледі, соны оқушы сөзбен жазуы керек; мәтін осы шақта беріліп тұр, енді соны өткен шақта айтуы керек. Ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдана отырып, көптеген ойындар ойнатуға болады және сөз жұмбақ- тар,  ребустар шешеміз.

Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел  тілінде қа-рым-қатынас жасауды  базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту маз-мұнына қарапайым коммуникативтік  біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) дамытады.  Оларға  өзара мәдени қарым -қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптас-тыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді. Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді.

 

Кесте 1. Оқушылармен жүргізілген  эксперимент жұмысының бастапқы және соңғы  үлгерім сапасының  деңгейін  салыстырмалы түрде  анықтау  диаграммасы.

 

Танымдық бағыт бойынша: оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру; тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру:  (Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр. Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық  және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда); оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру; сөз мәдениетін таныту.

Коммуникативтік, практикалық  бағыт бойынша: оқушыларға тіл нормала-рын  меңгерту; тілдік сауаттылығын арттыру; оқушылардың тілдік – эстетикалық талғамдарын қалыптастыру; этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру; сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту; шығарма-шылық қабілеттерін дамыту; қарым-қатынас талаптарына сай іскерліктерде қолдана білу; пікірталас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру.

Информация о работе Ағылшын тілі сабағында электрондық құралдарды қолдану тәсілдері