Каталитический крекинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 15:36, курсовая работа

Описание

Қазақстан өнеркәсiптiң мұнай-химия саласын дамыту үшiн көмiрсутек шикiзатының iрi қорына - табиғи және iлеспе газдарға, мұнай және оны өңдеуден алынатын өнiмдерге, сондай-ақ мұнай битуминозды жыныстарға ие. Негізгі кен орындары Қазақстанның батыс өңiрлерiнде игерiлген. Геологиялық барлаудың болжамдық деректерi бойынша солтүстiк, орталық және шығыс аудандарда да көмiрсутектердiң қорлары аз емес.

Работа состоит из  1 файл

Курсовой кат риформинг.doc

— 658.00 Кб (Скачать документ)

                  

      Риформинг реакторы: 1 – таратқыш, 2 – терможпқа арналған штуцер, 3 – жоғарғы  түбі, 4 – қабы, 5 –  сырты (корпус), 6 –  табақша, 7 – футерлеуші, 8 – науа, 9 – катализатор, 10 – орталық құбыр, 11 – тіреуіш белдеу, 12 – тіреуіш, 13 – төменгі түбі, 14 – фарфор шарлар, І – шикізатты кіргізу, ІІ - өнімді шығару, ІІІ – катализаторды шығару.

 

      Өнеркәсіпте сырты 12ХМ+0,8Х 18Н10Т типті биметалдан немесе қорғаушы торкрет-бетон жабудан жасалған реакторлар пайдаланылады. 

           1.4. Қондырғыны жабдықтаудағы қауіпсіздік ережелері

     Мұнай және мұнай өнімдері қауіпті және зиянды қасиеттерге ие, ал мұнай  өңдеудің технологиялық процестері жоғары температура мен қысымда жүргізіледі. Сондықтан мұнай өңдеу өнеркәсібінде қауіпсіздік ережелеріне аса көңіл аударады.

     Әрбір завод пен әрбір қондырғының  өзіндік қауіпсіздік ережелері  бойынша тұрақтанған, өрт және электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәсілдері  бар. бұлар әрдайым өнеркәсіптік орындарда болуы керек.

     Атмосфералы – вакуумдық құбыршық қондырғыларында  жұмыс жасаған кезде және өңделіп  жатқан өнімдердің процесінің технологиялық  ерекшеліктеріне және қасиеттеріне байланысты әртүрлі қауіпті жағдайлар  тууы мүмкін.

     Мұнай және мұнай өнімдері кез келген температурада  буланады және олардың беттігінде әрдайым  белгілі бір мөлшерде булар болады. Ал бұл булар ашық от астында өрт  шығаруы мүмкін. Сонымен қатар  мұнай өнімдерінің булары мен  газдары ауамен әрекеттесіп жарылыс туғызуы мүмкін. Жарылыс болуы үшін өнеркәсіп орны түгелімен бұл қоспамен толуы керек емес, бұл қоспа жекеленген аппараттардың ішінде болса жарылыс туындауға мүмкіндік береді.

     Мұнай өңдеу қондырғыларында авариялардың және апатты жағдайлардың алдын алу үшін барлық жұмысшылыр қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз орындауы керек. Жұмысқа кірер алдында барлық жұмысшы қауіпсіздік ережелерімен танысқаны абзал. Қондырғыларды эксплуататциялаганда аппараттардың герметизациясына, автоматты басқару аспаптарын бақылауға ерекше көңіл бөлу керек.

     Бензиндердің, көмірсутектердің, жанатын газдардың  концентрация әсерінен жарылыс немесе токсинді қауіп тудыратын орындарда  арнайы аспатар орнатылады. Бұл арнайы аспатар жарылыстың алдын – алуына мүмкіндік беретін сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған.

     0,7 атмосфералық қысымынан жоғары  қысымда жұмыс істейтін барлық  аппараттар қорғау клапандармен  жабдықталған. бұл клапандар аппарат  ішінде қысым артқан кезде  ашылады.

