Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 20:04, реферат
Молекулалар құрылысын түсіндіруге үлкен маңызы болған жайт А.М. Бутлеровтың, 1861 жылы органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын ашуы еді. Бұл теория органикалық химияны бір жүйеге келтіріп, одан әрі дамытуға үлкен әсерін тигізді.
Әйтсе де химиялық байланыстың табиғатын зерттеу тек атомның электрондық құрылысы ашылуынан кейін ғана дами бастады. Атом құрамындағы электронның химиялық байланыс түзудегі ролі айқындалды. Осы тұрғыдан, егер атомның сыртқы электрондық қабатында электрон саны сегіз болса, онда ол аяқталған деп есептеледі де мұндай қабат өте тұрақты болады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 Химиялық байланыстың түрлері.......................................................................4
2 Гомеополярлы (ковалентті) байланыс...............................................................6
3 Валенттік байланыс әдісі
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................
3)N2, 7N – 1s22s22p3 – екі азот атомының ішкі (1s2) төрт электроны химиялық байланысқа іс жүзінде әсер етпейді, себебі олар екі байланыстырушы және екі босаң орбитальдарға орналасқан, энергия ұтымы болмайды. Үш р-электрон 2р3 -, бір s-, екі p-байланыс түзеді.
p босаң 2ру p босаң 2рz
s босаң 2р
N0 2p ¯ ¯ ¯
¯ s-байланыс2р
p-байланыс 2ру ¯ ¯ p-байланыс 2рz
Молекулалық ионда СO- оттегі электрон қосып алады.
p босаң 2ру p босаң 2рz
С0 2р2 ¯ ¯ O-1 CO- - парамагниттік
¯ s-байланыс 2р
p-байланыс 2ру¯ ¯ p-байланыс
2рz
Химиялық байланыстың басқа түрлері.
1. Координациялық немесе донорлы-акцепторлық байланыс жұпталған электрондар мен бос орбитальдың әрекеттесуінен пайда болады. Жұпталған электрон беретін А компонент донор, ал В – бос орбиталь акцептор деп аталады.
А: + В® А : В
Донор акцептор
N: + Н+ ® NH4+.
2.
Металдық байланыс металл кристалдарында
және
олардың құймаларында іске асырылады.
Металдық кристалдық торлардың түйіндерінде металдардың
иондары орналасады да, олардың арасында валенттік
электрондар “шоғыры” қозғалып жүреді. Металдардың
жалпы қасиеттері жылу- және
электр өткізгіштігі, металдық
жылтыры, жоғары қайнау-қату температурасы
осымен түсіндіріледі.
Me+n Me0 Me+n
· ·
Me0 Me+n Me0
· ·
Металдық байланыс, коваленттік байланысқа қарағанда 3-4 есе осалдау (берік емес), делокализация салдарынан.
3. Сутектік байланыс сутегімен электротерістігі жоғары элемент әрекеттескенде түзіледі, бұл байланыс фтор, оттегі, аз мөлшерде азот, күкірт және хлор қосылыстарына тән. Сутектік байланысты схема түрінде үш нүктемен бейнелейді. Мысалы,
Н-О…Н-О…
Н Н
Н-F…H-F…H-F
Сутектік байланыс коваленттік байланысқа қарағанда әлсіз, дегенмен димерлеу, полимерлеу жүруге жеткілікті.
Мына қатарда Н2О®Н2S®H2Se®H2Te
Tқайнау, К 373 213 232 271
HF® HCl ®HBr ® HI
253 189
Судың және фторлы сутектің аномальді жоғары қайнау температурасы болуы осы заттардың молекулалары арасында сутектік байланыстың болуымен түсіндіріледі.
Молекула аралық байланыстар – молекулалар арасындағы вандерваальстік әрекеттесуден түзіледі, мұндай байланыс балқу, кристалдану т.б. процестерде байқалады. Полюссіз молекулалар арасындағы әрекеттесу бір сәттілік дипольдер-дисперсиялық күштер есебінен пайда болады.
Полюсті
молекуламен полюссіз молекуланың әрекеттесуін
индукциялық әрекеттесу деп атайды.
Вандерваальстік әрекеттесу энергиясы әдетте
4кДж/моль-ден аспайды.
Қорытынды
Химиялық байланыс — атомдардың химиялық қосылыс түзіп әрекеттесуі.