     Мұнай және мұнай өнімдері сонымен қатар  токсинді қасиеттерге ие. егерде бұл адамның терісіне тиетін болса және адам мұнай буларымен тыныстайтын болса, бұл адам денсаулығына зиянын тигізеді. Олардың ішіндегі ең қауіптісі – бензин. Бензин буларының түссіз және өзіне тән иісі болады. Ауада бензин буларының концентрациясы көп болса, тез уланып қалуы мүмкін, тіпті өлімге әкеліп соқтырады. Ал аз концентрациялы бензин буымен уланған адамың алғашқы белгілері: басы айналуы, аузы құрғау және талып қалу.

     Күкіртті  мұнайларды өңдеген кезде мұнай  өнімдерінің құрамынан көмірсутек бөлінеді, ол - ең күшті у. Көмірсутек ең алдымен жүйке жүйесіне әсер етеді. Ол тек аз концентрация кезінде білінеді.  Концентрацияның көп мөлшерінде күкіртсутектің иісі байқалмайды, себебі адамның иіс сезу қабілетін әлсіреп кетеді. Күкіртсутекпен уланған адамның негізгі белгілері: көздің қарығуы, жүрек айнуы, ал қаттты уланған адмда: жүрегі қысылу, естен танып қалу. Күкіртсутектің аз концентрациясымен ұзақ уақыт бойы улануға әкеліп соқтырады.

     Химия өнеркәсібіндегі технологиялық  процестер бір-бірінен айырмашылық  жасайды, сондықтан да олардығ қауіпсіздік ережелері де әр түрлі болып келеді. Сонымен қатар жалпыға ортақ ережелер болады, ол - өнеркәсіптік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      Жабдықтардың  жалпы қауіпсіздік ережелері  ГОСТ-пен анықталады. Өнеркәсіптік жабдықтар оларды монтаждағанда, эксплуатациялағанда, жөндеу жұмыстарын жүргізгенде қауіпсіз болуы керек және де олар қоршаған ортаны зиянды заттардың қалдығымен ластамауы керек. Жабдықтар өрт және жарылыс қауіпсіз болуы керек.

      Өнеркәсіптік  жабдықтардың қауіпсіздігі сенімді конструкциялы элементтермен қамтамасыз етіледі, механизация, автоматизация және дистационды басқару құралдары мен қорғау құралдарын қолданады.

      Электр  тогымен зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек адамның зақымдалу  дәрежесі көп жағдайда зақымдалушыны ток әсіренен айырып алу, жылдамдығы мен оған көрсетілген алғашқы көмекке байланысты ажыратылады.

      Зақымдалушыны ток әсерінен ажыратқан кезде  оны жалаңаш қолмен ұстау қауіпті  екенін ұмытпаған жөн: резинді қолғап, құрғақ тақтай қолданған жөн. Егер ток адамды биіктікте соқса, онда оны ток әсірінен айырар кезде құлап кетпеуін қадағалау керек. Егер де зақымдалушы ток әсерінен айырғаннан кейін есін жинаған болса, онда оның үстіндегі қысып тұратын киімдерін шешіп, таза ауа жұтқызуы керек. Ал егерде ток әсерінен айрып болғаннан кейін зақымдалушы ес түссіз жатса, немесе оның киімдерін шешкеннен кейін жасанды дем беруге кірісу керек.

      Химия өнеркәсібіндегі қолданылатын заттар дұрыс қолданылмаған жағдайда жұмысшылардың  денсаулығына зиянды әсер етуі, әр түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін.

      Уланулар  – булар организмге жоғары концентрациялы заттардың қысқа уақыт мерзімінде әсер ету салдарынан болады. Улану  симптомдары көбінесе тез білінеді. Алайда кейбір химиялық заттар бірден білінбейтін әрекетті болып келеді. Мысалы, азот оксидтері мен уланған кезде ол бірден біліне қоймады, оның әсері 3-6 сағат арлығында білінеді. Осы уақыт өткеннен кейін организмде өкпе қысылып, ауа жетіспей тұрады.

      Уланудың  хроникалық формасы – бұл төмен  концентрациялы зиянды заттардың ұзақ уақыт ішінде организмде жинақталуның әсерінен қалыптасады. Уланудың симптомдары пата немесе ай өткеннен кейін біліне бастайды. Кейде хроникалық ауруларға шалдықтырады. Мысалы, сынаппен уланғанда олар хроникалық ауруға шалдықтырады және де ол ұзақ уақыт симптомсыз болуы мүмкін.  
 
 
 

Профессионалды  аурулар жұмысшылардың зиянды еңбек  жағдайларында қалыптасады. Химия  өнеркәсібінде әр түрлі шаңдар әсерінен өкпенің профессионалды ауруы (пневмокониоздар), улы заттар әсерінен – тері аурулары (дермати, экзема), күкіртсутек пен диметилсульфат әсерлерінен – көз аурулары (конъюнктивит) тууы мүмкін.

      Улы заттар организмге тыныс алу жолдарымен, ішек-қарын трактатымен немесе зақымданған және тіпті зақымданбаған терімен түсуі мүмкін.

      Реакторлар  және регенераторлар. Реакторлар мен регенераторлар ашық алаңдарда орналасқан тік цилиндрлі әр түрлі диаметрлі және биіктікті аппараттар.

      Үздіксіз  процестер жылан типті реакторларда және колонналарда құбырлы аппараттарда жүреді. Жылан типті реакторлардағы жұмыс көлемі салыстырмалы түрде көп емес, ал ол эксплуатация қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      Араластыру  аппараттары каталитикалық процесттерге ыңғайлы болып келеді, бұларда  катализаторларды кіргізу мен шығару жеңіл, реакция аймағында температураны  қадағалауға мүмкіндік береді. Алайда реакциялық аймақтық үлкен көлемі конструктивті қиындықтар туғызады.

      Айналмалы шар тәрізді катализаторлы реакторларда басты қауіп – бұл контакт  газдардың реактордан регенераторға  транспорттық система арқылы өтуі кезіндегі  байланыстың үзілуінен туады. Бұл қауіпті участкіге инертті газды жіберу арқылы жоюға болады. Келесі қауіп – бұл ұсақ шаңдардың пайда болуы. Шаңды жүйедегі катализаторды ауыстыру арқылы жояды.

      Электр  энергиясын құрылғылар мен аппараттарға қолданған жағдайда, зауыттық нұсқауда баяндалған электр қауіпсіздігінің шараларын бұлжытпай орындау керек.

      Автоматтарды  қысқа тұйықтанудан қорғау мақсатында пробкалы сақтандырғыштың орнына металл өткізгішті ауыстырып салуға; электр өткізгіштердің сақтандырғыш қалқандардың, ажыратқыштардың, штепсель розеткаларының лампа патрондары мен шамдардың, сондай-ақ бұларды электр желісіне қосатын баулардың изоляциясы ақаулы болғанда құрылғылар мен агрегаттар токқа қосылмайды.

      Электр  өткізгішінің изоляциясы бүлінбес үшін: электрөткізгішті шегеге, металл және ағаш заттарына ілуге, баумен өткізгіштерді сырлап, ақтауға, өткізгішті бұрауға; өткізгіш пен газ розеткадағы баудың ашасын тартуға болмайды.

      Арматуралар мен электр лампасын тазартқанда, сондай-ақ оларды ауыстырып салғанда ажыратқышты токтан айырады, ал электр өткізгішті жөндегенде шығынды шығарып алады (немесе автоматты ажыратады).

     Өрт шығуының негізгі себептері - өндірістің техникалық және пайдалану ережесінің бұзылуы. Найзағайдың түсуінен, газды  және пешті дұрыс қолданбаудың және т.б. әдістердің кесірінен өрт шығады.

     Жану  дегеніміз – күрделі физикалық-химиялық процесс, жанған зат пен тотығу байланысқанда  олардан жылу мен жарық шығады. Жанудың басталуына көп жандыру  көздері, жанатын заттар және ауаның ішіндегі 14%-дық оттегі әсер етеді.

     Ауаның  ішіндегі оттегі 10%-ға дейін азайып бара жатқанда, ол шоққа айналады.

     Жарқырау  – тез буланатын зат, ауамен байланыс түзгенде ұшқын мен газ жылуы  болады. Температурада жарқырау айырмашылығы жеңіл жану (1150С-қа) және жану сұйықтары жоғары.Жарқырау температурасы төмен температурада жанған затта болады, соның нәтижесінде булану мен газдың ауада жануы мүмкін.  

 Өрт  қауіпсіздігі – бу мен газ  температурасы, химиялық және  биологиялық жанудың, өрт қауіпсіздігінің  жылдамдығы, қатты заттардың пайда  болуы.

      Құрылыстық  заттың жануы және құрылымдық жану 3 топқа бөлінеді:

  1. әлсіз өрт
  2. қатты өрт
  3. қауіпті өрт
 

           Әлсіз өртке – топырақ, кірпіш, бетон және т.б. жатады. Ол жоғары  температурадағы өртте өте әлсіз  болады.

      Қатты өрт – бұл өз-өзінен жанбайды. Ол заттық күймен жанады. Оған жататындар асфальттық бетон, шыны пластиктер.

      Қауіпті өрт - өзінен-өзі жануы ықтимал. Ол қоршаған ортаға өте қауіпті. Ол қоршаған ортаға өте беймезгіл келеді. Ол күн ыстық болған кезде, ауа ылғалдығымен де жануы мүмкін, оған органикалық заттар жатады (древесина, войлок, бутум, рубероид, линолеум).

      Газ - өрт ретінде қолданған кезде  одан техникалық процесс және өрт  қалдығының шаңынан жарылыс болуы  мүмкін.

      Өрт қауіптілігі - өрт шығу үрдісінде  жарылыс болуы мүмкін. Ол адам өміріне өте қауіпті. Жарылыстан кейін улы заттар шығуы мүмкін. Жарылыстың болуы себебі – бу, газ және ауа ылғалдығының температуралық жайы. Хлор, қышқылдар барлығы жатады.

      Өрт қауіпсіздігінің болу себебіне ауадағы  шаңды жатқызуға болады. Шаңдағы  ауаның араласуын аэрозоль дейді. Бұл - өте қауіпті өрт. Бұл өрт заттың өрттен айырмашылығы – шаң, өрт және жарылыс қауіпсіздігімен аэрозольға, өрт күйімен аэрогенге айналады. Жарылыс қауіптілігі 4 класқа бөлінеді:

      1 класс – ең қарапайым жарылыс,  ол төменгі өрттің жануынан 15г/м3

      2 класс – жарылыс қауіптігі  төменгі өрттің жануынан 16-дан  65 г/м3

      3 класс – шаңның температурасы  өрт жануынан 2500С төмен (темекі шаңы, элеваторлық)

      4 класс – шаңның температурасы  өрт жануынан 2500С жоғары.  

         2.1.Каталитикалық риформинг қондырғысының материалдық балансы

 

    Өнімінің  атауы Шығу  %, масса өнімнің саны
    Тн/жыл Тн/тәулік Кг/сағ Кг/сек
    1.Келіп  түскені

    1.1.85-1800С бензин фракциясы

     
     
    100,00
     
     
    285000
     
     
    838,23
     
     
    35926,47
     
     
    9,70
    Барлығы: 100,00 285000 838,23 35926,47 9,70
    2.Алынғаны:

    2.1.құрғақ  газ

    2.2.тұрақты  бастиек

    2.3.тұрақты  катализат

    2.4.сутекті  газ

    2.5.күкіртсутек

    Шығын:

     
    3,28

    11,10 

    82,70 

    1,31

    0,21

    1,40

     
    9348

    31635 

    235695 

    3733,5

    598,5

    3990

     
    27,49

    93,04

    693,22

    10,98

    1,76

    11,73

     
    1145,58

    3876,83 

    28884,19 

    457,53

    73,34

    488,97

     
    0,31

    1,07 

    8,02 

    0,12

    0,02

    0,13

    Барлығы: 100 285000 838,23 34926,47 9,70
    Жалпы: 100 285000 838,23 34926,47 9,70

Информация о работе Каталитический крекинг